Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4088 0 пікір 19 Маусым, 2012 сағат 12:52

Уызға жарымаған ұрпақ өсіп келеді

Кейде екі иығына екі кісі мінгендей, бұлшық еті бұлтыңдаған, мығым денелі жігіттерді тек ертегілерден оқып, суреттерден ғана көреміз бе деген қорқынышты ой ұялайтыны бар. Рас, бүгінгі ұрпақ ұсақталып барады, осындайда уызына жарымаған ғой деген сөз еріксіз тіл ұшына орала береді. Жігіттеріміз әлжуаз, қыз сияқты жіп-жіңішке, тіпті кейде қайсысының қыз, қайсысының ұл екенін ажырата алмай қалып жататынымыз тағы бар. Расы осы ғой. Уызға жарымаған, көтерем қозыдай көгенкөздер көп... Мұның бәрі де айналып келгенде шыр етіп дүние есігін ашқан сәтте ана сүтінің уызына жарып, емірене ембегеннен де ме дейсің...

Кейде екі иығына екі кісі мінгендей, бұлшық еті бұлтыңдаған, мығым денелі жігіттерді тек ертегілерден оқып, суреттерден ғана көреміз бе деген қорқынышты ой ұялайтыны бар. Рас, бүгінгі ұрпақ ұсақталып барады, осындайда уызына жарымаған ғой деген сөз еріксіз тіл ұшына орала береді. Жігіттеріміз әлжуаз, қыз сияқты жіп-жіңішке, тіпті кейде қайсысының қыз, қайсысының ұл екенін ажырата алмай қалып жататынымыз тағы бар. Расы осы ғой. Уызға жарымаған, көтерем қозыдай көгенкөздер көп... Мұның бәрі де айналып келгенде шыр етіп дүние есігін ашқан сәтте ана сүтінің уызына жарып, емірене ембегеннен де ме дейсің...

Әлемдік тәжірибеге сүйенсек те көп елдерде ананың ақ сүтінен артық нәрлі тағам жоқ деп есептейді. Мәселен, араб елдерiнде аналарға міндетті түрде баланы үш жасқа жеткенше емізуді талап етеді екен. Сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының емшек сүтімен емізу апталығы бекітілген. Оған бүкіл әлемдегі барлық елдер атсалысады. Әрине ана сүтін ештеңе алмастыра алмайтыны белгілі. Оның құрамы А, Е, Д дәрумендеріне, ақуыз, май, темір, көмірсутек, су, өзге де ба­ланың өсуіне қажетті минералды заттар­ға өте бай. Уызға жарыған ұрпақтың имму­нитеті күшті болып, анау- мынау ауруға дес бермейді. Өкініштісі, дене сымбатын құр­тып аламын деген қорқыныштан көптеген жас аналар баланы ертерек емшектен шы­ғарып жатады. Сонысымен сәбиін дәру­мен­дерден ажыратқанын білмейді. Салда­рынан бала аурушаң, әлжуаз болады. Ақы­рында әр ауруханаға сүйреп, сау басы­на сақина тілеп алып жатқандары. Өкініш­ті, әрине... Оған көптеген балаларға арнал­ған жасанды биологиялық тағамдардың кө­беюі де көмек қолын созып тұр. Оны жы­лы­тып, дайындауға ерінбейтіндер емшек емізу­ге ерінетіні қызық.  Бейресми мәлімет­терге сүйенсек, еліміздегі емізулі аналар­дың қатары босанғаннан кейін 90 пайызды құраса, үш айдан кейін олардың қатары - 59 пайызға, алты айдан соң, 30 пайызға ке­миді екен. Сәбиін екі жасқа дейін емі­зе­тін­дердің қарасы тіптен кем, үш жасты айт­пағанның өзінде. Ал дүниежүзі бойынша, ана­лардың тек  30 пайызы ғана емшек сүті­мен қорек­тен­­діреді екен. Оның үстіне жа­санды та­маққа отбасы қазынасынан көп қа­ражатты жырып беруді талап етсе де оған тосқауыл бола алмай отыр. Мысалы, жа­ңа туған ба­ла­ға алғашқы алты айда 40 құты құрғақ ба­ла­лар тағамы қажет екен. Әр бөтелке 500-600 теңге болса, бүгінде қымбаттап оның бағасы 900 теңгеге бір-ақ секірді. Сонда бір отбасы бір айда бала тағамы үшін 40 мың теңгеге жуық қаржы жұмсайды екен. Ал көкіректегі дайын тағам ақшаға үнем, әрі денсаулыққа пай­да­лы, әрі балаға нәр екенін ұғынбайтын­да­ры өкінішті. Аурудың алдын алады де­ген­ге келсек, емшек сүтімен қоректендірген аналардың басым бөлігі көкірек қатерлі ісігі ауруына шалдығуы өте сирек кездеседі. Әрі сұлу­лық­қа қосар үлесі де мол. Емізулі аналар­дың бет терісі жылтырап, әжім түсуі кейін­д­ей­ді... Бір қызығы, елімізде ана сүтін зерттейтін, оның құрамын, сапасын ғылы­ми түрде негіздейтін, бағамдайтын зертха­налар жоқ екен. Алынған мәліметтің бәрі де - тек шетелдік ғалымдардың еңбегі. Ал, керісінше, сиыр сүтінің құнарын тереңірек зерттеуге келгенде алдымызға қара салмайды екенбіз. Жоғары технологиялы заманда өмір сүріп отырғанымызбен ана сүтін алмастыратын ерекше дәм ойлап таба алмай келеміз. Ол мүмкін де емес. Қолдан жасалған небір сүт алмастырғыштар баланың асқазанын алдағанымен ана сүтіне жетпейді. Кезінде балалар тағамынан ақшаны аямай, қазіргіден он есе көп қаржы бөлген екен. Әрбір елді мекенде балаларға арналған сүт асханасы болатын. Кешегі көр­ген түстей. Бүгінде ол да жоқ, оның орны да жоқ. Балаларымыз аш емес, де­ген­мен аузына түскенімен қоректеніп жүр. Анасының қалауынша...

Балалар тағамына базына көп...

Бүгінде жасырары жоқ, балалар таға­мы­­ның құрамында трансгенді, яки гендік мо­­дификацияланған құрамалар қосылаты­ны белгілі.  Қызылды-жасылды әдемі қо­рап­­ша­­ларға салынған небір йогурт, құрғақ жар­ма, жасанды сүт ... бәрі-бәрі айналып кел­­генде ескертпе қағазында жазылғанын­дай бәрі де пайдалы бола бермеуі мүмкін. Қо­раптың ішіндегі тағамның құрамы бір жақ­та, қораптың сыртындағы жазуы бір жақта лағып жүруі де бек мүмкін. Оған дәлел: осыдан екі жыл бұрын жарнамасы жер жарған «соя ақуызының негізінде дайындалған» деген балалар тағамын тексергенде, 0,1 пайызы ГМҚ соя болып шыққан. Бұдан шығатын қорытынды жарнамаға жанашырыңдай сенбей тексеру нәтижелеріне де құлақ түрген жөн. Алайда ешкімнің де қоластында жеке зертханасы жоқ. Ал балалар тағамының бәрі де зертха­налық тексеруден өткізіледі десек артық кеткендік болар. Елімізде балалар тағамы ең аз зерттелетін салаға жатады. Мұны ма­ман­дардың өзі де жоққа шығармайды. Ден­сау­лық сақтау министрлігінің нәресте­лер­ге дәстүрлі тағам беру керек деген ресми құжаты бар. Құжат құжат күйінше қалды. Аналар өз білгенінше балаларын өсіріп жатыр, ұрпақ болашағын ойлап ше­караны жапқан ешкім жоқ. Ең болмаса, құра­мын қатаң сүзгіден өткізуге де қақпан қой­мады. Әйтеуір «импортный» тағаммен қоректенген «импортный» балалар өсіп келеді. Ертеңгі күні қолымызды мезгілінен кеш сермеп жүрмесек болғаны...

Оның үстіне сәбилер тағамының басым бө­лігі шетелдік өнімдер құрайды. Әрі сұра­нысы өте жоғары тауарлардың тізімінде тұр. Сол себептен де бағасы қымбат. Қалта қағарлықтай. Олардың қатарында «Бабуш­кино лукошко», «Фрутоняня», «Нутритек», Heinz өнімдері толтырады. Hipp компания­сы ең қымбат балалар тағамын өндіреді. Nestle компаниясы да тізгін қағыстыруға жа­рап тұр. Импортқа тәуелді өнімнің ар­зан­дауы тағы мүмкін емес.  Қазагромарке­тинг сарапшылары балалар тағамын жасап шы­ғаруға елімізде шикізат қоры жеткілікті деп есептейді. Бірақ ... сол баяғы, бірақ... Жыл жылжыған сайын елімізде бөпе-бумы артып келеді. Соған орай мезгілінен ерте суалған аналарымыздың арқасында бала тағамына деген сұраныс та артары сөзсіз. Алайда отандық өндірушілер арасында жаңа көшбасшының қашан бой көрсетері белгісіз. Мамандар айтпақшы, елімізде сиыр да, сүт те бар. Тек енді сапалы балалар тағамын өндіріп қана қоймай,  ғылыми- зерттеу институтын да қоса ашқан жөн дейді мамандар.

Шәмшә БЕКОВА, «Айболит» балалар емханасының дәрігері:

- Түрлі экологиялық жағдайларға ма, жоқ әлде басқа да себептермен бе ана­лар­дың емшегінен сүт шықпай қалуы жиі кө­рініс бере бастады. Соның кесірі­нен, амал жоқ, жасанды тамақпен қо­рек­тендіруге тура келетіндері де бар. Деген­мен табиғи жолдан бас тартып жат­қан­дары да жоқ емес. Қолымыздан келге­нінше жас аналар­ға емшек сүтімен қорек­тендірген баланың да, өзінің де ден­саулығына қосар үлесі мол екенін айтып түсіндіруге барымызды салып ке­леміз.

Автор: Гүлжан КӨШЕРОВА, Жамбыл облысы

"Алаш айнасы" газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404