Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3177 0 пікір 11 Желтоқсан, 2012 сағат 23:01

Мұнайдар Балмолда. КВН-Жайдарман: Патшасын жынды қылған ел және ыржың мен тыржың

Мағжан ақынның: «Мен жастарға сенемін!» дегенін өз басым «Жайдарман» ойнап, жалпақ жұртты күлдіргісі келіп құр далақтап шапқан бозөкпелерге  арнауға қимаймын. Мағжан сенген жастар бұлай болмаса керек. Елдің басты-басты телеарналарының арзан күлкі, дарақы, жеңіл қалжың қуған «квншіктерді» жерден жеті қоян тапқандай қылып, аптаның ел демалатын сенбі-жексенбісінде құтыртып қоюлары қай сасқаны? Бөлім-бөлім қылып, «лигалатып», сағыздай созып, ел-жұрттың діңкесін құртып болды. Экран алдына жайғаса қалып,  «не бар екен?» десең, алдыңнан әр аумақтан жиналған ұл-қызымыз самсап шыға келеді. Амал жоқ көресің. Сен көрмейін десең де үйдегі кішкентайлар қызықтайды. Сосын бұлар бірдеңе түсініп қарайтын болар, көрейінші дейсің. Сөйтсең, ыржың-тыржың, өрелі ойы аз, қазақтың мақал-мәтелін келемеждеу, одан қалса, шетелдің әншілерін жарнамалау, көр-жерді жиып-терген бірдеңе. Ойындарын ештеңеге пайдасыз қылып тастағымыз жоқ, әйтеуір қазақша... Бірақ ұлттық арнадан «Осы біздің жастарымыз» деп мақтанып беретіндей бағдарлама дей алмас едім.
«КВН» деген атауын «Жайдарманға» ауыстырыпты, онысы қош, бірақ әзіл-қалжыңдары сүзгіден өтпеген, өз-өздеріне ғана түсінікті, өз-өздері ғана мәз болып күлетін шүлдір-шүлдір бірдеңелерін ұялмай-қызармай үлкен сахнаға алып шығады, жалпақ жұртқа таңады, ал мәні - нөл!

Ара-арасында адамды әзілмен ойлантып тастайтындай жылт еткен бірдеңесі болса жарар, оны жоққа шығармаймын, бірақ шыны керек көбіне жалпысы бос ыржың-тыржыңға құрылады.
Мұндай сайқымазақтарды үлкен экраннан елге таратудың қандай қажеттілігі бар? Тарихи, танымдық дүниелер, ұлттық салт-сана, дәстүрді насихаттайтын бағдарламаларға жұрт шөлдеп отыр. Бары бар, бірақ аз. Алтын уақытты құдайға керегі жоқ «квн» сияқты арзан дүниелер басып алған. Мен қателесетін болармын, бірақ өз пікірім өзімдікі. Оны ешкімге таңғым жоқ. Ел ішінде осы пікірге қосылатындар көп пе, әлде керсінше ме екен, жай соны білгім келді. Баяғыда бір патшаға сәуегей уәзірі: «Таяу күндері аспаннан улы жаңбыр жауады, патшалықтағы барлық су көздері сол жаңбырдың кесірінен уланады. Сондықтан тұщы судан алып қоймаса болмас» деп ақыл айтады. Патша сол бойда уәзіріне мол етіп су сақтауға бұйырады. Күні жетіп, жаңбыр жауады. Ел-жұрттың есі ауысады. Тек есі дұрыс патша мен уәзір ғана қалады. Бірақ бұқара халық: «Сен екеуің нағыз ақымақсыңдар, естерің ауысқан» деп мазақтайды. Ақылы сау екеуіне ешқайсысы сенбейді, айтқанына құлақ аспайды. Сонда амалы құрыған патша мен уәзірі: «Елмен көрген ұлы той» депті де әлгі улы судан ішіп алып, өз ықтиярымен жарым болып шыға келіпті. Осы тәмсілдегідей сау ақылымызды «квншіктердің» уымен улау қажет пе жоқ па, қазіргі қазақ жұртына? Бұдан біз не алып, не қойып жатырмыз? Жалпы «КВН» дегеннен елге қандай пайда бар? Онда билікке қаратып, болмаса ел ішіндегі жат көріністерден ада болуға үндейтін ұтқыр әзіл, тапқыр қам-қарекет болмаса, несі пайда? Ресей ойыншылары дәстүрге айналдырған ойынды біздің жастар ұлт кәдесіне қаншалықты шебер жүзеге асырып жүр? «Жайдарманшыларды» ұлт арнасына шығарғандағы мақсат не? Эфирдегі уақыт толтыру қарбаласы ма, әлде бұқараның миын осындай арзан, керексіз дүниемен былғап қою ма?  Иә, бұл да уақытша қиныдық, тығырықтан жол іздеудің бір амалы шығар, оны түсінбейді емес, бек жақсы түсінеміз, бірақ қанша уақытша десек те біразға шейін корейдің ұлттық баһадүрлері туралы өмірі бітпес сериалдарды қарап, түріктің ұрыс-керіс, үндінің әулет-әулетімен бір шүйкедей кемпірге бас ұрған «Келін» секілді«матриархат фильмін» көріп, ал өзіне келгенде «квншіктердің» қазақ сөзін, кейде тіпті тарихи тұлғасын аңдамай келеке қылғанын көріп-өскен жас ұрпақтан не күтесің?  Уыз шағында ұлтынан ұлағат алмаса, бұлар ертеңгі болашағымыз болып жарытпас. Сондықтан «Жайдарманынан» әбден жалықтық, бұрынғыдай емес, қазір ұл-қызым да ненің не екенін байыптайтын болды, арзан күлкіге онша құштар емес.
«Мен де жастарға сенемін!» Бірақ қызға ұқсап қиылып-майысқан ұлға, не ерге ұқсап, дөрекіленіп, гүр-гүр еткен қызға емес, олардың оны-мұныны әзіл санап, қызыл тілге ырық берген «демократиялық тілін» өздеріне үлгі тұтпаған, ұлт уызына жарыған жастарға сенемін! Ақын сөзі ұлт уызына жарығандарға арналған.
«Жайдарман» мазмұндық құрылымын түземесе, бұл алған бағыттары ұлтымызға рухани жағынан ешқандай да пайда бермейді. Комедия деген сөзді арамтер, әурешілік, азаптаныс деп Ахмет Байтұрсынұлы атамыз дөп басып айтқандай арамтер болған бозөкпелерді көріп, адал уақытты текке құртамыз. Жұртты күлдіремін деп босқа арамтер болудың не жөні бар? Елдікті ойлайтын, тілді, дінді, ділді ойлайтын жалынды жастар қайда? «Жұртты енді қайтіп күлдіртсем екен?» деп бас қатырғаннан елге пайдалы іс қылсам дейтін есейген, ойы кемел ұл-қызым қайда? Ұлттың ұсақталуы болашақ жасының тірлігінен де көрінеді. Ұсақталуға жол бермеуді қолға алу - жасқа да басқаға да сын. Жас өркен, сен мұнда барды киіп, тырағайлап «квн» ойнап жатқанда, талай бауырың сектаға енуде, империяшыл ойдан арылмаған орыс-казак тобыры ұрымтал тұсты тосып, тойсымақтарын өткізіп әлек.
Ойлан, оян қазақ баласы!
Сен сияқты 20-21 жасында талай қазақ ұл-қызы ерен ерлікке барған. Ұқсасаң соларға ұқса, жаттың қаңсығын таңсық көріп, текке арамтер бола берме!  

Мұнайдар БАЛМОЛДА
Орал қаласы
«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406