Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4829 0 пікір 28 Мамыр, 2012 сағат 10:40

Қайым Мұхаммедханов. Абайдың әдебиет мектебі (Диссертациялық кеңес стенограммасы. Тұңғыш жарық көруі)

31 мамыр - саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні.

Қазақ халқы үшін қасапханаға айналған совет өкіметінің тұсында қуғын көріп, азап лагерлерінде өмірін өткізбеген Алашшыл, елшіл, ұлтшыл зиялы қазақ баласы жоқтың қасы. Қызыл өкіметтің құқайын көрген жанның бірі - абайтанудың асқан білгірі әрі негізін қалаушы ғалым Қайым Мұхаммедханов. Абай әлемін қазақ ғылымына әкелген және Абай мектебін түп-тұқиянына дейін зерттеп, орасан зор ғылыми мұра қалдырған - Қайым Мұхаммедханов  Алайда, Мұхаммедханов мұрасының мұрты бұзылған жоқ. Зерттеушісін күткен зерделі еңбек пен өксікке толы өмір жолының ащы шындығы әлі айтылған жоқ.

Бүгіннен бастап, Дина Қайымқызы және «Қайым Мұхаммедханов атындағы Мәдениет және білім» қоғамдық қоры ұсынған мұрағат құжаттары мен деректерге негізделген Қайым Мұхаммедханов туралы кітапты жариялай бастаймыз.

Бұл кітап баспа бетін көрмеген. Дина Қайымқызы «abai.kz» ақпараттық порталына ғана жария етуге беріп отыр.

Кітаптың бірінші - «Диссертациялық кеңес стенограммасы» бөлімінде 1951 жылдың 7 сәуіріндегі Қайым Мұхаммедхановтың «Абайдың әдебиет мектебі» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы және диссертациялық кеңеске қатысушылардың сұрақтары мен оған жауаптар және оппоненттердің сөзі бастан-аяқ берілген.

Кітаптың жалғасын порталымыздың «Абай Құнанбайұлы» бөлімінен үзбей оқи аласыздар.

31 мамыр - саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні.

Қазақ халқы үшін қасапханаға айналған совет өкіметінің тұсында қуғын көріп, азап лагерлерінде өмірін өткізбеген Алашшыл, елшіл, ұлтшыл зиялы қазақ баласы жоқтың қасы. Қызыл өкіметтің құқайын көрген жанның бірі - абайтанудың асқан білгірі әрі негізін қалаушы ғалым Қайым Мұхаммедханов. Абай әлемін қазақ ғылымына әкелген және Абай мектебін түп-тұқиянына дейін зерттеп, орасан зор ғылыми мұра қалдырған - Қайым Мұхаммедханов  Алайда, Мұхаммедханов мұрасының мұрты бұзылған жоқ. Зерттеушісін күткен зерделі еңбек пен өксікке толы өмір жолының ащы шындығы әлі айтылған жоқ.

Бүгіннен бастап, Дина Қайымқызы және «Қайым Мұхаммедханов атындағы Мәдениет және білім» қоғамдық қоры ұсынған мұрағат құжаттары мен деректерге негізделген Қайым Мұхаммедханов туралы кітапты жариялай бастаймыз.

Бұл кітап баспа бетін көрмеген. Дина Қайымқызы «abai.kz» ақпараттық порталына ғана жария етуге беріп отыр.

Кітаптың бірінші - «Диссертациялық кеңес стенограммасы» бөлімінде 1951 жылдың 7 сәуіріндегі Қайым Мұхаммедхановтың «Абайдың әдебиет мектебі» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы және диссертациялық кеңеске қатысушылардың сұрақтары мен оған жауаптар және оппоненттердің сөзі бастан-аяқ берілген.

Кітаптың жалғасын порталымыздың «Абай Құнанбайұлы» бөлімінен үзбей оқи аласыздар.

«Абай-ақпарат»

 

Мәдениет пен ғылым құндылықтары - Тәуелсіз мемлекеттің рухани негізі болып табылады. Тарихтың ашылуы және оның сталиндік репрессия жылдарында қиямет-қайым күрепен сақталып қалуы - бүгінгі қоғамның олжасы.  Қайым Мұхаммедханов өмірін, бостандығын, отбасын құрбан етіп, физикалық және моралдық тұрғыдан НКВД мен Карлаг лагерінің жан төзгісіз қинауы мен азабын басынан өткерсе де, марксизм-ленинизм бірден-бір мектеп ретінде мойындалған заманда Абай мектебін сақтап қалды.

Қазіргі қоғамға рухы биік, адамгершілігі мен парасаты жоғары азаматтық, адами, ғылыми ерлік жасаған азаматтардың үлгілі ісі ауадай қажет.

Қайым Мұхаммедхановтың әкесі - Мұхаммедхан Сейітқұлов 1937 жылы атылған. Оның Семейдегі үйі «Алашорда» қайраткерлерінің әрі сол кездегі мәдени, әдеби қауымның жиналатын ортасы болған.

Ол үйде Абай және оның шәкірттері, Шәкәрім, Мұхтар Әуезовпен қатар сол тұстағы мәдениет, театр, ғылым саласының танымал тұлғалары бас қосып, қонақ болған.

Қайым Мұхаммедханов ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары туралы өнегелі әңгімелер мен Алаш рухын жастайынан әкесінен тыңдап өсті және көзі жұмылғанша Алашқа қызмет етті.

1930-ншы жылдардан бастап Қайым Мұхаммедханов Мұхтар Әуезовтің ғылыми жетекшілігімен «Абайдың әдебиет мектебі» тақырыбында жұмыс істей бастады.

Жас ғалым Абай мектебі шәкіттерінің әрбірінің аты-жөнінен бастап, өмір тарихын, шығармаларын өз қолымен іздеп, зерттеп тапты, қалына келтірді.

Ол «Абай шәкіттерінің мектебі» деп аталатын ғылымның жаңа бағытының дереккөздік негізін өзі іздеп тауып, негізін қалады.

Қ.Мұхаммедхановтың мұрағатында 636 бет қолжазба сақталған. Бұл өзі жинаған Абай шәкірттерінің шығармалары.

Сол кездегі құжаттер мен материлдарға қарағанда, диссертант 1945 жылы диссертация қорғауға дайын болған. Ал, Қайым Мұхаммедхановтың осы жылдар аралығында Абай шәкірттері туралы жинаған тың деректері мен нақты ғылыми дереккөздері ғалымдар арасында кеңінен пайдаға асып, ғылыми кітаптарға, мақалаларға сілтемесі беріліп қолданыла бастаған. Осылайша, Қайымның еңбегі ғылыми ортаға түсіп, танылған.

1951 жылғы «Абайдың әдебиет мектебі» диссертациясы қорғауынан жазылған Стенограммада диссертация жетекшісі М. Әуезовті оппонент ретінде де көрсеткен. Бұл бәлкім, интеллигенцияны репрессиялаудың екінші кезеңі басталып жатқан қиын-қыстау кезде ғылыми еңбекті қорғау үшін жасалған әрекет шығар.

Жарық көріп отырған материалда 1951 жылдың 7 сәуіріндегі Стенограмманың түпнұсқасы толықтай сақталған: көп нүктелер, кейбір сөйлемдердің жоқтығы, аяқталмаған ой, сөз сөйлемдер.

«Қайым Мұхаммедханов атындағы Мәдениет және білім» қоғамдық қоры 1951 жылғы Қайым Мұхаммедхановтың диссертациялық қорғауы, сондай-ақ, соның ізінше абайтану саласында орын алған пікірталастар және ғалым қалай қуғынға түсіп, репрессияланғаны жайындағы  мұрағат құжаттары мен материалдарын қалпына келтірді.

Бұл кітаптың жария болуы - тарихи шындықтың жарық көру және кәсіби білікті, азаматтық парасттылығы мен ар-ұяты, рухы биік адамдарды тәрбиелеуге қосылған үлкен олжа.

Дина Қайымқызы Мұхамедхан,

«Қайым Мұхамедханов атындағы Мәдениет және білім» қоғамдық қоры

 

 

1951 жылғы Жоғарғы аттестаттау комиссиясының

Стенограммасы

 

СТЕНОГРАММА

 

Заседания Объединенного Учёного совета Института истории, этнографии,                                  археологии, Института языка и литературы КазАН

 

город Алма-Ата                                                                             7 апреля 1951 г.

 

ПРЕДСЕДАТЕЛЬСТВУЕТ: Доктор филологических наук, профессор                           И. С. САУРАНБАЕВ.

 

ПРЕДСЕДАТЕЛЬ:

Товарищи, приступим к следующему вопросу:

 

ЗАЩИТА ДИССЕРТАЦИИ К. МУХАМЕДХАНОВА

НА СОИСКАНИЕ УЧЁНОЙ СТЕПЕНИ КАНДИДАТА           ФИЛОЛОГИЧЕСКИХ НАУК НА ТЕМУ

«ЛИТЕРАТУРНАЯ ШКОЛА АБАЯ»

 

Научный руководитель: М.О.АУЭЗОВ.

 

Официальные оппоненты:

профессор М.С.СИЛЬЧЕНКО,

профессор М.О. АУЭЗОВ.

 

Слово для оглашения официальных данных имеет Учёный  секретарь совета Б. СУЛЕЙМЕНОВ.

 

СУЛЕЙМЕНОВ:

На имя директора Института языка, литературы Академии Наук поступило заявление от директора музея имени Абая, члена Союза Советских писателей, преподавателя Пединститута г.Семипалатинска товарища Мухамедханова К. о допуске к защите диссертации на соискание учёной степени кандидата филологических наук.

Данные о тов. Мухамедханове: рождения 1916 года, по национальности - казах, социальное происхождение из крестьян-скотоводов, социальное положение - служащий, по специальности - преподаватель, стаж работы           11 лет.

Все документы приложены к делу тов. Мухамедханова в соответствии с инструкцией Комитета по Делам Высшего Образования. Имеется характеристика директора Семипалатинского Педагогического Института, имеется решение кафедры языка и литературы Семипалатинского Пединститута, а также сектора казахского языка и литературы ходатайствовать перед Ученым советом о допуске тов. Мухамедханова к защите диссертации на соискание ученой степени кандидата филологических наук.

Поступил отзыв члена-корреспондента Академии наук СССР, заведующего сектором истории народов республик Средней Азии и Казахстана, Востоковедения Союза ССР профессора Бертельс Е.А. Отзыв на автореферат поступил также от известного критика, члена Союза писателей ССР Кедриной З.С., отзыв от доцента Казахского государственного университета Тургамбаева К., отзыв старшего преподавателя кафедры казахской литературы Семипалатинского Пединститута Рахимжанова А.

Все отзывы положительные. Тов. Мухамедханов имеет научные труды, список трудов приложен. Имеется свыше десятка научных трудов по вопросам абаеведения, опубликованных и рукописных неопубликованных.

Вот и все данные.

 

ПРЕДСЕДАТЕЛЬ:

Имеются ли вопросы к тов. Сулейменову?

Вопросов нет.

 

Переходим к диссертации. Слово предоставляется диссертанту

К. Мухамедханову на тему «Литературная школа Абая».

 

МУХАМЕДХАНОВ:

 

«Абайдың әдебиет мектебі»

 

Абай ХІХ ғасырдағы қазақ жазба әдебиетінің тарихындағы бірден-бір әдеби мектептің атасы болды.

Абайдың әдебиет мектебі «ХІХ ғасырда, ол ғасырдың екінші жартысында қазақ халқы, оның алдындағы дәуірге қарағанда, сөзсіз алға басқанын» көрсететін мәдени-тарихи дамудың бір көрінісі болды.

Абай мектебі қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетін сын көзімен қарап игеріп, орыстың ХІХ ғасырдағы классик әдебиетін өзіне зор мектеп етті.

Әдеби мектептің атасы Абай әдебиеттегі халыққа жат кертартпа идеяларға қарсы, ислам шығысының әсеріне қарсы күресті. Осы рухта өзінің шәкірттерін тәрбиеледі.

Сөйтіп, Абай мектебі өз заманындағы озық ой-пікірдің жетекшісі болды.

Диссертант, Абайдың ақын шәкірттерінің жазба әдебиетіне идеялық мазмұн, көркемдік түр жөнінен әкелген жаңалықтарын, Абайдан алған ақындық үлгі - өнегесін зерттеу мақсатын алдына қойды. Сол сияқты ұлы орыс халқы мәдениетінің Абай мектебіне еткен жақсы әсерін зерттеуге айрықша көңіл бөлінді.

Абайдың көрнекті ақын шәкірттерінің өмірі мен әдеби еңбектері зерттеліп, олардың өлең, поэмаларына әдеби талдау жасалды.

Диссертант, Абай маңында болып, ұлы ақынның үлгі-өнегесін көрген әнші-композитор, ертегіші-жыршылар тобының Абай мектебінің идеясын халыққа жаюда еткен елеулі еңбегін зерттеуді де мақсат етеді.

Орыстың революцияшыл-демократтары Белинский, Чернышевский, Добролюбов, т.б. еңбектеріндегі озық ой-пікірлерін, осы диссертацияда қаралатын мәселелерді зерттеуде кең пайдалануға ерекше көңіл бөлінді.

Диссертация, Абай шәкірттерінің көпшілігі әлі жарияланбаған қолжазбадағы әдеби мұраларын зерттеу негізінде жазылды. Ол әдеби мұралар автордың 1939-1950 жылдар арасындағы іздеп, жыйнауға арналған еңбегінің нәтижесінде табылған еді. Бұл жөнінде Мағауияның екі поэмасын, оннан астам лирикалық өлеңдерін, Ақылбайдың екі поэмасын, бірнеше ұсақ өлеңдерін, Әріптің жүзге жуық өлеңін, бес поэмасын, Көкпайдың т.б. көптеген өлең- жырларын айтуға болады.

Бұл шығармалардың бәрі де бірнеше жыл бойы үнемі зерттеліп, тексеріліп нақтылы авторлары жоғарыда аталған Абай шәкірттері екені анықталды.

Осы жұмыста алғашқы рет әңгіме болып отырған мағлұматтарға қосымша, Абайдың туған, өскен жерінен жыйналып жазылған мемуарлық мәні бар материалдар пайдаланылды.

 

***

 

«Шәкіртсіз ғалым тұл», - дейді Абай. Абай шәкіртсіз тұл ғалым, тұл ақын болған жоқ.

Абай айналасына «көкірегі сезімді, тілі орамды жастар топталады». Олар Абайдың өсиетін тыңдап, өнерге ұмтылған талантты шәкірттер болады».

«Абайдың насихатын көп тыңдап, қасында болған жігіттер өзгелерден бір түрлі... ғылым жолындағы кісі сықылды, әр нәрсенің жөнін біліп, жаман-жақсыны көп айырып, надандықтан шығып қалушы еді», - дейді Абайдың бірінші өмірбаянын жазушы Кәкітай Ысқақов.

Талантты жастар Абайды ақын-ұстаз, ағартушы ғалым деп таниды да, өздерін шәкірті деп есептейді.

Абайдың ақын шәкірті Көкпай қалада оқуда жүрген кезіндегі бір өлеңінде:

Семейге Абай келсе бізде думан,

Ән салып босамаймыз айғай-шудан.

Бас қосу, бақастасу, мәжіліс құру,

Секілді бір ғалымның жолын қуған.

 

Тарихтан неше түрлі Абай сөйлеп,

Өзгелер отырады аузын буған.

Бір барсаң мәжілісінен кеткің келмес,

Хакімдей Аплатон аңырап тұрған ..., - дейді.

 

Бұл 1870-1875 жылдардың кезі болады.

1865-1870 жылдардан бастап Абай ауылына орыс мәдениетінің жақсы үлгі-өнегелері келе бастайды. Осы жылдарда Абай ауылында орыс әдебиеті классиктарын ынта қойып оқумен бірге, Белинскийдің, Добролюбовтың әсерімен қызу талқылау болып отырғанын да көреміз.

Абай Михаэлистермен таныспай тұрып-ақ ақынның туған інісі Халилолла Өскенбаев /1849-1870/ Абай ауылын орыс классиктерімен таныстырады. Халилолла жөнінде Н.Г.Потанин былай дейді:

«Мне рассказывали об одном киргизском султане /уже умершем Уськенбаеве/, который окончил курс в Омском кадетском корпусе и потом жил на родине в степи около Семипалатинска, что он любил вечерами рассказывать своим землякам содержание русских повестей и романов, и киргизы с таким интересом его слушали, что просили его записать свои рассказы; таким образом, получались тетради, написанные по киргизски и содержавшие в себе вольный перевод произведений Тургенева, Лермонтова, Толстого и других. Иногда во время этих литературных вечеров в юрте киргизы пускались в рассуждения, и тогда как рассказывал очевидец, можно было слышать, как Уськенбаев пользовался русскими авторитетами. «Послушайте, а вот что об этом говорит известный русский критик Белинский», или «вот какого мнения об этом был русский критик Добролюбов».

Абай мектебінің өзіне үлгі-өнеге еткен ұлы мектебі орыс әдебиеті, ұлы орыс халқының мәдениеті болғанын көреміз.

ХІХ ғасырдың әдебиетінде Шортанбай, Мұрат бастатқан «Зар заман» аталатын ескішіл кертартпа ағымға қарсы, Жүсіпбек қожа Шайхыисламов сияқты ислам дінін уағыздаушыларға, Шәңгерей сияқты «көркем өнер көркем өнер үшін» деген халыққа жат идеяны уағыздаушыларға қарсы күрескен ХІХ ғасыр әдебиетіндегі прогресшіл бағыттың атасы Абай болды.

Абай мектебінің шәкірттерін біз екі топқа бөліп қараймыз.

Ақындар тобы - Ақылбай, Мағауия, Көкпай, Әріп, Әсет т.б.

Әнші-композитор, жыршылар-ертегішілер - Мұқа, Мұқаметжан, Әлмағамбет, Бейсембай, Баймағамбет т.б.

Әнші, жыршылар Абайдың өлең, поэмаларын, Абай айтып берген орыс жазушыларының шығармаларын халыққа таратады.

Баймағамбет, Бейсембай т.б. қазақ жастарын Пушкиннің «Евгений Онегин» романымен, Дубровский мен Лермонтовтың поэмаларымен, өлеңдерімен, Крылов мысалдарымен т.б. таныстырды.

Бұлардың бәрі дерлік хат танитын. Сондықтан елге жайған өлең- жырларын жазып алып жаттап түпкі нұсқасын өзгертпейтін.

Абай шәкірттері орыс әдебиетімен ғана емес, орыстың музыка мәдениетімен де таныс болады.

Мұқа бір өлеңінде:

 

Он  саусақ бірі басып, бірі қаға,

Сорлы ғой қақпа күйге жұрттан баға,

Бекітіп скрипкамның смычогін,

Мен соқтым «Дунайская волнаға», - дейді.

 

Композитор Абайдың әндері осы әнші шәкірттерінің елге таратуының арқасында түгелдей және өзгермей сақталып жетті. Абайдың әнші шәкірттерінің жемісті еңбектері орыс әдебиетшілеріне де мәлім болған. 1915 жылы «Сибирский студент» журналының № 3-4 былай деп жазады:

«Поет в степи акын-киргиз «Письмо Татьяны к Онегину», знает он певца-акына Пушкина, знает Лермонтова, стихи которого так любил Абай,  знает он и все басни Крылова».

***росы к тов.  и неитика Союза Советскихзахстана, Востокаведения ы языка ских наук.

 

 

Абай шәкірттерінің енді бір тобы - Абай өлеңдерін халыққа таратумен бірге өздері де күрделі поэмалар, өлеңдер жазып, Абай мектебінің өрісін кеңіткен талантты ақындар болады.

Жұмыста, Абайдың ақын шәкірттеріне ұстаздық мәселесі, оларға қоятын талабы мен шарты - Абай мектебінің эстетикасы, Абайдың ақын шәкірттеріне жазатын тақырып ұсынуы, оларға сыны зерттеледі.

Абайдың ақын шәкірттері Абай нұсқаған бағытта, ұстазы жазбаған нағыз сюжетті поэмалар туғызады. Олар қазақ әдебиетіне прогресшіл мәні бар романтикалы поэма стилін енгізеді.

Сонымен қатар, Абайдың ақын шәкірттері «шәкірт» деген мағнада ұғылады. Бұлар ұлы ақынды толықтырушылар, оның әдебиеттегі жолын қуушы, данышпан ақынның талантты шәкірттері.

Біз шығармалары молырақ жиналған, зерттеп пікір айтуға толық мүмкіншілік бере алатын Абайдың бес ақын шәкіртіне ерекше тоқтадық. Олар - Ақылбай, Мағауия, Әсет, Әріп Көкпай ақындар.

Абай ақын шәкірттеріне тақырып берумен қатар, олар жазған шығарманы өздерімен бірге талқылайтын болған. Сынға кең жол беріп отырған.

Абай мектебінің эстетикалық принципі, поэзияға жанр, стиль жөнінен енгізген жаңалықтары - ол мектептің өзіне тән ерекшелігін көрсетеді.

Абай шәкірттерінің Абай әсерімен жазылған өлең, поэмаларында демократтық сарын, гуманизм айқын танылады. Бұл бір жағынан Абайдың өзіне, екінші жағынан оның шәкірттеріне алдыңғы қатарлы орыс әдебиетінен келіп жатқан үлгі, өнеге болды.

Ақылбай өзінің «Дағыстан» поэмасында:

 

Сөкпе қалса сөзімнің шалалары,

Кітапта жазған орыс даналары,

Бұрын талай соғыста ойран болған,

Көрінді Дағыстанның қалалары, -

 

деп өнегені орыс даналарынан Пушкин, Лермонтов сияқты дана ақындардан алатынын аңғартады.

 

Ақылбай осы поэмасында Терек өзенін суреттегенде:

 

Ақырып айдаһардай жүз толғанып,

Тауды бұзып тас жарған долы Терек, - дейді.

 

Лермонтов «Демон» поэмасында Теректі:

 

И Терек, прыгая как львица,

С косматой гривой на хребте, - дейді.

 

Ал, Абай Лермонтовтың «Дары Терека» өлеңін аударғанда, оның «Демон» поэмасындағы сөз образын алып:

 

Арыстанның жалындай бұйра толқын,

Айдаһардай бұралып, жүз толғанып, - дейді.

 

Ақылбайға Абайдың, Лермонтовтың, Пушкиннің әсері айқын байқалады.

Поэманың композиция, сюжет құрылысында орыс әдебиетінің үлгісі анық көрініп тұрады. Пушкин «Кавказский пленникте» черкестерді:

 

Черкес оружием обвешен,

Он им гордится, им утешен, - десе, Ақылбай черкестерді сипаттағанда:

Қаны қызса қанжарын қайтармайды,

Өзге елдің бұрын сермер таяғынан, - дейді.

 

Ақын адамның бас еркін, махаббат бостандығын арман ету жолындағы идеялық іздену сапарында Пушкин, Лермонтовты ұстаз еткен. Ақылбай бұрын қазақ әдебиетінде үлгісі болмаған Пушкин, Лермонтов үлгісіндегі романтикалы поэма туғызады.

Жұмысымызда біз осы тұрғыдан «Дағыстан» поэмасына әдеби талдау жасаймыз. Сонымен қатар ақынның діни сенімнен арыла алмауын, суевериядан туған іштей қайшылығын да ашамыз.

Ақылбайдың «Зұлыс» поэмасы жиһанкездік, отарлық тақырыптағы шығармаларға ұқсайды. Генри, Гут сияқты ағылшын капиталистерінің Зұлыс еліне байлық, жер іздеп баруы, зұлыстардың жабайылық халінің шындықпен суреттелуі поэманың негізгі идеялық мазмұны болады. «Зұлыс» поэмасы арқылы Абай  мектебі қазақ әдебиетіне өзіне тән ерекшеліктерімен роман-поэма енгізеді.

Мағауияның Абай тапсыруымен 20 жасында 1890 жылы жазған поэмасы «Еңілік-Кебек». Поэма өткен ескі заманды әшкерелеуге арналған.

Ақын поэмасының басында:

 

Заманның ғаділетсіз надандығын,

Қозғады жүрек, тілім, сөйле шығып.

Баяғыны көксейді білімсіздер,

Мінекей көрсетейін жамандығын, - деп өткен заманды реалистік жолмен қатты сынайды.

Феодалдық әдет-ғұрыпты бұзып қосылған Еңлік пен Кебекке өлім жазасын кескен, парақор бай Кеңгірбайды:

 

... Бауырыңды өзің қиып өлтірдің ау,

Кеңгірбай, артық емес иттен бағаң, - дейді.

 

Бұдан алпыс жыл бұрын бұндай поэманы тек Абай мектебі ғана туғыза алатын еді.

Мағауияның ірі еңбегі - «Медғат-Қасым» поэмасы. Бұл көлемді, шиеленіскен бай уақиғалы көркем шығарма.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Африкаға келген құлмен сауда етуші араб, ағылшын, португал т.б. колонизаторлардың қаталдық істері «Медғат-Қасым» поэмасының сюжет негізі болған. Ақын поэманың бастамасында:

 

Бір әңгіме қозғалды ойымдағы,

Мақсұт болды әшкере болынбағы,

Бай мейірсіз әр құлдан саза тартқан,

Африка Ніл дария бойындағы, - деп, идеялық мазмұнын ашып береді.

 

Мағауия жауыздыққа қарсы күресті көксеп, еркіндік жолындағы бөгеттермен қажымай алысатын күшті жанды қиял еткенде Пушкиннің, Лермонтовтың романтизмін үлгі етеді. Пушкиннен, Лермонтовтан идея жөнінен өнеге алумен бірге, көркемдік прием жөнінен үйренеді. Ауыр жаза тартқан қайсар, ер құл Қасымның мінезін:

 

Екі сутке қозғалмай қалды жатып,

Біттей дыбыс бермеді тастай қатып.

Қасына қойған асқа қарамады,

Тиген жоқ тым болмаса бір дәм татып.

 

Сыр бермеді босанып биттей жасып,

Өлгендей сұп-сұр болып қаны қашып,

Екі күн сол қалыппен жатты дағы,

Үшінші күн жоқ болып кетті қашып, - деп сипаттайды.

 

Лермонтовтың «Мцыри» поэмасының геройы черкес баласының қайсар, тәкәппар мінезі Қасым образын жасауда үлгі болған:

 

Без жалоб

Томился - даже слабый стон.

Из детских губ не вылетал,

Он знаком пищу отвергал,

И тихо, гордо умирал ...

Как однажды он исчез

Осенней ночью,  - дейді.

 

Пушкин шығармаларындағы Дубровскийдің байлардан кек алу, сорлыларға рахым ету мінезі «Медғат-Қасым» поэмасындағы Қасым ісінен де көрінеді:

 

Әсіресе байларға рахым етпес,

Ағаш толы зәңгінің бәрі ниеттес.

Сорлы болған жандарға тағы әдеті,

Бір жақсылық қылады естен кетпес, - дейді Мағауия.

 

Ақын Пушкин, Лермонтовтан творчески үйрене отырып, уақиғаны өзінше дамытып өзінше шешеді.

«Медғат-Қасым» романтизм сарынындағы поэма болса да, тартыс желісі, характерлері өмірге жанасымды, нанымды, реалистік бағытта беріледі.

1889 жылдан бастап бірнеше жыл Абай қасында болып, Абай өнегесін көрген талантты ақынның бірі - Әсет. Абайдың Әсеттің жағымсыз мінез-құлқын сынай айтқан өлеңі елге мәлім. Әсет өлерде ұлы ұстазы Абайды есіне алып:

Абайдай арт жағына сөз қалдырып,

Жақсы еді ау әттеген-ай өлу деген, - дейді.

 

Әсет, Мағауия, Ақылбайлар үлгісінде «Салиха-Сәмен» атты поэма жазады. Абай дәстүрімен «Евгений Онегиннен» еркін аударма жасайды.

Абай мектебінің көрнекті өкілдері Әріп пен Көкпай ақын. Бұл екі ақын да Абайдың әсерімен импровизаторлықтан поэт дәрежесіне  көтеріледі. Бұл екі ақын да медреседен, діни қиссалардан алған әсерімен қисса жазып, мұсылман шығысына еліктегені үшін 1889 жылы Абайдың қатты сынына ұшырайды.

Сөз айттым, әзірет Әлі айдаһарсыз,

Мұнда жоқ алтын иек сары ала қыз, - деген сын, Абайдың Әзірет Әліні мойындамауы, мұсылман шығысының қазақ әдебиетіне әсеріне қарсы күресі болумен бірге, панисламизм және пантюркизм кертартпа идеясына қарсы саяси күрес болып табылады.

Абай сынынан соң бұл екі ақын таза қазақ тілінде әлеуметтік тақырыпта өлең, поэмалар жазады.

Бұл арада еске ала кететін нәрсе Абай ұсынуымен жазылған Көкпайдың «Сабалақ» атты поэмасы. Сонымен қатар Көкпай халыққа «Сабалақ» жырымен емес, Абай үлгісінде әлеуметтік тақырыпта жазылған өлеңдерімен танылады.

Көкпайдың атқамінерлерді шенеген «Тоғыз көк», /218/ Абай өлең қылатын Дүтпай болысқа, «Оразбай байға», «Семей саудагерлеріне» т.б. толып жатқан сатиралық өлеңдері нағыз Абай үлгісін көрсетеді.

Көкпай - Абайдың ақын шәкірті, жақын досы. Абай алғашқы өлеңдерін осы Көкпай атымен жариялайды. Абай өлеңдерінде аты аталатын шәкірт досы да - осы Көкпай.

Әріптің «Қалың мал туралы», «Еңбек туралы», «Ғылым туралы» т.б. әлеуметтік тақырыпта жазған толып жатқан өлеңдері өзінің идеялық-мазмұн, көркемдік жөнінен нағыз Абай шәкірті екенін көрсетеді.

Көкпай Абайдың ақын шәкірті, жақын досы. Абай алғашқы өлнңдерін осы Көкпай атымен жариялайды. Абай өлеңдерінде аты аталатын шәкірт-досы да осы Көкпай.

 

***

 

Абайдың әдебиет мектебі қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетін сын көзімен қарап меңгереді.

Абайдың, оның шәкірттерінің шығармалары діни-мистикадан, ескі өмірді дәріптеуден, идеялық, эстетизмнен аулақ болды.

Ұлы орыс халқының классиқалық әдебиетін өзіне ұлы мектеп етудің арқасында Абай және оның шәкірттері қазақ поэзиясын идеялық мазмұн, көркемдік түр жағынан жоғары сатыға көтерді. Фольклор дәрежесінен жазба әдебиет дәрежесіне жеткізді.

Абай мектебі ХІХ ғасырдағы орыс әдебиетіндегі гуманизмді, демократтық идеяны үлгі-өнеге етті. Рулық-феодалдық салт-санаға қарсы күресті.

Ресми Россия мен ұлы орыс халқын айыра танып, қазақ халқын орыс халқымен достыққа шақырады.

Абайдың әнші-композитор шәкірттері ұлы ақынның тамаша эстетикалық принциптерін өз шығармаларына негіз етіп ұстаған және оның ән-күй туралы терең мағыналы соны пікірлерін халыққа жаюда да айтарлықтай еңбек етті.

Абай мектебі өзіне дейін болып көрмеген прогрессшіл-өршіл сарынды, бай уақиғалы романтикалы поэма жанрын қазақ поэзиясына кіргізді. Ондай поэмалардың уақиғасы тарихи шындыққа негізделгендіктен өз заманының әлеуметтік талабына сай келіп отырады.

Абай мектебі қазақ жазба әдебиеті тарихында адамның жатымды көркем образын жасады. Олар - бас еркі үшін, махаббат бостандығы үшін ескі әдет- ғұрыпқа, зұлымдыққа қарсы қажымай күрескен, тәкаппар ер мінезді, қайсар жандар /Қасым, Сәлім, Ғазиза, Жәбіраһил, Зәһира, Еңлік, Кебек т.б./.

Абай мектебі туғызған жаңа поэмалардың таптық бағыты да айқын болды. Мұрат, Медғат сияқты құл иемденуші байларға қарсы Қасым құл, Сәлім, Ғазизалар /«Медғат-Қасым»/, Жүсіп байға қарсы кедей жігіт Жәбірәһил /«Дағыстан»/, Ханға қарсы ер жігіт Сәмен /«Салиха-Сәмен»/ күреседі. Қазақтың ру басы, биі Кеңгірбайға Еңілік пен Кебек қарсы қойылады.

Абай шәкірттері ұлттық тар шеңберде қалып қоймаған. Пушкин, Лермонтов, Абайдың традициясымен тақырыпты кеңінен қамтиды /Кавказ, Африка т.с./. Өз заманында бүкіл дүние-жүзінде болып жатқан оқиғалардан сырт қалмай, ол оқиғалардың саяси-әлеуметтік жайын түсініп, өз шығармаларына тақырып етіп жырлайды /«Медғат-Қасым», «Зұлыс» т.б./. Батыс Европа, шығыс отаршылдарының зұлымдығын әшкере етеді.

Абай шәкірттерінің поэмаларындағы махаббат мәселесі шыншылдықпен, адамгершілік, прогресшілдік идеяда жырланады. Қазақ өмірінде ғасырлар бойы орын алған, лиро-эпостарда /«Қозы-Көрпеш - Баян-Сулу», «Қыз Жібек» т.б./, сол сияқты ХІХ ғасыр кертартпа ақындарының /Мұрат, Шортанбай т.б./ дәріптелетін жесірлік салт-әменгерлік сияқты ескі дәстүр Абай шәкірттерінің шығармаларында биттей де орын ала алмайды. Адамның ішкі сезім-сырын терең толғап жырлайтын лирикалы сарын, адамның бас бостандығын, еркіндік өмірді дәріптеу Абай мектебі тудырған поэмалардың ерекшелігі болды.

Абай мектебі туғызған өлең, поэмаларда мол орын алатын адамға әсерлі, көңілге қонымды, терең идеямен қабысқан табиғат суреттері, лирикалы монологтар - орыс әдебиетіндегі прогрессившіл романтизмнің жақсы үлгісі, қазақ поэзиясын жаңғыртқан жаңалық болды.

Абай мектебінің адастырмас темір қазығы Пушкиннен бастап А.М.Горькийге дейін әкелетін орыс әдебитіндегі сара жол болды.

Абай және оның ақын шәкірттері орыстың революцияшыл - демократтарынан көп үлгі-өнеге ала отырса да, қазақ қоғамының мәдени, экономикалық жөнінен мешеу қалуы себепті, оларды қоғамдық стройды революциялық жолмен өзгерту идеясының дәрежесіне көтеріле алмады.

Абай өзінің мінез-құлық мәселелеріне арналған шығармаларында діннен арыла алмады.

Осындай іштей қайшылықтар Абайдың өз басында және ақын шәкірттерінің басында да болды. Діннен, суевериеден мүлдем қол үзіп кете алмау белгілері - Абай шәкірттерінің шығармаларындағы қайшылықтар.

Бірақ, бұл айтылғандар олардың шығармаларындағы негізгі сарын емес. Ол қайшылықтар Абай мектебінің қазақ әдебиеті тарихындағы прогресшіл мәдени-тарихи маңызын төмендете алмайды.

А.М.Горькийдің Пушкин туралы айтқан пікірінің тұрғысын қарап, Абайды, оның шәкірттерін өз заманына ала келген бізге жат жайлардан арылтып ала білгенде ғана дұрыс түсініп, әділ бағалай аламыз.

Абай шәкірттері ұлы ақынның тірі кезінде өсиетін тыңдап, айналасына топтанып жүріп, Абай өлген соң тарап кетпейді. Абай салып кеткен әдебиеттегі сара жолдан таймай, Абай дәстүрін берік ұстайды.

Н. С. САУРАНБАЕВ:

Диссертантқа кімнің қандай сұраулары бар? Сұрауды қазақша берулеріңізге болады.

Қ. ЖҰМАЛИЕВ:

1.Әсет туралы зерттедіңіз ғой, Әсет қай жылы туып, қайда өлген? Қытайға кетіп қалғандардың ішінде жоқ па екен?

2.Көкпайдың өлеңдері кімнен жазылып алынған және Мыржақыппен айтысы қайдан табылған?

3.Мағауияның «Еңілік-Кебек» поэмасы 1929 жылы табылды дедіңіз, осы кезге дейін бұл поэма Мағауиянікі болмайтын, біз әдебиет тарихынан оны білмейміз. Авторы табылған жоқ делінуші еді. Сіз жаңа осыны Әуезовтің архивінен табылды дедіңіз, Мұқаң 1930 жылдары авторы жоқ деуші еді, бұл қайдан табылған архив?

4.«Зұлыстың» уақиғасы қайдан алынған?

5.Көкпай мешіт ұстаған кісі ме?

6.Жаңа келтірілген өлең шумақтарын сол Көкпай шығармасының ішінен толық алдыңыз ба, болмаса кейбір жерлерінен алдыңыз ба?

Н.САУРАНБАЕВ:

Тағы кімде қандай сұрақтар бар?

М. ҒАБДУЛЛИН:

1. «Диссертацияның 16-бетінде қазақтың ұлттық сипатын беретіндей Абайға дейін әдебиет болған жоқ» деген пікір бар, осы дұрыс бола ма? Дұрыс болмаса, не нәрсеге негізделген?

2. Осы еңбегіңізде Абай сыншыл реализмнің өкілі дейсіз де, шәкірттерін романтиктер дейсіз. Осы екі арасында қандай байланыста жатқан жайлар бар?

3. Абай шәкірттері көбінесе Абайдан тема алған болса, сол алған темалардың, болмаса Абайдың берген темаларының «Еңлік-Кебектен» бөтені, басқа шетелдік тақырып неге қазақтың өз тұрмысынан тақырып іздемеген?

4. Сіз Абайдың шәкірттерін екі топқа бөлдіңіз ғой: соның екінші  тобы - Абай өлеңдерін үйреніп алып, халыққа таратушылар дедіңіз, міне осыларды да шәкірт деуге бола ма? Осының қисыны келе ме екен?

5. Әріптің өз қара басының қайшылықтары қандай болды екен?

ТАСТАНБЕКОВ:

1.Абайдың ақындық мектебі ...[1]

2. Тоғызыншы кластың оқу құралында Мағауияны 1869 жылы туды дейді де, Жиреншин «Абай оның орыс достары» деген еңбегінде Мағауияны 1870 жылы туған дейді, осының қайсысы дұрыс?

 

НҰРЫШЕВ:

1. «Социалистік Қазақстан» газетінде 1947 жылы 2-августа «Еңлік-Кебекті» жазған адам халық жауы болды дейді. «Челкашты» аударған адам да халық жауы болды дейді. Сіздің көрсеткендеріңізде олай емес сияқты, сіздің алғаныңыз қате емес пе екен? Тағы сонда: Әріпті чиновник болған адам дейді, сіз оған қалай қарайсыз?

2. Сіз жаңа Абай мектептерін зерттегенде, марксизмге сүйеніп зерттедім дедіңіз, сол туралы еңбегіңізде дәлел келтірдіңіз бе? Марксизмнің қай жеріне сүйеніп сипаттадыңыз?

АМАНЖОЛОВ:

«Біржан-Сара» дастанын жазған Әріп деседі, осы рас па екен?

БАЛХАШЕВ:

Осы күнгі біздің жазушыларымыздың, сыншыларымыздың Абай туралы кейбір пікірлеріндегі қателіктері, негізгі принциптік жақтарын көрсету қалай болар еді? Осы Абай туралы көзқарастарға сын дегендер көрсетілді ме? Әуезов, Мұқанов статьяларындағы көзқарастар қалай?

(Жалғасы бар)

«Абай-ақпарат»

 


[1] Здесь и далее по всему тексту многоточия, отсутствие цитат, неполные слова приводятся в строгом соответствии с тем, как это представлено в Стенограмме

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377