Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3502 0 пікір 12 Тамыз, 2009 сағат 13:17

Шәмші көшесінде Шри Чинмой әуені ойнайды

Барлығы Шәмшінің көшесіндегі (бұрынғы Скулкин көшесі - ред.) дәмханалардың бірінен басталды. Мұнда даяшы әйелдер үндінің ұлттық киімі - сариге оранған. Дәмхананың тағы бір ерекшелігі тағамға ет атаулыны пайдаланбайды.

Жолымыз түсіп, осында бас сұққанбыз. Көзі қырағы жанға мұндағы ерекшелік бірден байқалады. Түптеп келгенде оның сыры тереңде жатса керек. Даяшы апай шай ұсынды. Әрине, үндінікі. Тістейтін тәттісі және бар. «Шайдың суы ерекше әдіспен тазартылған» деп «жарнамасын» жасап бақты. «Ішіп жүргеніміз бір су ғой, бір құбырдан ағатын» деуіміз мұң екен, даяшы әйел өзінің сөзіне сену керектігін ескертті. Сендік делік...

Мұнда қабырғадағы суреттер (бұл туралы сәл кейін - ред.) де бір қарағанда көз тартады, ойнап тұрған музыка да тегін емес. Тіпті, әдетте, тағамдар самсап тұратын жабық әйнек-сөреде (витрина) дискілердің толып тұрғанын байқадық. Зерделеп қарасақ, қорабында Шри Чинмойдың келбеті сомдалыпты. Сұрастырып едік, кафедегі ойнап тұрған әуен де Шри Чинмой деген үнділіктікі екен...

Таяуда ғана қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың есімі берілген көшедегі дәмхананың үндістандық Шри Чинмой мен оның әуеніне қандай қатысы бар екен?!

«Псевдоиндустік» дегені не?

Сонымен... ақпарат көзі ретінде бүкіләлемдік ғаламторды сүзіп шыққан едік. Шри Чинмой жөніндегі ақпараттан кенде емес екен. Мысалы, әулие Ириней Лионскийдің ақпараттық-кеңес беру орталығында Шри Чинмой Тантра-Сангха, Кришнаиттер, ТМ, Ананда марга, Саи Баба секілді псевдоиндуистік секталар мен культтердің қатарынан орын алыпты. Ал, ресейлік сайттардың бірінде Омскідегі орталықта (мүшесі 1000-ға жуық делінген) жаңадан келіп жүргендерге аптасына бір рет, өзгелерге екі реттен жиналыс өткізілетіні айтылыпты. Жиналғандар ән айтып, Шри Чинмойдың шығармаларын тыңдайды екен. Рухани тақырыптарға әңгіме қозғайды. Сондай-ақ орталыққа толық мүше болу үшін абсолютті вегетариан болуы керек делініпті.

Күдікті көрме...

Ұмытпасақ, Шри Чинмой картиналарының көрмесі біздің Ақтөбе қаласында да ұйымдастырылып келді. Ол көрмеге сондай-ақ әр елдің оқушылары салған суреттер де қойылды. Аталған шара шеңберінде, ұйымдастырушылар тарапынан науқас балаларға көмек деген желеумен үндеу де жарияланған.

«Ізеттілік акциясына» бастама болып отырғандардың қатарында «Центр Мира Шри Чинмой» үкіметтік емес ұйымы да бар екен. Шри Чинмойдың өзіне келер болсақ, ұйымдастырушылардың мәліметінше, ол кісі керемет суретші. 200 мыңнан астам картина жазған, 14 миллионнан астам құстың суретін салыпты. Суретшінің туындыларының емдік қасиеті (?) бар көрінеді, мұны да ұйымдастырушылардан естідік.

20 шақты күнге созылған шараның бағдарламасына үңілгенбіз: ұйымдастырушылар мектеп «завучтарымен» жүздесіпті, концерттер өткізіпті. Көрме шеңберінде ойыншықтар жинап, Тамды балалар үйіне тапсырмақ болған еді.

Сол уақыттары облыстық драма театры залында осы аталған шараның ұйымдастырылатыны жөнінде облыстық ішкі саясат департаментіне де хабар түседі. Өз кезегінде ондағы қызметкерлердің бірі көрмеге қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуге полицейлердің жұмылдырылғанын растап берді.

«Көрмеге біз де бардық, - деген еді өз кезегінде сол уақытта қалалық ішкі саясат бөлімі бастығының орынбасары Мадияр Қабыл, - онда тек шығармашылық картиналар ілінген екен». Ол жерде көрме директорының болмағанын тілге тиек еткен Мадияр Қабыл көрменің облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен ұйымдастырылып отырғанын да жеткізді. Өкінішке қарай, жас шенеуніктің қолында әлгі өтіп жатқан шараның сценарийі болмай шықты. «Түстен кейін алдыртамыз» деп қайырған-ды шенеунік. Қалалық ішкі саясат бөлімінің қызметкері көрмеге облыстық ішкі саясат департаменті тарапынан «театрда шеру болып жатыр» деген хабар алған соң барғанын айтады.

«Секта» деп айтқан біз емес

Өз кезегінде, көрмені ұйымдастыруға түрткі болған үкіметтік емес ұйымның басшысы көрме болып жатқан жерде болмады, өзін көмекшімін деп таныстырған Айзада Боқаева осыған дейін де олардың жұмысына күдік туындағанын жеткізді. «Ақпарат дұрыс жетпеген шығар, кейбіреулер кәдімгі өмір философиясы деп түсінеді, өзгелері қабылдай алмаған соң, қарсы шығады» деді бізге Айзада Боқаева. Сондай-ақ осы көрмені ұйымдастырушыларға қатысты кезінде «сектамен байланысы бар, балаларды ұрлайды» деген жала да жабылғанын айтады. «Аумсликер» деген сектаға (?!) (секта деген сөзді аузымызға алмаған едік - ред.) ешқандай қатысымыз жоқ» деді көрменің басы-қасында жүрген Айзада Боқаева. Тәртіп сақшылары тарапынан жүргізілген тексеруге қатысты пікірі келесідей: «Үш полицей келді, ешқандай картинаға да қарамады, ештеңе сұрамады, тұрып-тұрып кетті» деді ол. Сөз соңында «біз үкіметтік емес ұйымбыз, даладан келген жоқпыз, ресми тіркелдік» деп қайырды сөзін Боқаева.

Айтпақшы, қоштасар сәтте, қаланың өзге ауданында кафе бар екенін айтқан ұйымдастырушы онда етсіз тағамдар ұсынылатынын жеткізді. Вегетариандық кафе жөнінде ол осы жолдардың авторына айтқан еді. Пайымдауымызша, бұл сөз тек бір адамға ғана айтылмаған секілді. Әрі онысы адамға уағыз сияқты естіледі екен...

Асқар АҚТІЛЕУ, Ақтөбе

«Жас қазақ» газеті, 31.08.2009

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5328