Жұма, 18 Қазан 2024
Жаңалықтар 4558 0 пікір 8 Маусым, 2012 сағат 07:13

Азамат Құдайбердиев. Дипломсыз дінтанушының діттегені не?

Төмендегі мақалада белгілі қаламгер Бейбіт Сапарәлінің дипломсыз «дінтанушылығы» сынға алынады. Сондай-ақ Сапарәлі мырзаның бас мүфтиіміз шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің қызметіне қатысты айтқан пікірлерінің біржақтылығы да талқыға түседі. Редакция мейілінше түпнұсқадағы қалпын сақтап беруге тырысқан мақалаға байланысты Бейбіт Сапарәлінің Азамат Құдайбердиевке қарсы уәж білдіруге қақылы екендігін ескертеді. Пікіралмасу мәдениетінің талап-өресінен табылып сөйлесек - екі тарапта, қоғамдық ой да ұтылмайтынын қаперлеріңізге саламыз.

«Абай-ақпарат»

Ішқұса - аса қауіпті дерт. Ол әлдекімге, не ортаға, тіпті қоғамға деген реніш, өкпе, қыжылын сыртқа шығармай, ешкімге де тіс жармай ішке сақтап жинай беруден пайда болады. Сол сырқатын ешкімге де сездірмей, сырты бүтін, іші түтін күйде дүниеден өз күйігіне өртеніп өтеді. Оның сыртынан: - Бұл байғұс ешкімге ішіндегі күйігін айта алмай кетті ғой, - деп мүсіркеп, аяушылық білдіріп жатады. Ал, іш құсалықтан құтылудың амалы сол реніш, өкпе, қыжылын мүмкіндігінше түрлі жолмен сыртқа шығару.

Төмендегі мақалада белгілі қаламгер Бейбіт Сапарәлінің дипломсыз «дінтанушылығы» сынға алынады. Сондай-ақ Сапарәлі мырзаның бас мүфтиіміз шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің қызметіне қатысты айтқан пікірлерінің біржақтылығы да талқыға түседі. Редакция мейілінше түпнұсқадағы қалпын сақтап беруге тырысқан мақалаға байланысты Бейбіт Сапарәлінің Азамат Құдайбердиевке қарсы уәж білдіруге қақылы екендігін ескертеді. Пікіралмасу мәдениетінің талап-өресінен табылып сөйлесек - екі тарапта, қоғамдық ой да ұтылмайтынын қаперлеріңізге саламыз.

«Абай-ақпарат»

Ішқұса - аса қауіпті дерт. Ол әлдекімге, не ортаға, тіпті қоғамға деген реніш, өкпе, қыжылын сыртқа шығармай, ешкімге де тіс жармай ішке сақтап жинай беруден пайда болады. Сол сырқатын ешкімге де сездірмей, сырты бүтін, іші түтін күйде дүниеден өз күйігіне өртеніп өтеді. Оның сыртынан: - Бұл байғұс ешкімге ішіндегі күйігін айта алмай кетті ғой, - деп мүсіркеп, аяушылық білдіріп жатады. Ал, іш құсалықтан құтылудың амалы сол реніш, өкпе, қыжылын мүмкіндігінше түрлі жолмен сыртқа шығару.

Міне, осы айла-тәсіл өзін-өзі еш жерде оқымай-ақ «дінтанушы» деп көпшілікке жария еткен дипломсыз «дінтанушы» Бейбіт Сапарәлі реті келген ақпарат көздері арқылы қолданып бағуда. Алғашында ресми ақпарат көзінен сыбыс пен өсек-аяң таратуға талпынысы сәтсіздікке ұшырап, жолы жабылды (Кезінде «Еларна» телеарнасында санаулы ай қызмет етіп, мұсылмандарды бір-біріне айдап салып шағыстыра берген соң: «Жолың, әне», деп шығарып салған). Сыры да, ниет-пиғылы да әшкере болып қалғандықтан енді іштегі қайта жинала бастаған шерін сыртқа шығарып, тарқататын ақпарат көзін жатпай-тұрмай іздеді. Ол үшін елді де, жерді де, тілді де таңдап жатпады. Тіпті, сонау Ресейдің қиян түкпіріндегі Тува республикасының орталығы Кызыл қаласында тіркелген «Центр Азия» сайтынан көлемі 13 беттік орыс тіліндегі «үшбу хатын» жариялатты. Обалы нешік, артынан біздегі кейбір су жұқпас сайттардан да көрінді. Онда сол тувалықтар түзетіп, жөнге салатындай туған елін дінімен қоса жерден алып, жерге салып, іштегі буын бір шығарған-ды. Ондағы қосағына ерткен соавторы Тұрсынбек Елдесбай деген (ҚазҰУ-ден ұстаздықтан қуылып) өз ортасына сыймай, басын тауға да, тасқа соғып жүрген біреу. Іле-шала бұлар жайлы Қазақстанда енді ашыла бастаған www.zonakz.net ғаламтор газетінде «Намазшамда жолыққан екеу» деген таныстырма жарқ етті.  Бұл арқылы екеуінің жай-түйі көпшілікке белгілі болды. «Шешінген судан тайынбас» демекші, енді Б. Сапарәлі  «Алаш айнасы» газетінен (№199 (425) 16.11.2010 ж.) «Хақ дін, құнарлы тіл, ұлттық салт-сана екі дүниеде тура жолға бастайды» деген тақырыптағы аты дардай көп жылғы іштегі «шерінің» шет пұшпағын тарқататын сұхбатын жариялата алды. Елдегі діни ахуалды талдаған болып, онсыз да діндарларға белгілі жайтты үстірт шола келе тырнақ астынан кір іздеп, діндарларға күйе жағумен болды. Әлбетте, бұл Б. Сапарәліге тән пендешілік! Нағыз дінтанушы болса, асыл дініміздің інжу-маржандарын ашпас па, жарқыратып шашпас па еді?

Рамазан - барша мұсылмандар үшін қасиетті ай. Бұл айда шамасы келген мұсылман ауыз бекітіп, мүмкіндігінше құлшылық амалдары мен қолынан келгенінше сауапты көбірек алу мақсатымен жақсылық жасауға, мұқтаждарға садақа мен зекетін беруге тырысады, бір сөзбен айтқанда пендешіліктен жоғары тұрады. Пендешіліктің не екені белгілі. Пендешілік: көбіне-көп өсек-аяң мен ғайбат айту. Дипломсыз дінтанушы болса «іштегі шерін» соңғы өсек-аяң, сыбыспен толықтырып, былтырғы Рамазан айы алдында www.masa.kz ғаламтор газетінің, «Халық сөзі» газеті мен оның www.halyksozi.kz сайтының, «Жас қазақ үні» газетінің оқырмандарына «тарту» еткен еді. Енді соның бірқатарына тоқталайық: Б. Сапарәлі Рамазан айының уақыты туралы мәселе көтеріп, онысын: «... Соңғы он жыл ішінде біздер оразаны әлем мұсылмандарымен дәлме-дәл уақытта бірге бастағанымыз сирек. Не бір күн кеш, не ерте бастап кетеміз. Қадір кешіміз де солайша жылжуда деген сөз. Ал мұсылман елдерінің жағрафиялық орналасқан жерлеріне қарасаңыз уақыт айырмасы 3-4 сағат айналасы ғана. Соңғы үш жыл ішінде мың жыл бойғы атам қазақ айтқан «Отыз күн оразаны» қасақана 29 күнге қысқартып келе жатқанымыз, т.б. жанға батқан мәселелерді ықтияттап бір жүйеге түсіруге болар еді...» деп түйіндейді. Ал, расы солай ма? Жалпы Құранда Рамазан айы 30 не 29 күн деп анық кесіп айтылмаған. «Бақара» сүресінің 184 -аятында «Санаулы күндер» делінген. Осы сүренің келесі аятында: «Рамазан айы туғанын көрген адам бірден ораза ұстайтын болсын» деген. Демек, Рамазан айы айдың тууымен басталады. Келесі ай туғанда аяқталады. Ай мен күннің әр сағатын, минутын, секундын дәл белгілейтін - астрономия ғылымы. Қазақстан Рамазан айын Ресей, Түркия, Мысыр елдерімен бірдей бастап, бірге аяқтайды. Кім-кімге де белгілі бұл үш елде де астрономия ғылымы мықты дамыған. Бұған ешкімнің де күмәні болмауға тиіс. Ал үнемі жеке дара бөлініп жүретін Сауд Арабиясы да былтыр Рамазанды бірге бастады.

Дипломсыз дінтанушы мүфтидің былтырғы Рамазан айы алдындағы жұртқа жеңілдік жасауға шақырған үндеуін: «Қай жағынан алып қарағанда да ақылға қонбайды» деп бағалады. Бұған: «Рамазан айында ғана Қазақстан мұсылмандары сол 10 пайыз негізінде қарындары тоқ болады деген не түсінік?» деп таңданыс білдіреді. Ал, мүфтидің Рамазан айында арақ-шарапты сатпауға, ішпеуге шақыруын: «... 11 айда арақ іше беріңдер деген мүфият фатуасы бола ма?» деп үндеу мен пәтуаның парқын айыра алмаған «дінтанушы» Б. Сапарәлінің діннен қаншалық «білімдарлығын» аңғару қиын емес.

Бұл сұхбаттың шындықтан алыс, тек өсек-аяң мен сыбысқа құрылғаны тілшінің мына сауалы мен оған берілген жауаптан айқын аңғарылады. «- Соңғы кездері «Мүфти күзде ауысады» деген сыбыс шыға бастады. Бұл жөнінде не тыңдадыңыз?

- ...Күзде деген қайдан алынған жорамал? Күз болмаса мүфти орнынан ауыспасын деген қағидат бар ма?... Қасиетті Рамазан айында, шайтандар байлаулы тұрған ұлық айда барлық үлкен істерді бисмилла деп бітіріп тастасақ құба-құп».

Мұнан көрініп отырғанындай, былтырғы Рамазан айының алдында бұл сұхбаттың әдейі ұйымдастырылғаны байқалады. «...барлық үлкен істерді...» дегені құрылтайды өткізіп жаңа мүфти сайлау. Ал енді тілшінің: «- Нақты емес ақпарат көздері бойынша сізді де мүфти болып сайлануы мүмкін деп тыңдағанымыз бар. Сізді осы орынға ұсынып жатса қалай қарайсыз?» деген сауалына: «...Үлкен үміт арқалап, шын ниетімен пікір білдірген ел ардақтыларына истиғфар айтып, алғыстан басқа айтарымыз жоқ» деп өзін көптен ішқұса еткен арманын лақ еткізіп айтып салыпты. Дипломсыз дінтанушының дәмесінің зорын?!  Қаншама уақыттан бері жиған-терген өсек-аяңы мен ғайбаты осы мақсат үшін дайындаған «сайлау алды» бағдарламасы секілді. Бұл үшін қаншама күш жұмсап, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылғанын кім білсін?! Мансапқұмарлық адамға не істетпейді?!

Ал, енді биылғы қасиетті Рамазан қарсаңында Алматы қаласындағы қаптаған «Қағанат» асханаларын бір орталықтан басқаратын «Қағанат» концорциумының тізгінін ұстаған «дінтанушы» Бейбіт Сапарәлі осыншама шіріген байлыққа ие бола тұра сараңдықтың Қарынбайша бір «үлгісін» көрсеткені жайлы «Айқын» газеті «Мұнысы несі?» айдарымен №78 (28.04.2012 ж.) санында «Қағанаттан» қанағат кетті ме?» деп айқайлаған тақырыппен мақала жариялады. Онда: «... бұрын әжетхана тегін болатын. Жақыннан бері ақылы тәртіпке көшіп, енді кіріп, шыққаныңыз үшін 30 теңге төлеуіңіз тиіс. Соған қарап келушілерде «Қағанаттан» қанағат кетті ме?» деген ой пайда болды. «Шөп - шөпшектен, теңге - тиыннан құралады» десек те, оған мың адамнан баратын бір адамнан алған 30 теңге неге жарайды. ...қанағатты болып, сауапты да ойлап қойсақ қайтеді?» - делінген.

 

Бұған Қарынбай секілді байығанның үстіне байи түсуге ниет-пиғылы ауған Б. Сапарәлі әлі жауап бере қойған жоқ. Жауап бермейтіні де хақ. Не демек? Дінбасы азық-түлік пен киім-кешектің, тасымал мен коммуналдық қызмет түрлерінің бағасын қасиетті Рамазан құрметіне ең кемі 10 пайызға төмендетуге шақырып жатқанда Б. Сапарәлінің бұл сараңдығына не жорық? Сөйтіп жүріп, Дінбасының  бұл үндеуін неге бір айға ғана деп күстаналағысы да келеді. Ізгілік бір айға жалғасса, одан әрі де жалғасуы бек мүмкін емес пе?

Тағы бір ескерер жәйт: былтырғы Рамазан айында да жылдың өзге мезгілдеріндегідей «Қағанат» асханаларында сыра емін-еркін сатылып, ішіліп жатты. Әлі де солай. Рамазанда да оның харамнан тыйылмай өзгеге тіл тигізуі мұсылмандығына сын емес пе? Харамды саудалап  тапқан табысың қаншалық берекелі болмақ, «дінтанушы» Б. Сапарәлі мырза?

Аллаһ тағала қасиетті Құран кәрімде: «Өзің білмейтін (әрі өзіңе қатысы жоқ) нәрсеге елікпе (яғни, білмегенді білдім, көрмегенді көрдім, естімегенді естідім деп айтпа). Шындығында, құлақ, көз және жүрек сынды дене мүшелерінің бәрі де (Аллаһтың алдында) жауапқа тартылады» («Исра» сүресі, 36-аят), деген. Өзінің шама-шарқын білсе,  «қайырымды» әрі «ғұлама» ретінде «сезінетін» (солай санап, осылай көрінгісі келетін) дипломсыз дінтанушы өзін-өзі бұлайша арам тер етпес пе еді?!

Тіл - Аллаһ тағаланың пенделеріне берген ұлық нығметтерінің бірі.  Оның атқарар қызметі зор. Жақсы да, жаман да сөз тілден шығады. Егер тілін қадағалап, әр сөзіне есеп бермесе, шайтан жетелейді. Тілін ғайбат-өсектен тыймаған пенденің тозаққа түсуі бек мүмкін. Тілін шариғатпен жүгендеп, екі дүниеге де пайдасы бар сөз сөйлеген адам ғана тозақтан құтылмақ. Сондықтан да Ислам діні бос сөз сөйлеуден гөрі үндемеуге шақырады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.):

«Кімде-кім сөйлемей тыныш тұрса, бәледен құтылады» - десе, басқа бір хадисінде: «Тіліне ие болып, тыныш тұру даналық», - деген.

Соның бірі өсек-аяңға үйірсек, сыбыс таратуға де бейім әрі қайырымдылықты аузына жиі алатын осы дінтанушысымақ әйгілі Бейбіт Сапарәлі болып жүрмесін деңіз?!

«Абай-ақпарат»

0 пікір