Тектілік қан ба, әлде, рух па?
Өткенде "Қазақ философиясы" интернет қауымдастығында біз бір ұғымды талқыладық...
Ежелгі гректер (философтар) "Номос" және "Логос" заңы туралы айтады.
"Номос" дегеніміз - қоғамның өмір сүру ережесі.
Ол қазақтың "намыс" сөзімен үндес. Яғни, байырғы дала халықтары (біздің арғы аталарымыз, немесе, "түп қазақ" (протоқазақ) делік) осы - Намыс заңымен өмір сүрген. Сондықтан, олармен аралас-құралас Антикалық мәдениет бұл ұғымды ("номос" ұғымын) біздің түпаталарымыздан алған болар деп болжапты мақала авторы.
(Кешірім өтінем, аты-жөнін кейін салып қоям)
Шынында да, "Намыс заңы" өз мағынасына Әділет, Шындық, Қайырым, Өжеттік, Ерлік, Шынайылық және т.т. барлық адами (адамгершілікті) сипатты енгізеді.
Сол үшін де Грек Философиясы оны "номус" заңы ретінде белгілеп алған.
Енді, тарихи кезеңдерден өте келе, "Номус" заңымен өмір сүретін жауынгер халықтар Еуропалық ғылыми тілде "НОМАДТАР" деп атала бастады.
Еуропа әдебиеті Номусты "Рыцарлықпен" байланыстыра дамытты.
Бұл өзі Адамзаттың шынайылылығын, бір жерде қатып қалмай, үнемі қозғалыста болатынын білдіретін түсінік ретінде қабылданады.
(Қазақ халқында ол жауынгерлікпен байланысты).
Міне, біз айтып отырған Тектілік осымен байланысты.
Әрине, табиғатта "сұрыпталу" процесі үздіксіз жүзеге асып отырады.
Малды қорек еткен қазақ малдың "генетикалық кодын" жақсы меңгеріп, көп жағдайда ол "генетикалық заңдарды" адамдарға да қатысты қолданып отырған. "Тұқым қуалаушылық", "қан тазалығы" сияқты мәселелерге көңіл бөлген.
Бірақ ол Тектіліктің материалдық базасы ретінде ғана қарастырылады.
Ал Тектілікті туындатушы төте күш - НАМЫС ЗАҢЫ.
Яғни, Тектілік төркіні ар-намыста немесе Халықтың Рухани болмысында жатыр деп санайды. ("Текті жердің қызы", "Текті әулеттің ұлы" т.т.)
Қазақтың даналығы, барлық мақал мәтелдері осы парадигма төңірегінде құрылатыны да сол себептен!
Сол арқылы қазақ халқы өзінің тектілігін жаңғыртыпт (тәрбиелеп, регенерациялап) отырған.
Осы заң бұзылса - Халық та өз келбетінен ажырап, өзінің кім екенін білмей қалады.
Халықты құрту үшін, оның жаулары осыны жоюға ұмтылған!
Әбдірашит Бәкірұлы
Abai.kz