Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 2936 2 пікір 26 Қыркүйек, 2021 сағат 20:10

Ресей мен Қытайға қалай көмектеспек?

Азия - Тынық мұхиты аймағында жаңа үштік одақ дүниеге келді. АҚШ, Ұлыбритания және Аустралия әскери келісімге келіп, одақ AUKUS деген атқа ие болды. Одақты ең алдымен Қытайдың соңғы уақыттардағы экспансиялық саясатына қарсы жауап реакция деп атауға да болады. Аймақтағы Филиппины, Тайвань, Аустралия сияқты елдерге Пекин тарапынан көрсетіліп жатқан қысым ақыры осындай одақтың құрылуына алып келді.

Аустралия 2016 жылы-ақ Франциямен келісімге келіп, француздар оларға сүңгуір қайықтар дайындап беруге тиіс болатын, алайда мұны олар созып жүріп алды - біресе келісім-шарттар қайта қаралуы керек деді, біресе алғашқы келісілген бағалары тым төмен ($60 млрд) деді. Екінші жағынан Аустралияда ол кезде ядролық қаруға қарсы лобби мықтырақ болды да, Қытай қауіп-қатері аз еді. Ақырында Аустралия француздармен келісім-шартты біржақты тоқтатуға мәжбүр болды. Қазір бұл сүңгуір қайықтарды АҚШ пен Ұлыбритания жасайтын жаңа шарт жасалды және ол француздардағыдай дизельді емес, атом қозғалтқышты сүңгуір қайықтар болмақшы.

Бұл келісім-шарттың салмағы тым үлкен, өте ауқымды геосаяси батыл шешім. Өйткені Қытай қаупі уақыт өткен сайын күшейіп келе жатқанын бәрі де көріп отыр. Әсіресе Тайваньға қарсы қысым, қарумен бопсалау бұрын-соңды болмаған масштабқа жетті. Мұндай жағдайда АҚШ-тың Аустралияға келуі, оның порттарын бірлесіп пайдалану, жаңа технологиялармен алмасу үш елге де пайдалылығы өз алдына, осы аймақтағы АҚШ одақтасы Жапония, Аустралияны қорғау ғана емес, агрессивті саясат ұстанатын кейбір елдерге ол ұзақ мерзімдік тұрақтандырушы фактор ретінде әсер етпек (КХДР, ҚХР).

Қазіргі кезде Францияда осы AUKUS одағын сынау үсті-үстіне қарқын алуда. Сын әсіресе АҚШ-қа, Байденге қарсы бағытталып, оған Ресей-Трамп троллдері қосылып БАҚ-тарды шулатуда. Бір қызығы, Франциямен келісім-шартты біржақты бұзған Аустралия, ал сын Байденге бағытталуда. АҚШ сенімсіз одақтас деген Путин-Трамп троллдер фабрикасына енді француздар қосылып, АҚШ-тың ту сыртынан пышақ ұрғандай болып отыр.

Байденнің бір артықшылығы - шешім қабылдарда әскерилерді, барлау органдарын, Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілерін шақырып алып ақылдасады, ең алдымен сол аймақтағы жағдаймен толық танысады, барлық фактор ескеріледі. Сондықтан да қабылданған шешімде кездейсоқтық факторы болмайды, мұнда бәрі де ескерілген.

Франуздардың англосакстарға өкпелейтін еш орны жоқ. Бірінші, екінші дүниежүзілік соғыстарда француздарды англосакстар құтқарып қалмағанда ендігі француздарды немістер билеп отырған болар еді.

Осы жақында ғана француздардың Путин үшін тікұшаққа арналған екі Mistral салып, оны зорға деп Путиннің қолына жеткізбеген АҚШ емес пе еді?
Әлде РФ-ға қарсы соғыста Франция Украинаға қару-жарақ немесе ақшалай көмек беріп пе?

Немесе Қытайдың Аустралияға қарсы қысымында үн-түнсіз Қытай жағына болысқан осы француздар емес пе еді?

Сонда бұл француздардың түпкі ойы не? Ресей мен Қытайға көмектескенде демократия қайда қалады? Әлде бұл да авторитарлы ел болуды көксей ме?

Қуаныш Еділхантегі

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5319