Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3324 0 пікір 25 Қазан, 2012 сағат 08:45

Жұмағали Мыңжасаров: «Ашық бәсекелестікке жағдай жасаймыз»

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ негізгі ұлттық компаниялардың активтерін жинақтайды және Қазақстандағы ең ірі тапсырыскерлердің бірі болып табылады. Осылайша, жылдық сатып алулар көлемі 4 триллион теңгені құрап отыр. Қордың мемлекеттік сатып алулар саласында қандай жаңалықтарды енгізіп жатқаны туралы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Жұмағали Мыңжасаров айтып берді.

-  Жұмағали Ахметқалиұлы, 10 қыркүйекте сатып алулар жөніндегі жаңа ережелер күшіне енді, мұның немен байланысты екенін айтып беріңізші?

- Мұндай шешім қабылдаудың негізгі себептері сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің ерекшеліктерінің ескерілуімен, мемлекеттік сатып алулардан өзгеше, жеделділігін қамтамасыз ету үшін ұлттық компанияларға сатып алулардың әлдеқайда икемді режимін ұсыну қажеттілігінде жатыр.

Менің ойымша, қабылданған шешім Қор компанияларының басым көпшілігінің шетелдік әріптестермен ықпалдаса отырып, басқарудың халықаралық стандарттарын белсенді түрде енгізулерімен де ақталып отыр. Қазіргі кезде біз Бірыңғай экономикалық кеңістікте жұмыс істеп жатырмыз, БСҰ кіретін кез де алыс емес. Шетелдік серіктестеріміздің, соның ішінде сатып алулар қызметіне қатысты пікірлері мен тәжірибелерін ескеруіміз қажет.

Сондай-ақ, Сатып алулар ережелерінің жаңа редакцияда қабылдануына Қор мен бизнес-қауымдастықтың  сатып  алу  үдерісін  ары  қарайғы  жетілдіру  бастамалары  ықпал  етті.

Ережелерді  әзірлеу  үдерісіне  ұлттық  компаниялардың  жетекші  мамандары  тартылып,  16  қоғамдық  ұйым  мен  отандық  кәсіпкерлердің  кең  ауқымының  ұсыныстары  ескерілді.  Айтар  болсақ,  жұмыс  тобының  20  астам  отырыстары  өткізілді,  Ереже  нормаларын жақсарту жөніндегі 200 астам ұсыныстар қаралды. Нәтижесінде, осы Сатып алулар туралы ережелерде баяндалған 143 тармақтың 80 астамына түзетулер енгізілді.

Мұның бәрі, қабылданған жаңалықтардың жағымды әсер беретіндігінен үміттендіреді.

- Сатып алулар туралы жаңа Ережелер қазақстандық тауарөндірушілерді импорталмастырушы өндірістерді құруға немесе дамытуға ынталандыра ма?

- Ия, Ережелердің жаңа редакциясында ескірген өндірістерді жаңашаландыру мен Қазақстан Республикасының аумағында бұрын-соңды өндірілмеген тауарлардың шығарылуын реттеуге бағытталған бірқатар жаңалықтар көзделген.

Осылайша, холдингтің отандық тауарөндірушілері тауарлардың Қазақстан Республикасында сериялық өндірісінің ұйымдастырылуын қамтамасыз етсе, және бұл ретте, мұндай тауарлар ел аумағында соңғы үш жыл ішінде өндірілмеген болса, тапсырыскер қажетті тауарлардың жалпы көлемінің жартысын сатып алуға міндетті. Холдингтің тауарөндірушілері ретінде акциялардың (қатысу үлестерінің) жиырма бес және одан артық пайызы тікелей немесе жанама түрде тапсырыскерге тиесілі кәсіпорындарды түсінеміз.

Импорталмастырушы өнім өндірісін ынталандырудың қосымша шарасы ретінде тауарлардың қазақтандық өндірушісіне мерзімі 10 жылды құрайтын ұзақмерзімді шарттың жасалуы кепілдендіріледі. Бұл уақыт аралығы тиімді жайғасымдарды иеленіп, тауарлар өндірісін ұйымдастырудың толық циклін іске асыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте, өндірушінің ұзақмерзімді шарт жасалған соң бірден тауарды жеткізу мүмкіндігіне ие болмайтындығын түсіне отырып, Сатып алулар туралы ережелерге тауардың кәсіпорын іске қосылып, өндірістің жоспарланған көлеміне қол жеткізілген соң жеткізілуін көздейтін нормалар қарастырылған.

- Отандық тауарөндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қандай шаралар ынталандырмақ?

- Бұл мақсаттар үшін қазақстандық өндірушілерден тауарларды ұзақмерзімді сатып алуларды жүзеге асырудың арнайы тәртібі әзірленді, оған сәйкес, сатып алу көлемі 50/30/20 қатынасында үш ОТӨ арасында немесе 70/30 қатынасында екі ОТӨ арасында үлестіріле алады. Егер салыстыру кезінде, жеткізушілер ұсынып отырған бағалардың бір деңгейде екендігі анықталса, сатып алулардың жалпы көлемі олардың арасында тең үлестерге бөлінеді. Бұл ретте, ұзақмерзімді шарттардың әрекет ету кезеңінің ішінде жыл сайын, бұған дейін тапсырыс бөлініп қойған кәсіпорындардың арасында шағын-тендерлер өткізілетін болатын. Түсіндіре кетейін, өткен жылы жалпы көлемнің 20% немесе 30% алған өндіруші сәйкес сапаның сақталуымен өзі өндіретін өнімнің жергілікті құрамының әлдеқайда жоғарғы үлесін немесе әлдеқайда төмен баға ұсынса, үлкен көлемде тапсырыс алуға үміткер бола алады.

Бұл өндірушілердің арасында бәсекелестік үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді, осы арқылы жергілікті өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейі көтеріледі.

Сонымен қатар, айта кететін жайт, Қор компанияларымен ұзақмерзімді шарттың жасалуы кепілдендірілген ұзақмерзімді тапсырыс қана емес, сондай-ақ жеткізушінің жаңа технологияларды енгізу мен еңбек өнімділігін арттыру есебінен өндірісті жаңашаландыру жөніндегі белгілі бір міндеттемелері.

Мұнымен қатар, Қор өз шығындарын қысқартатын болады.

- Өзіңіз білетіндей, сатып алулар үдерісі жоспарлаудан басталады. Бұған қатысты жаңа Ережелерге қандай өзгертулер енгізілді?

- Жоспарлаумен байланысты негізгі нормалар айтарлықтай өзгертілген жоқ.

Ұзақмерзімді сатып алуларды ынталандыру үшін, тапсырыскердің ұзақмерзімді сатып алулардың жеке жоспарын бекіту жөніндегі міндеттемесі енгізіледі, мұндай жоспарда бірнеше жылға есептелген қажеттіліктің сомасы мен көлемі, сондай-ақ жеткізу орны мен шарттары және сатып алу әдісі көрсетіледі.

Осы арқылы біз отандық бизнес өкілдерінің тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің белгілі бір түрлеріне деген Қор компанияларының ұзақмерзімді сұранысы туралы хабардарлығын арттыруға, және жаңа өндірістердің дамытылуы мен қолданыстағылардың жаңашаландырылуына алғышарттар жасауға үміттенеміз.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1533
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3313
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6006