Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 2642 0 пікір 14 Шілде, 2009 сағат 18:35

Қуандық ОРАЗБЕКҰЛЫ. МЕДЕТТІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН МИНИСТРЛІКТЕГІЛЕР БАҚЫЛАУҒА АЛУЫ КЕРЕК

Редакцияға Алматы облысының Райымбек ауданындағы Қайнар ауылынан хат келді. Осында тұратын Ажарбүбі Әбдіқасымова жеті баланың анасы екенін, қазір еңбегінің зейнетін көретін демалыста жүргенін жазыпты. Ана әскерге кеткен ұлының денсаулығына қатты алаңдап отырғанын айтыпты. Бойдан қуат, қолдан күш қайтқан жасында 1988 жылы туған ұлы Рүстемов Медетті әскерге шығарып салып тұрып, осынша сары уайымға салынамын деп ойлады дейсіз бе?!
Медет те медициналық тек­серу­ден өткеннен кейін барып, ар­найы дәрігерлік комиссияның «де­ні сау, әскери қызметке жа­рам­ды» деген қорытындысы бойын­ша Оңтүстік Қазақстан об­лы­сының Өзбекстанмен шекара­сы­на «таяқ тастам» жердегі Са­рыа­ғаш қаласына қоныстанған әс­кери бөлімге барып, азаматтық мін­детін өтеп жүр екен.
Ашығын айтайық, Ажарбүбі ана­ның хатын тексеру бізге оңай ти­меді, жұмбақ шешкеннен ауыр, жаңылтпаш айтқаннан әрмен бол­ды.
Медет шекара әскерінде қыз­мет етіп жүріп, көзі қылилан­ған­нан кейін Алматыдағы госпи­таль­да екі ай жатып емделіпті. Сонда оны емдеген дәрігерлердің бірі «басынан соққы алғаннан кейін осындай сырқатқа шалдығуы мүмкін» депті, осы сөз анаға өте ауыр тиіпті. Бірақ біз әңгімелес­кен дәрігерлер көздің қыли­лануы­на себеп болатын жайттар­дың көп екенін баяндады.

Медет әскери ауруханадан шық­қаннан кейін Сарыағашқа қайтадан барып, әскери боры­шын өтеуді одан әрі жалғастыр­ған. Араға бірнеше күн салып, Ал­маты облысына қоңырау со­ғып, үйіндегілерге жағдайы қиын­­дай түскенін айтыпты. Са­рыа­ғашқа туыстары барып, Ме­дет­ті тағы да көріп қайтқаннан кейін барып, біз тексерген хатты жаз­ған екен.
Әскери бөлімге біз де бардық. Ме­­дет анасына айтқанын бізге де қай­талады.
– Біреуден таяқ жедіңіз бе?
– Жоқ, – деді Медет.
– Ауырып жүр дейді, бұған қыз­­метіңіздің қандай да бір сал­қы­ны тиді деп ойлайсыз ба?
– Білмедім, – деді жауынгер.
– Әскери бөлім басшы­лы­ғына немесе құқық қорғау ор­ган­дарына өзге жауынгерлердің не­ме­се командирлердің тарапынан Жар­­ғыға қайшы келетін іс-әре­кеттерге жол бергендері туралы арыз жаздыңыз ба?
– Жоқ, – деді Медет тағы да.
Бұл әңгімелерден кейін әс­кери бөлім басшыларына қадала ал­мадық. Арыз түспесе, құқық қор­ғау органдары қылмыстық іс қоз­ғай алмайды, біреуді жазалау тура­лы сөз болуы да мүмкін емес.
Медетпен бірге әскери қыз­метін өтеп жүргендер ол туралы жақ­сы пікір айтты. Ауырып, ауру­ханаға жатып шыққаны жай­лы сөз болған кезде жауын­гер­лер­дің бірі «Мен де Медет сияқ­та­нып, екі ай «демалып» қайтсам ғой, шіркін» деп, әңгімені әзілге ай­налдырғысы келді.
Тілшіге қиындау болғаны сол, Ме­детті емдеген дәрігерлер Ал­ма­тыдағы госпитальда. Ол ауыра бас­таған кездегі застава бастығы Үша­ралдағы әскери бөлімге ауысып кетіпті. Олармен дидар­ласудың сәті түспеді. Ал штаб бастығы, майор Ерке Қайтбаев:
– Егер біреуден зәбір көргені туралы жауынгерлерден мәлімет түссе, біз жедел тексеріп, шара қол­данамыз. Медет ондай әңгіме айт­қан жоқ. Туыстарының әлде­не­ден күдіктенетінінен хабарым бар. Бірақ дәлел жоқ болған соң қо­лымыз қысқа, – деді.
Майордың сөзінде жан бар.
Сонымен, біз мынадай ой түй­дік.
Қазақстан әскері – мемлекетті­гіміз­дің бір ұстыны. Тәуелсіздік­тің алғашқы жылдарында ұлттық кадр таппай қиналғанымыз рас. Бірақ қазір жағдай өзгерген. Біз бар­ған әскери бөлімде офицер­лер­дің бәрі дерлік қандастары­мыз.
Өкінішке қарай, ішкі тәртіпті бұзу ара-тұра кездесіп қалады. Ко­мандирлердің арасында да «бә­рі тақтайдай» дей алмаймыз. Әс­кери құқық саласындағы ста­тис­тика мұны теріске шы­ғар­май­ды. Ал қазақ-өзбек шекарасын қор­ғап тұрған жауынгерлердің жұ­мысы ауыр, күн болса қайнап тұр, шекара тәртібін бұзғысы ке­летіндер көп.
Әскердегі тәртіп, ондағы қыз­мет өзгешелеу. Бөлімдерде өрім­дей жас жігіттер әскери борыш­та­рын өтеп жатыр. Албырт жас­тық кейде бір-бірімен күш сы­нас­тырып та қояды.
Шекара әскерлерінде де өзін­дік сыр көп. Мұны да байқадық. Тіпт­і шекара арқылы республи­ка­дан тысқарыға немесе шекара­дан бері қарай тауарлардың заң­сыз өтуіне жол бергені үшін жауап­кершілікке тартылып жат­қандары да кездеседі. Мұны біле­міз. Бұл істерге офицерлердің қа­ты­сы жоқ деу қиын.
Ал Медеттің денсаулығына деген ананың алаңдаушылығын жеткізе отырып, бұл мәселені ҚР Қорғаныс министрлігіндегі ме­ди­циналық қызмет саласын бас­қарып отырғандар қатаң бақы­лау­ға алғанын қалаған болар едік.
Ананың «әскерге дені сау ұлым­ды жібергенмін, енді ол қыз­метін өтеп болған соң дені сау қа­лпында қайтуға тиісті» де­генін де түсінуге болады. Бірақ жауын­гер ата-ананың әскери бө­лімге «прокатқа» уақытша өткі­зіп қойған заты емес. Жауынгер аза­маттық борышын өтеуге тиіс­ті. Отан қорғау оңай шаруа дей ал­маймыз. Бейбітшілік болсын деп тілейік.
Жауынгер Медет Рүстемовтің ана­сы редакцияға жазған хатында кел­тірген деректердің растығына кү­мән келтірмейміз, мұндай қа­дам­ды артық деп те сана­маймыз. Дұ­рыс, ата-ананың әскерде темір­дей тәртіп болғанын талап ет­кені мақұл. Бірақ хатта келті­ріл­ген деректердің растығын анық­тайтын, дәлелдейтін әскери құ­қық қорғау органдары. Со­ларға арыздану керек екенін тү­сін­діргіміз келеді. Медет қандай да бір себеппен үндемегенімен, оның анасы әлгі органдарға ша­ғым жазуға құқылы. Бірақ мұны Медет ауыра сала жасағанда өте дұрыс болар ма еді?! Бәлкім, әлі де кеш емес шығар... Содан кейін ба­рып, тиісті тәртіп бойынша қыл­мыстық іс қозғалып, тексеру жүр­гізіледі. Қолданыстағы заң та­лаптары осылай. Біз тиісті органдарға мән-жайды баяндап қана қойған жоқпыз, арыз жа­зыл­ған жағдайда тиісті тәртіп бойын­ша қызметтік тексеру ұйым­дастырылып, оқиғаға құ­қық­тық баға берулерін, кінәлілер анық­талған жағдайда оларды ше­ніне, немесе қызметіне қара­мас­тан заң талаптарына сәйкес жа­залауларын сұрадық. Өті­ні­ші­мізді қабылдамаған, «жоқ» деген ко­мандирлерді кездестірмедік. Бә­рінің де Бас қолбасшының «армияда әскери тәртіпті кү­шей­ту» туралы талабын орындауға ниет­тері түзу, құлшыныстары тәуір сияқтанды.

Қуандық ОРАЗБЕКҰЛЫ, Оңтүстік Қазақстан облысы
“Айқын” газеті

0 пікір