Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5272 0 пікір 28 Қаңтар, 2013 сағат 09:51

ӘБДІЛХАМИТ НАРЫМБЕТОВТЫҢ 85 жылдық мерейтойына арналған «Әдебиет шежіресі: өткені, бүгіні, болашағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

 

Сіздерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитеті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты көрнекті әдебиеттанушы-ғалым, сыншы, шежіреші, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор ӘБДІЛХАМИТ ҚУАНҰЛЫ НАРЫМБЕТОВТЫҢ 85 жылдық мерейтойына арналған «Әдебиет шежіресі: өткені, бүгіні, болашағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференцияда Әбділхамит Нарымбетовтың «Әдеби өмір шежіресі» атты кітабының 6, 7 томдарының және «Әбділхамит Нарымбетов туралы естеліктер» кітабының тұсаукесер рәсімі болады.

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Уәлихан Қалижанұлы Кіріспе сөзінде конференцияның тағылымы мен ғылымға еңбегі сіңген ардагер ғалымның өмірі мен шығармашылығына тоқталады.

 

Сіздерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитеті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты көрнекті әдебиеттанушы-ғалым, сыншы, шежіреші, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор ӘБДІЛХАМИТ ҚУАНҰЛЫ НАРЫМБЕТОВТЫҢ 85 жылдық мерейтойына арналған «Әдебиет шежіресі: өткені, бүгіні, болашағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференцияда Әбділхамит Нарымбетовтың «Әдеби өмір шежіресі» атты кітабының 6, 7 томдарының және «Әбділхамит Нарымбетов туралы естеліктер» кітабының тұсаукесер рәсімі болады.

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Уәлихан Қалижанұлы Кіріспе сөзінде конференцияның тағылымы мен ғылымға еңбегі сіңген ардагер ғалымның өмірі мен шығармашылығына тоқталады.

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Тәуелсіздік дәуірдегі әдебиет және көркем публицистика бөлімінің бас ғылыми қызметкері, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Қирабаев Серік Смайылұлы «Ғылымды сүйген адам», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитеті Ғылым ордасы Орталық ғылыми кітапхананың директоры Қаймақбаева Қарлығаш Ескендірқызы  «Библиограф ғалым», М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Тәуелсіздік дәуірдегі әдебиет және көркем публицистика бөлімінің бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Елеукенов Шериаздан Рүстемұлы «Әдебиеттанудың ерен еңбекторысы», Сүлейман Демирел атындағы университеттің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ысқақұлы Дандай «Әдебиет тарихын зерттеуші», әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Тілепов Жұмат Тілепұлы «Шежіреден сыр шерткен», Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақ әдебиеті және журналистика кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Тебегенов Темірхан Сахаұлы «Ұлттық поэзия поэтикасының көрнекті зерттеушісі», заведующая отделом Аналитики и внешних литературных связей Института литературы и искусства им. М.О.Ауэзова, кандидат филологических наук, доцент Ананьева Светлана Василиевна «Пример беззаветного служения науке и литературе», М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Тәуелсіздік дәуірдегі әдебиет және көркем публицистика бөлімінің бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Орда Гүлжаһан Жұмабердіқызы «Қалижан Бекхожин поэзиясын зерттеуші» деген тақырыптарда баяндама жасап,

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Ежелгі дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Қосан Серікбай Қылышбайұлы «Жайық мінез Әбекең» атты арнау өлеңдерін оқиды.

Конференция 2013 жылдың 29 қаңтарында «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының мәжіліс залында өтеді (Алматы қаласы, Төлебаев көшесі, 185). Басталуы сағат: 11 00-де

Ұйымдастыру комитеті

Байланыс телефондары:

8(727)272-74-11;

8(727)261-75-33

факс:    8(727)272-79-43

8(727)272-79-83

 

 

Әбділхамит Қуанұлы Нарымбетов

(1928-2008)

 

Әбділхамит Қуанұлы Нарымбетов 1928 жылы қаңтар айында Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында туған. Оралдың А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтын бітіргеннен кейін 1948-51 ж.ж. ҚР Ғылым академиясының Тіл және Әдебиет институтының аспирантурасында оқыды. Ғалымның бұдан кейінгі бар өмір жолы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен тығыз байланысты. Институтта кіші ғылыми қызметкер (1951-58), аға ғылыми кызметкер (1958-85), бөлім меңгерушісі (1985-95) қызметтерін атқарды. Қазіргі уақытта институттың Бас ғылыми қызметкері, Ш.Уәлиханов сыйлығының иегері (1985), профессор (1995), «Жаңақала ауданының құрметті азаматы» (1990).

Ә.Нарымбетовтың 1948 жылдан бергі еңбек жолы аталған институттың тарихымен тікелей байланысты. Оның ғылымдағы өсу жолы осы институттың қалыптасу, дамуымен ажырамас бірлікте. Институттың аспирантурасында жүргенде ол Қазақ ССР ҒА-ның корреспондент мүшесі, филология ғылымының докторы, профессор Қ.Жұмалиевтің жетекшілігімен кандидаттық тақырып бойынша зерттеу жұмысымен айналысады. 1954 жылы «20-30 жылдардағы қазақ поэмасы» деген тақырыпта кандидаттық, 1974 жылы "Қазақ кеңес поэмасының даму жолдары мен проблемалары" атты тақырыпта (ғылыми кеңесшісі - академик М.Қаратаев) докторлық қорғады. Бүкіл саналы ғұмырын ұлт әдебиетінің өсіп-өркендеуіне арнаған ғалымның еңбектері қашан да ұмытылмақ емес.

Ол - әдебиеттің түрлі проблемаларына арналған 40-тан аса әдеби сын, зерттеу, монографиялардың және 400-ден аса мақалалардың авторы. Оның қаламынан туған «Қазақ совет әдебиеті»(1970), «Дәуір және поэзия» (1970), «Қазақ совет поэмасы елу жылда» (1970), «Қазақ совет поэмасы» (1977), «Қазіргі қазақ поэмасы» (1982), «Қалижан Бекхожин творчествосы» (1983), «Қалижан Бекхожин» (1993) , «Ғасыр сыры» (2008)   атты зерттеулері мен «Қазақ әдебиеті» библиографиясының 5 томы (1917-1966) атты библиографиялық көрсеткіштері мен «Сәкен Сейфуллин» (1965), «Ғабит Мүсірепов» (1973, 1975, 1979, 1994, 2002), «Зейнолла Қабдолұлы Қабдолов»  (2002), «Шериаздан Елеукенов» (2004), «Серік Смайылұлы Қирабаев» (2007), «Мүсілім Базарбайұлы Базарбаев» (2007) атты библиографиялық көрсеткіштері және «Әдеби өмір шежіресінің» (1917-1996) 5 кітабы, «Қазақстан Жазушылар одағына 60 жыл» (1994), «Қазақстан Жазушылар одағына 70 жыл» (2004) атты әдеби өмір шежірелері - бүгінгі әдебиеттану ғылымына қосылған мол қазына.

Аталған зерттеулердің ішінен үлкен орын алатыны - қазақ поэмасы туралы еңбектер. Ғалым Қазан төңкерісінен бергі қазақ поэмасының қалыптасу, даму, өсіп-өркендеуін үздіксіз зерттеп келеді. «Қазақ әдебиеті тарихының» 7-8-9-10 томдарына жазған (1917-2001 жылдар аралығын қамтитын) «Қазақ поэмасы» атты шолу тараулары - ғалымның еліміз егемендік алған тұста жаңаша көзқараспен жазылған еңбектері. Ол қазақ поэмасын тыңғылықты зерттеуде үлкен жетістікке жетті. Ғалымның қазақ поэмасы жөніндегі тың тұжырымдары мен соны пайымдаулары - қазақ әдебиеттану ғылымына қосылған бірден-бір үлес.

Ғалымның аталған еңбектерінің ішінде әдебиеттану ғылымынан үлкен орын алатын - Қалижан Бекхожин шығармашылығы туралы зерттеулері. «Қалижан Бекхожин творчествосы»(1883), «Қалижан Бекхожин» (1993) атты еңбектері ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосқан дарын иесі Қалижан Бекхожиннің шығармашылығына арналған. Ұлт әдебиетінің поэзия, драма, публицистика (көсем сөз), сын, әдебиеттану, аударма салаларына ұзақ жылдар бойы қомақты үлес қосқан көрнекті ақынның негізі жанры поэзия болса, ғалым осы жанрды өз ішінен лирика және поэма деп бөледі де осы арқылы эпик ақынның қазақ поэзиясына қаншалықты үлес қосқанын көрсетеді. Мұнда ақын шығармашылығы жалаң сөз болмай, өз замандастарының туындыларымен салыстыра зерттелудің арқасында сол тұстағы әдеби қозғалыстың дамуы, өрлеу жолы да сараланған. Бұл зерттеуде эпик ақынның шығармашылық өсу жолы оның ірі-ірі туындылары негізінде  срапталған. Шығармалардың ескі және жаңа нұсқасын салыстыру негізінде ғалым көп жетістікке жеткен.

Ә.Нарымбетовтің әдебиеттану ғылымындағы келесі бір үлкен еңбегі - библиографиялық көрсеткіштері мен әдеби өмір шежіресі. Библиографиялық көрсеткіштің өзін өз ішінен екі топқа бөлуге болады. Біріншісі, қазақ әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші, екіншісі, жекелеген ақын-жазушылардың, әдебиеттанушы ғалымдардың биобиблиографиясы. Алғаш рет библиография ғылымы бойынша 1958 жылы «Қазақ совет әдебиетінің очеркі» атты кітапта қазақ әдебиетінің библиографиясын жариялаған ол жарты ғасырдай уақыт осы саламен тұрақты айналысып кәсіби маман ретінде танылды. Әдебиеттану, сын және өнерге арналған қазақ, орыс тілдеріндегі библиографиялық көрсеткіштің 1-томы «Қазақ совет әдебиеті» (1917-1940), «Қазақ совет әдебиеті» 2-томы (1941-1955) 1986 жылы «Қазақ әдебиеті» деген атпен 3-томы (1956-1960) 1997 жылы, 4-томы «Қазақ әдебиеті» (1961-1964) деген атпен 1997 жылы, 5-томы «Қазақ әдебиеті» (1965-1966) жарық көрді. Аталған көрсеткіштерге сол кезеңдерде баспа бетінде жарияланған әдебиет пен өнер жайындағы көпшілік, ғылыми-теориялық сын мақалалар, кітаптар енді.

Осы тұрғыда ол М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында жасалған 10 томдық «Қазақ әдебиеті тарихының» кеңестік дәуірі мен  тәуелсіздік кезеңін қамтитын (7, 8, 9, 10 томдардың) 4 томының "Библиографиялық көрсеткішін"  жасады. Ғылымның бастауы библиография болса, бұл көрсеткіштер - әдебиеттанушы ғалымдардың, мәдениет және баспасөз қызметкерлерінің, мұғалімдер мен ізденушілердің, аспиранттар мен студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарына бірден-бір қажет  көмекші құрал. Академиктер Зейнолла Қабдоловтың сөзімен айтсақ «библиография - ғылымның компосы» болса, Серік Қирабаев «Библиография - ғылымның фундаменті» дейді.

Осы саладағы еңбектің бірі - жекелеген ақын-жазушылардың, әдебиеттанушы ғалымдардың өмірі мен шығармашылығына арналған биобиблиография. Бұл тұрғыда ғалым «Сәкен Сейфуллин», «Ғабит Мүсірепов», «Зейнолла Қабдолұлы Қабдолов», «Шерияздан Рүстемұлы Елеукенов» (Д.Омарбековамен бірге), «Махамбеттану» (К.Аймұхамбетова, А.Нұрсейітовамен бірге), «Серік Смайылұлы Қирабаев», «Мүсілім Базарбайұлы Базарбаев» (Г.Ордамен бірге). Қазақ әдебиеттану ғылымында кейінгі жылдары ғалымның бастамасымен әдебиеттануға еңбегі сіңген әдебиеттанушы ғалымдардың да биобиблиографиясы жасалып жүр.

Ә.Нарымбетов - әдебиет тарихшысы. Ол - 6 томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы», 3-томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» (орыс тілінде), 6 томдық «Көп  ұлтты кеңес әдебиетінің тарихы» (Мәскеу), 10 томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты ұжымдық еңбек авторларының бірі. Аталған еңбектің 8-томына «Тайыр Жароков»,  «Қалижан Бекхожин», 9-томына «Қадыр Мырза-Әлі»  атты монографиялық тараулары енді.  Сонымен бірге ол - ХХ ғасыр әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші мен әдеби өмір шежіресін жасаған шежіреші ғалым (7-8-9-10 томдар).

60-жылға жуық әдебиеттану ғылымына белсене араласқан ғалым қаламынан туған еңбектер ұлттық әдебиеттің әртүрлі мәселелерін сөз етті. С.Сейфуллин, Ғ.Мүсірепов шығармалары, «Халық әдебиеті» кітапханасын текстологиялық сүзгіден өткізіп, құрастырып жариялатты.

Профессор Ә.Нарымбетов жылдар бойы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік ұлттық университеті жанындағы филология ғылымының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Диссертациялық Кеңестердің мүшесі ретінде 10 ғылым кандидатын, 3 ғылым докторын тәрбиелеп шығарды. Ә.Нарымбетов 1980 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. КСРО медальдары және Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Төралқасының Құрмет грамотоларымен, 2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» атты мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасының құрмет грамотасымен марапатталады.

М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер

институтының бас ғылыми қызметкері,

филология ғылымдарының докторы Гүлжаһан ОРДА

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5339