Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2913 0 пікір 16 Тамыз, 2012 сағат 08:38

«Жастарды сорлатқан жалақорлар әлi билiкте отыр»

Суретте - «Желтоқсан» көтерілісі кезінде жазықсыз азаматтардың сотталуына куәлік жасаған Әділов Жексенбек Мәкейұлына қатысты ресми құжаттар

 

«Жастарды сорлатқан жалақорлар әлi билiкте отыр»

Бiрер күн бұрын қолымызға бiр маңызды құжат түстi. Бұл құжат - 1986 жылғы желтоқсан көтерiлiсiне қатысқан азаматтар мен қоғам қайраткерлерi қол қойып, президент Н.Назар­баев­қа, премьер-министр К.Мәсiмовке, бас прокурор Қ.Мәмиге және ЕҚЫҰ төрағасы Қ.Саудабаевқа жолданған ашық хат және желтоқсан көтерiлiсiне қатысушы Әркен Уақтың 1994 жылы Алматы қаласының Алатау аудандық халық сотына жазған арызы...

Ашық хатта былай де­лiн­ген: "Тарихымыздың ақтаңдақ беттерi болып табылатын Желтоқсан көте­рiлiсiн 20 жыл өткiзiп барып кешiрек мойындасақ та, шындықты айту - ұрпақ алдындағы парызымыз. Жас­тар өз қандастарының, аға ұрпақтың, зиялы қа­уым­ның, билiк басындағылардың ұлт тағдыры қыл үстiнде тұрғанда қандай күй кешкенiн, көпшiлiгiнiң қорқақтық танытқанын саралап, ұлтына опасыздық жасаушыларға тосқауыл қою үшiн бұл "шытырман жұмбақтың" сырын бiлiп, одан сабақ алуы тиiс.

Суретте - «Желтоқсан» көтерілісі кезінде жазықсыз азаматтардың сотталуына куәлік жасаған Әділов Жексенбек Мәкейұлына қатысты ресми құжаттар

 

«Жастарды сорлатқан жалақорлар әлi билiкте отыр»

Бiрер күн бұрын қолымызға бiр маңызды құжат түстi. Бұл құжат - 1986 жылғы желтоқсан көтерiлiсiне қатысқан азаматтар мен қоғам қайраткерлерi қол қойып, президент Н.Назар­баев­қа, премьер-министр К.Мәсiмовке, бас прокурор Қ.Мәмиге және ЕҚЫҰ төрағасы Қ.Саудабаевқа жолданған ашық хат және желтоқсан көтерiлiсiне қатысушы Әркен Уақтың 1994 жылы Алматы қаласының Алатау аудандық халық сотына жазған арызы...

Ашық хатта былай де­лiн­ген: "Тарихымыздың ақтаңдақ беттерi болып табылатын Желтоқсан көте­рiлiсiн 20 жыл өткiзiп барып кешiрек мойындасақ та, шындықты айту - ұрпақ алдындағы парызымыз. Жас­тар өз қандастарының, аға ұрпақтың, зиялы қа­уым­ның, билiк басындағылардың ұлт тағдыры қыл үстiнде тұрғанда қандай күй кешкенiн, көпшiлiгiнiң қорқақтық танытқанын саралап, ұлтына опасыздық жасаушыларға тосқауыл қою үшiн бұл "шытырман жұмбақтың" сырын бiлiп, одан сабақ алуы тиiс.

Осы мәселеге байланысты республикалық газеттерде жағымсыз мағынада аты жиi аталып жүрген Қ.Сәт­баев­ атындағы ҚазҰТУ ректоры Жексенбек Әдiлов 1986 жылғы желтоқсан көтерiлiсi кезiнде ұлт тағдыры тәлкек болған тұста қазақты қор­ғаған ардақты азаматтарға (Әркен Уақты 8 жылға соттатқан, кейiн оны Жоғарғы сот ақтап қаулы шығарды), өзiнiң әрiптестерiне опасыздық жасап, жала жауып соттатса, Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке және тағы басқа көптеген студенттерге қазақтың жа­уы, шовинист П.Атрушкеевичке жағынып қиянат жасаған. Ал бүгiнде ол "менi ректор етiп тағайындаған - Нұрсұлтан Назарбаев, сондықтан ешкiм орнымнан ала алмайды" деп президентке көлеңке түсiрiп отыр. Мұндай адамның ұрпақ тәрбиелеуге моральдық құқығы бар ма?..".

Желтоқсан көтерiлiсiне қатысқан бiр топ қайраткер ашық хатына қосып, желтоқсан көтерiлiсiнiң қайрат­керi Әркен Уақтың бұдан 16 жыл бұрын сотқа жазған арызын қоса тiркептi. Әркен Уақ сотқа жазған арызында не дейдi? Арыздың маңдайшасында "Алматы қаласының Алатау аудандық халық сотына. Арызданушы: Уақов Әркен Батталович. Жауапкер: Әдiлов Жексенбек Макеевич" делiнген. Ендi арыздың мазмұнына назар салайық. Онда бүй дейдi: "Қаз ССР-i Жоғарғы соты қылмыстық iстер жөнiндегi алқасының 1987 жылғы 24 шiлдеде шығарған үкiмiмен мен 8 жылға сотталдым, дүние-мүлкiмдi тәркiледi және 5 жылға дейiн ағартушылықпан айналысуыма тиым салынды.

1994 жылы 27 мамырда ҚР Жоғарғы соты пленумының қаулысымен толықтай ақталып шықтым. Менiң iс-әрекетiмде қылмыс құрамы болмағандықтан iс өндiрiс­тен қысқартылды.

Менiң сотталуыма Ж.Әдi­лов­тiң жалған куә­лiгi негiз болды. Оның куәлiк етуiнше, мен 1986 жылы 18 желтоқсанда студенттердi алаңға шығуға және жаппай бұзақылық жасауға итер­мелеппiн, 1980-85 жылдары ұлтшылдық негiздегi идеяларды насихаттап, қазақтар мен орыстардың арасында ұлтаралық араздық туғызыппын-мыс.

Тергеу барысында және сотта Ж.Әдiловтiң жалған куәлiгiн жоққа шығардым. Сонда да сот Әдiловтiң жаласын негiзге алып, менi 8 жылға соттады. Ұстаздық мәртебемнен айырды, 5 жыл­ға дейiн ұстаздық етуге тиым салды

Ж.Әдiловтi сотқа тартуды сұраймын. Оның менiмен жеке бас есебiн айырысу үшiн жалған куәлiк жасап жала жапқанын, менiң ар-ожданыма өлшеусiз кесiр тигiзгенiн, моральдық және материалдық тұрғыда ойсыратқанын айтпағанда, Ж.Әдi­­лов менiң анамның қасiреттен көз жұмуына себепкер болды".

Әркен Уақтың бұл арызы сотта оң шешiмiн таппаған сияқты. Егер оның арызы қанағаттандырылса, Ж.Әдiлов ҚазҰТУ-дiң ректоры болып отырар ма едi?

Әркен Уақ 2003 жылы өмiрден өттi...

Тоқтар РАХМЕТОВА, Ә.Уақтың жесiрi:

"ӘРЕКЕҢ ҚҰСАЛЫҚТАН КӨЗ ЖҰМДЫ"

- Желтоқсан көтерiлiсiне қатысқандарға жала жауып соттатқандардың ешбiрi жазаланған жоқ. Бәрi қызметте отыр. Әрекеңдi соттаған Райымбаев - әлi күнге дейiн Жоғарғы соттың судьясы. Сотта жала жауып, куәлiк еткен Ж.Әдiлов тiптi ректор болып кеттi. Әрекеңе қарсы өтiрiк куәлiк еткендердi сотқа бердiм. Олардың арасында ҚазҰТУ ректоры Жексенбек Әдiлов те бар.

Бұлар қателiгiн түсiнiп, кешiрiм сұраудың орнына қайтадан жалаға басты. Бiр орыс әйел кiтап жазыпты. Ол кiтапта Әрекеңдi тағы да қаралайды. Кiтаптың авторы Әркеннiң ақтал­ғанын бiледi. Бiле тұра осындай әрекетке барған. Әрекең 2003 жылы 1 наурызда көз жұмды, ал кiтап сол жылдың аяғында шыққан. Аруақты осылай қорлауға бола ма?!

Ертiсбаевтың министр кезiн­де ме, есiмде жоқ, әйтеуiр бұл кiтапты "аса маңызды кiтап" деп мұражайларға, кiтапханаларға өткiзiптi. Кiтаптың авторын сотқа бердiм. Iс осы жылдың 21 желтоқсанында Жетiсу аудандық сотында қаралады.

Әдiлов, Қасымов, Бөкейханов, Қосмағамбетов төртеуi Әрекеңнiң iсiне жалған куәлiк еттi. Осылардың кесiрiнен Әрекең 8 жылға сотталды. Арнайы адвокат жалдап, әлгiлердi жалған куәлiк еткенi үшiн сотқа бердiм. Әрекең осылардың кесi­рi­нен құсалықтан көз жұмды ғой...

- Бұған дейiн не себептi сотқа бермей келдiңiз?

- Естуiмше, Ж.Әдiлов бұрын­ғы Бiлiм және ғылым министрi Ж.Түймебаевтың туысы екен. "Сотқа берсеңiз де, ештеңе өндiре алмайсыз" дедi бәрi. Қазiр Түймебаев қызметiнен түсiп қалды. Бәлкiм, сот арызыма ендi назар аударатын шығар.

СIЗ НЕ ДЕЙСIЗ?

Жексенбек ӘДIЛОВ, Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ ректоры:

"МҰНЫҢ БӘРI - ЖАЛА!"

- Бұл мәселе "Жас Алаштан" бұрын мен атын естiмеген бiр газетте жарияланған. Ашық хатқа "Желтоқсан", "Желтоқсан-86", "Желтоқсан жалауы", тағы басқа да ұйымдардың өкiлдерi қол қойыпты. Мен олардың бiрiмен кездескенмiн. Олардың айтуынша, хатты бiреу дайындап әкелген, олар қой қойып бере салған. Осыдан кейiн Бас прокуратураға хат жаздым. Жақында Бас прокуратурадан хат келдi. Онда былай дейдi: "Рысқұлбековке қатысты сот iсiн қарау арқылы анықтағанымыз - ол iсте сiздiң куәгерлiгiңiзге қатысты Рысқұлбековтiң қылмысын дәлелдейтiн сiлтемелер жоқ. Жала жапқаны үшiн қылмыстық жауапкершiлiк көзделгенiн түсiндiремiз. Осыған байланысты құқығыңызды сот арқылы қорғауыңызға болады".

Бұл жауапты Бас прокуратура басқармасының бастығы Қайыпжанов жазған. Жауап бiздiң университеттiң атына келдi.

- Әркен Уаққа қатысты не айтасыз?

- Әркен Уақов көзi тiрiсiнде менi ешқашан сотқа берген жоқ. Кiм бiледi, сотқа берсе, арызы сот құжаттарында сақталып қалған да шығар.

Ол кезде Уақов доцент болды, ал мен декан болып қызмет iстедiм. Менен оған қатысты мiнездеме сұрады. Мұғалiм ретiнде Уақовқа мiнездеме бердiм. Бар болғаны осы ғана. Мен сiзге бұл мәселенi жазбаңыз деп айта алмаймын. Бiрақ, мұның бәрi - жала.

- Бiздiң қолымызда 1994 жылы сiздiң үстiңiзден сотқа арыз жазып, Әркен Уақ қолын қойған құжат бар. Бұл жөнiнде не дейсiз?

- Ол арызды 2009 жылы алғаш рет көрдiм. Менiң ойымша, оны әлдебiреулер жасап алып келген. Өйткенi, менi сотқа берсе жұрттың бәрi еститiн едi ғой. Егер шынымен де жала жапсам, сотталып кетер едiм ғой...

Е.Биеке

«Жас Алаш» газеті, №100, 16 желтоқсан, бейсенбі, 2010 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5402