Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2591 0 пікір 6 Наурыз, 2013 сағат 11:18

Мақсатсыз жұмсалған қаржы миллиардтарды құрайды

06.03.2013

Талай жұрттың үмітін оятқан «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бүгінде шенеуніктердің майшелпегіне айналып бара жатқандай. Елбасының тікелей бастамасымен елдің әлеуетін көтеріп, жұмыссыздықты жоюды көздеген жобаға бөлінген миллиардтарды тиімді жарату былай тұрсын, жымқырып қалушылар көбейе түсті.


Өзгесін айтпағанның өзінде құ­зырлы органдар әзірше осы  бағдар­ла­ма қаржысын ұрлаудың 15 фактісін анықтап, қылмыстық іс қозғаған. Таяуда «Нұр Отанның» жанындағы Партиялық бақылау комитетінің Мемлекеттік қаражаттың пайдала­нылуын бақылау жөніндегі комиссия­сы мен Парламент депутаттарының ортасынан арнайы құрылған «Жұ­мыспен қамту - 2020» бағдар­ламасын іске асыруға мониторинг жүргізу жөніндегі сараптама тобы өңірлерді аралап, тағы да бірқатар келеңсіз­діктердің бетін ашты. Тіптен кейбір тұстарда қазынаның миллиондары құмға сіңген судай болып, мақсат­сыз жұмсалып жатыр. Бұл жайында тиіс­ті облыс басшыларының қатысуы­­мен Астанада өткен комиссияның отыры­сында кеңінен талқыланды. Халық қалаулылары мен «Нұр Отан» ХДП хатшысы Э.Сыздықов, Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Б.Ра­хымбеков және бірнеше министрлік­тер мен облыстардың өкілдері қа­тысқан жиынды Мәжіліс депутаты Г.Қарағұсова жүргізді.

06.03.2013

Талай жұрттың үмітін оятқан «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бүгінде шенеуніктердің майшелпегіне айналып бара жатқандай. Елбасының тікелей бастамасымен елдің әлеуетін көтеріп, жұмыссыздықты жоюды көздеген жобаға бөлінген миллиардтарды тиімді жарату былай тұрсын, жымқырып қалушылар көбейе түсті.


Өзгесін айтпағанның өзінде құ­зырлы органдар әзірше осы  бағдар­ла­ма қаржысын ұрлаудың 15 фактісін анықтап, қылмыстық іс қозғаған. Таяуда «Нұр Отанның» жанындағы Партиялық бақылау комитетінің Мемлекеттік қаражаттың пайдала­нылуын бақылау жөніндегі комиссия­сы мен Парламент депутаттарының ортасынан арнайы құрылған «Жұ­мыспен қамту - 2020» бағдар­ламасын іске асыруға мониторинг жүргізу жөніндегі сараптама тобы өңірлерді аралап, тағы да бірқатар келеңсіз­діктердің бетін ашты. Тіптен кейбір тұстарда қазынаның миллиондары құмға сіңген судай болып, мақсат­сыз жұмсалып жатыр. Бұл жайында тиіс­ті облыс басшыларының қатысуы­­мен Астанада өткен комиссияның отыры­сында кеңінен талқыланды. Халық қалаулылары мен «Нұр Отан» ХДП хатшысы Э.Сыздықов, Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Б.Ра­хымбеков және бірнеше министрлік­тер мен облыстардың өкілдері қа­тысқан жиынды Мәжіліс депутаты Г.Қарағұсова жүргізді.

Мәселені басынан бастап тал­дайық. «Жұмыспен қамту - 2020» бағ­дарламасының негізгі үш бағыты бар. Оның біріншісі - жұмыссыздарды оқыту мен тұрақты еңбекпен қам­ту. Соған сәйкес екі қолға бір күрек таппай сандалғандары тіркеуге алып, оқуға жібермес бұрын төрт жақты келісімшарт  түзілуі  керек.  Жұмыс­­пен қамту орталығы, жеке азамат, оқытатын мекеме және маманды қа­былдайтын кәсіпорын  өзара  келісім­ге тұрмай қолға алынған шаруаның шикілігі енді шығуда. Өйткені бағ­дарлама әкімшісі болып табылатын жергілікті  басқармадағылар  нарық­­тың немесе кәсіпорынның сұраны­сын ескерместен, жаппай оқыта берген. Нәтижесінде 2012 жылы міндетті курсты аяқтаған 28024 адамның 21 мыңы жұмысқа орналасқанымен, 7 мыңнан астамы далада қалған. Жо­баның бірінші бағытына мемлекет­тен бөлінген сома 22 млрд теңгені құрай­тынын ескерсек, Эксперттік топтың жетекшісі, депутат Гүлмира Исим­баеваның есебінше 6 млрд теңге ша­масындағы қаржы мақсатсыз жұм­салған болып шығады. Расында да, оқытылғандардың төрттен бірі еңбек ұжымдарынан өз орнын таппаған­дықтан, 7 мыңнан астам азаматқа жұмсалған шығынды ақталмады деп айту қисынды. Мұның басты кінәра­ты -  әкімдіктегілердің  кәсіпорындар­дың сұранысын  ескермей, тапсыр­ма­ны орындап құтылайық дегендей бағыт-бағдарсыз оқытуға кірісіп кеткенінде жатыр. Атын атап, түсін түстесек, ауызға алдымен Маңғыстау облысы түседі. Мұнда оқытылғандар­дың небәрі 48 пайызы ғана жұмыс­қа орналасыпты. Сол сияқты кәсіби даярлаудан өткендердің де өнімді іске кіріскендері көңіл көншітпейді. Қызылорда облысында олардың 28 пайызы ғана тұрақты жалақысы бар еңбекке араласса, Қарағандыда 46 пайызға әрең жетеді. Оқыту, қайта даярлау, кәсіби біліктілігін көтеру дейтін үш тармақпен жіктелетін жүйелерге жұмсалған қаржылар­­дың қай-қайсысын алсаңыз да, ретсіз шығындарды есептеп шығару қиын емес. Жалпы, қайта даярлауға бар­ған 11 334 адамның 8834-і еңбекпен қам­тылғанымен, 2500 азамат қайтадан жұмыссыздардың орнын толтыр­ғандықтан, оларға жұмсалған 352 млн 500 мың теңгенің ауаға  кеткені­мен бірдей. Тағы бір түсініксіз жайт, өткен жылы бір адамның оқуы үшін 27 300 теңге жаратылып келсе, биыл ми­нистрлік бұл көлемді 19 400 теңгеге түсіріп қойыпты. Оның 12000 сти­пендияға кетсе, жолақы мен банктің қызметіне, диплом мен бланк қа­ғаздарынан қалатыны 400 теңге екен. Сонда  400  теңгеге  онсыз да  жұмыс­сыз жүрген жанды шын ықыласпен кім оқытпақшы? Бағдарлама­ның жүзеге асуын тексерушілер, бюджет­тің есебінен қайта даярлықтан өткен­дердің жұмысқа орналаса алмауын сапасыз білім мен көзбояушылық­тан көріп отыр. Себебі материалдық-техникалық базасы ескіріп, тозған техникамен амалдап жүрген оқу орталықтары заманауи технологияға әлдеқашан көшіп кеткен кәсіп­орындарға маман дайындап береді деудің өзі күлкілі емес пе?  Керек десеңіз, кейбір өңірлерде жұмыс­сыздарды жарылқайды деп сенім артылған әкімдіктердің жанындағы жұмыспен қамту орталықтарының өзі жұмыс істейтін қызметкер таба алмай отыр. Басқасын айтпаған­ның өзінде, мекеме басшысының жалақы­сы небәрі 35 мың теңгеден аспайтын­дықтан, арзымайтын еңбекақы үшін білек сыбанып, бел шешіп кірісетін белсендіні көре алмай тұрмыз.

Халық қалаулылары әрине, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдеріне мұндай қисынсыз һәм күлкілі жайттарды жүйелеу керектігін ескертті. Бағдарламаның екінші бағыты - несиелер беру арқылы елді мекендерде кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру үшін 13 млрд 369 млн теңге бөлініпті. Бірден айтайық, атқарылған іс бөлінген қыруар қаржыға сай келмейді. Мәселен, Атырау облысында 692 мил­лион теңге несие таратылғанымен, 41 адам кәсіп тапқан, бұл мақсатты қаржының 19 пайызы ғана орындалды деген сөз. Маңғыстауда 210 миллион теңге берілгенімен, 33, Ақ­молада 537 миллион үлестірілгенімен, 23, Қарағандыда 794 миллионға 59, Қызылордада 954 миллионға 93, Қостанайда 176 миллион теңгеге небәрі 2 жұмыс орны ғана ашылған. Еліміз бойынша ауылдардағы кәсіпкерлікті аяғынан тұр­ғызуға, сөйтіп, жұмыспен қамтуға арналған несиені кейбір аймақтарда қалалықтар да алып, қажетіне жаратыпты. Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің де­ректеріне қарағанда, Атырауда бір пысық әлгі несиеге қол жеткізіп, оған қаладан сән ательесі мен дәмхана ашып, 1,5 миллион теңгесіне машина мініп алғанын қайтесіз?! Шым­кентте де дәл солай, кәсіпкер бағдарламаның қатысу­шысы болып табылмаса да, әйтеуір жолын тауып, 8,8 миллион теңгені иемденіп кеткен. Мемлекеттің миллиондарын май­шелпекке айналдыруға Солтүстік Қазақстан облысындағы «Солтүстік» ӘКК-тің де кірісіп кетуіне жол болсын. Ауыл­дықтардың несиесін таратуды міндетіне алған мемлекеттік мекеме 2011 жылы 168 миллион теңгені, 2012 жылы 600 миллион теңгені «ешкімге айтпастан» екінші деңгейлі банктерге депозитке салып тастауын қалай түсіндіресіз? Ел екі жылғы несібеден қағылып, қиналып жатқанда, әлгі кәсiпкерлік корпорацияңыз депозиттегі салымнан 4 мил­лион теңгеден астам табыс тауып, шайқап жүргеніне қалай ғана қынжылмассың! Жалпы, осындай келеңсіз оқиғаларға қатысты Қаржы полициясы 15 қылмыстық іс қозғады. Әзірге анықталғандай, 33,2 миллион теңге көлеміндегі мемлекетке зиян келтірушілік бар.

Үшінші бағыт - еңбек ресурстарын көтермелеп, қажетті тұс­тарға қарай шоғырландыру жұмысын атқаруға 9 млрд 409 млн тең­ге арналыпты. Бұл жобаға сәйкес кәсіби маман бірақ тұрғы­лықты мекенінде жұмысы жоқ азаматтарды, еңбек күшін қажет ететін орталықтарға қарай орналастырып, тұрақты жұмысқа қам­ту. Жоспарға байланысты бөлінген қаржыға 2763 пәтер соғыл­ғанымен, оған қоныстанушылар 2184 отбасын құрайды. Есесіне, еңбекке қабілеттілері  - небәрі 2291. Ал қоныстанушылар мен оларды жұмысқа орналастыру деген өз алдына үлкен бір мәселе болып шыға келді. Айталық, Атырауда 554 миллион теңге жұм­салып, 3 көпқабатты үй тұрғызылғанымен, оның 95 пәтері бос тұр. Қоныстанушылардың 43 пайызы ғана кәсіпке ілінген. СҚО-да 1 млрд 52 млн теңгеге баспана соғылып, онда көшіп кел­-ген еңбекке жарамды 474 тұрғынның 175-і ғана жұмысқа орна­ласыпты. Қызылордада 756 миллионға 113 пәтер дайында­лып, оған жайға­суға міндетті 297 азаматтың небәрі 21 пайызы ғана көздеген мақсатына жеткен. Қарағандыда 1 млрд тең­геге тұрғызылған 1065 пәтердің 222-не ешкім қо­ныстанбапты. Қостанайда 377 миллионның 177 пәтерінің барлығы әлі күнге дейін бос тұр. Ақтө­беде 386 миллионға 71 пәтер соғылып, оның 68-не отбасылар жайғасқан. Ондағы жарам­ды 147 адамның 18-i ғана екі қолға бір кү­ре тауыпты. Қызығы әрі таңғаларлығы - Маңғыстауда үшінші бағытқа байланысты 195 миллион қаралып, оның 54 млн 500 мыңы жаратылғанымен, ешқандай үй де, көшіп жеткен отбасы да, жұмысқа орна­ласқан маман да жоқ. Оған кім жауап бе­реді?
Ел осылайша баспана мен күнкөрістің көзіне жапатар­мағай ұмтылуға кіріскенде Астана қаласы, Алматы мен Жамбыл облысы осындай мүмкіндік туғызатын жұмыспен қамту бағдарламасының үшінші бағытынан бас тартыпты. Ел ағылған елорда мейлі, ал Алматы мен Жамбылдың жайба­сарлығына жол болсын!

Бейсенбай Дәулетұлы

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364