Жұма, 22 Қараша 2024
Күбіртке 3936 4 пікір 15 Желтоқсан, 2022 сағат 13:58

Немересіздік зары – проблемаға айналып келеді

Қазір ұлы жоқ отбасылар – қазақ халқының 25-30% құрап отыр. Бұны әлеуметтанушылар – ұлттық трагедияға айналдырып, отбасылық үлкен проблема деп санайды. Олардың қыздан туған жиендерін «немерем» деп атауларын көпшілік қауым: «қателік, оттапты «қазақта бұндай үрдіс болмаған» деп БАҚ бетінде мақала үстіне мақаланы өрбітіп, онсыз да жүрегі қаяулы жандардың ішкі дүниесін жаралауда.

Халқымыздың отбасылық дәстүрінде баласы жоқтар інісі не ағасының баласын бауырына салып алады. Ал, қызы бар, ұлы жоқтар ше!? Бабаларымыз осы мәселені қалай шешкен?..

Қазақ ұлы жоқ отағаларының ұлды болуын этнографтарға ашып сөз етпейді. Иә, әр ұлттың дәстүрінде зерттеуші ғалымдарға ашып айтуға болатын және мүлдем тіс жаруға болмайтын дүниелер бар. Соның бірі – қызы жоқтың өз «жиенін» ұрпағына айналдыру дәстүрі – «Таға//Тағалық». Оның жұрт арасында ашық сөз етілмеуі: біріншіден – бұл шежіредегі ең құпия қол тигізе түрілуді қажет етпейтін жібек шымылдық. Екіншіден – өз ұрпағымда кейін біреу осы жағдайды бастан кешуі ықтимал деген ырымшылдық. Сонда да, осы тақырыптың шет жағасын білетін тарихшы ағамыз, «монархист» белсенді тұлға осыған қатысты біраз дүниелерді ортаға салды.

Ұлы барлар жиендері үшін «нағашы» делінсе, ұлы жоқтар «таға» деп аталады. Осы соңғысы өзбекте «Таға//Tog‘a» ұғым-түсінігін білдіреді. Қазақта керісінше тіл ғылымында бұл жергілікті ерекшелігі бар диалекті сөз атанса,  салт-дәстүрімізде қызының ұлын өз баласына айналдырудың атауы деп танылады. Тағасының тегін иеленген бала, өсе келе, өз тағасының не ағасының, не інісінің немере қызына үйленіп сол тұқымға толық сіңеді. Осылайша бұрынғы 100 пайыз әкелік қан 100 пайыз нағашылық қанмен араласады.

Ата-бабамыз қызы бар, ұлы жоқтардың тегін сақтап қалуда осындай қадамға барған. Осы дәстүрді қазақ халқының 25-30% құрап отырған отбасылардың отағалары мен отаналары әрі қарай жалғастыра ма? Бар мәселе осыған келіп тіреліп отыр. Бұл қадамға немересіз топ жаппай бара ала ма?

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1453
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3217
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5257