Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 3693 8 пікір 30 Мамыр, 2022 сағат 14:36

Тарихи шындық қандай?

Қазақ аты "еркіндік" деген мағына береді. Халықтың аты өз тілінде дұрыс жазылған.

Ал орыс тілінде 1936 жылы оны бұрмалаған. Орыс тіліндегі "Казак" деген атау орыс казактарына және қазақтарға ортақ болып шықты. Екі жақтың бір атқа таласында Ұлыорыстық көзқарас үстем болып, "казак" аты орыс казактарына берілді.

Ал қазақтардың орыс тіліндегі жазба және айтылу атының соңғы әрпі өзгеріп, "к" әрпін "х" әрпімен алмастырды.

Сөйтіп, қазақ тілінде "қазақ", ал орыс тілінде "казах" деген жасанды ат пайда болды.

Орыс тіліндегі "казах" сөзі енді "еркін" деген мағынаға ие бола алмай қалды.

Керісінше, қазақ атына сәйкес "еркін" мағынаны "казак" атын иемденген орыс казактары иеленді.

Сондықтан, еліміз латын әрпіне көшіп, "қазақ" атын әріптік негізде пайда болған екіұдайлық мағынадан арылту керек.

Сөйтіп, біз "қазақ" пен "еркін" сөздерінің бірмағыналық қалпын қайтадан орнына қоюымыз керек.

Ал, кезінде, империядан қашып, өздерін қорғау үшін кең далада еркін жатқан халықтың атын жамылғандар өз атын қалай атайтынын өздері шеше жатады.

Бірақ әлемде "қазақ" атты бір ғана ұлт бар екенін, "орыс казактары" не басқа бір "казактар" деген ұлт болмайтынын, ондай ұлт жоқ екенін олар білулері керек.

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5313