Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Алаң 4580 10 пікір 31 Желтоқсан, 2021 сағат 14:52

Барыс жылы қазақ аудармасына бақ әкеле ме?

Қазақ аудармасы жетім баланың күйін кешуде. Тәржімашылардың басын қосатын арнайы бірлестік пен ұйымның жоқтығы ешкімнің басын ауыртпауда.

Ешкімде аудармашыларсыз қазақ тілінің көсегесі көгермейтінін  30 жыл бойы түсінбей келе жатқаны, өте өкінішті. Гүржілер мен әрмендер бір күн 20 аударма кітап деген мемлекетшілік рухпен өмір сүреді. 400-500 беттік ағылшын және өзге тілден бір күнде 400-500 тәржімашыға бөліп беріп, аударып тастайды. Содан кейін 2 күнде сала мамандарына кем кетігін түзетіп, үшінші күні ұлтына ұсынады. Және жаңағы шекеден шертіп таңдалынып алынған 400-500 адам еш ақы сұрамайды. Ұлтымның кәдесіне екі сағатымды арнап жарадым деп кеудесін ұрып мақтанады. Біз ше?

Бізде қолынан аударма келетін, түрлі саланың кітаптарын парсы, араб, түрік, қытай және ағылшын мен орыстан тәржімалай білетін 1 млн мен 500 мың интеллектуалды зор күш-қуатқа иеміз. Осы ірі әлеуетті топты тендерге жем қылып келеміз. Еуроазиялық экономикалық одаққа мүше болсақ та, баспа саласын дамытатын, қағаз өндірісін, баспа өнімдерінің шикізатын РФ таситын батыл қадамға неге бармаймыз?.. Қазақ аудармасын кино мен телеөнімдерді ана тілімізге аудару үшін жұрт болып жұмылмаймыз. Немереміз бен баламыздың тілі орысша шығуда деп зарлаймыз. Өкімет бәрін істейді деген масылдық санадан арылып, ақша төлемесе несіне жінігем деген пендешілік ойдан адаланып, мен ұлтым үшін не істедім деген пәлсапалық сауалды өзімізге жиі қойсақ. Егер осы топ әрқайсы күніне 5 минуттық бір балалар туындысын аударып отырса, қазақ тіліндегі бейнеконтенттер саны артады.

Бізде бірде-бір онлайн ауарма кітапхана жоқ! Бұны немен түсіндіреміз?

Барыс жылы осы бағытта балалар мен жасөспірімдер үшін аударма кітап пен бейнекино өнімдерді сел суындай тасқындаттайық! Әр аймақта аудармашылар бөлімшелерін өмірге әкелуге қол жеткізейік! Лайым солай болсын!

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963