Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2494 0 пікір 8 Шілде, 2009 сағат 08:33

Ғаділбек Әкім. Кәсіпкерлерге тексеріс үдере түсе ме?

Өткен 2008-ші жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялау туралы шешім қабылдады. Аталған мораторий елбасының ұйғарымымен ағымдағы жылдың ақпан айының ортасынан шілде айының басына дейін ұзартылған болатын. Бұл жарты жылдық, бір ретті акцияның уақыты осы айдың басында мәресіне жетті және ол, ары қарай тағыда созылмайтын болды. Шағын және орта  кәсіпкерлік секторы кейбір ақпарат көздеріне қарайтын болсақ, Қазақстанда 1,5 млн. адамға жұмыс беріп, елдегі еңбек нарығының 18%-ын құрап отыр екен. Сонымен қатар өткен жылғы мәліметтерге қарасақ, шағын және орта бизнес саласы Қазақстан ІЖӨ-нің 22%-24%-ын құраса, ал солтүстік көршіміз Ресейде бұл көрсеткіш 13%-15%-дың көлемінде ғана болып отыр. Қазақстан ТМД елдері көлеміндегі шағын және орта бизнеске, кәсіпкерлік саласына тиімді жағдай, қолайлы реформалар жасаған бірден-бір мемлекет екенін айта кету керек. Қазірдің өзінде кәсіпкерлер үшін заңды тұлға ретінде құрылмай-ақ, бухгалтерлік, салықтық есептер жасау жеңілдетіліп, сонымен қатар тексеруші құзырлы органдарға кәсіпкерлерді жоспарлы тексеруді жылына екі реттен асырмау, дағдарыс кезінде осы сектор қаржыдан тарылмас үшін және осы салаға несиемен көмектесу үшін, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» өзіне еншілес «Даму» шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры» арқылы екінші деңгейлі банктерге 120 млрд.

Өткен 2008-ші жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялау туралы шешім қабылдады. Аталған мораторий елбасының ұйғарымымен ағымдағы жылдың ақпан айының ортасынан шілде айының басына дейін ұзартылған болатын. Бұл жарты жылдық, бір ретті акцияның уақыты осы айдың басында мәресіне жетті және ол, ары қарай тағыда созылмайтын болды. Шағын және орта  кәсіпкерлік секторы кейбір ақпарат көздеріне қарайтын болсақ, Қазақстанда 1,5 млн. адамға жұмыс беріп, елдегі еңбек нарығының 18%-ын құрап отыр екен. Сонымен қатар өткен жылғы мәліметтерге қарасақ, шағын және орта бизнес саласы Қазақстан ІЖӨ-нің 22%-24%-ын құраса, ал солтүстік көршіміз Ресейде бұл көрсеткіш 13%-15%-дың көлемінде ғана болып отыр. Қазақстан ТМД елдері көлеміндегі шағын және орта бизнеске, кәсіпкерлік саласына тиімді жағдай, қолайлы реформалар жасаған бірден-бір мемлекет екенін айта кету керек. Қазірдің өзінде кәсіпкерлер үшін заңды тұлға ретінде құрылмай-ақ, бухгалтерлік, салықтық есептер жасау жеңілдетіліп, сонымен қатар тексеруші құзырлы органдарға кәсіпкерлерді жоспарлы тексеруді жылына екі реттен асырмау, дағдарыс кезінде осы сектор қаржыдан тарылмас үшін және осы салаға несиемен көмектесу үшін, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» өзіне еншілес «Даму» шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры» арқылы екінші деңгейлі банктерге 120 млрд. теңге бөлді.  Бұл бөлінген қаржының қазіргі кезде 80 млрд. теңгесі игеріліп, шілде айының басына дейін барлық сома толық еңсерілуі тиіс болатын. Дәл қазіргі кезде шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту үшін аталған және т.б. қолайлы шаралар жүзеге асырылуда. Шағын және орта кәсіпкерлік секторының елімізге әкеліп отырған пайдасына тоқтала кетсек, мысалы 2005-ші жылғы мәліметті қарайтын болсақ, ел қоржынына шағын және орта кәсіпкерлік секторынан салық ретінде түскен кіріс 1,4 млрд. теңгені құрап, ал 2006-шы жылы бұл көрсеткіш 6 млрд. теңге болған. Халықаралық валюта қорымен Халықаралық қаржы корпорациясының жыл сайынғы бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасау бағдарламасы («Doing Business») бойынша мемлекеттер арасында жасалатын рейтингте, өткен жылы Қазақстан 181 мемлекеттің ішінде 70-ші орынды иеленген болатын, ал 2007-ші жылы біз 80-ші орынды алып тұрдық. Еліміздегі жеке кәсіпкерліктің белсенді бөлігі статистика мәліметіне қарасақ, Алматы қаласында шоғырланған екен (25,6%), екінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысы 9,6%-бен иеленсе, ал Астана қаласында бұл көрстекіш 8,9%-ды құрап отыр.
Алға дамушылықпен қатар, сонымен бірге шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы жолында кедергілер де жетерлік, екі жылдан асып бара жатырған дағдарыс салдары бұл кедергілерге қосымша қиындықтар алып келгені белігілі. Дегенмен де, аталған салаға өткен жылы және үстіміздегі жарты жылдықта үкімет тарапынан тексеруге мораторий жариялау, қазіргі дағдарыс кезінде кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау әрі уақытылы жасалған көмек болғанын айта кеткен жөн. Бұл саланың қазіргі күндегі ең басты проблемаларының бірі, бизнесті дамыту үшін қаржының қолбайлау болуы, қаржы көздерінің қысқаруы, несие алу мүмкіндігінің азаюы, жұмыс өнімділігімен ауқымының төмендеуі, экономиканың қарқынды дамыған жылдары алған қарыздарымен берешектерінің және несиелерді қайтарудың қиындауы, ең сорақысы қиындыққа шыдай алмай, кәсіпорынның құрдымға кетуі. Ал бұл өз тарапынан жұмыссыздар санының артуымен салық төлеушілердің азаюына алып келетіні белгілі. Бұл қиындықтарға сонымен қатар кәсіпкерлерге мемлекеттік тексеруші органдардың шамадан тыс жиі келуін қосыңыз, бұлардың кәсіпкерлікті дамытуға жасап отырған кедергілері де аз болмай отыр. Кейбір бизнес-қауымдастық өкілдері еліміздегі тексеруші органдардың барлығын қосқанда, олардың саны 57-ге дейін жетіп отыр дейді. «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Азат Перуашевтің айтуынша, кәсіпкерлік секторына мораторийдің аяқталуына байланысты, ендігі кезде кәсіпкерлерге тексерушілердің келуі жиіленуі мүмкін дейді.
Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлерді қолдайтын әрі олардың мүддесін қорғауға тиіс «Жеке кәсіпкерлік туралы заң» да бар, алайда «Атамекен» палатасы жетекшісінің ойынша, аталған заң кәсіпкерлеге толықтай жәрдемші бола алмай отыр дегенге саяды.  Оның сөзінше тексеруге 7 кодекс, 67 заңмен бірнеше мың заңдық күші бар актілерде кеңінен рұқсат берілген екен. Сол себепті елдегі 80-ге жуық заңдарды «Жеке кәсіпкерлік туралы заңға» сәйкестендіру керек дейді, палата басшысы. Өткен 2008-ші жылы шағын және орта кәсіпкерлік секторына тексеру жүргізуге мораторий жариялау және оны одан әрі ұзарту туралы бастаманы бизнес қауымдастық өкілдері өздері көтерді, бұл бастама Президентпен үкімет басшысы тарапынан қолдауға ие болып, ағымдағы айдың басына дейін ұзартылған болатын. Алайда, қаржы министрлігі салық комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожиннің пайымдауынша, осы жылдың басында басталған мораторий тек бір ретті акция болу керек дейді. Оның да, бас салықшы ретінде өз уәжі бар, мораторийді ұзарта, соза беру, ел бюджеті көлемінің төмендеуіне алып келеді деген болатын жыл басында.
Шынымен де мораторийді әрі қарай ұзарта беру дұрыс болмас еді. Кәсіпкер ең бастысы жеке басының пайдасын емес, ол сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілікті де сезінуі керек. Жалпы тексеруге тыйым жасау, елімізде кәсіпкерлік саламен бизнестің дұрыс бағытта дамымауын, осы саладағы заңдардың дұрыс орындалмайтынын немесе олардың жетімсіздігін және бұл салада көп нәрсенің жетіспейтіндігін көрсетеді. «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Азат Перуашев: «Тексеруге тыйым салу бұл төтенше жағдай. Кәсіпкер жұмыс жасап, өнім өндіріп, сонымен бірге ешқандай тексеріске бас бұрмауы дұрыс емес. Кәсіпкер бірінші кезекте қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі керек, соған байланысты, біз мораторийді одан әрі ұзартуды сұрауға бармай отырық» - деді мораторийдің аяқталуына байланысты өткізген баспасөз мәслихатында. Қазіргі кезде шағын және орта кәсіпкерлік секторымен тексеру органдары арасындағы қалыптасқан мәселелерді жүйелі түрде шешкен дұрыс.  Өткен жылы жаңадан қабылданған салық кодексінде бұл тараптан алғанда, жоспарлы, жоспарлы емес тексерулер, тексеруге уақыттың ұзартылуы, салық төлеушілерді тексерудің алдында 30 күн бұрын ескерту және т.б. жеңілдетілген шаралар жүйесі қарастырылған болатын. Бастысы салықтық және басқа да тексерулер нақты болып, адал кәсіпкерлердің ісіне кедергі болмауы керек.  Мораторийдің аяқталуына байланысты, жеке кәсіпкерлерді тексеруде, олардың заңды құқықтарының аяқасты болмауын қамтамасыз еткен жөн.   Аталған уақытша мораторий кәсіпкерлер үшін не берді деген нәтижелі, заңды сұрақ туындайды. Бұл акция - еліміздегі мыңдаған кәсіпкерлер үшін жарты жылдың ішінде уақытша болса да демін кең жұтып, керекті бағытта қалыптасуына, икемденуіне, бизнесті дамытуда керек емес, артық шығындардан арылуына, ең бастысы дағдарыстың ушыққан кезінде үлкен жеңілдік болғанын жасырмай айту керек. Президент Нұрсұлтан Назарбаев өткен айда, «мораторий аяқталғаннан кейін, тексеруші органдар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне сараншадай қаптап, жабылмауы тиіс, тексеруші органдар өз жұмысын атқарулары керек, дегенмен тексеруде де тәртіп болуы тиіс, сонымен қатар, мораторий аяқталғанша осы саланы реттейтін және тексеруге қатысты барлық заңдық процедуралар орнымен шешілуі керек» - деп айтқан болатын. Алайда, бұл процедуралар аталған мерзімге дейін толық атқарылмай отыр. Осы орайда «Атамекен» одағы аталған мәселеге байланысты үкімет және облыстық әкімдіктер жанынан жеке кәсіпкерлерді тексеру бойынша қоғамдық мониторинг жасайтын комиссия құруды ұсынып отыр. Ұсыныстың басты мақсаты құзырлы органдардың бизнесті тексеру барысында келеңсіз, шамадан тыс әкімшілік қысымдардан құтқару, тексерудің ашық әрі әділетті болуын қамтамасыз ету. Ұсыныс орынды, уақытылы. Бастысы бизнес үшін де, құзырлы органдар үшін қай уақытта және қай жерде болмасын, заң күшінің барлығына тең, анық, ашық, түсінікті және әділ болуы.

 

 

Ғаділбек Әкім, “Абай информ”

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434