Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2525 0 пікір 13 Шілде, 2009 сағат 14:20

Зырянда жер астынан жік шықты...

Шығыс Қазақстандағы Зырян қаласында 100-ден астам отбасы «кеседегі» судан әбден зардап шегіп отыр. «Кесе» деп отырғандары – кен қазу жұмыстарының нәтижесінде пайда болған су қоймасы. Біреулері оны «кесе» десе, енді бірі «чашка» деп атайды. Тереңдігі 300 метрге жететін «кесенің» суы үйлерге жер астымен жетіп, жұрттың есін шығаруда. Жақында кейбірінің ауласындағы суға тіпті жабайы үйректер жиналыпты. Енді бірі қыста жапқан жеміс-жидектерін жертөлелерінен ала алмай отыр.
Жағдайдың ауыр екендігін тұрғындар ғана емес, төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтің мамандары да растап отыр. Олар: «Кеседегі» су деңгейі шектеулі межеден асып кетті, тіпті соңғы екі айдың өзінде үш метрге көтерілген, сондықтан тұрғындарды апатты аймақтан көшіруге шешім қабылдадық», – дейді. Барлығы аттандап жатқанымен, Зыряндағы бастықтар мән беріп отырған жоқ. Қала әкімі Александр Барбашов: «Бір айдың ішінде суды тартатын стансы орнатамыз, сондықтан бұған алаңдайтын түк те жоқ , судың бағыты осы маңдағы Березовка өзеніне бұрылады», – дейді. Атышулы «кесені» бұрын «Қазмырыш» кәсіпорны пайдаланып, солар бақылауда ұстапты. Биыл жыл басында «кесені» керексіз қылған олар қала әкімдігіне тапсырған.

Содан кейінгі жағдай осылай өріс алған жайы бар. «Бұл маңда небір улы элементтердің барлығы өндірілген»  дейді жергілікті халық. Сондықтан «кеседегі» судың тазалығына да күмән зор. Оған күзет қойылса да, балалар суға түсіп жүр. Оның зардабы қалай боларын әзірге  ешкім білмейді.
Қабидолда Құсайынов, Зырян қаласының тұрғыны:
– Осында өмір бойы тұрып келеміз. Мұндай сұмдықты көрмеп едік. Жоғарғы жақтан қар суы келіп, өзі тартылып қалушы еді. Соңғы бір-екі жылда қайдан екені белгісіз, ауламыз дымқылданып, су көбейіп үйге дейін кіретін болды. Мына бақшамыздан түк қалмады. Салғанымыз сарғайып, шіріп кетті.
Наталья Новикова, Зырян қаласының тұрғыны:
– Осы жертөлемнің астында еккен жеміс-жидегім қалды. Барлығы да енді сасық судың астында жатыр. Бастықтар білмейді емес, біледі. Топталып келіп, су деңгейін өлшегеннен басқа түк бітірмейді.

Елмейір Ахмед, Өскемен
«Алаш айнасы» газеті, 11.08.2009

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475