Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4022 0 пікір 29 Маусым, 2012 сағат 11:24

Сәкен Алдашбаев. Ән мен сөз сандалып, сайқымазаққа айналып барады

Бүгінде «шөп те ән, шөңгеде ән» демекші әндеріміздің мәні де, сәні де құлдырау шегіне келіп жетіп отыр. Музыка саласында жүрген бірқатар тұлғалар қазіргі шығып жатқан әндерді сынағанда жерден алып, жерге салып жатады. Нашар құрастырылған дегені былай тұрсын сауатсыз, сырттан ұрлаған деп жазғырып жатады. Бірақ қоғамымыз меңіреу ме, керең бе оған селт етер емес. Мүмкін оны өзекті мәселе емес ғой дер. Ал әндерімізге жазылған сөздер ше? Ұйқас қуалап, не болса соны айтып, ең аяғы қыздарымызды қорлауға дейін жетті. «Тыңдарманда талғам болмаса, айтарманда ар қалмайды» демекші сол әндерді сол қаракөз қыздарымыз құмарлана тыңдап, мәз болып, оны айтқан адамды да, жазған адамды да көгіне көтеріп құрметтеп жүр.

Мәселен «Жігіттер» тобы мен Роза Әлқожаның орындауындағы әнде олар  «Сенсем бе екен-ай, көнсем бе екен-ай, құшағыңа енсем бе екен-ай» деп соғады. Сонда бұнысы не? Кәдімгі үйіңіздегі қаракөз қарындасыңыз біреуге сенсем бе екен, құшағына енсем бе екен, бұл жігіт тағы алдап кетпей ме, әй алдап кетсе одан да қала салармын деген ойды айтып отыр емес пе? Бұл әнді айтқызуға, тыңдатуға, жалпы жарыққа шығаруға неге жол берілді. Ағалық, әкелік намыс қайда? Қарындасың, не қызың сөйтіп жүргенін қалайсың ба?

Еркін Нұржанның орындауындағы «Айналайын сен маған ұнап қалдың, деп  келетін әнде «Сені көріп орнымнан құлап қалдым» деп сандалып кетеді. Бұл қандай ақымақтың сөзі. Адам аттан, тақтан, жоғарыдан құлап қалуы мүмкін. Алайда мен қазақ сөзінен орнымнан құлап қалдым дегенді естіген жоқпын.

Сол сияқты Сәкен Майғазиев деген әншіміз бен «Арай» тобының айқайлап, шыңғырып айтатын «Сен» деген әнінде «Жарқырап, жарық сәулең шақырат, жет, жет» деп көкиді қыз балаға. Қарақтарым-ау қызды жігіт емес, жігітті іздеп қыз жүгіретін болған ба? Ауылында тұрып қызға «жет» десе сорлы бишара қыздар жетіп бара ма сонда. Әлде әншілердің қарындастары сондай арсыз ба? Кеше қоғамдық көлікте келе жатып  «Айналайын енеден бажа үшін қыз туған» - деп далбасаланған бір әнді тыңдадым. Қарақтарым-ау қаракөз қыздарымыздың намысы былай тұрсын енді қыздың анасын қорлай бастағандарың қалай? Сенің анаңа біреу солай айтып жатса жақсы ма?

Сырым Исабеков деген біреу мен Қайрат Нұртас деген сөз ұқпас «Мен сені сүйеді екенмін» әнінде «мен сені сүйеді екенмін бақыттың құлы болып» деген сөзінде ол қандай бақыттың құлы болып жүр. Егер бақыт  оған жақындаса сүйгені қолына қонбай ма? Жалпы мен бұрын сезімнің құлы болғанды естідім, бірақ бақыттың құлы болғанды естімеппін. Бұл олардың не теңеуі? Сөзді түсінбейтіндер неге әнге өлең жазады осы?

Асан Пердешовтың бір құдай атқан әнінде (солай демеске лаж жоқ) «Ашуланып ұрыссаң да тұрады ол күліп. Апа, оның шаштары қап-қара ұзын, тамағыңа дәм кіргізіп салады тұзы. Апа оның пісірген наны да жұмсақ»деп қаймақ сөздің қасиетін қашырып, әжуә суреттеп зыбқыртады. Содан келеді де «қонақ келсе соны жұмсайсың, оның мінезі жақсы» деп суреттеген болады. Бұл не деген махаббат, не деген сөз. Аузыңдағы сөз түзелмей, іс түзелмес деген әндеріміздің сөзі не болып барады? Оны ұйып тыңдайтын жастардың да ақыл-ес, ар намысы қалмаған ба? Оларды қойшы әй, дейтін ажа қайда?

«Қара сөзді басымыздан асырмаған халықпыз» деп мақтанамыз. Ал әндеріміз басымыздан аспмақ түгілі қызымызды бетімізге салық етіп, жер қылып барады. Сондықтан мұны мәдениет министірінен бастап қолға алып, әнді бұрынғыдай арнайы сараптамадан өткізіп барып халыққа жолдау керек шығар. Болмаса бо.. сөзге үйір болып, қыздарымыздың намысын таптай береміз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321