Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2219 0 пікір 12 Шілде, 2009 сағат 18:20

Ғаділбек Әкім. Бірігіп кіреміз бе, бөлініп кіреміз бе?

Өткен айдың бас кезінде Ресей астанасы Мәскеуде ЕуразЭҚ-тың мемлекетаралық кеңесінің отырысы болды. Аталған басқосуда Ресей үкіметінің басшысы Владимир Путин Қазақстан, Беларусия, Ресей елдері ДСҰ-ға алдағы уақытта мүшелікке өту үшін үш мемлекет бір позицияда, бірігіп жұмыс атқаратыны туралы айтып, ұйымға бірігіп кіретіні туралы келіскендерін мәлімдеді. Бұл келісім бойынша, Қазақстан, Беларусия, Ресей Федерациясы ДСҰ-мен осы жылдары жүргізіп келген келіссөздерін қазіргі кезгі деңгейінде тоқтатып, одан әрі үш мемлекет келісім жүйесін ЕуразЭҚ аясындағы ортақ кеден одағы арқылы жүргізуі керек. Ресей, Қазақстан, Беларусия жалпы алғанда 200 миллионға жуық тұтынушысы бар әлемдегі үлкен экономикалық елдер болып саналады, сонымен қатар үлкен экономикалық потенциалға ие бола отыра, үш мемлекетте әлі ДСҰ-ға кіре алмай отыр. ДСҰ-ға кірудің алдыңғы жоспары ретінде келісілген кеден одағы және оның ішіндегі біртұтас кеден алаңымен кеден тарифтері 2010-шы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жұмыс жасай бастайды.

Өткен айдың бас кезінде Ресей астанасы Мәскеуде ЕуразЭҚ-тың мемлекетаралық кеңесінің отырысы болды. Аталған басқосуда Ресей үкіметінің басшысы Владимир Путин Қазақстан, Беларусия, Ресей елдері ДСҰ-ға алдағы уақытта мүшелікке өту үшін үш мемлекет бір позицияда, бірігіп жұмыс атқаратыны туралы айтып, ұйымға бірігіп кіретіні туралы келіскендерін мәлімдеді. Бұл келісім бойынша, Қазақстан, Беларусия, Ресей Федерациясы ДСҰ-мен осы жылдары жүргізіп келген келіссөздерін қазіргі кезгі деңгейінде тоқтатып, одан әрі үш мемлекет келісім жүйесін ЕуразЭҚ аясындағы ортақ кеден одағы арқылы жүргізуі керек. Ресей, Қазақстан, Беларусия жалпы алғанда 200 миллионға жуық тұтынушысы бар әлемдегі үлкен экономикалық елдер болып саналады, сонымен қатар үлкен экономикалық потенциалға ие бола отыра, үш мемлекетте әлі ДСҰ-ға кіре алмай отыр. ДСҰ-ға кірудің алдыңғы жоспары ретінде келісілген кеден одағы және оның ішіндегі біртұтас кеден алаңымен кеден тарифтері 2010-шы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жұмыс жасай бастайды. Бұл жерде ЕуразЭҚ ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық қатынасты кеңейту, сонымен қатар 1995-ші жылы негізі қаланған Кеден одағымен біртұтас экономикалық кеңістіктің жұмыстарын тиімді түрде жалғастыру, экономикалық ынтымақтастықты дамыту, кеден одағы арқылы ортақ рынок қалыптастыру, тауарлардың, капиталдың, қаржының, еңбек күшінің еркін қозғалуына мүмкіндік жасау,  сонымен бірге ұйымға мүше мемлекеттердің басқа үшінші мемлекеттермен қарым-қатынасында ортақ тауар саясатын жүргізу, ортақ валюта енгізу, Еуразиялық транспорт одағын, ортақ агрорынок кешенін дамыту, миграциялық саясатты жүйелі түрде жүзеге асыру секілді келелі мәселелер ДСҰ-ға кіру алдындағы дайындық десе де болады. ДСҰ 1995-ші жылы құрылған және бұл ұйымға қазіргі кезде әлемнің 153 мемлекеті мүше.
Аталған мәлімдемеге дейін үш мемлекет ДСҰ-мен жеке-дара келісім жүргізіп келген болатын. Алайда, үш мемлекет үкімет басшыларының басқосуынан және шешім қабылданғаннан кейін ДСҰ-ның бас директоры Паскаль Лами қабылданған шешімдер ұйым үшін түсініксіздеу болып отыр деп мәлімдеді. Ресейдің кейбір сарапшылары, оның ішінде «Роснано» мемлекеттік корпорациясының бас директоры, белгілі саясаткер, экономист Анатолий Чубайс: «Егер де, Ресей, Қазақстан және Беларусия арасында ортақ кеден одағы құрылып, Ресей ДСҰ-ға осы жол арқылы кірмек болса, онда Ресей ДСҰ-ға мүшелікке кіру жолындағы барлық заңды келіссөз деңгейінен айырылып, оның орнына келіссөздерді жаңадан және қайтадан бастау керек болады, ал бұл өз тарапынан Ресейдің мүшелікке өту туралы келіссөздерін тіпті 2020-шы жылға дейін ұзартып жіберуі мүмкін» - деген болатын. Әйтсе де, Ресей үкіметінің вице-премьері Игорь Шуваловтың сөзінше, кеден одағымен тауар клубы арасындағы келіссөздерді «жаңа беттен басталған келіссөз» деп айтуға болмайды деп отыр. ДСҰ-ға, ортақ кеден одағы арқылы кіру туралы келісім бойынша, Қазақстан 12-ші маусымда ДСҰ-мен келіссөздерін тоқтатты. Дәл қазіргі кезге дейін біздің елмен ДСҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы және жалпы ұйым аясындағы келіссөздердің 70%-ы аяқталған болатын, Ресей келіссөздердің 95%-ын игеріп, ал Беларусия ДСҰ-ға кіру үшін келіссөздердің 50%-ын аяқтады. Беларусия үкіметінің вице-премьері Владимир Семашконың пікірінше, кеден одағы арқылы ДСҰ-ға мүшелікке өту үшін кемінде 10-12 жыл керек деп отыр, оның себебі ретінде ДСҰ-ға мүше мемлекеттермен екіжақты келіссөздер жүргізу және ортақ кеден одағы арқылы, ұйымға мүше 80 мемлекетпен қажетті құжаттарға қол қойылуы керек екен.  Ағымдағы айдың басында АҚШ сауда министрі Гэри Лок, Қазақстан, Беларусия, Ресей үш мемлекет құрған кеден одағы арқылы ДСҰ-ға бірігіп, бір уақытта өтуі жүзеге аспайтын жоспар деп мәлімдеді. Оның сөзінше бұндай шара ДСҰ аясында болған емес және бұл аталған мемлекеттердің ұйымға мүшелікке кіруін созып жібереді деп отыр, АҚШ сауда министрі. Аталған пікірмен ДСҰ-ның бас директоры Паскаль Лами де келісіп, ұйымға мүшелікке тек қана мемлекет болып кіреді, ал мемлекеттердің блок болып кіруі ұйым тарихында болған емес деді. Қалай болғанда да, үш мемлекеттің ортақ кеден одағы арқылы ұйымға мүшелікке өтеміз деген мәлімдемелерімен жоспарлары ДСҰ басшылығымен ұйымға басқа мүше мемлекеттер үшін күтпеген жағдай болды. Ал кеден одағы үштігінің ішінде жетекші рөл атқарып отырған Ресей үшін және Қазақстанмен Беларусия үшін де, ДСҰ басшылығымен ұйым аясында үлкен әсері бар АҚШ экономикалық блогы өкілдерінің аталған жоспарды қолдамайтындары туралы мәлімдемелерінен кейін, үш мемлекет ұйымға суверенді елдер ретінде, келісілген деңгейге жеткен келіссөздерін қайтадан жалғастыру керектігін түсінген секілді. Бұл пікірдің шындығы ретінде, ағымдағы айдың 9-ы күні Италияның Аквиль қаласында өткен «Үлкен сегіздік» елдері басшыларының басқосуында Ресей президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Аркадий Дворкович, Ресейдің ДСҰ-ға ортақ кеден одағы арқылы кіруі сценариінен бас тартуы мүмкін деген мәлімдемесі. Дворкович Ресей, Қазақстан, Беларусия ДСҰ-мен әрбіреуі жеке-дара келіссөз жүргізіп, үш мемлекет бір уақытта және бір шартта кіру тиіс деп отыр. Ресей президенті көмекшісінің сөзінше, ДСҰ-ға біртұтас мемлекеттер блогы болып кіру қиын және бұл уақытты созумен қатар көптеген қосымша проблемалар туындатады, сол себпеті әр мемлекет келіссөзді өзінше жүргізгені дұрыс деп, үш ел сарапшылармен жұмыс топтары аталған екі жолдың қайсысы тиімді екенін саралауда деді. Сонымен қатар ол Ресей кеден одағынан бас тартпайды деп мәлімдеді.
Бұл мәлімдеме Ресей басшылығында ДСҰ-ға кіру бойынша ортақ позицияның жоқ екенін анық көрсетіп отырған секілді. Ресей үкіметі ДСҰ-ға кеден одағы арқылы өткен дұрыс деп шешіп, көрші елдерді ұйымға бірігіп өтуге шақырып және оның үстіне Қазақстан ұйымға мүшелікке өту бойынша келіссөздерін тоқтату туралы практикалық кадамдары жүзеге асыруды бастап қойса, Ресей президенті әкімшілігінің бұл мәселеде көзқарасы бөлектеу секілді. Оны Ресей перзиденті көмекшісінің мәлімдемесінен аңғаруға болады. Оның үстіне Ресеймен Беларусия арасындағы соңғы кездердегі «ет», «сүт», «газ» кикілжіңдері де бұл мәселеде өз іздерін қалдырғаны белгілі. Сонымен қатар Ресей президенті көмекшісінің жоғарыда аталған мәлімдемесі ТМД көлеміндегі экономикалық ынтымақтатыстық жобаларымен кеден одағы арқылы ДСҰ-ға бірігіп кіру туралы қабылданған шешім-жоспарлардың тек «сөз» екенін көрсетіп отыр.
Қазақстан ТМД аясында және халықаралық деңгейде экономикалық, мәдени, білім және т.б. салалардағы ынтымақтастық саясатын жүргізіп, оны қолдап келе жатырған бірден-бір мемлекет. Осы жолы да Ресей үкіметінің кеден одағы арқылы ДСҰ-ға бірігіп кірейік деген бастамасын қолдап, осы үшін жеке мемлекет ретінде ДСҰ-мен келіссөздерін тоқтатып қойды. Енді Ресей басшылығы үш мемлекет бірігіп қабылдаған шешімді өзгерткілері келіп отырған сыңайлы. Оның қалай болатынын алдағы жақын уақытта көре жатармыз. Бұл жерде бастысы, Ресей өзінің ұлттық мүддесін көздеп отырғаны анық. Белігілісі Ресей де, Қазақстан да алдағы 2010-2011-ші жылдары ДСҰ-ға кіре алмайды. Ал болашақта ДСҰ-ға біз жеке мемлекет болып кірмеіз бе, әлде Ресей, Беларусиямен бірігіп кіремізбе, бұл сұрақтың жауабын уақыт еншісіне қалдырған дұрыс секілді.

 

 

 

“Абай информ”

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5467