Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3707 0 пікір 1 Қазан, 2012 сағат 06:42

Айтұмар Керім. Мемлекеттік тілге қарсы ұрандар

Мемлекеттік тіл ең биік мінбелерден қолдау таппай келеді. Төл тіліміздің төрге озбауына ұлт «ұлылары да» үлес қосып отыр. Соңғы уақытта орыс тілін қырғидай қоритын ұрандар қаптады.

Дәлірек айтсақ, ағымдағы жылы елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев әйелдер қоғамы қауымдасдықтары өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында көптеген мәселелер талқыланды. Тақырып мемлекеттік тілге ойысқан шақта елбасымыз: «Мемлекеттiк тiлдiң бiлмеушiлiгi салдарынан адамдарға қысым жасалуына жол жоқ!»- деп кейіді. Әрине, алдымен іс-қағаздар қазақ тілінде жүргізілсін, қалғаны уақыттың еншісінде деген сынды жауап күтілген еді. Бірақ елбасы нәзік жандылардың алдында әлсіздік танытты.  Сыныққа сылтау таба алмай жүрген ресми тіл өкілдерінің іздегені табан  астынан  табыла кетті. Әр кездесудің соңы тап осылай аяқталар болса, тіліміздің табалдырықтан аспасы ақиқат.

Жалпы елбасының шала қазақтарға шық жуытпауының бірінші көрінісі бұл емес. Жыл басынан сарыла күтетін жолдауда да дүйім жұртқа тіл турасында теріс пиғыл танытқаны бар болатын.  Жолдауда қазақ тілі қолдауға ие бола ма деген дәме әдірем қалды. Тіл туралы заңның да бағы ашылмады.

Мемлекетімізде қабылданған заң мен бағдарламалардан көз тұнады. Алайда, жоспарға сай, жауапкершілік жоқтың қасы.

Сонымен, елімізде тіл үйренбеудің бірнеше жарқын-жарқын факторларына жол ашылды.

Біріншіден, «Қазақстан - өмір сүретін барлық халықтардың Отаны. Әрбір тұрғын бұл жерде өзін жайлы сезінуі тиіс және ұлты, тілі бойынша еш қысым жасалмайтын болуы керек! » деген сөз қазақ деген ұлтты өз Отаны, жері деген құндылықтардан айырады. Қазір соның салдарынан қазақ жерінің ең құнарлы жерлері өзгенің игілігіне қызмет етіп жатыр. Оны даулап отырған ұрпақ  бар, бірақ басшылықтан жасқанып, батыл әрекетке бармайды. Ал, қазақтың  «Өзгелер мемлекеттік тіл-қазақ тіліне бей-жай қарамаса екен» деген әрекеті «қысым» атауын алса, жетіскен екенбіз! Қай ұлт қазақ жері үшін жеңін жыртып беріпті?

Екіншіден, «мемлекеттік қызметте мемлекеттік тілді білмеушілік бойынша сұрақтар, ешқандай да қысым Қазақстанда рұқсат етілмейді!». Яғни, қазақ азаматтары қажет тұста қазақ тілді талап етуге қауқарсыз.  Қазақ тілінде мәлімет алудың жолында тағыда тосқауыл тосып тұр.

Үшіншіден, «Осымен біз ерекшеленеміз және біздің күшіміз осында!» - деген сөз де санамызға сіңе алмады. Өзге ұлттарды құрметтегенімізбен, сыйға сый, сыраға бал жемедік, бармағымызды тістеп отырғанымыз мынау.  Шаңырақтағы шайқас пен белгісіз біреулердің шекарамызды шайқалтқаны және дәл осындай  жағдаяттардың жиі орын тебуі осының көрінісі.

«Қазір біз екі тілді халықпыз. Тіпті қазақ тілі Қазақстанда барлық жерде жайлап, барша тұрғындар қазақ тілді болса да, бізге бәрібір екінші тіл керек болған болар еді. Бұл бүкіләлемде қолданылатын тәжірибелер. Бүкіләлемдік ғылым ағылшын тіліне және орыс тіліне аударылады. Егер біз орыс тілін білмесек, білімді қайдан алар едік?»- деп қазақ тілінің орнын ең соңғы орынға ысырып қойды. Айтқан сөздің жаны бар дегенмен, бүкіләлемдік жаңалықтарды қазақ тіліне сауатты аударуға не кедергі? Ағылшын тілін туған тіліндей сайрайтын жастар көбейді. Аудармашы мамандығын оқып жүрген мамандар да жетерлік. Тосқауыл өзіміз, тек мойындасақ екен?!

Үкілеген ұрандар - тілдің қоғамдағы орнын әр адамға аңғартып отыр. Айтқан сөз - атылғаноқ. Олай болса, ақпаратты оң берсек, ісіміз де оң бағыт алатыны айқын. Мұндай жалған ұрандар жетегінде кететін болсақ, желқайығымыз суға құлары сөзсіз. Бұл біздің ой, ал сіз не дейсіз оқырман?

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5333