Сенбі, 23 Қараша 2024
Не дейді?! 4175 19 пікір 8 Тамыз, 2022 сағат 16:35

БАҚ: Бекболат Тілеухан Түркиядан азаматтық сұрады

Мәжілістің экс-депутаты Бекболат Тілеухан Түркия мемлекетінің азаматтығын алуға өтініш берді, деп жазады  Ulysmedia.kz.

Басылым дереккөзі берген мәлімет бойынша, Бекболат Тілеухан Стамбұл қаласынан алты бөлмелі пәтер сатып алған. Пәтердің мекен-жайы бойынша экс-депутаттың өзімен бірге 39 жастағы Жанар Тапенова тіркелген. Олардың алты баласы бар. Жанар Тапенова жақында Нұр-Сұлтан қаласындағы жылжымайтын мүліктерін сатқан екен.

Бекболат Тілеухан Қазақстандағы Қаңтар оқиғаларына дейін депутаттық өкілетін тоқтатып, Түркияға кетіп қалған болатын.

Биылғы ораза уақытында оның Түркиялық қазақтарға ауызашар беріп, дастархан басында Президент Режеп Ердоғанның ұлы, кәсіпкер Біләл Ердоғанмен отырған суреті желіде жарияланды.

Қазір Тілеуханның отбасы Түркияда ықтияр хатпен тұрып жатыр. Енді ол түрік елінің азаматтығын алуға өтініш берген.

Бұған дейін, Бекболат Тілеухан күтпеген жерден, 2021 жылдың 29 желтоқсанында мерзімінен бұрын депутаттық өкілеттігін тоқтатқан болатын. Содан кейін, Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулин Тілеухановтың Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының вице-президенті болып тағайындалғанын хабарлады.

Бекболат Тілеухан саяси мансабын 1996 жылы Президенттік оркестрдің көркемдік жетекшісі лауазымынан бастаған. Кейін ол мәдениет ведомствосындағы комитетті аз уақыт басқарып, дереу Мәдениет вице-министрі болып тағайындалады. Ол ел ішінде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сөздеріне жазылған әндердің авторы ретінде танымал.

2004 жылдан бастап композитор Тілеухан Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Ол «Нұр Отан» партиясына жан-тәнімен берілген қызметші болды. Сондай-ақ, ол 2012-2016 жылдары Қазақстанның ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті болып қызмет еткен.

Басылымның жазуынша, Тілеуханның басшылығы кезінде «ұйымның былыққа белшесінен бастқанын» спортшылар бірнеше мәрте айтқан. Сол кездері ұйымға «Самұрық-Қазына» Қоры бөлген миллиард теңгені Қайрат Сатыбалды ұрланған.

Айта кетейік, Бекболат Тілеухан исламдық ағым – салафизмді ұстанатынын ешқашан жасырған емес. Оны өзінің сөздерінде үнемі білдіріп жүретін.

«Бірнеше отбасында татулықты сақтаудың бір ғана жолы бар. Бұл Құдайдан қорқу және Құдайға деген сенім. Басқа жол жоқ. Қазақтар «барыңмен бөліскенше, жаныңмен бөліс» деп бекер айтпайды. Бұл өте қиын нәрсе. Отбасыңның қандай болуы сенің адамгершілігіңе байланысты. Мені үнемі тәуекелге бас тіксін деп, Аллах үнемі таңдау үстінде қалдырады», - деген болатын Тілеухан «Қазақстан» телеарнасына берген сұхбатында.

Мақала барысында, оның ықпалды туыстары бар екені айтылыпты. Мысалы, құқықтық және қылмыстық ортада үлкен беделге ие Рамазан Тілеуханов Бекболат Тілеуханның ағасы. Үлкен Тілеуханов – заң ғылымдарының докторы, жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, қаржы полициясы академиясының құрметті профессоры.

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404