«Қара тізімдегі» үш қылмыскер
«Интерпол» Халықаралық полициясының қырына қазақстандық 55 адам іліккен. Олардың арасында халықтың ақшасын аяусыз тонап, Швейцария асып кетен Виктор Храпунов және оның бизнеске жақын әйелі Ләйлә Храпунова, «БТА банкін» тақырға отырғызып, миллиардтаған ақшаны жымқырған Мұхтар Әбілязов та бар. Айта кетейік, әлемге «қазақстандық олигарх» атымен танылып жүрген Рахат Әлиев те бұған дейін «Интерполдың» назарына іліккен еді. «Қара тізімдегі» үшеуге тек Қазақстан тарапы емес, бүкіл әлем көз салып отыр десек, артық айтпаспыз.
«Интерпол» Халықаралық полициясының қырына қазақстандық 55 адам іліккен. Олардың арасында халықтың ақшасын аяусыз тонап, Швейцария асып кетен Виктор Храпунов және оның бизнеске жақын әйелі Ләйлә Храпунова, «БТА банкін» тақырға отырғызып, миллиардтаған ақшаны жымқырған Мұхтар Әбілязов та бар. Айта кетейік, әлемге «қазақстандық олигарх» атымен танылып жүрген Рахат Әлиев те бұған дейін «Интерполдың» назарына іліккен еді. «Қара тізімдегі» үшеуге тек Қазақстан тарапы емес, бүкіл әлем көз салып отыр десек, артық айтпаспыз.
Ақша тонау, адамдарға әлімжеттік көрсету бойынша айыпталған 50 жасар олигарх Рахат Әлиевтің айналасындағы дау-дамай басылар емес. Жуырда rg-rb.de сайтында қазақстандық экс-саясаткерге қатысты бірқатар тың ақпараттар жарық көрді. Рахат Әлиев соңғы екі жылда жаңа отбасымен Мальтада өмір сүріп жатыр. Айта кету керек, табиғаты келіскен Мальтада тұруға Австрия тарапы рұқсат берген еді. Ал Әлиевтің қолынан зардап шеккен азаматтардың құқығын қорғап жүрген берлиндік Лотар де Мезьер есімді құқыққорғаушы Әлиевті құрықтай алмай әлек. Әйткенмен, Мальта билігі неміс құқық қорғаушысының барлық сұранысына тіл қатпай келген. Басты себеп - Мезьер мырзаның өтініші аралды мемлекеттің заңдық талаптарына сай келмейді-міс. Десек те, жақынарада аталмыш жағдай өзгеше өрбитін сияқты. Өткен айдың басында Мальтаның премьер-министрі Лоуренс Гонци Әлиевтің аралды мекендеуі қаншалықты заңды екенін тексеретінін айтып, Германияның канцлері Ангела Меркельге уәде берген еді. «Мәселенің қаншалықты ушыққанын жақсы білемін, Мальта тарапы бұған бей-жай қарамайды» деген премьер сол сәтте. Бірер айдан соң Мальтада кезектен тыс парламент сайлауы басталмақ. Дәл осы саяси науқанның кезінде Рахат Әлиевтің жағдайы ушыға түсуі мүмкін. Премьер Генци Әлиев ісіне қатысы бар барлық азаматтарды тергеуге қатысуға үндеп отыр. Ал германияда 2011 жылдың наурыз айынан бері Әлиевке ақша бопсалады деген айып тағылды. Қылмыстық іске Крефельд қаласының маңында орналасқан Metallwerke Bender Rheinland GmbH метталургиялық компаниясы түрткі болған. Рахат Әлиев аталмыш компанияны Armorial Trading фирмасы арқылы сатып алыпты. Крефельд прокуратруасы Әлиевке тиесілі неміс компаниясы адамдардан ақша бопсалап, заңсыз әрекеттерді жүзеге асыру үшін жұмыс істеген деп күдіктенеді. Bender компаниясы арқылы 9,45 миллиона еуро бопсаланған. Бір айта кетерлігі, аталмыш сома Әлиев Австраиядағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі болған тұста бопсаланған екен. Тіпті, сол кездерде Рахат Әлиев адамдардан миллиардтап ақша соратын фирмаларды ашқан. Енді Германия тарапы Әлиевті тергеуге алуды көздеп отыр. мальталықтардың мәселенің мән-жайын тексеруге алғанын ескерсек, Рахат мырзаға тықыр таянғаны анық. Әйткенмен Лондонда Әлиевті жақтаушы топ құрылып, қазақстандық олигархты экстрадициялауға барынша бөгет болып отыр.
«Қара тізімге» қос құда Мұхтар Әбілязов пен Виктор Храпунов та енді. Өткен жылы Алматының экс-әкімі Виктор Храпунов «Алматының әкімі болған тұста да, министр тағында отырғанда да мен ешбір қаражат жинаған емеспін. Швейцариялық есеп-шотым болған емес, қазір де жоқ. Отбасының байлығы - әйелімнің жиған-тергені. Ол Қазақстанда белгілі кәсіпкер болған. Екі балам да бізге тәуелді емес. Мәселен, ұлым Ілияс жылжымайтын мүлік саласындағы беделді кәсіпкер» деп ағынан жарылған еді швецариялық басылымға берген сұхбатында. Деректерге сенсек, 2009 жылы Храпунов мырза Швейцариядағы байлардың тізіміне енген экс-әкімнің байлығы 300-400 миллион франк болған. Бұл шамамен, 288,5-384 миллион долларды құрайды екен. Ал Швейцарияның RTS телеарнасының таратқан ақпаратына жүгінсек, швейцариялық билік Виктор Храпунов пен оның отбасының банктердегі есеп-шоттарын түгел жапқан. Ол ол ма, енді швейцариялық прокуратура Храпуновты тергеуге алып, 323 миллион долларлық қаржы қайдан келгенін сұрап, тергеуге алмақ. Енді «Интерпол» Храпуновты «қара тізімге» енгізді. Экс-әкім һәм саясаткер Храпунов пен оның бизнеске жақын әйелі Ләйлә ханымның басына қара бұлт үйірілді. Швейцарияда Храпуновтер отбасы ғана емес, 7 миллиард теңгені қалтасына басып, шетелде тайраңдап жүрген Мұхтар Әбілязов та жасырынып жүр деген ақпарат бар. «Le Monde» басылымы қос құдаға қатысты тағы бір ақпаратты жария етті. «2012 жылдың ақпан айында британдық сот Мұхтар Әбілязовты Ұлыбританияда сатып алынған 40 миллион долларлық қос мүлік жөнінде жалған ақпарат таратты деген айыппен 22 айға түрмеге тоғыту туралы шешім шығарған. Әйткенмен Әбілязов қашып тынды. Ұзынқұлаққа сенсек, Мұхтар мырза Швейцарияда бой тасалап жүр. Бұл өз кезегінде швейцариялық билікке тағы бір «тосын сый» жасалып, Швейцарияны жаңа айыптаулар мен әшкерілеу күтіп тұрғанын аңғартса керек» деп жазылған «Le Monde» басылымында. Шамасы Әбілязов құдасы Виктор Храпуновты паналап жүрсе керек.
Швейцариядағы есеп-шоты түгел жабылған Виктор Храпунов, Ұлыбритания сотынан қашып жүрген Мұхтар Әбілязов, Мальта мемлекетіне дауға қалдырған Рахат Әлиев өздерін тағы масқара етуде. Енді «Интерпол» «үш қылмыскердің» тиісті жазасын беруді көздеп отыр.
Бекарыс БАҚЫТ
"Айқын" газеті