Ағабек Қонарбайұлы. ...Ұсынысы ұят болды
«...Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек,
Періште төменшіктеп, қайғы жемек...
(Абай)
Интернетті ақтарып, ақпарат ағынына көз жүгірту - күнделікті әдетіміз. www.tengrinews.kz-ті ашып, мына бір ақпарға аң-таңбыз. Жетісу жұртшылығы жезөкшелердің «жұмысын» заңдастыру керек деген талап қойыпты. Ал әйтпесе... «Атың шықпаса, жер өрте...»
Талдықорғандық дәрігерлер осылай дабыл қағуда. Олардың ойынша, тәнін саудалағандарға «жағдай жасасақ» (заңмен бекітсек) жыныстық аурулардың таралмауын қадағалау оңайға соғады-мыс. Медбикелердің ұятты ұсынысы халық қалаулыларының да назарын аударса керек. Қолдаушылар да, қарғаушылар да табылды. Мәжіліс депутаты Светлана Романовская: «Мен Еуропада бұл мәселенің заңдастырылғанын білемін. Голландия мен Германияда жезөкшелердің саулығы жіті бақыланады. Сондықтан біз де қадағалауымыз керек», - деп оғаш ойға үн қосыпты.
Мәжіліс депутаты Камал Бұрхановтың пікірінше, жеңіл жүрістілердің «кәсібін» заңдастыру жайлы ұсыныс дінімізге де, тарихымызға да, дәстүрімізге де - жат. Халықтық сана мұны қабылдай алмайды.

Рас, Еуропа рухани дағдарысты бастан кешуде. Құндылықтар құлауда. Алланың қарғысына ұшыратар бір жыныстылардың үйленуіне рұқсат берілуде. Демократияны желеу етіп. Қасиетті Құранды өртеуге, Құдайға тіл тигізуге, әз пайғамбарды келемеждеуге әдеттеніп алды. Онымен қоймай, соған елдің етін үйретуде. К.Бұрханов айтқандай, Батыстың қаңсығына таңсық бола беру жақсы әдет емес.
Басы ашық нәрсе: ұлттық санаға жат, сүйекке таңба, дәстүрге томпақ жаман қылықты қоғамға енгізудің алғышарттары мынадай: әуелі ол жайлы «жағымды» пікір тарата беру, естір құлақты үйрету, қоғамдық көзқарас қалыптастыру, ұятты ұсынысты қолдайтындардың ойын жұртқа жеткізе беру, т.б. Бұл біздің емес, психологтардың тұжырымы. Соның айғағындай мысал келтірейік керек десеңіз. Шетелге азды-көпті күнге сапарлап барған таныс бір кісінің басынан өткерген оқиға бұл. Шаһардың сасық ауасына басы ауырып, жүрегі айныса керек. Мазасыз күндер біразға созылады. Адам ағзасы үйренгіш емес пе? «Бір күні жергілікті жұрттың жағдайына ендім. Сасық иіске етім де мұрным да үйренді», - дейді әлгі кісі.
Сол секілді, қоғамға оғаш ой тастау - тұрғындардың тамырын басу. Тәніміз тітіркеніп, қайта қалпымызға келсек, әлгі адамның мысалындай боламыз. Жамандық атаулыны жойып жіберу үшін әуелі имани иммунитетті көтеруіміз керек-ті. Дәрігерлердің тән саулығын басшылыққа алатынын түсінуге болатын шығар. Бірақ одан да маңыздысы бар. Ол - жанның саулығы. Иман - антивирус. Рухы биік ұлттың ұпайы көбеймек. Мәселенің себебімен емес, салдарымен күрескен абзал.
«Үндемеген үйдей пәледен құтылады». Бұл мақалды қазіргілер: «Үндемеген үйдей пәлеге жолығады», - деп жүр. Иә, заманына сай әр мәселені шешудің өз жолы, әдіс-тәсілі бар. ХХІ ғасырда мұндай жағдайларды өркениетті түрде реттеуге болады. Шашау шығармай, бүлік тудырмай дегендей... Пайғамбар (с.ғ.с.) даналығында да күнәлі істі қолмен тоқтату, егер оған шама келмесе, сөзбен, ол да болмаса, онда жүрекпен жек көру қажеттігі айтылады.
Тәнін саудалағандардың «ісін» заңмен бекіту жайлы ойдың өзі қауіпті. Қазақ тарихында кездеспеген жат қылық. Бұл - жамандықтың есігін айқара ашумен тең.
Бәріміз де бала болдық. Ұят болады деген сөзді ата-әжелерден жиі еститінбіз. Бірақ сөздің байыбына бара бермейтінбіз. Сөйтсек, ұят - ол иман екен. Пайғамбар (с.ғ.с.) өсиетінде: «Ұят пен иман екеуі - егіз. Егер бірі (кісі бойынан) кетсе, екіншісі де кетеді», - депті.
Расында да, бұл ұсыныс ұят болады. Ұят болды да...
"Abai.kz"