Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Әдебиет 2534 0 пікір 16 Наурыз, 2023 сағат 13:44

Қытайдың қазіргі әдебиеті...

Басы: Неміс жазушысы: «Қытайдың қазіргі әдебиеті - қоқыс...»

Жалғасы: «Қытай жазушылары шетінен арақкеш, жалқау...»

Жалғасы: «Қытайлық жазушылар көп жазған сайын нашар жазады»

Жалғасы: Қытайдың қазіргі әдебиеті қай деңгейде?


21

Му Син

Мен ең жақсы көретін жазушыларымның бірі, қытайлықтар оны Тайвань жазушысы деп ойлайды, ал Тайваньдықтар оны қытай жазушысы деп ойлайды. Му Синнің шығармалары шынымен де бұл кеңістіктен өзгеше жоғары сатыда. Маған Му Синнің кейбір сөйлемдері қатты ұнайды: «Бұрын күніміз баяу өтетін, көліктер де, аттар да, пошталар да баяу болды, өмірде бір адамды жақсы көрсең сол жететін», «Мыңдаған мақтаған ағаштар отқа оранып, күміс гүлдерге  айналғанда мені іздемеңдер, тағы іздеп мазалай берсеңдер мен қар болып жауамын». Қандай керемет сөйлемдер?..

Оның «Әдеби естеліктерін» (Му Синьдің лекцияларының негізінде шәкірті Чен Данцин өңдеп, басып шығарған) оқып көріңіз, бұл адам осы бір өмірінде соншама көп кітапты қалай оқып, соншама мол білімге ие болады деп қайта-қайта таңдандым. Му Син романдарының жазылуы соншалық күрделі емес, қарапайым, жәй диалогтардан тұрады. Гуаңси пед университетінің баспасы Му Синнің кейбір шығармаларын басып шығаруда, бірақ Му Синнің көзі тірісінде көп еңбектері шықпады, олардың көпшілігі әлі реттелмеген, мен олардың болашақта бірінен соң бірі жарияланатынына сенемін.

22

Бай Сяньён

Неге екені белгісіз, Тайвань жазушыларының көбі қытай жазушыларын жақсы танымайды, ал Тайванның көптеген атақты жазушылары да қытайда онша танымал емес. Әрине, бұл қалыпты жағдай шығар. Бай Сяньён генерал Бай Чонсидің ұлы.

Оның «Тайпей адамдары» және «Нью-Йорктік қонақ» сияқты көптеген шығармалары оқуға тұрарлық, бұл әңгімелер жинағының бәрі тамаша. Бай Сяньонның жазуында дәстүрлі нәзіктік пен талғампаздық бар, ол екі бұғаз арасындағы саяси оқиғалардың әсеріне көп ұшырамаған, классикалық сұлулық оның шығармаларында жақсы бейнеленген. Оның ең көп жазғаны – туған қаласы Гуйлин. Бір кездері 20-ғасырдағы ең жақсы 100 қытай романының ішінде осы «Тайпей адамдары» жетінші орынға ие болды, бұл тірі жазушылар арасындағы ең жоғары рейтинг. Кезінде Бай Сяньён өзінің гомосексуалист екенін көпшілік алдында мойындады және оның «Ни Цзы» романы көлеңкеде өмір сүретін осы топты сипаттайды.

23

Ян Гелиң

Оның туындылары кино мен телевидениеге бейімдеуге өте қолайлы. Соңғы жылдары бірнеше туындылары киносериялдарға бейімделіп, олардың барлығы сәтті шықты. Ян Гелиңның романдары өте жақсы жазылған, бірақ оның шығармалары әлі әдебиет тарихы оқулықтарына енбегендіктен олармен енді ғана таныса бастадым. Классикалық романдар арасында әйелдерді бас кейіпкер еткен романдар көп емес, болғандарының өзінде нәзік сезім айқын жазылмаған.

Маған оның «Тоғызыншы жесір» романы қатты ұнады. Жапонияға қарсы соғыстың тарихы мен қытай халық республикасынң тарихы туралы өте жақсы жазған. Сонымен бірге сол ерекше дәуірдегі жапон әйелі, қытайлық әйел және қытайлық ер адам туралы қарапайым ережені және аңызға айналған оқиғаны баяндайтын «Кішкентай апай Дуохэ»ны сіздерге оқуға ұсынамын. «Фусан» АҚШ-тағы қытайлық жезөкшелердің өмірін баяндайды. Роман екінші жақпен баяндалады, ол да ерекше. «Қылмысты Ян Шы» фильмге бейімделгендіктен (романның соңы ғана түсірілген), ол өте танымал және жақсы жазылған.

24

Ей Гуаңчин

Йе Гуаңчин – маньчжур, Йехена әулетінің ұрпағы. «Тұт теру» романын өте жақсы жазған. Маньчжур және Цин әулеттерінің үлкен текті әулетінің қуанышы мен қайғысын баяндап, отбасы тарихын жазған. Қазір жыл сайын қырық-елу роман оқимын, бір деммен оқитын, жұрттың көзін ашатын шығарма өте сирек.

25

Би Фэйю

Соңғы жылдары атағы шығып келе жатқан қаламгерлерді бірі. Би Фэйю «Қытайдағы әйелдер туралы жазатын ең жақсы ер жазушы» ретінде танымал және ол әйел психологиясын өте шебер суреттейді. Би Фэйю туралы көптеген анекдоттарды айтылады. Би Фейю біртүрлі адам, темекіге әуес, осы күнге дейін ұялы телефон қолданбайды, телефон керек кезде айналасындағылардан сұрайды.

Оның соқыр массажист туралы жазған «Масажист» (Мао Дун әдебиет сыйлығын жеңіп алған шығарма) оқуға ұсынамын; «Цин Йи» повестінде драма актерлері туралы айтады; оның «Юми», «Юшүю», «Юяң» деген повесттері әйгілі шығарма. «Жазық» романыда тамаша 1976 жылды жазды.

Жалғасы бар...

Нұрхалық Абдырақын

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052