Сенбі, 23 Қараша 2024
Ғылым-білім 3902 0 пікір 1 Қараша, 2021 сағат 17:37

Виртуал шындыққа бір қадам. Meta деген не?

Facebook компаниясы енді «Meta» деп аталады. Компания атын Meta-ға ауыстырса да, Facebook әлеуметтік желісі өз атымен қала бермек.

2004 жылы Facebook пайда болғаннан кейін, Instagram мен WhatsApp қосымшаларын да өзіне қосты және басқа да технология құралдарына инвестиция құйды. Мәселен, «Novi» сандық әмияны, «Portal» видео қоңырау құралы, «Oculus» виртуалды шындық жүйесі.

Meta ендігі кезекте әлемдегі ең күшті әлеуметтік желілерді біріктіретін үлкен компанияның атауы болмақ.

Грек-Рим тарихына көптен қызыққан Марк Цукерберг «meta» грек тілінде «шектен тыс», «ары қарай» деген мағына беретінін байқаған екен.

Facebook иесі «Нил Стивенсонның 1992 жылы шыққан ғылыми-фантастикалық романы «Қар көшкінінен» бастау алатын цифрлы-теория әлеміне сілтей отырып, Facebook компаниясын «метағалам» болатынына үміті бар екенін айтқан».

Метағаламда адамдар физикалық тұрғыда әр жерде болса да, виртуалды бірге бола алады. Виртуалды әлемде жұмыс істеп, сауда жасап, виртуалды шындық алаңында ойын ойнайды.

Стивенсонның кітабында метағалам – Интернеттің виртуалды шындыққа құрылған ізбасары ретінде суреттеледі.

«Сіз қиялдаған кез-келген дүние шындыққа айнала алады. Бір сілтемені ғана басу арқылы сіз метағаламда телепортация жасай аласыз», - дейді Цукерберг.

Компанияның коммерциялық директоры Марн Левин болса, Meta-ның қолданушысы қажет болса, Көне Рим сияқты тарихи кезеңдерге тап бола алатынын айтты. «Елестетіп көріңізші, сіз 2000 жыл бұрынғы ескі көшеде жүрсіз, базарларды аралап, сол кездің өмірін сезінесіз», -, дейді ол.

«Дәл қазір біздің бренд бір ғана әлеуметтік желі атауымен тығыз байланысты. Ал, болашақта іске асатын дүниелер өте көп, сондықтан бір ғана Facebook-тың оған қауқары жоқ.

Уақыт өте бізді адамдар «Метағалам компания» ретінде қабылдайды деп сенемін. Бар күш-жігерімізді өзіміз ұмтылған мақсатқа жұмсағымыз келеді.

Біз қазір бизнесімізді екі сегментке бөліп қарастырамыз: біреуі қазіргі бар қосымшалар тобы десек, екіншісі келешекте пайда болатын платформалар.

Енді біздің қолымызда метағаламды тірілтетін «Солтүстік жұлдызы» бар, болашақта іске асырғымыз келетін барлық істің маңызын көрсететін жаңа атымыз бар. Біз енді Facebook қана емес, метағалам боламыз», - деді  Цукерберг жыл сайын өтетін Connect конференциясында.

«Сонымен қатар компанияның басқа қызметтерін пайдалану үшін бұрынғыдай Facebook-ке тіркелудің қажеті болмайды», - дейді ол.

Айжан Темірхан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377