Қытайдың қазіргі әдебиеті...
Басы: Неміс жазушысы: «Қытайдың қазіргі әдебиеті - қоқыс...»
Жалғасы: «Қытай жазушылары шетінен арақкеш, жалқау...»
Жалғасы: «Қытайлық жазушылар көп жазған сайын нашар жазады»
Жалғасы: Қытайдың қазіргі әдебиеті қай деңгейде?
Жалғасы: Қытайдың қазіргі әдебиеті...
26
Джин Ёң
Джин мырзаның шығармаларын жарнамалаудың қажеті жоқ шығар. «Юэ Ну қылыш» атты әңгімесі керемет, оның тамыры тереңде жатыр. Цзинь Ёң шығармаларының екі нұсқасы бар, бірі ең көп тараған «үштік бірлестік», екіншісі Джин Ёңның кейінгі жылдарда қайта өңделген «Жаңа ғасыр нұсқасы». Соңғысы оқырмандар тарапынан әлденеше рет сынға ұшырады. Біріншісі халықтың жүрегіне тым терең сіңгендіктен болар. Дегенмен, мен сізге «жаңа ғасыр» кітабын өзіңізге оқып шығуды ұсынамын, алдын ала болжамды пікірлерді тастап, бұл туралы мұқият ойланасыз. Шынында бұнда көптеген сюжеттер бұрынғыдан әлдеқайда ақылға қонымды.
Джин Ёңның романдары саясатқа қатысты. Мысалы, «Қылыш шебері» 1967-1969 жылдарды аралығында жазылған. «Бұғы мен Диң Цзидің» романы онда Циң патшалығының басы мен Миң әулетінің тарихын әдеби тілмен жазылған.
27
Ду Лян
Әскери тақырыпта жазатын жазушы, сонымен қатар оның көптеген шығармалары киноға айналған. «Жарқын қылыш» телехикаясы шынында да классикалық, толық романы одан да әдемі, бір түнде оқып шыққаным әлі есімде. Айта кетейік, телехикая тек романның бірінші жартысынан түсірілген, Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін де, Ли Юнлунның ауыр тағдырларды жазған сюжеттері де көп.
28
Майджа
Май Цзяның шығармалары өте әдемі. «Жасырын сюжет» романы Мао Дун әдебиет сыйлығын алды. Маған оның «Сырды ашу» романы қатты ұнайды. Мен оны бір отырғаннан оқып шықтым. Роман шетелде өте жақсы бағаланды. Әрине, оған да түрлі пікір айтаныдар табылады. Менің көзқарасым бойынша, роман әдемі болса, оны жамандаудың не керегі бар?
29
Тие Ниң
Тие Ниң Қытай жазушылар қауымдастығының төрағасы болып қайта сайланды. Алдыңғы екі төраға кім болғанын білгіңіз келсе, олар Мао Дун мен Ба Цзинь болды. Алдағы уақытта Жазушылар қауымдастығы сөз болғанда осы үш есім бірге аталмақ. Ти Ниңге мықты болып тұр. Ол жазушылар одағы мен бірге Қытай әдебиет және өнер үйірмесі федерациясының төрағасы қызметін де атқарады.
Тие Ниңнің шығармалары қызықты деген санатқа жатады және Тие Ниңді әдебиеттегі бір тенденсияға жатыды деп айтуға бомайды, ол барлық ағымда жаза береді. Тие Ниң шығармаларындағы тақырыптарды да бірнеше сөзбен қорыту қиын, әркім әр түрлі мағынада оқи алады. «Раушандар қақпасыында» бас кейіпкер Си Цивеннің қарапайым және қайталанбас өмірін баяндайды. Тие Ниң романдарының шедевріде сол. «Шомылған қыз» және «Ақымақ гүл» - оның басты шығармалары. Жаңа стильдегі «О, Сянсюэ» - Тие Ниңнің үздік туындысы. Сондай-ақ осы «Зайыры қаншалықты алыс» романын оқып көріңіз.
30
Чи Цзицзяң
Чи Цзицзяңның шығармалары өте нәзік. Хейлуңцзяңның тумасы болғандықтан оның көптеген шығармалары солтүстік-шығыс және жергілікті аз ұлттар туралы айтылған. «Эргүн өзенінің оң жағалауы» романы Мао Дун әдебиет сыйлығын жеңіп алған, Чи Цзыцзяңның шығармасы, өте жақсы оқылады. Әңгіме солтүстік-шығыс шекаралық аймақтағы аз ұлтардың ғасырлық тарихын қарт адамның үнімен баяндайды. Шэнь Конгвэн қала тұрғындарына үнемі менсінбей қарайды, өйткені ол қала тұрғындарына жергілікті қан мен өмірлік күш жетіспейді деп қарайды. Біз Чи Цзицзяңның романдарынан замандастарымызға жетіспейтін нәрсені байқаймыз.
Чи Цзицзяңның романдары соңғы жылдары өте танымал болды. Егер оның шығармаларын егжей-тегжейлі оқысаңыз, оның шығармасының айтары жоқ, терең мағыналы емес екенін байқайсыз, бірақ бұл адамдардың елдер оқуға құмар. Оның өз себебі болуы мүмкін. Оның романдары адамға жылы, екінші жағынан, ол замандастардың рухына жетіспейтін нәрселерді жазады. Үш томдық «Қуыршақ Манчжоу-го» романы беймәлім тарих кезеңі туралы сыр шертеді.
31
Чжаң Цзе
Мао Дун атындағы әдебиет сыйлығын екі рет жеңіп алған қытайдағы жалғыз жазушы, атап айтқанда «Ауыр қанат» және «Сөз жоқ» деген екі романына тамсануға тура келеді. Сіз оның фотосуретіне қайтадан бір қараңыз ол өте темпераментті әйел екенін байқайсыз.
Сөз соңында Қытай әдебиетінің кезеңге бөлінуіне қысқаша тоқтала кетейін. Академиялық орта 1917-1949 жылдар аралығы, Қытай Халық Республикасы құрылғанға дейінгі кезеңді қазіргі Қытай әдебиеті деп есептейді. 1949 жылдан бүгінге дейін осы заман әдебиеті деп бөледі. Негізі 1976 жылдан кейін жаңа дәуір әдебиеті басталса, 2000 жылдан кейін жаңа ғасыр әдебиеті басталды. Бұл мақалада ұсынылған авторлар негізінен 1980 жылдардан кейінгі жазушылар. (Джин Йоңнан басқасы).
Ескерте кетер жайыт Санчи осы дәуірге жататын Уаң Мэң мен Заңзудың Мау Дун әдебиет сыйлығын алған жазушысы Алайды тағы басқада біраз жазушыны ауызға алмапты, бұл тізімді елуге, тіпті жүзге апаруға әбден болады.
Ескерту: Мақала Чжиху сұрақ-жауабында Санчидың «Қытайдағы сіз білмейтін кейбір заманауи жақсы жазушылар қайсы?» жазбасы негізінде жазылды.
Нұрхалық Абдырақын
Abai.kz