Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2672 0 пікір 19 Маусым, 2012 сағат 12:54

“Жүрегiмiз “қазақ” деп соғады”

Қытайдағы шетелдiк студенттердiң бiр-бiрiмен өзара араласуы және көптеген жағдайда түсiнiсiп кетуi тез де, ал керiсiнше осы елде қанша ұзақ жүргендiктерiне қарамастан, солардың басым бөлiгiнiң қытайлықтармен соншалықты сiңiсiп кетуi қиын. Және бiр байқағаным - бәрiмiз бiр қазақтың баласы болсақ та, Қазақстанның қазағы мен Қытай қазақтарының тiл табысуы да көп орындала бермейтiн құбылыс. Бейне бiр екi ел арасындағы шекара бiздiң сана-сезiмдерiмiз бен ой-түсiнiгiмiздiң де арасын бөлiп тұрғандай... Нелiктен бұлай?! Жақсы, мұның себебiн бiрi - орыстiлдiлер де, екiншiсi - таза қазақтiлдiлер деп түсiндiрейiк. Ал қазақ тiлiнде таза сөйлеймiз деген бiз сияқты қазақтармен де неге қоян-қолтық араласа алмайды? (Немесе араласа алмаймыз?) Осы және қытай-қазақ қарым-қатынасы төңiрегiндегi басқа да сауалдармен Жұмабекпен кездестiм. Жұмабек Алмабекұлы - мен оқып жатқан оқу ошағының студентi. Қытайдың Алтай аймағында туған қазақ. Қазақ елiн сыртынан бақылап, қазаққа қатысты жаңалықтарды қалт жiбермей оқып жүретiн iзденiмпаз, көзi ашық, көкiрегi ояу азамат. Мен Қытайға келгелi бiздiң қарым-қатынасымыз тәп-тәуiр. Көптеген тақырыпта ашық сөйлесетiн болғандықтан да Жұмабектi осы жолы тағы да әңгiмеге тарттым:

Қытайдағы шетелдiк студенттердiң бiр-бiрiмен өзара араласуы және көптеген жағдайда түсiнiсiп кетуi тез де, ал керiсiнше осы елде қанша ұзақ жүргендiктерiне қарамастан, солардың басым бөлiгiнiң қытайлықтармен соншалықты сiңiсiп кетуi қиын. Және бiр байқағаным - бәрiмiз бiр қазақтың баласы болсақ та, Қазақстанның қазағы мен Қытай қазақтарының тiл табысуы да көп орындала бермейтiн құбылыс. Бейне бiр екi ел арасындағы шекара бiздiң сана-сезiмдерiмiз бен ой-түсiнiгiмiздiң де арасын бөлiп тұрғандай... Нелiктен бұлай?! Жақсы, мұның себебiн бiрi - орыстiлдiлер де, екiншiсi - таза қазақтiлдiлер деп түсiндiрейiк. Ал қазақ тiлiнде таза сөйлеймiз деген бiз сияқты қазақтармен де неге қоян-қолтық араласа алмайды? (Немесе араласа алмаймыз?) Осы және қытай-қазақ қарым-қатынасы төңiрегiндегi басқа да сауалдармен Жұмабекпен кездестiм. Жұмабек Алмабекұлы - мен оқып жатқан оқу ошағының студентi. Қытайдың Алтай аймағында туған қазақ. Қазақ елiн сыртынан бақылап, қазаққа қатысты жаңалықтарды қалт жiбермей оқып жүретiн iзденiмпаз, көзi ашық, көкiрегi ояу азамат. Мен Қытайға келгелi бiздiң қарым-қатынасымыз тәп-тәуiр. Көптеген тақырыпта ашық сөйлесетiн болғандықтан да Жұмабектi осы жолы тағы да әңгiмеге тарттым:

- Сенiң ойыңша, неге бұлай, Жұмеке? Осының бiр ұшы Қытайдың социа­листiк саяси жүйесiмен байланысып жатқан жоқ па? Яғни, адамның тәуел­сiз ой-санасын бұ­ға­лайтын бұл жүйенiң ықпалы бар деп ойламайсың ба деге­нiм ғой... - Рас, тiл мәселесi дейiн десем, оған келе қоймайды. Ана бiр жылдары мен Бейжiң­де оқығанымда қазақтiлдi қазақ жiгiттермен отырыста болғанмын. Сонда арамызда айтар сөз, ортақ әңгiмемiз болмады... Сондықтан, мұның себебiн бiрдi-екiлi фактормен түсiндiрiп кету қиындау. Бiрақ сiздiң сөзiңiздiң де жаны бар. Қанша дегенiмен де, кiм не айтса да бiздiң - Қытайдағы қазақ қоғамының қытайласып бара жатқаны шындық! Қытайдың заңы мен саясатына тәуелдi халық бол­ғандықтан тiптi бұл жағдайдың өзi табиғи заңдылық та сияқты. Ол дегенiңiз, бiз қоғамдық пiкiр қалыптастыру, адам құқықтары жайында талас-тартыстар жүргiзуден жоқ қоғамбыз деген сөз. Бұл да жоғарыда аталған мәсе­ленiң бiр себебi осы ғой деп ойлаймын... - Қазақстан ақпарат құ­ралдары таратып жатқан күнделiктi жаңалықтардан қол үзбей, интернет па­рақ­­шалары арқылы Қа­зақ­станда болып жатқан жалпы жағдайларға қа­тыс­ты қазақ қоғамының пiкiрле­рiн оқып тұрасың... Сенi таңғалдыратын немесе сенiң пiкiрiңе қайшы келе­тiн дүниелер бар ма? - Маған Қазақстан қоға­мы­ның Қытайдан қорқатыны көңiлiме қоныңқырамайды. Қытай әскер жiберiп басып алады екен деген сияқты негiзсiз әңгiменi көп қозғайды. Менiң­ше, бұл Қазақстанда Қытай елiн зерттейтiн арнайы институттардың жоқтығынан, әрi синолог мамандарының сараптамалық мақалаларының аздығынан деп ойлаймын. Сөйтедi де, әркiм өзiнше пiкiр таратады... - Сонда сенiң ойыңша Қазақстанның Қытайдан қорғанбауы керек пе? - Жоқ, олай дегенiм емес. Айтқым келгенi, Қытай тарихтан қарасаңыз да еш уақытта бiреуге соғыс ашып, не болмаса басқаны жаулап кiрген халық емес. Керiсiнше, талайлардың езгiсiн көп көрген... Бар мәселе қытайдың санында болып отыр... Менiңше, Қытай Орталық Азия елдерiне қатысты екi мақсатты ғана көздейдi. Оның бiрi - экономикалық мүдде. Қазiр Қазақстанның iрi жол құрылыстарын жүргi­зiп, ал олардың алпауыт мұнай компаниялары Қазақстанның мұнайына ортақтасты. Бұл дегенiңiз, бәрiнен бұрын Қытай Қазақстанға сан мыңдаған жұмыс күшiн кiргi­зiп отыр. Ертең сол жұмыс­кер­лердiң Қазақстанды тұ­рақтап қалмауына ешкiм, ешқандай кепiлдiк бере алмайды. Қазақстан әсiресе, алдымен осыдан сақтануы керек! Әрi геосаясатты кү­шейту қажет. Мысалы, Еуропаның көптеген iрi қалаларында қы­тай аудандары мен көшелерi бар. Ол көшелер күн сайын "ұзарып", аудандар "ұлғайып" жатыр. Қытайға маңызды келесi бiр мәселе - Қазақстан қо­ғамының тұрақтылығы. Қытай Орталық Азия елдерiнде түрлi террорлық бүлiкшiлiктiң болмауына мүмкiндiгiнше көңiл бөлiп келедi. Жақында ғана ШЫҰ-ның Қытайда өткен кезектi жиылысында, Қытай Орталық Азия елдерiнiң қауiпсiздiгiне бағытталған арнайы бағдарлама үшiн тағы да 10 млрд.доллар қаражат бөлетiнiн мәлiмдедi. Осы ұйым арқылы Шыңжаң аймағының тұрақтылығын сақтап қалғысы келедi. Қазақстанда алда-жалда қандайда бiр жағдай туындай қалса, ол қазақтар көп шоғырланған сол Шыңжаң аймағына мiн­деттi түрде ықпалы болады, сөйтiп, тұрақсыздық орнайды деп есептейдi. Жалпы, Қа­зақ­стан Қытайға "аспанасты елi" деп оған бас көте­рiп қарамай, керiсiнше, өзiмен қатар қойып, тең дә­ре­жеде қарауы керек. Ал негiзiнен Қазақстанға қорғану керек болса, сақтықты ең алдымен Ресейден бастағаны дұрыс қой. Қазiргi Ре­сейдiң Қазақстанға ықпалы күн санап артып барады. Қазақ қоғамындағы тiл мәсе­лесi, жалпы қазақтың ұлттық мүддесiне қатысты дүниелерге Ресей­дiң тiкелей әсерi өте күштi деп есептеймiн. - Ал Қазақстанның Қы­тай­дан алары не, сенiң­ше? - Қазақстан Қытайдың ұсақ-түйек заттарын тасудан бiртiндеп болсын арыла бастаудың жолдарын қарастыруы керек. Одан да кiшiгiрiм өндiрiс ошақтарын көшiру мемлекет үшiн әлдеқайда тиiмдi болар едi. Шағын биз­нестiң осы түрiн дамытса Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесiне де аз да болса ауыздық болуға септiгiн тигi­зерi сөзсiз едi. Негiзi бұл Қазақстан сияқты бiлдей бiр мемлекет үшiн аса қиын шаруа емес. Одан кейiн отандық тауарларды жасқанбай Қытайға экспортқа шығару қажет. Әлдекiмдер "Қытайға бiздiң тауар керек болмас?!" дейтiн шығар. Бұл - қате түсiнiк. Жақында ғана бiр жаңалықтан оқып қалдым: Қытайдың КунМинь қаласында өткен бiр халықаралық жәрмеңкеде, Оңтүстiк Африканың бiр азаматы Қазақстанның конди­тер­лiк өнiмiн сатқан екен. Тәттi, таза құрамды шоколадтарды сондағы халықтың бiрден талап алып кеткенiн жазады. Бұл ненi бiлдiредi? Мейлi, қай елдiң болмасын тұрмыс жағдайы жақсы халқы қашанда сапалы тауар тұтынады деген сөз. Қытай зат өндiруде әлемнiң алдыңғы шебiнде тұр десек те, мұнда­ғы ауқатты жандар тiптi қарапайым тұрмыс заттарының өзiн сол Еуропадан алады. Сондықтан Қазақстан үшiн отандық тауар өнiмдерiн дамытуы өте пайда әкелетiн жол деп айтар едiм. - Қазiргi таңда осындағы қазақ отбасылары үшiн Қазақстанға қоныс ау­дару мәселесi қаншалықты маңызды? - Мұндағы қазақтарды мен кемiнде екi топқа бөлетiн едiм. Бiрi (әсiресе Алтай қазақтары) - "Бiз тұрып жатқан жер - атам заманнан қазақтың жерi. Бiз ешқайда да бармаймыз" дейтiндер. Бiрақ бұлардың қытайласпауына ерiк қалмай бара жатыр. Өйткенi ондағы қазақ мек­тептерiнiң бәрiн жауып тастады деуге келедi. Қазiр ана тiлiмiз, әдебиетiмiз қа­тардағы пәндердiң бiрi ғана болып қалды. Бiр сөзбен айт­сам, қазiр ауылға барсаңыз жас балалар алдыңыздан қытайша амандасып жүгiрiп шығатын жағдайға жеттiк. Қазақшасын мүлдем ұмытқан жастар көбейiп жатыр. Екiн­шi бiр топқа (мемлекеттiк жұмыстағылар мен еңбек жасындағы азаматтар) Қытай саясаты азын-аулақ жұмысын берiп, жағдайына қарайласып, бұл тiл, ұлт мәселесi жа­йында оларға тiптi тереңi­рек ойлануға ерiк туғызбай отыр. Әлгi тiлi қазақ болғанымен де жүрегi қазақ деп соға алмайтын, қазақша ойлай алмайтын дүбәралар осындайдан пайда болмаушы ма едi?! Ал жалпы айтқанда, Қазақстанға бiржола баруға ниеттiлер көп. Бiрақ сол қоныс аудару саясаты олар үшiн ауыр тиiп жатыр. Неге екенi түсiнiксiз, әсiресе, Қазақстан жағы көп ауыртпалық жасап отырған сияқты... - Сонда сенiң ойыңша нағыз қазақ қайда өзi? - Қазақтарды жерге бөлiп қарамайық. Өз тiлiнде мақтанышпен сөйлейтiн, ұлт мүд­десiн қашанда бәрiнен биiк қоятын, дiнi мен дiлiн сақтаған, еркiн ойлы қазақтың азат ұлдары мен қыздары қайда болмасын бар. Және ел ерте­ңi соларға аманатталады. - Қазаққа айтар уәжiң бар ма? - Қытайдағы қазақ аға­йындардың мәселесiн сөз қылған әр жаңалық осындағы қандастарыңызды елең еткiз­бей қоймайды. "Қазақстанға құр алақан келмей, бiлiмiмен, еңбек күшiмен келсiн..." деген сияқты пiкiрлер сiздер жақта жиi айтылады. Дұрыс! Қазақстан дейтiн жас ел үшiн бiз сияқты халықтың маңдай терi керек. Оны барлығымыз қолдаймыз. Қолымыздан келетiн көмектi аянып қалайық деп тұрған жоқпыз. Керiсiнше, бiр тамшы маңдай терiмiз төгiл­се, сол Қазақстан үшiн болса екен дейтiн азаматтарда сан жоқ. Алайда ондай талапты жалпыға бiрдей қоюға болмайды ғой. Бiреудiң денсаулығы жарамайды, ендi бiрi қарт болуы мүмкiн деген сияқ­ты... Бәрiн айт та бiрiн айт, бiздердiң маңдайымызда "Қазақ" деп жазылып, жүре­гiмiз "Қазақ" деп соғып тұрады. Мейлi, қаншалық бiлiмдi, Қазақстанға пайдасы болсын, бiздер басқа елден келiп Қазақстанның азаматтығын алып жатқан өзге ұлттардан әрдайым бiр саты жоғары тұруымыз керек деп ойлаймын. Себебi бiздiң қанымыз да, жанымыз да - Қазақ! Сондықтан осындағы әр қа­зақтың Қазақстаннан үлесi бар деп есептеймiн. Бiрде­ңенi тындырып кетпесе де, осында жүрген әр қазақ баласы өзiнiң қазақ екенiн еш уақытта есiнен шығармаған. Тiптi олардың еңсесiн көтерiп жүретiнi - сол "Қазақ" деген сөз ғана болуы мүмкiн. Сондықтан да Қытайдағы бауырлары жайында оғаш ой бiлдiрiп, көңiлге су сепкендей қылатын ауыр сөздер айтылмаса екен деймiн. - Салмақты ой айтқаныңа рақмет! Аман бол, бауырым!

Ертай Нүсiпжанов, Қытайдың Шеньян қаласындағы Солтүстiк-шығыс университетiнiң магистранты.

"Жас Алаш" газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401