Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4330 0 пікір 30 Сәуір, 2012 сағат 08:29

Қолаңса иістен қашан құтылады?

Елбасының Астананы дамытуға қатысты үлкенді-кішілі отырыстарда үзбей айтып келе жатқан мәселесінің бірі - елорданы сасық һәм қолаңса иістен құтқару жайы әлі күнге шешілер емес.
Алты әлемге танылған айбынды Астанамыздың абыройына дақ түсіріп тұрған бұл мәселенің төркініне үңіліп көрейік. Жуырда Елбасы алдында есеп берген Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов: «Биылғы жылы Талдыкөл қалдық сулар қоймасын тазалаудың құрылыс жұмыстарын бастаймыз. Жоба екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңінде соңғы технология бойынша Есіл өзеніне құйып жатқан су жүйесі тазаланып, санитарлық нормаға келтіріледі. Екінші кезеңінде Талдыкөл қалдық су қоймасын жою, оның табанын қорыс батпақтан тазалау, сол арқылы 2 мың гектардан бастапқы қалпы - 400 гектарға дейін жеткізу көзделуде. Су қоймасы табанын тазалауға жұмсақ геотекстил фильтрлі контейнері қолданылады. Жоба жұмысы 2011-2015 жылдарға жоспарланған» деді.

Қала әкімшілігінің Энергетика және тұрмыстық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары Исламбек Бисенбаевтың айтуынша, Талдыкөл қалдық сулар қоймасының аумағы 90 миллион текше метрге тең екен. Оған тәулігіне 254 мың текше метр қалдық сулар түсетін көрінеді. Ал бұдан шыққан жылғалар Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығына барып құяды. Осыдан бес жылдай бұрын Парламент Сенатының депутаты Светлана Жалмағамбетова мәселе көтеріп: «Талдыкөлдің суы Қорғалжынды ластап қана қоймай, ондағы флораны бұзады екен. Яғни қоқиқаздардың ауа көшуіне әсер етуі мүмкін көрінеді. Ондай жағдайда өңірдегі табиғи тепе-теңдік бұзылады» деген болатын. Бірақ сол депутаттық сауалдың соңы сиырқұйымшақтанып барып, жауапсыз қалды.
Исламбек Бисенбаев 2012-2015 жылдарға арналған қаланың даму бағдарламасында Талдыкөл қалдық сулар қоймасын тазалап, құрғатуға 60 миллиард теңге қарастырылып жатқандығын айтады. Қазір оның техникалық-экономикалық негіздемесі жасалып жатыр екен. Осыған орай Парламент Сенатының депутаты Оралбай Әбдікәрімовтің қабылдауында болған «Батыс Коммерц Строй Сервис» ЖШС директорының орынбасары Болат Мұқышев Астана әкімдігі жоспарлап отырған фотомен әдісімен Талдыкөлді тазалауды жүзеге асыруға қыруар қаржы мен үш жыл уақыт жұмсаудың тым тиімсіз екендігін айтады.
«Біздіңше, бұл әдіс - тиімсіз. Себебі оның экологиялық зияны көп. Біріншіден, бұл әдістің тозығы жеткен. Екіншіден, үш жыл тым ұзақ мерзім. Үшіншіден, әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында осынша қаржыны жұмсамай-ақ, «Батыс Коммерц Строй Сервис» ЖШС мембраналық әдіспен бір жылда екі есе аз қаржыға Талдыкөл су қоймасын тазалап бере алады. Құрылыс компаниясының осы құрал-жабдықтарды меңгерген мамандары бар. Мамандардың халықаралық талаптарға сай жұмыс істеуге негізделген сертификаттары, келісімшарттары бар. Техникалық, материалдық базасы жеткілікті» дейді маман.
Бұл компанияның ұсынып отырған жаңа технологияға негізделген мембраналық әдісін қазіргі таңда Біріккен Араб Әмірлігі, Ресей, АҚШ су қоймаларын тазалауға қолданып жатыр екен. Мембраналық су тазалау әдісінің ерекшелігі: 99 пайызға дейін тазаланған суды ауыл шаруашылығы мақсатына (балық өсіруге, дақылдар өсіруге) пайдалануға болатын көрінеді. Негізгі ерекшелігі - судан биомассаны айырады. «Басқа өңірлерде сынақ ретінде қалдық қоймасын тазалау жұмысын атқаруға болар. Ал Астанада оны жасауға болмайды. Себебі фотомен әдісімен суды кептіру кезінде бұдан да сасық иіс ауаға жайылады да, қала тұрғындарының ашу-ызасын туғызары анық» дейді Болат Мұқышев.
Ендеше, Елбасының өзі әлденеше рет ескерткен мәселені жедел де ұтымды шешу үшін қала әкімдігі барынша тиімді әрі оңтайлы жобаға неге байқау жариялап, оны ашық түрде өткізбеске деген орынды сұрақ туады. Ашық ауаға таралып жатқан нәрсеге қатысты жайдың ашық қаралғаны дұрыс емес пе? Жалпы, ел көлеміндегі келеңсіздіктер сол баяғы жабық, жасырын шешілетіндіктен де азаймай тұрған сыңайлы.

Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ
«Айқын» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320