Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5597 0 пікір 30 Шілде, 2009 сағат 09:29

Украин журналисінің бас сүйегі табылды

2000 жылы күзде Украинаның оппозиционер журналисі Георгий Гонгадзе қастандықпен өлтірілген болатын. Жақында Украин құқық қорғаушылары журналистің бас сүйегінің сынықтарын тапты. Бас сүйектің қайда жатқанын осы іске байланысты тұтқынға алынған Украин ІІМ-нің бұрынғы генералы Алексей Пукач көрсетті.

Денесінен бөлініп алынған бастың қалдықтары Киев облысының Белоцерковь ауданынан табылды. Көмілген жердің үстінен жол салынған. Украина Бас прокуратурасының айтуынша жол салуға қатысқан ауыр техникалар бас сүйекті қиратып кеткен секілді. Бірақ осы сынықтарының өзін идентификациялап кімдікі екенін тап басуға болады.

2000 жылы күзде Украинаның оппозиционер журналисі Георгий Гонгадзе қастандықпен өлтірілген болатын. Жақында Украин құқық қорғаушылары журналистің бас сүйегінің сынықтарын тапты. Бас сүйектің қайда жатқанын осы іске байланысты тұтқынға алынған Украин ІІМ-нің бұрынғы генералы Алексей Пукач көрсетті.

Денесінен бөлініп алынған бастың қалдықтары Киев облысының Белоцерковь ауданынан табылды. Көмілген жердің үстінен жол салынған. Украина Бас прокуратурасының айтуынша жол салуға қатысқан ауыр техникалар бас сүйекті қиратып кеткен секілді. Бірақ осы сынықтарының өзін идентификациялап кімдікі екенін тап басуға болады.

Георгий Гонгадзе саяси көзқарастары үшін құрбан болған. Оның денесі жоғалып кеткен соң көп ұзамай Киев облысының аумағындағы орманнан табылған. Ал басының қайда кеткені туралы мәлімет күні бүгінге дейін жоқ болатын. Тергеушілер бастың қайда жатқанын тап басып көрсеткен Пукач Гонгадзені тікелей өзі өлтірген болуы ықтимал. Ондай жағдайда тапсырыс берушінің кім екенін білуі тиіс. Бірақ әзірге күдікті шындықты мойындамай отыр. Бұған дейін осы іске қатысы бар деп Украинаның бірқатар жоғары лауазымды тұлғаларының аттары аталып келген. Тіпті, қылмыс болған соң көп ұзамай Мемлекеттік күзеттің экс-майоры Николай Мельниченко сол кездегі ел президенті Леонид Кучманың кабинетінде жазылып алынған деп аудиотаспаны жарыққа шығарды. Онда президент журналистің көзін құртыңдар деп бұйрық берген. Алайда, тергеушілер сараптамадан өтпегендіктен аудиотаспаны куәлікке жарамайды деп бұрынғы президентті қылмыстық істің қатысушысы ретінде қараған жоқ.

Ал былтыр Украина ІІМ-нің Сыртқы бақылау және криминальдық барлау қызметінде жұмыс істеген үш адам - полковниктер Валерий Костенко мен Николай Протасов және майор Александр Попович тұтқындалған. Оларға журналистің өліміне қатысы бар деп айып тағылған. Ал бұрынғы генерал Алексей Пукач қашып кеткен еді. Сондықтан тапсырыс берушінің кім екенін анықтау мүмкін болмаған. Енді бүкіл елді шулатқан қанды оқиғаның ұйымдастырушысы кім екені белгілі болатын күн жақын. Николай Мельниченко былтыр желтоқсан айында жоғарыда аталған аудиотаспаны Бас прокуратураның сараптамасына тапсырған болатын. Оның нәтижесі де белгілі болатын күн жақын.

Сегіз жыл өтсе де бұл істің әлі жұрт назарында болуы қылмысты іске жоғары лауазымды тұлғалардың тікелей қатысы болуынан. Егер тергеу ісі әділеттілікпен жүргізілсе таяуда Украинада жоғары шенді қызмет атқарған талай мықтылар жазаланатын әрі үлкен саяси әңгіменің өзгеніне айналатын сот отырысы болуы ықтимал.

Жалпы әлемде журналистердің қастандықпен өлтірілуі толастамай отыр. Кейбір сараптамаларға қарағанда көп жағдайда қайғылы оқиғаға тұрмыстық кикілжіңдер себеп болады екен. Сондықтан да Георгий Гонгадзенің өлімі осыншама айғай-шу тудырып отыр. Әрі бұл Украин қоғамының табанды талап етуімен жүзеге асырылып жатқан шара. Біздің елімізде де, өкінішке орай, саяси көзқарастары үшін құрбан болған журналистер мен саясаткерлер аз емес. Ешқайсысының өлімдерінің себебі толық ашылған жоқ. Бұл да болса біздің қоғамдағы жабықтықты, демократияның әлсіздігін көрсетсе керек.

2008 жылы әлем бойынша 60 журналист өлтірілен. Бұл туралы «Шекарасыз репортерлар» ұйымы биылғы баяндамасында айтады. 2007 жылы көосеткіш 87 болатын. Бұл көптеген елдерде сөз бостандығын шектеу соңғы жылдары белең алып бара жатқанын көрсетеді. БАҚ үшін ең қауіпті елдердің қатарында Ирак (15 журналист өлтірілген, Пәкістан (7) және Филипинны (6) аталады. Тұтқынға алу жөнінен Африка алда. Ирак пен Қытайдың билік орындары көптеген журналистердің жұмысына кедергі келтірген. Қытайда Пекин Олимпиадасы кезінде спорттық дау-дамайды жазған 38 тілші тұтқындалған. Сондай-ақ, интернетке қойылып жатқан шектеу де журналистикаға көрсетілген қысым ретінде бағалануда.

 

 

Бек Датұлы. «Абайинформ»

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1969