Сенбі, 23 Қараша 2024
Арылу 5292 39 пікір 3 Наурыз, 2022 сағат 14:31

«Қазақстанға ЕАЭО-дан шығу керек. Әйтпесе - санкция»

Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттер оның құрамынан шығу керек. Өйтпеген жағдайда, Ресейге салынып жатқан санкциялар аталған мемлекттерге де қолданылатын болады. Бұл Ұйымдасқан қылмыс пен жемқорлықты зерттеу Орталығының (OCCRP) негізін қалаушы Дрю Салливанның пікірі.

«ЕАЭО-ға Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Армения мүше. Негізі бұл – еркін сауда аймағы. Қытайдың тауары ешбір рәсімдеусіз Ресей нарығына өтуі мүмкін. Бұл санкциялардағы олқылық. Олар (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер) аталған одақтан шығуы керек, әйтпесе Ресейге салынған санкцияларға тап болады», - депті Салливан өзінің Twitterдегі парақшасында.

Ал қазіргі жағдайды ол «проблема» деп атап: «Сіздер, тек қана Ресейге санкция сала алмайсыздар. Сіздер балама түрде Кедендік Одақтың барлық мүше мемлекеттеріне де, соның ішінде Қазақстан, Қырғызстан мен Арменияға да санкция салуларыңыз керек. Өйтпегенде, Ресейліктер аталған елдер арқылы ешбір шектеусіз керекті дүниесін шетелге шығара алады», - деп жазады.

Қазақстанда ЕАЭО дейтін Ресей мүддесіне құрылған монопоолиялық одақтан шығу туралы бастама қоғам белсенділері, саясаткерлер мен сарапшылар тарапынан жиі көтеріліп келеді. Abai.kz ақпараттық порталында ЕАЭО-дан қып-қызыл шығынға батып жатқанымыз, аты «экономикалық» одақтың заты бірте-бірте саясиланып бара жатқаны туралы жүздеген мақала жазылды.

ЕАЭО-ға кіретін Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения мен Қырғызстан әлемдік қауымдастықтың экономикалық санкциясына әзірден ұшырап жатыр. Оның салқынын Қазақстан қазірдің өзінде сезінуде. Ресей жағының «Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) елдерінің біріне санкция салынған жағдайда одақ мүшелерінің бірлескен жауап шараларын қолданатыны» жайлы айтуы, Еуро одақтың санкциясына қарсы Қазақстанды да бірлесіп қарсы тұруға шақыруы барып тұрған арандату. Бұл Ресей тарапынан онсыз да экономикасы құлдырап, қалт-құлт етіп отырған Қазақстанды саяси соғыс алаңына тарту.

Сөздәлел: ЕАЭО тек қана бір Ресейдің мүддесіне қызмет ететін ұйым. «Ортақ парламент», «ортақ валюта енгізу», «СБЕР цифрлы бағдарламасы» сияқты бастамалары және бәсекеге қабілеті төмен басқа елдерді де одаққа қосуға тырысуы Ресейдің одақта экономикалық емес, саяси мүддесі басым екенін көрсетеді.

Мәселен Қазақстан 2015-2020 жылдардың ішінде ЕАЭО аясындағы саудадан 44 млрд доллар жоғалтқан. Бұл шамамен 2020 жылғы жалпы ішкі өнімнің (180 млрд доллар) төрттен бір бөлігі деген сөз.

Ал жуырда қоғам белсенділері аталған одақтан (ЕАЭО) шығу туралы арнайы петиция да жариялаған.

Abai.kz

39 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364