Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3026 1 пікір 8 Қараша, 2021 сағат 16:10

Ұлттық селекция: өзіңді сақта

Тәуелсіздік алғаннан кейін өшкеніміз жанып, өлгеніміз тап осы тіріле қоймаса да, табиғи ұлттық селекциямыз жандана бастағаны рас енді. Саяси бұрқақтарда шоғыр құрып, алға шығып отырған пассионар перзенттерімізді, тарихтан белгілі ғой, қырды да отырды, қырды да отырды. Бұл әдіс - Текті, рухтылардың санын азайтудың тіке жолы. Ұлт жолында мыңдаған перзент лап етті де, осылайша жанып кетті. Кері селекция жүрді. Ұлт ұлы перзенттерді тудыруын тудырады, алайда ғұмыр келте, табиғи ауыру-сырқауы, соғыс, талас-тартыс тағы бар.

Алғаш сақ-парсы текетіресі, кейіні хұн-қытай, бертініректегі жоңғар шапқындарына тойтарыс.. Мұндағы мұңдайшепте мипай-сипайлар жүрде дейсіз бе? Жоқ, әрине!.. Пассионарлар… Майдайшеп майталмандардан жасақталды. Олардың өліммен шарпысу ықтималдығы да сәйкесінше жоғары еді.

Пассионарлық сүргіннің көкесін Алашорда дәулетінде көрдік. Біздің қоғамдық-саяси тәжірбиеміздің қалыптасу жолын кесудің нақ көрінісі. Гумилев айтқан “суперэтникаға” баяғы бай заманда-ақ айналар едік. Мұнда да тағы қырып-жою. Оның кертігін қалпына келтірудің заманын тым ұзақ аралыққа мөлшерлей беріңіз…

Дойыр “сөвиет” қой бастаған серкенің аяғына айыр салу былай тұрсын, оларды оңды-солды өлімге жыққан…

Біздің халық гендік инженерияны өнер, мәдениет деңгейіне көтере білген ұлт. Бір ғана жеті ата мен тектілік геномын ойға алыңыз. Тәуелсіздіктен кейін пассионарлық топтың ізбасарларын жасақтау, сұйылған генезисті қалпына келтіру қолға алыну керек еді. Алайда қатерлі бұл сүргін айдың-күннің аманында да жалғасып жатса керек. Ашық аспан астындағы қатерлі құбылыс…

Біз… Мына біз… Сөлкебай(алтын динар) үшін құнымызды түсіріп, итаршыға айналудан бойымызды аулақ ұстау мұрат әрі әкей ұғындырған елгезектік тәлімі ертеден бойға сіңген… Көзінде оты бар қазақтың әр саналы перзентіне тілекші едік. Тілекші болу былай тұрсын, алыстан аға-бауыр тұтқам.. Ана сүтін адал емген азаматқа деген қалыпты Тілеуқорлық деп біліңіз. Аяғын сүрткен албастыға деген қысастық та қолдан келер кесін.

Мен бұрын Ақ-Назар хақында еш естімегем. Қоғамнан бой тасалайтын бұйығы, орнықты жігіт болса керек. Айдың-күннің аманында тағы бір тарланбозды жоғалттық. Ашығы, Бұл - Пассионарлық шоғырды қырудың нақ жалғасы. Басқаша айтудың өзі қисынсыз. Өткенде Аягүл, Бүгін - Ақ-Назар. Қоғамдық тобырдан Қара үзіп шыққанға неге “өзін сақтауды, кеш көше кезбеуді, ерте ұйықтап, ерте оянуды” мықтап үйрете алмаймыз осы. Сен ұлтқа керексің, өзіңді сақта деп санасына құя беру керек, құя беру керек едй ғой… Дүйім жұрт болып. Ақылды бала өзі-ақ ақ-қарасын ажыратып алады.
Мәселен, Мағауин өзінің “Мен” хамсасында ұлтқа қажет азамат екендігін ерте түсініп, бозбала жастан аш қарынға бал жегенін, уақытылы түстеніп, салауатты салт кешкенін жазады. Ұлт алдындағы зор жауапкершілік көрінісі.
Көш бастар шынайы майталмандарымыздың өмірін сандық медиа дәуірінде ұдайы бақылауда ұстау қажет. Мемлекет те, қауым да оған мүдделі болуы тиіс. Қазір әлеуметтанушылар арасында “датизм” ұғымы пайда болды. Деректер арқылы адамды назарда ұстау. Оның еш қиындығы да жоқ. Сандық із арқылы компьютерден бақылауда ұстайсың. Тек құлық болса - жеткілікті. Өзін-өзі өсірген, ұдайы дамыған, ой-өресі тығыршықтан перзенттерімізді САҚТАУЫМЫЗ ҚАЖЕТ. Бұл - ҰЛТТЫҚ СЕЛЕКЦИЯ.

Мойындайықшы, шын ғалымды, шын интеллектуалды қажет етпейтін тобыр деңгейіне түсіп қалдық қой. Бәлкім осыны түсінген балаң көңіл Алматы көшелерін соңғы рет кезді де, өз өртіне өзі өртеніп кете барды… Бәлкім.. Тым алысқа кетті… Иман байлығы кемел болсын деп айтудың өзі ауыр…
Ұлттық күш-қуатымызды қайтарамыз десек, әр қазақ перзенті бұдан кейін бақылауға алынсын. Сақтауға, қорғауға басымдық берейік. Әрбір “оқу өтіп кеткен” перзентіміздің жүрегіне жол табайық. Қалың қауым, бүтін ел болып… Әйтпесе, тобыр келіп, төбеңе саңғырық салады…

Дастан Қастай

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440