Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2283 0 пікір 13 Маусым, 2012 сағат 12:38

Расул Жұмалы: «Билік – өзімен бірге халқын да орға тартып барады»

 

 

 

 

 

«Арқан керген оқиғағасына» қатысты ресми билік тарапынан ел көңілін орнына түсіретін мәлімедеме жасалмады. Елде ешкім «Челах - терминатор» аңызына алданар түр танытпауда. Мемлекеттің қауіпсіздігіне тікелей қатысты лауазым иелері иемденген орындарында мелшиген күйі қозғалыссыз отыр: әдетте құр сөзбен «бас бұрауға» шебер Ақорда тарапынан жасалған қорытынды жоқ. Бұл - мыңқиған биліктің күннен-күнге ушығып бара жатқан дағдарысының жалғасы болса керек.

Осындай топшылау төңірегінде сөз қозғау үшін, біз «ДАТ, тақсыр!» айдарының аясында жас саясаттанушы Расул ЖҰМАЛЫМЕН сұхбаттасқан едік. Қоғамды алаңдатқан сұрақтарды саясаттанушы былайша сараптап, түсінікті тұрғыда тұжырымды тарқатты.

- «Арқан керген» шекара бекетіндегі 15 адамның опат болу оқиғасына қатысты ресми ақпаратқа сенім білдірген адам баласын көрмедік. Бұл сенімсіздіктің астарында құқық қорғау орындарынан беделдің кеткенін білдірер белгі жатқан жоқ па?

 

 

 

 

 

«Арқан керген оқиғағасына» қатысты ресми билік тарапынан ел көңілін орнына түсіретін мәлімедеме жасалмады. Елде ешкім «Челах - терминатор» аңызына алданар түр танытпауда. Мемлекеттің қауіпсіздігіне тікелей қатысты лауазым иелері иемденген орындарында мелшиген күйі қозғалыссыз отыр: әдетте құр сөзбен «бас бұрауға» шебер Ақорда тарапынан жасалған қорытынды жоқ. Бұл - мыңқиған биліктің күннен-күнге ушығып бара жатқан дағдарысының жалғасы болса керек.

Осындай топшылау төңірегінде сөз қозғау үшін, біз «ДАТ, тақсыр!» айдарының аясында жас саясаттанушы Расул ЖҰМАЛЫМЕН сұхбаттасқан едік. Қоғамды алаңдатқан сұрақтарды саясаттанушы былайша сараптап, түсінікті тұрғыда тұжырымды тарқатты.

- «Арқан керген» шекара бекетіндегі 15 адамның опат болу оқиғасына қатысты ресми ақпаратқа сенім білдірген адам баласын көрмедік. Бұл сенімсіздіктің астарында құқық қорғау орындарынан беделдің кеткенін білдірер белгі жатқан жоқ па?

- Әбден! Өйткені нағыз бедел адалдық, біліктілік, кәсібилік, батылдық сынды қасиеттердің жиынтығынан қалыптаспай ма? Мейлі жеке адам, мейлі тұтас мекеме үшін. Қазір «Арқан кергендегі» оқиғаға сырт күштердің еш қатысы жоқ деп айтылып отыр. Онысына толық нанбасам да, орын алған төтенше жағдай шекара қызметіндегі ғана емес, қарулы күштердегі һәм құқық қорғау саласындағы ірі олқылықтардың барын көрсетті. Әрине, қылмыс егжей-тегжейлі тергелуі, кінәлілер жауапқа тартылуы тиіс. Бірақ айрықша міндет - келешекте осындай қасіреттің алдын алу. Ол үшін іс бітті деп, барлық кінәні бір адамға жаба салу жеткіліксіз, тіпті зиян дер едім. Өйткені осындай құрбандықтарға алып келген былықтар мен себептер жасырын күйінде қала бермек.

- «Ауруын жасырған - өледі» деген ғой...

- Әлбетте! Екіншіден, тергеу амалдарының ашықтығы жауапкершілік пен кәсібиліктің жоғары деңгейімен қатар жүруі керек. Не де болса соны жоғары мінбеден мәлімдесе болды, жұрт аузын ашып, бәріне не береді деген - тыс жаңсақ пікір. Бүйте берсе, ертегіде сияқты жалған әңгімеге емес, күндердің күні шынайы мәлімдемелерге деген сенім жоғалуы мүмкін. Мемлекет тұтастығы үшін бұл аса қатерлі құбылыс.

Тиісті ақпарат таратуда бірізділік байқалмады. Бастапқы күндері құзырлы тараптар шекарашылардың қанынан алкоголь табылды деді. Арада екі күннен кейін бұл мәлімдеме жоққа шығарылды. Арада тағы екі күннен кейін шекарашылар қайта арақ ішкен болып шықты. Ресми ақпараттарды таратуда да бытыраңқылық орын алды. Бұнымен біресе Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен шекара қызметі, біресе Ақпарат және мәдениет министрлігі, Алматы облысының әкімшілігі, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Стратегиялық зерттеулер институты, тіпті Қазақстан Халқының Ассамблеясы айналысты. Негізгі версия да көптеген сұрақтарды тудырды. «19 жастағы Челах сарбаздарды бірінен кейін бірін атып жүргенде, сарбаздардың тарс ұйқыда жатқандығы», тіпті «ояу сарбаздар оларға тапанша кезегенде немқұрайлық танытқаны» мүлде сенімсіз ақпарат. Ең сорақысы - Челах шын мәнісінде кінәлі болуы және ол 100 пайыз дәлелденуі мүмкін. Бірақ келтірілген жағдайлардан кейін қоғамның бұған сене қоюы неғайбыл.

- Биліктің сөзін сөйлейтін «саясаттанушысымақтар» шекарадағы оқиға елдегі құқық қорғау құрылымдарының қызметіне көлеңке түсіру мақсатында жасалынуы мүмкін деген жорамал айтады. Сонда «көлеңке түсіру» үшін, он бес адамды атып тастау оңай болғаны ма?

- Өзіңіз айтқандай, «көлеңке түсірудің» реті қаншалық екенін жеке басым түсінбеймін. Бейбіт заманда толықтай шекара бекетінен айрылу - бұл саланы баяғыдан көлеңке емес, қара түнек басқанын аңғартады. Мейлі іштен шыққан жау болсын, мейлі ол сырттан келсін, басты себеп - қарулы күштерде орын алған жүйелі кемшіліктер. Және соңғы жылдарда олардың жиілеуі жағдайдың айрықша ушыққанын білдіреді. Әрине, үйреншікті әдетпен, түк болмағандай, ешнәрсе байқамағандай отыра беруге болады. Қашанға дейін - мәселе осында.

- Түптеп келгенде, жалғыз адамның он бес солдатты «қырып салу» құбылысы құқық қорғау саласында ғана емес, бүкіл қоғамдағы саяси дағдарыстың айқын сипаты болса керек...

- Армия болсын, құқық қорғау орындары болсын, ондағы ахуалды жалпы қоғамнан бөліп қарауға болмайды. Ертелі ме, кеш пе - қоғамдағы берекетсіздіктер, келеңсіздіктер барлық салаларға жайылады. Сондықтан бүкіл қоғамды қамтымай, жекелеген бір салада тәртіп орнатуға немесе жемқорлықты ауыздықтауға болады дегенге сенбеймін. Не істеу керек? Тығырықтан шығудың оңтайлы жолдары қандай? Бұл сұрақтарға түрлі жауаптар келтіруге болады. Алайда, меніңше, істі шындықты айтудан, қаншама жағымсыз болса да, бүгінгі ахулымызға қатқыл сыни көзқарастан бастаған жөн. Бұл шаруа ұлттық һәм саяси жігерсіз мүмкін емес.

- Ел шекарасының бір пұшпағы екі күн бойы қорғаусыз, иен жатқаны - бұл Қазақстанның қауіпсіздік мәселесінде үлкен проблемалар бар деген тұжырымға негіз бола алады деп ойлайсыз ба?

- Бір жағынан алып қарағанда, Қазақстанның шекаралас елдермен арада игі қарым-қатынастар орнатылған, оның ішінде Қытаймен де, Ресеймен де, Өзбекпен де. Бірақ сол игі көршілеріміз неліктен жанталаса қаруланып жатыр? Неліктен аумағымыздағы ядролық қарудан бас тартқанымызда, қуана арқамыздан келіп қақты? Неліктен әскери ықпалдастыққа келгенде, бізге артта қалған қаруларын ғана ұсынады? Енді «Арқан кергендегі» қасіреттен кейін, кейбір ресейлік саясаткерлер «Қазақстан өз шекарасын қорғай алмайды екен, олай болса бұл міндетті ресейлік әскерлер атқарсын» деп қыр көрсетуде. Жеткен жеріміз осы ма?

Баяғы заманнан «Бейбіт өмірді қаласаң, соғысқа дайындал» деген нақыл сөз бар. Соны ұмытпағанымыз абзал. Армияны жасақтауда, оны күшейтуде аянып қалмай, сандық жағына ғана емес, сапасына, ондағы рухани ахуалға көңіл бөлуіміз керек. Сан демекші, қазір Қазақстан қарулы күштерін шамамен 80 мың-ақ әскер құрайды. Жер аумағы 2,7 миллион шаршы километрді, шекарасының ұзындығы 12 мың километрді құрайтын Қазақстан сияқты мемлекет үшін бұл өте аз. Есесіне еліміздегі құқық қорғау саласындағы қызметкерлер саны 120 мыңнан артады. Еріксіз біз осы неге көбірек алаңдаймыз деген қиын сұрақтар мазалайды.

- Қалай болғанда да, осы оқиғадан кейін билік басындағы мүдделі топтар арасындағы тартыс шиеленісе түсуі мүмін: «көлеңке түсірушілер» мен отырған орындарынан «кеткісі келмейтіндер» ашық айқасқа шығады деген жорамалдың жолы бола ма?

- Арандату әрекеттері әбден болуы ықтимал. Алайда ақпарат тапшы болғаннан кейін, қандай да нақты жорамалдар жасау қиын. Анығы біреу - құқық қорғау саласында бірауыздылық байқалмайды. Соңғы кездерде жиілеп кеткен ведомствоаралық қақтығыстар, кикілжіңдер мен айдап салулар, даулы отставкалар - осындай келеңсіздіктің ащы айғағы. Әркім өз қара басын, өз креслосын ойлап, өзіңіз айтпақшы, «көлеңке түсірушілер» мен «кеткісі келмейтіндер» айқасып жатса, елдің жағдайы не болмақ, нағыз қылмыспен кім күреседі, қауіпсіздікке кім жауап береді? Әзірше осы төңіректегі қалпымыз оңалып келе жатқанға ұқсамайды.

- Бізде халықтың мүддесі мен қалауын саяси элита шешеді деген пікірлер айтылып жүр. Жалпы президенттің жарлығымен тағайындалып қойылатын номенклатуралық лауазым иелерін саяси элита деп атауға бола ма?

- Жоқ! Себебі «элита» дегеніміз, менің түсінігімде, белгілі бір ұлттың қазақша айтқанда қаймақтары, бетке ұстар тұлғалары. Тиісінше элиталық мәртебе биік мансапқа тағайындала салумен қалыптаспайды. Ол үшін адал еңбек, халықтың сенімі болуы шарт. Мансап бүгін бар да, ертең жоқ. Айналадағы жағымпаздар биліктен аластаған келесі күні-ақ ғайып болады. Ал элитаға жату - әлде қайда ұзақ мерзімді, бірақ сол азаматтан өз басынан гөрі ел тағдырын жоғары қоюды талап ететін ұғым.

Рас, «Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін» деген әдет баяғыдан қанымызға сіңіп қалған. Тиісінше адамды жеке басының қасиеті емес, қалтасының жуандығына, не отырған креслосына қарап бағалауға дайын тұрамыз. Десе де, күндердің бір күні осы дерттен де айығармыз. Сонда басты құндылық ішіп-жеу, ақша жинап той өткізу емес, мағыналы да салиқалы ғұмыр кешу, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу, қолдан келсе, мұқтаждарға қол үшін беру болары анық. Бірте-бірте осындай түсінікке көптеген елдер оралып келеді. Біздің де кезегіміз келер.

- Елдегі барлық жағдайды жалпылай алып қарасаңыз, қоғамдағы бар кесапаттың ұшығы билік басына барып тіреледі. Мәселен, Жаңаөзен қырғыны да биліктің мұнайшылар талабын менсінбеуінен туды. Қазір азық-түлік пен тарифтердің қымбатшылығы жөнінде жер-жерде наразылықтар туып жатыр. Осы наразылықтардың ақыры ел көлеміндегі әлеуметтік толқуға алып келеді деп ойламайсыз ба?

- Осы тұста тағы бір түйгенім - билік тек жақсы хабарды естігісі келеді де тұратын сияқты, мен-мұндайлап айқайлап тұрса да, жағымсыз жәйттерге көз жұмуға дағдыланған, сол түйткілдер өздігінше шешіле салатындай. Бірақ бұл жай нәрсені күрделендіріп, кішкентай дауды үлкен қантөгіске айналдыратын жол. Өмір болғаннан соң, қиыншылықтар да кезігіп тұрады ғой. Біреулер оларды дер кезінде аңғарып, барынша шешуге тырысады. Ақыр аяғында сондайлардан табысты тұлғалар немесе дамыған мемлекеттер шығады. Енді біреулер айналасымен шатағы жоқ, қарны тоқ, көңілі көк болғанына шалқайып жатып, көштің соңында қалады, иә тіпті құрып кетеді. Өкініштісі, өзімен бірге орға халқын да итермелейді. Ал енді Жаңаөзендегідей жағдай бақылаудан шыққанда да, көретініміз сол баяғы індет - жаман хабарды тезірек жауып тастау, оның себептерімен басты қатырып жүрмей, салдарымен ғана күресу және мүмкіндігінше қалың көпшілікті ұмыттыру.

Емін таппай жатқан індеттерміз, әділсіздіктер шаш етектен, жемқорлық, жұмыссыздық, қымбатшылық, нашақорлық, лажы қалмай өзіне-өзі қол жұмсау - тізе берсе бітпейді. Бұның бәрі ұлттық мүдде мен жігер түйіссе, еңсеруге болатын шаруалар, оның үстіне бай елміз ғой. Бірақ сол байлығымыз әділ үлестіріліп жатыр ма? Қайдам. ХХІ ғасырда отырып, басқасын былай қойғанда, ішер судан ада шалғай өңірлер мен орталық қалаларды алып қараңыз. Азаматтардың арасында да дәл солай. Мәселен, соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда байлардың табыстары кедейлерден 30 есе көп. Ал дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш 4,8 ғана. Осындай жағдайда толқулардың болу мүмкіндігін ешкім жоққа шығара алмайды.

- Ал Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға ресми сапарынан не қорытынды түюге болады: бұл кестеде тұрған кезекті бір келіс пе, жоқ әлде оның астарында қазақты қоралаудың империялық саясаты жатқан жымысқы сапар ма?

- Путин, әрине, Ресейдің империялық мәртебесін жаңғыртуға бар күшін салып отыр, әсіресе бұрынғы Кеңес Одағының аумағында. Бірақ Путинді бұл үшін кінәлау дұрыс па? Сайып келгенде, әр мемлекет басшысы бірінші кезекте өз елінің қамын ойламай ма, өз ұлтының мүддесін қорғамай ма? Ал енді сол Путиннің айтқанына көну иә көнбеу, сіз айтқандай, қораға қайта кіру, иә кірмеу - өзімізге байланысты.

- Расул мырза, сіз қалай ойлайсыз, егер ертең елдегі саяси режим өзгерген жағдайда, жаңа үкіметтің Еуразиялық одаққа қатысты мәселелерді қайта қарауды ұсынуға немесе одаққа мүшелікті тоқтатуға мүмкіндігі болады деп ойлайсыз ба? Ресей бізді өз құшағынан босата қояр ма екен?

- Еуразиялық одақтан бас тарту - өте күрделі, алайда әлемдік тәжірибені ескерсек, іске асыруға болатын қадам. Меніңше, бәрі қайтадан өзімізге байланысты. Иә, геосаяси жағдайымыз өте мүшкіл, әлеуетіміз шектеулі елміз. Бірақ, естеріңізде болса, сонау Түркі қағанатынан бері ата-бабаларымыз дәл бүгінгідей алып көршілердің арасында отырып, жерін, мемлекеттігін сақтап қалды ғой. Сол заманда да орасан күш, саяси қысым, дипломатиялық айла-тәсілдер болған. Бірақ олардың бәріне төтеп беруге бабаларымыздың күші ғана емес, ең алдымен ақылы мен сарабдал саясаты жеткен. Ғасырлар өтсе де, көп нәрсе өзгере қойған жоқ. Неғұрлым мығым, халқы мен басшылығы біртұтас, жүз бен руға жіктелмеген, ортақ мүдде мен құндылықтар дәріптейтін ел болсақ, алмайтын қамалымыз қалмайды. Қазақ елін бастаған кешегі Қасым ханның дәуірі соған айқын дәлел. Керісінше болған жағдайда, күніміз қараң болмақ. Тарих беттері ондай мысалдарға да бай. Мәселе - сол қателіктерімізден сабақ алып, бүгінгі күннің кәдесіне асыру.

- Біздің ел үшін Ресейге қарағанда, әлемде өте қарқынды дамып келе жатқан Қытаймен экономикалық одақ құрған ұтымды болар еді деген пікірге не жоралғы айтар едіңіз?

- Осы қит етсе, түрлі одақтар құруға неге асық тұратынымызды түсінбеймін. Қалай дегенмен, қандай да интеграциялық одақ дегеніміз егеменді лауазымдарды жоғарыға беріп қою, тиісті салаларда дербес әрі тәуелсіз шешім қабылдау мүмкіндігінен арылуды білдіреді ғой. Әсіресе әңгіме Қазақстанды әлеуеті бойынша тиісінше 10-30 есе орап алатын Ресей және Қытай жайында өрбігенде. Одақтас боламыз деп жүріп, осы алыптардың қарамағына өтіп кетпеуімізге кім кепіл? Әрине, көршілеріміз болғаннан кейін Ресеймен де, Қытаймен де ізгі саяси, мәдени, экономикалық ынтымақтасты дамытқан жөн. Бірақ басты құндылығымыз - тәуелсіздігімізге нұқсан келтірмей әрекеттенуіміз керек. Оларды баянды етуде, рас, ең алдымен өз күшімізге жүгіну керек, екіншіден, мемлекеттік әлеуетімізді еселей түсетін тілі, ділі, діні бір түркітілдес елдермен жақындасуымыз керек.

- Осы жазда Мәсімовтің үкіметі отставкаға кетеді деген әңгіме шықты. Мәселен, үкіметтің кетуін талап еткен Косарев ол талапты өз ойынан шығарып айтты дегенге сенесіз бе?

- Косаревті қайдам, өз ойынан шығарса да, мәселе онда емес. Тіпті Мәсімов үкіметі отставкаға кетті делік, одан да көп нәрсе өзгере қояды деп санамаймын. Алып қараңыз, Мәсімовтың алдында неше үкімет ауысты, неше министр ауысты. Кейбір министрлер тіпті бір креслодан, екінші креслоға оннан аса рет көшті. Арада қаншама бағдарламар қабылданды, оларға қанша қаражат жұмсалды? Бірақ ең болмаса бір салада мардымды табысқа жеткініміз байқалмайды. Экономикамыздың діңгегі мұнайды алыңыз - 70 пайызы шетелдіктердің қолында, қалғаны қалай игеріліп жатыр - беймәлім. Мұнайлы ел бола тұра, Қазақстан ішіндегі мұнай бағасы Америкадан жоғары. Металл, басқа да қазба байлықтары бойынша жағдай да осылай. Өкініштісі - өндіргенімізді тұтынбаймыз, тұтынатымызды - өндірмейміз. Нәтижесінде қарапайым сіріңкеден бастап, көлікке дейіннің бәрін сырттан әкелеміз. Бұл дегеніміз - отандық емес бөтен біреулердің тауар өндірушілерін қолдап отырмыз. Әлемде жер аумағы бойынша 9-шы орындамыз деп мақтанамыз.

Бірақ азық-түліктің біршамасын қайтадан шеттен тасимыз. Тіпті 16-ақ миллион халқымыз бола тұра, 1,5 миллиард халқы бар Қытайдан көкөніс алуымыз мүлде масқара. Ауа, жер, су ластанып, қоршаған орта құру үстінде. Ол аздай, енді халықаралық ядролық отын орталығын Қазақстанда ашпақшы. Орта және шағын бизнес бұрынғы тексеруші орындардың қысымы былай тұрсын, Кедендік одаққа енгеннен кейін мүлде аянышты халде. Ал әлеуметтік жағдай ше?

Мұғалімдер, дәрігерлер, жас отбасылар, зейнеткерлер әрең күнелтуде. Сондағысы ресми орындардың Қазақстанда белгілеген төменгі өмір сүру деңгейі - бір айда 16 мың теңге! Халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова осы сомаға бір апта тұрып көрсінші. Бұның өзі үкіметтің халықтан қаншама алыстағанын білдірсе керек. Менің айтпағым, министрді министрмен, премьерді жаңа премьермен ауыстырғаннан қордаланған мәселелер шешілмейді. Саяси бәсекелестік, ашық әңгіме, биліктің қоғам алдындағы жауапкершілігі қажет, сөз және шеру бостандығы, адам құқықтары қамтамасыз етілуі шарт. Осының барлығын бүгін ойлап, қолға алмасақ, ертең кеш болуы мүмкін.

Сұхбаттасқан

Бақытгүл МӘКІМБАЙ,

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 25 (153) от 13 маусым 2012 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502