Сенбі, 19 Қазан 2024
Жаңалықтар 2425 0 пікір 14 Маусым, 2012 сағат 10:06

Жанкелді ҚАРЖАН. ШАШ АЛ ДЕСЕ, БАС АЛУ НЕМЕСЕ ТҮЛЕКТЕРДІ ҚОРЛАҒАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛА МА?

 

Газетіміздің өткен санында («Ұят-ай, ҰБТ! Қыздардың ішкиімдерінде нелерің бар?» №46, 08.06.2012.) ҰБТ тапсырар алдында  шешінуге мәжбүр болған түлектер жайын жазған болатынбыз. Енді солармен жолығып, әңгімелесудің сәті түсті. Астана қаласындағы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназияның түлектері С.Сейфуллин атындағы Аграрлық университетте бірінші маусым күні тест тапсырған. Бірақ емтиханға кірер алдында «тінту операциясы» өте белсенді жүргізілген-ді.

 

Газетіміздің өткен санында («Ұят-ай, ҰБТ! Қыздардың ішкиімдерінде нелерің бар?» №46, 08.06.2012.) ҰБТ тапсырар алдында  шешінуге мәжбүр болған түлектер жайын жазған болатынбыз. Енді солармен жолығып, әңгімелесудің сәті түсті. Астана қаласындағы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназияның түлектері С.Сейфуллин атындағы Аграрлық университетте бірінші маусым күні тест тапсырған. Бірақ емтиханға кірер алдында «тінту операциясы» өте белсенді жүргізілген-ді.

Тілші келеді дегенді естіп, мектепке жиналып отырғандар көрген сорақылықтарын жайып салды. Мектеп бітіруші Мақпал Майлыбаеваның айтуынша, бірінші маусым күні ҰБТ тапсырған. Алайда аудиторияға кірер алдындағы тінту шекара бекетінен өткенде болатын аса маңызды тексерістерден бірде-бір кем түспеген. «Тексеруге кірген бойда көйлегімнің түймесін түгел ағытып, екі қолымды көтеріп тұруымды өтінді. Менің алдымда тексерілген тест тапсырушы қыздардың бірінің ішкиімінен шпоргалка тапқан екен. Содан болар, тексеріп болған соң көйлегімнің етегін көтеріп, ішкиімімді де шешуімді өтінді. Не дерімді білмей, айтқандарына мойынсұндым. Олар ұятты мүшелерімді ұстап көрді. Сосын киініп үлгерместен кабинеттен шығарып жіберді. Әлгі бізді шешіндіріп тексергендер мектеп инспекторлары екен» дейді Мақпал мұңайып. Жалғыз Мақпал ғана емес, Жадыра Бекжанова да осындай сорақылықты көрді. Кезекшілікке бекітілген үш тексеруші бұлай қорлайды деп мүлдем ойламаған ол «Бізді ҰБТ тапсырушы емес, көшеден ұстап әкелген әлдекімдерді тінткендей қылды. Сырт киімімізді ғана шешіп тексере ме десек, шешінуімізді талап етті. Оған көне алмайтынымызды айтып едік, олар іш киімдеріне дейін шешіңдер деп өздері шешіндіре бастады. «Ішкиіміңді шеш» дегенде, «етеккірім келіп тұр» еді десем оған қарамастан өздері шешіндіруге кірісті. Онысымен қоймай проклаткаңды қолыңа ұста деп бұйырды. ҰБТ-да  не оқып, не жазып отырғанымызға қарайтын шама болмай, жаңағы әрекеттен кейін біразға дейін өз-өзімізге келе алмай мең-зең болып отырдық» дейді ол.

Шектен шыққан тексерістің заңға қайшы екенін алға тартқан Әйгерім Бәкірованың естігені «Заңыңның атасына нәлет» деген жауап. Жағасын ұстаған Әйгерім ақылға қонымсыз тексерісте қанша жерден заңшыл болса да, шешінуге мәжбүр болыпты. «Сондай тексеруде өзімді тест тапсыру емес, құдды қылмыскердей сезіндім. Олар кейбір түлектердің қалтасынан шпор тапқан сайын рахаттана күлісіп алады да, келесі түлекті озбырлықпен тінте бастайды» дейді Әйгерім Бәкірова бізбен әңгімесінде.

Сыртта тұрып, балаларына тілеулес болған ата-ана Гүлшат Жүнісова қызы ҰБТ тапсырып шыққаннан кейін жағдайдың тап осылай болғанын айтқан сәтте, ағыл-тегіл жылаудан басқа амалы қалмаған. Аялап өсіріп отырған қызына әлгі инспекторлар «Неге көйлек киіп келгенсің?» - деп  ұрсып қойғаны тағы бар. «Осындай шектен шыққан тексеруден кейін қызым екі күн бойы өзіне өзі келе алмай жүрді. Тексеру дегенде осылай намысқа тиюге бола ма екен?» - дейді Гүлшат. Тексерістің салқыны қатты болса да 89 балл алған Айдана Жүнісова «Тестілеуге кіргенде колонияға кіргендей болдық» дейді бірінші маусымды бассыздықты еске алып. «Тест алдындағы тексерісте, бірден жұлқылауға көшкен мектеп инспекторларының міндеті - қалай да қалтамыздан шпор табу секілді көрінді. Бейне-бір жоспар орындау ма дейсің». Бәрінен де баласы мектеп бітірген Майраш Ерғазықызы есімді ата-ананың мұңы қайғыдан кем емес. ҰБТ-сы бар болсын, тексерістен кейінгі қызының күйзелісі үй ішіне уайым болып, берекелері қашқанға ұқсайды.  «Баламыз дәретханаға кетсе я балконға шықса өзіне қол жұмсап қоя ма деп зәре-құтымыз қашты» дейді кейуана.

Биыл шәкірттері мектеп бітірген Айгүл Тойғанбаева талай жылдан бері Ғ.Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беріп келеді. Сол күні Аграрлық университетке барған Айгүл қол жуып жатқан инспекторлардан тест тапсырушылардың жайын сұраған.  Сөйтсе әлгілер: «Ой, несін айтамыз. Іш киімдеріне дейін тексердік» - депті бірден. «Неге?», - десе олар шімірікпестен: «Ол министрліктен келген тапсырма» - деген. Соны естіп, дегбірі қалмаған Айгүл Тойғанбаева: «Осындай тексерістен балалар білгендерін ұмытып қалып отыр. Мысалы, менің сыныбымда математикадан 4 пен 5-ке оқып жүрген бірнеше оқушы екілік алды. Қалайша олар сүрініп кетті? Егер ҰБТ алдында осылай болмағанда, ештеңеге алаңдамай-ақ тест тапсырар еді. Бәрі тексеру кезіндегі психологиялық соққының кесірі. Басқасы басқа, етеккірі келіп жүрген оқушы қыздардың ішкиімін шешіп тексеру деген не сұмдық?» дейді ашынып.

Жанат Айтова Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясын басқарғалы біраз жыл болған. Оқушылары жыл сайын жақсы жетістіктермен көрініп жүр. Дегенмен, «Маған оқушыларымның емтиханнан алған бағасынан гөрі, әр баланың амандығы мен тәрбиесі қымбатырақ» - дейді ол. Айтуынша, ҰБТ тапсырып шыққан оқушыларының еңірегенде етектері жасқа толған. «Жезөкшелерді тексергендей тінтетін олар оқушыларды кім деп санайды? Осыдай жағдайда бәріміз жыладық. Бұрын ҰБТ-да оқушылармыздан шпор шықса бетімізге басатын. Мынау тексерістің жөнін ұқпадық. Содан кейін ҰБТ-сы бар болсын! Тест тапсыруға барған әрбір оқушыларымның қолын  алып: «Ештеңеден де қорықпаңдар!» - деп жігерлерін жаныдым» - дейді мектеп директоры Ж.Айтова ханым.

Мәселенің мәнісі осылай болып жатқанда оқушылар үшін алаңдаған Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарақұсова ханым: «Осындай тексеріс жасаған арнайы қызмет өкілдерінің үстінен қылмыстық іс қозғау керек. Бұл түлектердің ар-намысына нұқсан келтіру. Инспекторлардың бұлай істеуіне ешқандай да рұқсат берілмеген. Мұндайға жазаны Білім және ғылым министрлігі емес, Ішкі істер министрлігі беріп, осы шаруамен тікелей айналысуы тиіс» деп ой тастады. Ал халық қалаулысы Ерген Дошаев: «Мәселені зерттеп, жан-жақты қарау керек. Содан кейін барып шешім шығарсақ» дегеннен өзге ештеңе айтпады.

Құйтұрқы тексеріс тек 7-ші мектеп түлектерімен ғана шектелмеген көрінеді. Олармен қатар тест тапсырған  № 40, 65 мектеп оқушылары да осындай тәртіптің құрбаны болғанын айтады. Биыл ҰБТ-да темірдей тәртіп орнатпақ болған министр Бақытжан Жұмағұловты ұятқа қалдырған осы бір келеңсіщ жайтқа кінәлілер өз жазасын алады деген үміттеміз.

«Халық сөзі» газеті

 

0 пікір