Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5978 0 пікір 23 Қазан, 2012 сағат 19:35

Cаентологиядан сақ болыңыз!

Cаентология шіркеуі әу баста халықаралық ұйым ретінде тіркеліпті. Негізін қалаған - 1911-1986 жылдар аралығында өмір сүрген Лафайет Рональд Хаббард есімді АҚШ азаматы. Ол бастапқыда ғылыми-фантастикалық романдар жазып, елге танылды. Атышулы Алистер Кроули бастаған сатанистер сектасының белді мүшесі болған. 1950 жылы «Дианетика: рух саулығы жайлы заманауи iлiм» атты кiтап шығарды. «Саентология» діни ағымы осы еңбектен бастау алады.

Cаентология шіркеуі әу баста халықаралық ұйым ретінде тіркеліпті. Негізін қалаған - 1911-1986 жылдар аралығында өмір сүрген Лафайет Рональд Хаббард есімді АҚШ азаматы. Ол бастапқыда ғылыми-фантастикалық романдар жазып, елге танылды. Атышулы Алистер Кроули бастаған сатанистер сектасының белді мүшесі болған. 1950 жылы «Дианетика: рух саулығы жайлы заманауи iлiм» атты кiтап шығарды. «Саентология» діни ағымы осы еңбектен бастау алады.

Бастапқыда бұл кітап - таза пси­хо­логиялық зерттеу бағытында жазылған. Бірақ Хаббардтың замандас ғалымдары қағидалары күңгірт дианетиканы ғылым деп танудан бас тартты. Ғылымда олжа салмаған іліміне Хаббард амалсыздан дiннің шекпенін жапты. Бірақ бұл оның шынайы бетпердесін жасыра алмады. 1954 жылы Калифорния штатының бас судья­сы Рон Хаббардқа «Ол жаратылы­сы­нан өтірікші және екіжүзді» деп баға берді. Оның «Өлім карнавалы», «Адам өлті­р­гіштер патшасы» секілді кітапта­рының аттары-ақ Ронның адами көзқара­сын бағалауға мүмкіндік береді. Ал саентология саласында ол ақырғы үрім-бұтағына дейін жетерлік мұра қалдырған. Айталық, бұл мұра - 3000 лекция, 84 фильм, 3 энцик­лопедиялық сериядан және 40 миллионнан астам сөзді құрайды. Осы жерде Рон Хаб­бардтың әскер қатарында болған кезінде контр-адмирал Брайсеттің оның қызметке сәйкессіздігі жайында жазған рапортын еске алып өтуге болар. Мұнда «Бұл офицер қалып­тасқан жағдайды бақылау, көш­басшылық және біріккен қимылдарға икем­ділік секілді қасиеттерден мүлдем ада. Ол өз қадамдарының қандай салдары болуы мүмкін екендігі жайында еш ой­ланбайды» делінген. Әскери «диаг­ноз­дың» тура екеніне оның замандастары кейін­нен көз жеткізді. Дианетика мен саентологияны ойлап шығарғаннан кейін де оның жаны еш тыныштамады. Әлемнің біраз елдері оның келуіне тыйым салса, өз Отаны - АҚШ-та салық органдарының қудалауы­нан бой тасалаумен болды. Оған көзі тірісінде-ақ «патологиялық суайт, өтірік­ші, бопсалаушы» деген айыптар тағылып, талай мәрте сотқа шақырылған болатын. Осындай ит тіршілік кешкен Рон Хаббард 1986 жылдың қаңтарында көз жұмды.
Біздің қолымыздағы жазбаша куә­лендірілген құжаттар оның жеке басы мүд­десі мен билікке жету жолында ара­нының шектен тыс ашылып кеткенін дәлел­дейді. Ол жан-жағындағы адамдарға және өзін қоршаған ортаға тек «менің жо­лыма тосқауыл» деп қараған. Мүм­кіндігінше, оларды ығыстырып тастауға тырысып отырған: Рон Хаббардтың мұндай көзқарасы өзі құрып отырған ұйымның жарғысына әсер етпей қой­майды. Ол өзі­нің соңынан ергендерді бы­лай деп үй­ретті: «Сен қол астыңда­ғы­ларды бақылау үшін, оған өз дегеніңді жүргізу үшін жа­ратылғансың. Сенің ақы­лың, әлеуетің қол астыңдағыларды да се­нің дегеніңмен жүруге мүмкіндік береді» Оның өмірлік ұстанымы - «Ақша тап» деп аталатын кі­табының 273-бетінде мынадай жолдар бар: «Мүмкіндігінше, ақша тап. Қол ас­тың­дағыларды да ақша табуға көндір» Осы­лайша арам пиғылын дінмен бүр­ке­мелеймін деген оймен «Диа­нетиканы» «Саентология» деп өзгертті. Алғашқы «Саен­тология» шiркеуi 1954 жылы Лос-Анджелесте ашылды. Артынша жер-жерде дианетикалық орталықтар мен инс­титуттар құрылып, оған Хаббардтың өзі бас­шылық етті. Ал 1966 жылы «Бүкiл­әлемдiк күзет басқармасы» атты барлау қызметi жасақталды. Оның негізгі мінде-ті - «Саентология» жауларына күрес жүргізу. 1968 жылы Рон Хаббард тек ұйым мүше­леріне ғана берілетін мемо­рандумға мынадай өзгерістер енгізіпті: «Сенің ілі­міңе ден қоймағандардың бәрі саен­тологтар тарапынан қатаң жазаланып, қудаланады. Бізге сенбегендердің бәрі алданып, тіпті көзі жойылуы да мүмкін» Олардың негізгі кодексі өзіне сенбе­ген­дерді жазалаудың, ұрып-соғудың 36 түрін белгілеп берген. Ұйым қатарын толық­тыр­ғандарға көзқарастары мен ұстаным­дары қарсы келетіндердің бәрімен ара­ласуға тыйым салып, бір-бірін аңдуына да жол берген. Тексеру кезінде Офис Гар­диа­ны немесе көзі мен құлағы деп танылған жандар өздеріне деген сеніміне «селкеу түсе бастағандардың» бәрін қатаң жазалап, кей жағдайда өлтіріп, денесін өртеп жіберген. Мысалы, «Саентология этика­сының кіріспесінде» мынадай жолдар бар: «Біздің ілімнен бас тартуға дайындалып жүргендерді байқап қалсаң, бірден тарпа бас салма, соңынан аңды. Сонан соң этикалық бөлімге, жазалау бөліміне үсті­нен рапорт жаз». 1977 жылы АҚШ
Л.Р. Хаб­бардты мемлекеттік құпия мәлі­мет­терді ұрлады деп айыптады. 1978 жылы Франция үкіметі оны төрт жылға сырттай соттады. Австралияда саентологиямен айналысуға тыйым салынып, заң бұзған адам екi жылға бас бостандығынан айы­рылатын. Ал Лондонның жоғарғы соты «Хаббард мырза кәнігі алаяқ» деп үкім шы­ғарды. Саентологияда құдай, пай­ғамбар деген ұғым жоқ. Оның орнына Хаббард дәріптеледі: оның уағыздары да оның ел ішіндегі беделін көтеруге ба­ғытталады: Саентологтардың «ілімін» жалғастырушылардың бірі былай деп жазыпты: «Біздің мақсатымыз орындалып келеді. Біз әлемді жаулауға бет алдық. Қазір әлемнің 165 елінде 8000-нан астам ұйы­мымыз бар. Олардың қатары жыл емес, ай сайын көбейіп келеді» Мұндай сұрқия деректерді оларға қарсы көтеріліп келе жатқан сот істері де дәлелдейді. Осы­дан бірнеше жыл бұрын Бельгия сотында олар қол астындағы қызмет­кер­леріне жа­лақы бермегені, құл есебінде жұмсағаны үшін әшкереленген. Олардың 18 «көш­басшысы» Испан сотының құрығына ілінді: 1996 жылы Германия билігі оларды өздері жиі айтатындай, рухани емес, ком­мерциялық ұйым деген шешімге келіп, барлық салық жеңілдіктерінен айырды. Бұл шешімді немістің саяси элитасы да қолдап, «оларға біздің жерде орын жоқ» деген шешімге келді. Өздерін жер бетіне жарық сәуле таратамыз деп жариялаған «көсемдер» жасанды салық құжаттарын дайындаумен, заңсыз ақша айналы­сымымен айналысқан! Қол астындағы жұмысшылары үшін қалыпты, дені сау атмосфера қалыптастырудың орнына бір-бірін аңдып, алдап-арбауға жол беріп, бір-біріне жан алғыштай қарайтын ахуал қалыптастырған! Қазір «Дианетика-Ис­пания» ұйымының екі экс-президенті, «Нарконан» ұйымының бірнеше ди­ректоры заң шеңберіне сыймайтын қа­тігездіктері мен алаяқтықтары үшін 30 жылға бас бостандығынан айырылды. «Саентология шіркеуі» олардың «көш­басшысы» Хаббард өлген соң да жұмыс­тарын жандандырып, алға жылжытты. Олардың еншілес компанияларының бірі - «Рухани технология шіркеуінің» 1987 жылғы біржылдық табысы 503 миллион АҚШ долларына жеткен, «Бас кеңсесінің» құрылтайшылары Лихтенштейн, Швейца­рия және Кипр банктерінде 400 000000 АҚШ долларын жасырып қоюға ты­рысқан. Қазір жер бетіндегі саен­то­лог­тар­дың қатары 8 млн-ға жетеқабыл. Қазақ­станда саентологтардың 11 шіркеуі жұмыс істейді. Сондай-ақ Нарконан сауықтыру ке­шені, Перформия, Детоксикация орта­лығы, Хаббард колледжі, Эсто бизнес мек­тебі, Студема секілді еншісі бөлін­бе­ген, аты бөлек болғанмен заты бір ұйым-дар бар. Көпшіліктің дианетикамен танысуы, көбінесе «Оксфорд тестінен» басталады. Дианетика мен саентологияның қандай ағым екендігін қазақстандықтар біле бермейді. Гипноз қолданылатын діннің шырмауына бір түскеннен кейін одан арылу өте қиын болатындығы туралы, адам денсаулығына, әлеуметтік жағдайына залал келтіретіндігі туралы Ресей баспа­сөздері жиі жазып, халықты сақтандырып отырады. Саентологиялық медициналық ұйымдар адам өміріне өте қауіпті, секта кәсіпорындарды банкротқа ұшыратады. Оған кірген адамның толық­тай сауығуы үшін шамамен 12 жыл керек. Көп­теген саентологтар бұл ағымнан кет­кеннен кейін басқа секталарға барып қосылады. Саентология шіркеуінің басқа конфес­сиялардан өзекті ерекшелігі, ол тарапынан ұсынылған ресімдер мен әдіснаманың барлығы ақылы негізде. Әрбір курстың бағасы қомақты. Алғашқы кезде жаңадан келгендер үшін міндетті «Адам мүмкін­дігінің оксфордтық тесті» ғана тегін өтеді (200 сауалдан тұратын сауалнама). Саен­тологиялық ресімдердің бағасы өңірге қарай, жергілікті халықтың төлем қабі­летіне және басқа да жағдайларға қарай әртүрлі болып келеді. Ресімге алған тө­лемақы шіркеуге көмек ретіндегі мү­шелік жарна, қайырымдылық деп аталады. Яғни белгілі бір діни қызметке қатысты «ақша алуға құқығы бар» деген тәрізді. Егер де ақша төлемесеңіз, саентологияны игеру мүмкін емес.
Былтырғы 1 қаңтардағы жағдай бойын­­ша, елдің аумағында саентология шір­кеуіне қарасты бес қауымдастық пен топ қызмет етеді. Олардың ішінде төртеуі діни бірлестік ұйымы ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен. Бүгінде «Саентология шіркеуі» ізбасарларының саны шамамен 5 000-ға жуықтай дейді ресми дерек. Олар жа­қында ғана «30 000-ға жуық қазақ­стан­дық саентологиямен танысып және оны өз өмірінде қолданады екен деп жар салды. Алматы қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз бөлімі «Алматы қаласы прокурорының санкция­сымен тексеру жүргіздік. Тексеру кезінде саентологтардың Қазақстандағы мүше­леріне қатысты құпия деректер қолға түсті» деп хабарлаған еді. Бірақ іс сотқа жет­кен жоқ. «Саентология шіркеуі» Ал­матыда сайран салуын жалғастырып жатыр. Бұл тек Алматыдағы немесе Қа­зақстандағы жағдай емес. Әлемнің әр түк­пірінде қолға түскендерінің өзі жеңіл жа­замен құтылып кетіп жатыр. Демек, олар­дың артында мол қаржы және ық­палды күштер тұр.
Сіз де сақ болыңыз!

Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙ

"Айқын" газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371