Сүйінші! Түркілік бірігуде - тағы бір нақты қадам!
2012 ж 16 қарашада Әзірбайжан,Қазақстан,Қырғызстан,Түркия елдері бірігіп құрған Түркі Кеңесі өзінің жанынан жалпытүркілік терминология жұмыстарын үйлестіретін Комитет құрды.
Ыстамболда Түркі Кеңесіне қарасты осы комитеттің алғашқы отырысына түркі мемлекеттерінің терминші-ғалымдары қатысқан жиын өтті. Бұл комитетке Қазақстан тарапынан Түркі академиясының президенті, филология ғылымдарының докторы, түркітанушы Шәкір Ыбыраев пен Тіл комитеті төрағасының орынбасары, филология ғылымдарының докторы, терминолог Шерубай Құрманбайұлы кірді.
Түркілік терминшілердің тарихи басқосуында ортақ терминтануды қалыптастыру мен дамытудың негізгі қағидаттары қарастырылды. Аталған сала бойынша түрлі салаларды қамтитын сөздіктер мен әдебиеттер шығару, түркі тілдерінің ішкі әлеуетін терминдену мәселесіне пайдалану жөнінде бірқатар шешім қабылданды.
Жалпытүркілік терминологияны қалыптастыру мен ұғымдарды ортақтастыру саласына қатысты Түркі Кеңесі жанынан құрылған Ортақ терминология комитетінің шешімдерін жүзеге асыру Қазақстан астанасындағы Түркі Академиясына жүктеу жөніндегі жұмыстар жоспарланып жатыр.

Отырыс барысында жалпытүркілік ғылыми әліпби нобайы да талқыланды. 34 таңбадан тұратын латындық қаріпке негізделген ортақ әліпби жобасын түркітанушы ғалымдар мақұлдапты. Енді оны 40-қа тарта түркі жұртының тіліндегі рухани-мәдени, тарихи-әдеби мұраларды ортақ таңбамен транскрипциялау мәселесіне қолдану жүзеге аспақ. Ал, үйлестіру комитеті ұсынған әліпби мемлекеттер тарапынан мақұлданса, бұл түркілердің ортақ әліпбиіне айналуы да әбден мүмкін.
Айнаш Атабай.
Ыстамбол
«Abai.kz»