Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 3000 2 пікір 21 Шілде, 2022 сағат 14:51

Боррель: Соғыс ұзаққа созылады...

Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Ресейге қарсы санкциялар туралы мақала жариялады. Ол мақалада былай деп жазыпты...

Жозеп Боррель:

- Соғыс ұзаққа созылып, энергия бағасы өсіп жатқанда Еуропа мен басқа  елдер «бұл санкциялар жұмыс істеп жатыр ма, не болмаса олардың жанама әсері тым күшті болып кетті ме» деген сұраққа бас ауыртуда. Біз әртүрлі маңызды мәселелердің туындайтынын білеміз, бірақ санкциялар маңызды саяси құрал болып қала береді.

Еуропалық Одақтың Ресейге энергетикалық тәуелділігін азайту өте маңызды. Мәскеуге тәуелділігіміз Ресейдің агрессивті әрекеттеріне қарсы Еуропалық саясатты дамытуға кедергі жасады.

Ресей энегиясынан бас тарту - бірқатар елдер мен олардың әртүрлі секторларын  айтарлықтай шығынға батырады. Дегенмен, бұл біздің демократия мен халықаралық құқықты қорғау жолында төлейтін ақымыз болмақ.

Ресей импорт тауарларын отандық өніммен алмастыруға тырысады. Ресейдің аграрлық секторында 2014 жылғы санкциялардан кейін іске аса бастаған, бүгінгі күні жемісін беріп отыр. Алайда, жоғары технологиялық әдіспен алатын өнімдерді импортпен алмастыру қиын шаруа.

Еуропа стратегия жағынан төзімді болғаны жөн. Соғыс ұзақ болады, күш сынасу жалғаса береді. Басқа амал жоқ. Ресейдің үстемдік етуіне жол беру – оның демократияны және халықаралық ережелерге негізделген әлемдік тәртіпті жоюына мүмкіндік беру.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5399