«Зайсан» құрылыс заман талабына сай үрдіс бастап келеді
Зайсандағы жол-құрылыс басқармасы негізінде құрылған «Зайсан» құрылыс компаниясы осыдан 7 жыл бұрын жауапкершілігі шектеулі серіктестік деген атауға ие болды. Оны өз ісінің білгір маманы Болатбек Нұрасыл басқарады. Аталмыш серіктестік соңғы жылдары облыс көлемінде жолдар мен көпірлер салып, әлеуметтік мақсаттағы ғимараттарды, тұрғын үйлерді сапалы тұрғызып, тұрғындардың ыстық ықыласына бөленіп келеді.
Таяуда іссапармен Зайсан ауданында болған едік. Аудан әкімі Серік Зайнулдин мен Болатбек Нұрасыл екеуі жаңа ғана облыс әкімі тапсырмасымен табиғаты тамылжыған Қарашоқыда салынып жатқан спорттық-денсаулық сақтау базасынан оралған беті екен.
- Қарашоқыда 100 орындық демалыс базасы салына бастағанына бір жылдан асты. Елбасы Н.Назарбаев келешек ұрпақтың денсаулығы мықты болуы үшін спортпен шұғылдану қажеттігі жайлы үнемі айтып келеді. Жазғы демалыс кезінде бұл жерде оқушылар демалып қана қоймай, спортпен шұғылданады, жарыстарға қатысады. Аманшылық болса, маңызды кешен құрылысы шілдеге дейін аяқталуы тиіс, - деп аудан әкімі біраз жайдан мағлұмат бере кетті.
Зайсандағы жол-құрылыс басқармасы негізінде құрылған «Зайсан» құрылыс компаниясы осыдан 7 жыл бұрын жауапкершілігі шектеулі серіктестік деген атауға ие болды. Оны өз ісінің білгір маманы Болатбек Нұрасыл басқарады. Аталмыш серіктестік соңғы жылдары облыс көлемінде жолдар мен көпірлер салып, әлеуметтік мақсаттағы ғимараттарды, тұрғын үйлерді сапалы тұрғызып, тұрғындардың ыстық ықыласына бөленіп келеді.
Таяуда іссапармен Зайсан ауданында болған едік. Аудан әкімі Серік Зайнулдин мен Болатбек Нұрасыл екеуі жаңа ғана облыс әкімі тапсырмасымен табиғаты тамылжыған Қарашоқыда салынып жатқан спорттық-денсаулық сақтау базасынан оралған беті екен.
- Қарашоқыда 100 орындық демалыс базасы салына бастағанына бір жылдан асты. Елбасы Н.Назарбаев келешек ұрпақтың денсаулығы мықты болуы үшін спортпен шұғылдану қажеттігі жайлы үнемі айтып келеді. Жазғы демалыс кезінде бұл жерде оқушылар демалып қана қоймай, спортпен шұғылданады, жарыстарға қатысады. Аманшылық болса, маңызды кешен құрылысы шілдеге дейін аяқталуы тиіс, - деп аудан әкімі біраз жайдан мағлұмат бере кетті.
«Зайсан-құрылыс» ЖШС-нің бас директоры Болатбек Нұрасылдың айтуынша, бұл жерде 13 корпус болмақ. Асхана, монша, дәрігерлік мекеме, футбол, волейбол алаңдары, күн талабына сай салынып жатқан үйлер сәнді-ақ. Құрылыстың сметалық құны 270 миллион теңге. Құрылысшы жігіттер уақытпен санаспай мерзімінде тапсыруға күш салып жатыр.
Ауданды былай қойып, облыс көлемінде көптеген құрылыс ғимараттарын салуға атсалысып келеміз. Осыдан екі жыл бұрын Тарбағатай ауданының бірнеше елді мекенін су шайып, жүздеген тұрғын үй, ондаған көпірдің жарамсыз болып қалғаны белгілі. Сын сәтте көмек көрсету үшін көршілерге аттандық. Қызылкесік ауылына екі көпір салып бердік. Қарақаба ауылына жол салдық. 2010 жылы аудан орталығында 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға бердік. Елбасының тапсырмасы бойынша Зайсан қаласында да 60 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысын бастап кеттік, - дейді Болатбек Нұрасыл.
Осыдан бірнеше жыл бұрын мекеме жанынан азаматтық құрылыс учаскесі ашылған еді. Аталмыш учаске күшімен 2017 әскери бөліміне 300 орындық казарма, штаб салынды.Тарбағатай ауданының Қарғыба, Үштөбе ауылдарына мектеп салып берді. Бір кездері тоқтап қалған «Жұлдыз» кинотеатрын көрсеңіз, қазір танымайсыз. Алтын қолды шебер Бөкең ғимараттың екінші тынысын ашты. Қазір ол жерде жаңа мейрамхана бой көтерді. Аптаның жеті күні бойы мейрамхана бос болмайды, тіпті бір жыл бойы кезек күтуге тура келетініне де көз жеткіздік. Аудандағы басқа да жүздеген құрылыс нысандарында аталмыш серіктестік ұжымының ізі жатыр.
Құрылыс компаниясы аршынды адымын одан әрі жалғастыруда. Бұдан 10 жыл бұрын темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыт іске қосылса, бір жылдан кейін жиһаз, ағаш өңдеу, асфальт-бетон цехы мен зауыты пайдалануға берілді. Өткен жылы серіктестік ұн зауытын іске қосты. Бөкең қайырымдылық шараларына да белсене араласады. Сан мәрте конкурстарға қатысып, жеңімпаз атанған. Бұл табыс - ұжымның жетістігі. Міне, жақында жаңа қонақүй құрылысын аяқтаймыз. Онда да жігіттердің үлесі бар, дейді Болатбек Нұрасыл.
Оңдасын ЕЛУБАЙ.
Мамыр айына материалдар
1. Нанотехнология Шығыстың шырайын арттыра түспек
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Қазіргі замандағы биоматериалдар, наноматериалдар және наномедицина мәселелері» атты І халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Елімізде тұңғыш рет өткізіліп отырған конференцияға АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Германия, Ирландия, Ресей ғалымдары қатысты.
Жиында баяндама жасаған ғалымдар нанотехнология саласындағы жаһандық жетістіктерге кеңінен тоқталды. Америкадан келген Радиологиялық технология университетінің президенті Мерфи Брент медициналық физиканың болашағы туралы баяндама жасап, әлемді алаңдатып отырған қатерлі ісік ауруын наномедицина арқылы ауыздықтау бағытында атқарылып жатқан ғылыми жаңалықтар жөнінде келелі әңгіме қозғады. Ал, Роуз-Халман технология институтының (АҚШ) бағдарлама директоры Р.Летфуллин жақын болашақта нанотехнология саласына әлемдік рынокта 1 триллион доллар көлемінде қаржы жұмсалатындығын және осы салаға қызмет ететін 2 миллиондай маман қажет болатындығын баса айтты. Қазақстандық ғалымдар да өз ғылыми зерттеулерінің жетістігін ортаға салып, алдағы кезеңде шетелдік әріптестерімен бірлесе жұмыс істеуге ынта білдірді.
Осы басқосудың алғашқы қадамы ретінде аталмыш конференцияның аясында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті мен Радиологиялық технология университеті (АҚШ) ынтымақтастық жөнінде келісім жасасты.
Келісім-шартқа сәйкес Радиологиялық технология университеті мен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті арасындағы наномедицина және медициналық физика бойынша академиялық дәреже беретін екі дипломды MS білім беру бағдарламасы іске асырылмақ.
Жаңа білім беру бағдарламасы бойынша білім алған әрбір магистрант Радиологиялық технология университеті мен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің жеке академиялық дәрежесін алады. Аталмыш инновациялық магистрлік бағдарлама нанотехнология саласындағы соңғы ғылыми жетістіктерді оқытады.
«Абай-ақпарат»
2. Евгений ГРИГОРЬЕВ. Таң шығыстан атады. Бастамаларда Шығыстан басталады
Менің жасым 82-де. Өмір бойы Қазақстанда тұрып, жарты ғасыр бойы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде ұстаздық етіп келемін. Докторлық диссертация қорғадым, профессор атандым. Қазақ досы, көршісі десе бір жапырақ нанын бөліп беретін жомарт халық екенін бала кезімнен білемін. Қазақ тілін тәп-тәуір меңгеріп алдым. Маған, әсіресе, Абайдың философиялық ой-тұжырымдары, терең мағыналы өлеңдері үлкен ой салды. Ұзақ жылдар ізденіп, «Ұлы даланың Прометейі», «Адам бол», «Абай және Алаш қозғалысы» деген кітаптарды жарыққа шығардым. Бұл жинақтарды шығаруға өзім еңбек ететін ШҚТМУ көп көмек көрсетті.
Абайдың өлеңдерін оқып, көңілге түйгенде ұлы ақынның қазақ халқының өз алдына дербес мемлекет болуын қалағанын түсіну қиын емес. Міне, сол арманға жеттік. Тәуелсіздіктің ақ таңы атқанына да 20 жылдан асып барады. Тәуелсіздік - ұлы бақыт. Бабалар аңсаған тәуелсіздікті сақтап қалу үшін не істеу керек? Ең алдымен, елді мекендеген жүзден астам ұлт пен ұлыстың достығы мен татулығы баянды болса, бейбітшілік нығая бермек. Әлі есімде, 1995 жылы түрлі этностардың басын қосып, елімізде татулық пен бейбітшіліктің салтанат құруын мақсат тұтқан Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру жөнінде бастама көтерді. Оны барлық этнос өкілдері қызу қолдап әкетті. Сөйтіп, басқа мемлекеттерде жоқ қоғамдық институт бізде бірінші болып дүниеге келді.
Таңның шығыстан ататыны белгілі. Демек, нендей бір игі бастамалардың шығыста туындап жататыны заңдылық болса керек. Еліміздегі тұңғыш Достық үйі Өскеменде 1992 жылы құрылып, оның салтанатты ашылуына Елбасы Н.Назарбаевтың өзі келіп қатысты. Мен де ол кезде жиырмадан астам этностың басын қосып, татулық пен достыққа ұйытып отырған Достық үйінің жұмысына белсене араласқан едім.
Тұңғыш Достық үйінің ашылуында Нұрсұлтан Әбішұлы ақжарма тілегін айтты, шырайлы шығыстан бастау алған құнды тәжірибені еліміздің барлық облыстарында қолдану қажеттігіне тоқталды. Артынша Кенді Алтайдың тәжірибесін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі зерттеп, оны барлық облыстарға таратты. Бұл күндері өңірде сегіз Достық үйі бар, оларда 82 этномәдени бірлестік жұмыс істеуде.
Облыстық Достық үйінің мақсаты - ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту, ұлттар мәдениетін, ана тілін, салт-дәстүрін жаңғырту, мәдени мұраны сақтау және Қазақстан жастарын патриоттық сезімде тәрбиелеу болып табылады.
Енді өзім куә болған бірнеше жайды айта кетейін. 2001 жылдың желтоқсанында облыстық филиалдың бастамасымен ұлтаралық қарым-қатынасты тереңдету және оның тәсілдерін зерттеу деген тақырыпта республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, өңір басшысы Б.Сапарбаевтың бастамасымен де соңғы үш жылда халықтар достығын тереңдету мақсатында отыздан астам игі шаралар өткенін айта кеткен орынды. Шығыс Қазақстан облысының ғалымдары да Ассамблея жұмысын жандандыруға лайықты үлес қосып келеді.
Енді бірер күннен кейін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Х1Х сессиясы өтеді. Оған біздің облыстан да делегация қатысып, алдағы уақытта атқаратын жұмыстарын саралап, жаңа шептер мен міндеттер қабылдамақ. Татулық пен тұрақтылық мекені - Қазақстан басқа мемлекеттерге алдағы уақытта да үлгі-өнеге көрсете бермек.
«Абай-ақпарат»