Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3951 0 пікір 21 Маусым, 2012 сағат 12:15

Амангелді СЕЙІТХАН, журналист, спорт комментаторы: Сөздің киесін түсіну керек

- Қазақ тележүргізу­ші­лерінің шетелден үйренері бар ма?
- Меніңше, үйренерінен гөрі, үйретері мол. Себебі қазақы иірім, қазақша түсінік басқа ұлыс пен ұлтта жоқ. Қазақ - сөзге өте ше­шен ха­лық. Тіпті адамзаттың ақыл­дысы Абайды Тобықтының бір шалы бір-ақ ауыз сөзбен тоқтатқан. Сондай халыққа кім не үйретеді? Шын қазақ­тан шетелің үйренуі керек.
- Қазіргі жас тележүр­гі­зуші­лер­дің арасында көңі­ліңізден шыға­тыны кімдер?
- Бізден кейінгі буыннан көз­ге түскені - Қасым Аман­жол. Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады. 80-90-жылғы теле­визиямен са­лыстырғанда, қазақ телеөн­дірісі өте құлдырап кетті. Сөз­дің қасиетін түсінер тележүр­гізушілер бар ма, жоқ па, ойла­нар­лық сауал.
- Мұндай құлдырауға не себеп деп ойлайсыз?
- Берекесіздік. Өз ұлтына мұ­рын­шүйiре қарағандық. Теле­ви­зияға дарынсыз бас­шылардың топтасып келуі. Журналистикада сұрыптау­дың дұрыс жүрмеуі.
- Көгілдір экранда ән­ші­лердің, атақтылардың шығуы көптеп белең ала бастады. Осыған қалай қарай­сыз?

- Қазақта «Ит жоқта, шош­қа үреді» деген мақал бар. Сондықтан да дарынды әнші болсын, ол журналист емес. Оның қоғамдағы рөлі, ат­қаратын қызметі мүлдем бас­қа. «Ақылыңа айырбаста күл­кіңді, қайтесің сол күлкі деген шіркінді. Бейқам күліп өспеген соң өз басым, Ұнатпаймын сол күлкіні біртүрлі» дейді Мұ­қағали. Төрт қағазды сексен екі дубльмен жазып жүрген әншілердің беті жыл­тырап көрінгенмен, телеөн­діріс маңында жүрген режиссердің жүйкесін жұқартып, опе­ратордың бүкіл қан-сөлін ішіп біткендер.
- Біраз елді аралаған жур­на­лиссіз. Сіздіңше, қай елдің журна­листикасы дұрыс ба­ғыт ұстанған. Қандай ерек­ше­лік бар?
- Әр елдің журналис­тика­сы­­ның ерекшелігі - өз ота­нына қыз­мет етуге, өз ұлтына жақсылық жа­сауға ұмтылады. Өзін-өзі жоқ­тай­ды, өзін-өзі іздейді, өзін-өзі дә­ріптейді. Абай айтқандай: «Бірің­ді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос».
- Жекеменшік телеар­налардың қазақ журналис­тикасына пайдасы қанша­лықты деп ойлайсыз?
- Жекеменшік телеар­на­лар - қазақ журналистика­сы­на шабыл­ған балта. Олардың жіберетін дү­ниелерін ешкім көрмейді. Біздің көрер­мен­дерге арзанқол дүниелер ұнайды. Мысал үшін «Базар жоқ­ты» алайық. «Базар жоқ­тың» бә­дік­терін тыңдайды. Ал енді Құр­ман­ғазы, Тәттімбет ту­ралы тұ­шым­ды дүние ұсын­шы, көретін адам қалмайды. Аудиторияны түрік сериал­дары тартып алды. Соның бәрі қазақ журналистикасының тамырына балта шауып жатыр.
- Тележүргізушілердің сөз сап­тауы, сөйлеу мәде­ние­тіне жур­на­листік тұрғыдан берер бағаңыз?
- Мен қазіргі тележүргізу­ші­лердің сөздерімен келіс­пеймін. «Толығырақ тілшіміз баяндайды» дейді. Ол неге «толығырақ» баян­дайды, неге «толық» баянда­май­ды?! Ар­тық қыламыз деп, тыртық қы­латындар тіпті көп. Зейін Әліп­бек, Жанарбек Әшімжандар қан­дай еді?! Сөзге ұста, жаз­ғандары шымыр. Қазіргі тележүргізушілер Қазақ­станға емес, қазақ ұлтына қызмет етуі керек. Сөздің киесін түсінуі керек.
- Әңгімеңізге рақмет.

Cұхбаттасқан
Арайлым РУСЛАНҚЫЗЫ

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369