Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Жаңалықтар 3344 0 пікір 10 Ақпан, 2023 сағат 16:54

Жастарға патриоттық тәрбие беру – мемлекеттің негізгі ұстанымы

Сан ғасырлар бойы Қазақстан тарихында патриотизм ұғымы ерекше мәнге ие болып келеді. Сол замандардан бері қазақ халқының бойыны сіңген, елін-жерін сүю, қорғау, қызмет ету, ынтымақтастықты ту етіп ұстау, дәстүрге құрмет көрсету мәдениеті қалыптасты.

Осы тұрғыда өсіп келе жатқан ұрпақтың да бойына патриотизм құндылықтарын сіңіріп, оның жалғастығын үзбеу маңызды мәнге ие.

Патриоттық тәрбиенiң барлық жүйесiн ұйымдастырып, оның жұмыс iстеуiн және бақылауды қамтамасыз ететiн негiзгi институт мемлекет болып саналады. Жастарды патриотизмге тәрбиелеу  Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді перспективалы мемлекеттік жастар саясаты бағыттарының бірі болып табылады.

Президент Қасым­Жомарт Тоқаев: «Еліміздің әрбір азаматы жұртшылықтың алдына шыққанда ұлттық мүдде мен қазақстандық пат­риотизм қағидаттарын басшылыққа алуы керек», деген болатын.

Патриотизм – Отанға, туған жерге, өзінің мəдени ортасына деген сүйіспеншілік. Адамның бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің əдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту сияқты патриоттық құндылықтар тал бесіктен бойымызға сіңе бастайды.

Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тəрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тəрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары туралы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мəдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн“,-деген болатын.

Ендеше рухани-мəдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтарға, тəрбиелеу күн өткен сайын маңызы артып келеді. Сондай-ақ ұлттық құндылықтарымызды ана тілін, тарихын, салт-дəстүрін жетік білетін, құрметтейтін, жанашырлық, сенімділік, намысшылдық секілді мінезді бойына сіңірген ұрпақты қалыптастыру арқылы ғана əлемдік деңгейге көтере аламыз.

Ол үшін жеке тұлғаны қалыптастыру құралдары ретiнде ұлттық тәрбие мен педагогика үдерісіне ерекше көңіл бөлу керек. Педагогика адам тәрбиесіне қатты әсер етеді, сондықтан педагогиканы патриотизм тәрбиесінде белсенді қолдану керек.

Патриоттық тәрбиенің мақсаты жас ұрпақтың жақсы қасиеттерін қоғам мен мемлекеттің мүддесі үшін жұмсауға қалыптастыру болып табылады.

Бұл мақсаттарға қол жеткізудің негізгі міндеттері:

— мектептерде, колледждерде, университеттерде патриоттық тәрбиені насихаттау;

— жастардың сезімі мен танымында патриоттық құндылықтарды, көзқарас пен сенімді ұялату;

—  елінің тарихына, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына құрмет көрсетуге тәрбиелеу;

— жастар арасында отанына адалдықты және өз мемлекетін қорғауға дайындықты нығайту.

Патриоттық тәрбиені беру – қоғамымыздың ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Мысалы, экономикалық, рухани, әлеуметтік-мәдени, саяси факторлар әсер етеді. Өскелең ұрпақты қалыптастыру осы факторлардың даму процесіне қатысты.

Патриоттық тәрбие қағидаттары өзара байланысты, тұтас жүйені құрайды, оны басшылыққа ала отырып, педагогтар тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін тиімді орындауды қамтамасыз етеді, білім беру және мәдениет мекемелерінің, қоғамдық ұйымдардың, БАҚ пен отбасының патриоттық тәрбие жөніндегі қызметін міндетті түрде қоғамдық және мемлекеттік реттеу жағдайында педагогикалық практикада білім мен тәрбиенің мазмұнын іске асырады.

Патриоттық тәрбие қағидаттарына тәрбиелеудің бағыттарын былай ажыратуға болады:

— бірлік пен тұтастықты нығайту;

— тәрбиеде халықтың әртүрлі санаттарын ескеру (мектепке дейінгі балалар, кіші оқушылар, жасөспірімдер, аға оқушылар, студенттер, мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, әскери қызметшілер, қалалар мен ауылдар тұрғындары);

— Қазақстандағы әртүрлі  халықтардың тарихи қалыптасқан достық қарым-қатынастарын сақтау және дамыту,

— этносаралық қайшылықтар мен қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге жәрдемдесу;

— ұлттық мәдениеттер мен халықтар тілдерін дамытуға жәрдемдесу;

— елдің халықтары мен ұлттық азшылықтарының тең құқықтылығын қамтамасыз ету;

— адамның және азаматтың нәсіліне қарамастан, оның құқықтары мен бостандықтарының теңдігін қамтамасыз ету;

— елдің халықтары мен діни конфессияларының өзара қарым-қатынастарында оң қарым-қатынастарды нығайту;

—  түрлі ұлттар мен нәсілдерге, олардың тарихи мұрасына құрметпен қарау,

— ұлттық, азаматтық-патриоттық және жалпы адамзаттық тәрбиелеудегі үйлесімділік;

— әрбір жаңа ұрпақта ұлттық сана-сезімді қалыптастыру;

–   басқа халықтардың құндылықтарын қабылдауға ашықтық;

— ұлтаралық қақтығыстарды болдырмау;

— әртүрлі халықтардың діни және конфессиялық ерекшеліктерін тәрбиелеуде ескеру;

— халықтар арасындағы құрмет пен сенім сезімін, діни төзімділікті тәрбиелеуде дәстүрлі діндермен ынтымақтастық және басқа да көптеген қағидаттартарды есепке алу.

Қазіргі жаңа тарихи кезеңде халқымыздың алдында жаңа тарихи міндет тұр. Ол ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында ең бағалы құндылығымыз тəуелсіздігімізді сақтау. Егемендігіміздің мәңгілік болуына аянбай үлес қосу. Бұл мақсатқа тұлғаның бойында патриоттық құндылықтарды дамыту арқылы қазақстандық патриотизмді қалыптастыру арқылы жетеміз.

Ұлттық патриотизмнің негіздері Қазақстан Республикасының тарихи сананы қалыптастыруға арналған құжаттарында қарастырылған.

Қазақстандық патриотизмді əлемдiк тыныштық пен бейбiтшiлiктi сақтаудың негiзгi бiр тұғыры деп те айтуға болады. Осыған орай, патриотизмнің мəні мен патриоттық тəрбиенің мазмұны «мəдениет, тарих, білім» деп аталатын ұғым қоғам дамуының негізгі үрдістері арқылы дамиды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік идеологиясының негізгі ұстанымы – Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Ұлттық идея мен мемлекеттік идеология тұрғысынан қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізгі өзегі ұлттық патриотизм болып табылады.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1555
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3352
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6232