Сенбі, 19 Қазан 2024
Жаңалықтар 2170 0 пікір 14 Маусым, 2012 сағат 10:06

«АРҚАНКЕРГЕН» ОҚИҒАСЫНА ҚАТЫСТЫ РЕСМИ МӘЛІМДЕМЕ НЕГЕ КҮДІК ТУДЫРУДА?

«Арқанкерген» шекара бекетінде болған қайғылы оқиғаның себеп-салдарын құзырлы орындар ресми түрде мәлімделгенімен, ел-жұрттың көңілін күпті еткен күдікті сауалдар баршылық. Егер 19 жастағы жігіт шынымен бір емес, екі емес, бақандай 15 адамды қырып тастаған болса, елдің қауіпсіздігі үшін алаңдауға негіз жоқ емес-ау. Әрі ҰҚК қызметкерлерінің атына да бұл жағдайдың абырой әпермесі анық.

Мәселенің мәнісі белгілі болғаннан кейін қорғаныс саласына қатысы бар, ішкі құрылымдарда лауазымды қызмет атқарған ел ағаларына осы сауалды төтесінен қойған едік. Бірақ ат тондарын ала қашып, мәселеген пікір айтудан бас тартты. Ал газетіміздің тілшісіне пікір білдіргендердің әңгімесі төмендегідей.

Ирак ЕЛЕКЕЕВ, саясаткер:

Құзырлы орындарды да түсінуге болады

- Менің де кейбір жайттарға күмәнім бар. Мәселен «қанды оқиға таңғы сағат бесте болды» деген дерекке. Десе де шекарада шын мәнінде не болғанын кім білсін?! Тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін барып пікір айтылмаса, әзірге бірдеңе дей қою қиын. Бір қызығы, ресми мәлімдемені Ішкі істер министрлігі бір бөлек, ҰҚК бір бөлек жасағаны белгілі. Бірақ оларды да түсінуге болады.

Аманкелді АЙТАЛЫ, қоғам қайраткері:

Шекарадағы жағдай кездейсоқтық емес

- Норвегияда Андерс Брейквик деген жігіт 77 адамды атып өлтірді. Мұның себебін Үкімет те, қоғамдық ұйымдар да күні бүгінге дейін анық білмейді. Әлеуметтік жағынан халқының жағдайы жоғары деңгейдегі елде бұл оқиға қайдан болды? Осының себебін іздегенде қазіргі жаһандану заманында біріншіден,  адамның өмірі құнсызданды да, екіншіден қоғамдағы психологиялық әлеуметтік ахуалды тамақтың тоқтығымен өлшеуге болмайды. Мұның астарында біз себебін  білмейтін терең құбылыстар жатқан сияқты. Енді осыған жақын құбылыс біздің елде де орын алды. Менің ресми берілген анықтамамен келіспейтін бір себебім, ондай анықтаманы анық болған жағдайда ғана айтады. Не себепті 19 жастағы жігіт осындай қадамға барды? Біздікі де болжам. Дегенмен, 14 адамның 13-і қазақ, екеуі басқа ұлт өкілдері екен. Осы оқиғаның алдында «ұлтаралық жағдай болған жоқ па?» деген бір ой келеді. Қаншалықты татумыз, халық арасында ашу-араздық жоқ десек те осындай бір мәселенің жатуы әбден мүмкін. Оның кездейсоқ нәрсе емес екені белгілі. Тағы бір мәселе, еліміздің әскеріндегі психологиялық ахуал қандай? Бұл салада құпия көп-ақ. Болған оқиғаны халықтан жасыруға келмейтіндей жағдай болған кезде ғана жарияланып жатады, анық-қанығы. Сонымен бірге әскердегі психологиялық ахуалдың бір көрінісі бүгінге дейін суицид тоқтамай тұр. Осыған қарап «біздің әскеріміз томаға-тұйық ұйымға айналып бара жатқанын көрсетпей ме» деген ой туады. Оның үстіне еліміздің күш құрылымдарында қордаланып қалған мәселелер де жоқ емес сияқты.

Мұрат ӘБЕНОВ, Мәжіліс депутаты:

Ресми ақпаратқа сенуіміз керек

-  Бұл қаралы жағдайға пікір айтуға әлі ерте. Қаншама жастарымыз қаза тапты. Осыған қатысты ақпарат таратуда абайламасақ болмайды. Біз осы сәтте тек дәлелденген ресми ақпаратқа ғана сенуіміз керек. Себебі, бұл жерде ұлтаралық, халықаралық, азаматтар арасындағы қарым-қатынастың өршуі секілді бірнеше қауіп бар. Мәлімдемелерге қатысты айтылып жатқан «олай емес, бұлай болуы керек қой» деген секілді пікірлер де дұрыс емес. Меніңше, ресми мәлімдеме қисынсыз емес. Ол жауынгер әскерде бірінші күн жүрген жоқ. Күдікке ілінген сарбазды қаралағаным емес, бірақ 19 жасар жігіт жас бала емес. Өз басым әскерде болғаннан кейін ондай жағдайлар менің де есімде қалды. 18 жасымда әскерге кетіп, Моңғолияның шекара аумағында барлау бригадасында өте жасырын түрде Қытай жағын қарауылдадық. Бізді 18 жасымызда жауынгершілікке баулып, үлкен әскери шабуыл жасауға дайындады. Қаруды ұстауды үйреткеннен кейін ел мен жерді қорғауды санамызға сіңірді. Қару асынғаннан кейін танктерге дейін қалай жүргізетінін білдік. Сол кезде «қасымда жүрген адамдардың қолында қару бар, онымен байқап сөйлесу керек, ренжітіп алмауым керек» деп ойлайтынмын. Қолына қару ұстаған адам қашанда күшті болады. Сыртта отырып пікір айту қашанда оңай. Біздің шекарадағы жағдайға байланысты қоғамдық пікір «он бес адамның бірі неге оның қаруын тартып алмады?!» дегенге келеді. Мылтық кезеніп тұрса, кім оған қарсы жүгіреді. Мысалы, күмән тудырғандар мылтыққа қарсы жүгіруге дайын болар ма еді?!

Пікір жиған - Заңғар ТАУДАЙ

«Халық сөзі» газеті

0 пікір