Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3644 0 пікір 25 Қазан, 2012 сағат 16:31

Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ. Отарлау символы орнынан неге алынбау керек?

Семейде қазақтың сана тәуелділігінен тәуелсіздікке жеткізу үдерісі тоқтаусыз жүріп келеді. Шынын айту керек, соңғы 20 жылдың ішінде тәуелсіз мемлекет болды дегенмен тәуелсіздену, отарсыздану саясаты баяу жүрді немесе мүлде жүрмеді деуге де негіз бар. Өйткені, тәуелсіз мемлекет болу үшін ең бірінші ұлттық сана тәуелсіздену деңгейіне жету керек. Осы тұрғыда құлдық санадан арылу үдерісін Балтық жағалауы елдері, Украина, Гүржістан сияқты мемлекеттер принципті түрде жүргізе білді. Ал, оның ішінде біздің елімізде бұл мәселе өте баяу жүрді. Бұл мәселе Қазақстанның бүгінгі таңдағы геосаяси орнымен айқындалды. Отарлау дәуірін бастан кешірген Орта Азияның өзге мемлекеттері бұл тұрғыда қазақ халқына үлкен рахмет айтуы керек. Өйткені, Ресейдің отарлау саясаты қазақтың жеріне келіп, жергілікті ұлттың қарсылығына ұшырап, көршілес елдерге бұл леп әлсіреп жетті. Тіпті, Қапқаз елдеріне де солай болды. Осы үш ғасырлық отарлаудың салдары әлі де басы ашық күйінде қалып келеді. Біріншіден, еліміздегі жер-су атауларының осы уақытқа дейін орысша аталып келеді. Олар: үлкен шаһарлар Петропавл, Павлодардан өзге аудандар мен ауылдардың атаулары.

Оған бір ғана мысал келтіруге болады. Астанадан Қостанайға жол жүрсеңіз, жер-су атауларының бәрі орысша аталатынына көз жеткізесіз. Ономастика мәселесі жөнге келмей, құлдық санадан арылудың өзі мүмкін емес екенін екінің бірі біледі.

Осындай түйткілді мәселенің бірі - қазақтың рухани орталығы, Абай мен Шәкәрімнің кіндік қаны тамған өлке, ұлттың тәелсіздік тарихына үлкен рөл атқарған Семейде де бар. Бұл мәселеге баса назар аударып отырған себебіміз шаһарда Ресейдің отарлау саясатын жеделдетіп жүргізу үшін 18 ғасырда абақты салынған. Анығын айтқанда, қазаққа арналған түрме. Бұл түрмеде отарлау саясатына қарсы болған ұлттың батырлары мен көшбасшылары, зиялылары мен алаштың ардақтылары қамалған. Қазақтың философы Абайдың өзі отарлауға қарсы болғандықтан 2 рет абақтыда отырған. Сол абақты осы емес екендігіне кім кепіл?! Оның үстіне ғимарат «Капитан Андреевтің үйі» деп аталған.

Міне, осы көпе-көрінеу отарлау саясатының негізгі символының біріне айналған сол абақты 2011 жылға дейін сақталған. Дәл сол жылы жергілікті биліктің шешімімен бұл нысан құлатылып, оның орнына өркениетті қаланың көркін келтіруге қабілетті қаржы орталығы салынып жатыр. Бұл мәселе ұлттық деңгейдегі сананың күресі деп айтуға негіз бар. Тәуелсіздік сана және метрополия біз отар болған мемлекеттің бесінші колонасы біздің санамызда.

Себебі, шаһар басшылығының батыл шешіміне ашығын айтқанда отарсыздану процесіне қарсылық білдіргендер де жоқ емес. Мысалы, Николай Исаев деген қала тұрғыны және үш-төрт адам ол абақтыда Д. Достоевскийдің табанының ізі қалған дегенді алға тартып, тарихи ескерткіш деп айғайлап қала әкімінің шешіміне қарсы пікір туғызғысы келіп жүрген көрінеді. Бірақ, қазаққа мұндай тізе бүктірген ескерткіш қажет пе?! Біздің ойымызша үзілді-кесілді жоқ!

Негізінде, шаһарда Д. Достоевский атында жеке мұражай бар. Ол мәдени орталық Ш. Уәлиханов пен Д. Достоевскийдің арасындағы достығының құрметіне арналған. Бұл жерде баса айтатын мәселе біздің тәуелсіз елде орыстардың қазаққа теперіш  көрсеткен символдары емес, керісінше мәдени үйлесімділік символдары қалуы қажет. Осы тұрғыда Достоевскийдің мұражайы дәл келіп тұр.

Осы философиялық күресте кім жеңіп шығады соның мерейі үстем болатыны анық. Ал, біз осы Семей қаласының отарлау психологиясынан арылу үшін осындай символдардың жоқ болғандығын қалаймыз. Себебі, бұл күрес - қазақтың тарихында абақты деген түсінік болмағанын, отарсыздану саясатын негізге алған қазақпен мен өткенінен арыла алмай жүрген Н. Исаев сынды некен-саяқтардың жеке күресі емес. Ашығын айтқанда сана тәуелсіздігі мен ұлттық бейшаралық арасындағы текетірес.

Өкінішке қарай, қала зиялылары осындай елжан­дылық мәселеге келгенде кей уақытта бұқпантайлап қалатыны ойландырады.

Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

Семей қаласы

"Ұлт Times" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5328