Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3044 0 пікір 18 Қаңтар, 2013 сағат 10:16

Арыстардың ату жазасынан аман қалуы мүмкін бе?

1. Тарихшылар Мағжан Жұмабаев пен Сәкен Сейфуллиннің қай жылы қайтыс болғанын әлі де нақты біле алмай отыр. Оған соңғы жылдары айтылып жүрген әңгімелер себеп болуда. Кейбір көзкөргендердің айтқанына сенсек, арыстарымыз 1938 жылы атылмаған. Қылышынан қан тамған кезеңде НКВД-ның оларды тірі қалдырып қоюы мүмкін бе? 2. Бауыржан Момышұлы өзінің естелігінде 1948 жылдар шамасында Сібір жерінен Мағжанды көргенін жазады. Ал Мағжанмен айдауда бірге болған Абдулла ақсақалдың айтқанына сенсек, ақын 1951 жылдың қаңтар айында қайтыс болған. Сондай-ақ Сәкенді Магадан жерінен көргендер де бар екен. Дұрысы қайсысы?3. Олардың қай жерде жерленгені анықталды ма? Хамит Болатұлы, Батыс Қазақстан облысы
Оқырманның бұл сауалына белгілі сә­кен­танушы, филология ғылым­дары­ның док­торы, профессор Тұрсынбек Кәкішев жауап береді.

1. Тарихшылар Мағжан Жұмабаев пен Сәкен Сейфуллиннің қай жылы қайтыс болғанын әлі де нақты біле алмай отыр. Оған соңғы жылдары айтылып жүрген әңгімелер себеп болуда. Кейбір көзкөргендердің айтқанына сенсек, арыстарымыз 1938 жылы атылмаған. Қылышынан қан тамған кезеңде НКВД-ның оларды тірі қалдырып қоюы мүмкін бе? 2. Бауыржан Момышұлы өзінің естелігінде 1948 жылдар шамасында Сібір жерінен Мағжанды көргенін жазады. Ал Мағжанмен айдауда бірге болған Абдулла ақсақалдың айтқанына сенсек, ақын 1951 жылдың қаңтар айында қайтыс болған. Сондай-ақ Сәкенді Магадан жерінен көргендер де бар екен. Дұрысы қайсысы?3. Олардың қай жерде жерленгені анықталды ма? Хамит Болатұлы, Батыс Қазақстан облысы
Оқырманның бұл сауалына белгілі сә­кен­танушы, филология ғылым­дары­ның док­торы, профессор Тұрсынбек Кәкішев жауап береді.
1. Мағжан мен Сәкеннің өліміне қатысты түрлі алып-қашпа әңгімелер бар. Меніңше, ауыз толтырып айтарлық нақты дерек болмаса, мұндай әңгіме­лерді құр даурықтырудың реті жоқ. Кез келген ғалым дәйексіз айтылған сөзге дерек деп қарай алмайды. Яғни тарих­шыларымыз бен әдебиетшілеріміз, өзге де сала зерт­теушілері нақты фактімен сөйлеуі тиіс. Өйткені тарихта қазақтың «дейді екеніне» және «солай болған екен» деген сөзіне құрылған екіұшты әң­гімелер көптеп кез­деседі. Мұндай ауы­зекі әңгімелердің көп­тігі сондай, тіпті соңында шыны мен өтірі­гін ажы­рата алмай қалып жатамыз. Сондықтан бұған сақтықпен қараған жөн. Мұра­ғаттағы жазбаларға сенбей, ауызекі әңгімелерге бой алдыруға болмас. Дұрыс, біз өзіміздің ардақтылары­мыздың тарихтан сызылып қалуын іштей қаламаймыз, оларға қимастықпен қа­раймыз. Ел тұлғаларының сүйегінің қай жерде қалғанын біліп, лайықты құр­мет көрсеткіміз келеді. Мұндай ние­­тіміз әб­ден дұрыс-ақ. Бірақ қанша қи­маға­ны­мыз­бен, шолақ режим олар­дың өмірін қиды. Көзін жойып, ардақ­ты­ларымыздың ар­тында тұяғы да қал­мады. Тарихтан сызды, халық жауы етті. Олардың өзі тұрмақ, жаз­ған туын­дыларын да жапты, өртеді. Атын атаған­дарды соттады. Яғни рухани тұрғыда өлтірді емес пе?! Олардың қай күні дү­ние­ден озғаны тарих үшін қажет. Бірақ бүгінгі қоғамның тіршілігіне қажет пе? Одан да арыстарымыздың Кеңес өкі­меті өшірген туындыларын қайта тіріл­тейік. Зерттеп, әдебиеттегі беделін кө­те­­рейік. Кейінгі ұрпаққа олардың мұра­сын қалдыру бүгінгі күннің басты парызы емес пе?! Кез келген зерттеуші қағазға түскен дерекке шындық деп қарайды. Ал реп­рес­­сия жылдарындағы құжаттарға сен­сек, екі арысымыз да ату жазасына кесіліп, бұл қатал үкім көп кешікпей орындалған. Мысалы, Сәкен Сей­фул­лин­ді 25 ақпан күні небары 20 минутта соттап, ату жаза­сына кескен. Шыға­рылған үкім екі сағат­тан соң іске асқан. Бұдан НКВД жанал­ғыштарының зиялыларымызды тірі қал­дыруға мүд­делі болмағанын анық кө­ру­ге болады. Осы ресми құжаттарда «ха­лық жауы» деген жала жабылған жандар­дың қай күні атылғаны және қай сағатта үкімнің орындалғанына дейін көрсетілген. Ғалымдар көбіне сол дерекке жүгін­еді.
2. Негізі, Сәкен мен Мағжанды «көр­­дім» деушілер көп. Бірақ жоғарыда айтқа­нымдай, нақты дәлелсіз бірдеңені болжап білу мүмкін емес. Сол бір қиын жылдары қазақ жерінен айдауға кет­кен­дер, ауыр жұмысқа жегілгендер аз болған жоқ. Дерекке жүгінсек, біздің елден 105 мың адам ұсталған. Соның 22 мыңы ату жаза­сына кесілген. Мүмкін, сол қазақтың ара­сынан өзін «мен мына ақынмын», «осындай жазушымын» деп таныстыр­ғандар болды ма, кім кім білсін? Ол жағы бізге беймәлім. Ал осындай беймәлім­сіздіктің жанында ылғи да үлкен күмән қатар тұрады. Сондай-ақ арыстарымыздың есімімен жұрт жақсы таныс болғанымен, ол кезде көпшілік олардың түрін түстеп білген жоқ. Демек, арыстарымызды жұрт дұрыс танымауы да мүмкін ғой. Міне, сол себепті де бұл әңгімелердің ақиқатына жету қиын. Ескеретін тағы бір жайт, олар­дың тірі жүргеніне дәлел болатындай Сәкен мен Мағжанның 1938 жылдардан кейін жазылған тың туындылары да та­был­ған жоқ.
Тарихи шындыққа негізделмеген сөз ешуақытта пәтуәлі болмайды. «Мен көрген едім», «білген едім» деушілердің сөзіне нақты дерегі болмағандықтан, ақиқат деп қарай алмаймыз. Иә, Сәкен мен Мағжан біз үшін қымбат адамдар. Бірақ қалай болғанда да оларды Кеңес өкіметі қоғамнан аластатты. Содан кейін тұлғаларымыз әдебиетке қайта айналып соққан жоқ.
3. Арыстарымыздың қай жерде жер­ленгені беймәлім. Кеңес өкіметі оларға ақын екен немесе жазушы екен деп қара­мады. «Халық жауы» деп атылған оларды шұңқырларға тоғытып тастай берген ғой. Сол себепті де бүгінгі күні олардың нақты қай жерде жатқанын анық білу мүмкін емес.

Дайындаған
Сабина ЗӘКІРЖАНҚЫЗЫ

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394