Дүйсенбі, 28 Қазан 2024
Зерттеу 2518 11 пікір 3 Сәуір, 2023 сағат 15:46

Кавказдағы Қазақ елі жайлы. Шыңғыс хан әскері де, казактар да - қазақтар

Закавказедегі мұсылман Қазақ патшалығының оңтүстік-шығысында Джидан (еврей) патшалығы, ал батысында христиан Құмық елі орналасқанын Х ғасырдағы Әл Масуди мәлімдейді. Алайда, ХІ ғасырдан кейін жидан мен құмық елдері айтылмайды, Шыңғысхан әскері келген ХІІІ ғасыр деректерінде де кездеспейді (Акуш деген құл бастаған қазақтардың Шыңғысхан әскеріне қосылып грузиндермен соғысқанын айттық).

Анығында, Куржан (грузин) державасы мұсылман Қазақ патшалығын да, Джидан-еврей патшалығын да және християн Құмық елін де жойып, оларды қазіргі Дағыстанға ауа көшуге мәжбүр еткен. Өйткені, ХІІ ғасырда Дағыстанның батысындағы Авар нуцальдігіне көрші ақбоз атты мың жауынгері бар Джидан елі пайда болған және Дағыстанның шығыс аймағында мұсылман Ғазы-Құмық мемлекеті орнаған. Бұл деректер Дағыстан тарихында былай баяндалады: «Негізін қалаған Мухаммад, Двин (Армения) билеушісі. 1020-жылы кіші ұлы Эскуйа оған қарсы шықты, алайда Фадл оған қарсы басқа ұлы Мусаны жіберді, ол Әзербайжанға өз кемелерімен келген Рустармен одақтасып, солардың көмегімен Байлаканды жаулап алды. Эскуйа өлтірілді... 1032-жылы Кавказ аймағына жорық жасаған Мстислав Тмутараканьский Сарир мемлекетінің жауына айналды... Е.М.Шиллингтің мәліметтері бойынша "Анди Койсуының сол жағасындағы бүкіл аумақ І Жъугъут ханға (сөзбе сөз "Еврей ханы"), ал оң жағалаудағы жерлер Аварлық Суракатқа тиесілі деп қарастырылады". Осылайша ХІ ғасырдың аяғында бұрынғы Серир аумағында бірнеше мемлекет пайда болды: Андийлік иелік, Хунзах нуцальдігі мен көптеген ерікті қоғамдар.

Суракат заманында тақ мұрагерлігі тәртібі орнады, тек оның ұлдары мен қыздарынан тарағандардың ғана таққа мұрагерлік құқы белгіленді. Егер оның әулетінен ешкім қалмаса, онда таққа рус, грузин және армян адамдарының бірі  отыруы тиіс делінген.

Мухаммед Рафидің "Тарихи Дагестан" жылнамасындағы Авар нуцальдарының шежіресінде Саратан ханның ата-бабалары тізбесінде бірінші болып Арскан аталған...  ХІІ ғасырда Ғазы-Құмұқ шамхалдығы деп аталды. ХІІ ғасырда шамхал мұсылман болған тәрізді және Ислам Құмұқ та билеуші дінге айналды. Құмұқ атауы Қазы деген жалғауға ие болды... Суракат Шейх Ахмад үшін басты жауына айналды. Ахмад Суракатты нуцальдіктен қуып жіберді. Суракаттың ұлы Байар тақты қайтармақ боп талпынды, алайда арабтардың тойтарысына тап болды. Тек қана оның ұлы, егде жасқа келгенде ата-баба тағын маңғолдардың арқасында қайтара алды... Маңғолдар әуелі Құмықты ойрандады... Құмықтардың Хамзадан тараған бүкіл князьдары әлемнің төрт тарапына ығысып кетті. Ары қарай, маңғолдар Авир облысына жетті, бұл – аварлар жері. Мухаммед Рафи маңғолдар мен аварлар арасында бекітілген одақ туралы "Мұндай одақ достыққа, келісім мен бауырластыққа негізделді", - деп жазады, оның үстіне әулеттік некемен нығайтылды.

Дереккөздерде келтірілгендей, Авария мемлекетінің шекарасының кенеттен кеңейтілгені және шаруашылығының күрт дамығаны, оларды маңғолдардың анық қолдауының арқасында жүзеге асқан деуге болады..» (Дағыстан тарихы деректерінен). 

Осы деректерден Х ғасырда қазіргі Әзербайжанда отырған құмық пен еврей елдері ХІ ғасырдың соңында Дағыстанда болғанын көреміз, яғни сонда қоныс аударғаны анық (құмық тіліндегі оғыздық белгілерде олардың қазіргі Әзарбайжаннан шыққандығын байқатады). Ал урус (русь) әскері армиян билеушілерінің шақыруымен Қырымнан кемелерімен Закавказьеге келген және олар Сарир княздігімен жау болған. Көп ұзамай Сарир жойылып, орнын Авар нуцальдігі басты, оны билеген Урус тобы және одақтастары грузин мен армиян билеуші топтары екен (аварлар сол заманда католик болғаны анық).

Көрші мұсылман Ғази-Құмық патшалығы оларға жау болған. Құмық билеушілері XIV ғасырда «Асэлдер» деп аталғаны мәлім («Асылдар» деген мағынада, яғни Асылұя адамы). Шыңғысхан әулеті Дағыстандағы Ғазы-Құмық хандығын жойып, бүкіл Дағыстан мен Солтүстік Кавказ аймағы билігін Авар нуцальдігі әулетіне, яғни қырымдық Урус елінен келген династияға бергені жазылған. Араб саяхатшысы Ибн Батута қазіргі Прохладная қаласынан бір күндік жердегі тауда (Солтүстік Кавказда) XIV ғасырда христиан дінді Урус елі барын жазғанын ол кісі жайлы мақалада мәлімдедік (яғни, Урус елі Алтын Орда империясымен көрші әрі тату болған). Шешендерде Урус деген тейп сақталғаны және Урус-Мартан қаласы атауы солармен байланысты екені мәлім. Дағыстан мен Солтүстік Кавказда көк көзді, қызыл шашты адамдар аз кездеспейді. Өйткені, ХХ ғасырға дейін ондағы тауларды қалың ну ормандар көмкеріп жатқан, ал күн сәулесі аз түсетін ормандағы халықтың шашы қызыл, көзі көк болатыны заңдылық (ол ормандарды Кавказ соғысында Ресей әскері өртеп азайтты, қалғанын кейін Кеңес әскері өртеді).

Дағыстанда Тавказах және Чудур-казак деген жер атаулары бар. Армиян деректері құмықтарды «казах» деп көрсеткені де тарихшыларға таңсық емес. Сол құмық тілі қазақ тіліне қарашай-балқар тілдерінен де жақын. Шындығында, ХІІ ғасырда Дағыстанда орнаған мұсылман мемлекеті – Ғазы-Құмық емес, Ғазақ-Құмық хандығы. Арабта «г» әрпі жоқтығын айттық, «ғ» әрпін «г», ал соңғы «қ» әрпін «и» етіп бұрмалап, арабшадағы «Ғазақ» атауын «Гази» еткен, әрине орыс тарихшылары. Арабша жазылулары: غازق  – Ғазақ, غازى – Ғази. Құмықтарды жақсылап зерттесе, «қазақ» деп аталатындар әлі де бар деп сенемін (ауызша деректер де бар). Қарашай, балқар, ноғайларды Қазақстанға жер аударған Сталин құмықтарға тиіскен жоқ. Шамасы, құмықтардағы қазақ дегеннен, Кавказда қазақтың бұрыннан болғанын жария қылудан қорыққан тәрізді. Біздің тарихты өзгертуде Сталин үлкен істер атқарған. Дигор ұлтына дигор тілін қолдануға тыйым салған, түркілік ұлттардың арабша жазбасын әуелі латыншаға, сосын кирилицаға көшіртіп, олардың ұрпақтарын ежелгі жазбаларын түсіне алмайтын күйге жеткізген Сталин еді. Ресей иезуидтерінің түркілер тарихын өзгерту жоспарларын ары қарай іске асырған да осы Сталин болатын.

Құмықтар ХІ ғасырда Дағыстанға түгел көшіп кеткен, ал еврей мен мұсылман қазақтардың бір бөлігі қазіргі Әзербайжан аймағында қалып қойған. Өйткені, онда еврей мекендері әлі бар, атақты Черкизов базарының қожайыны Тельман Исмайлов сол жердің еврейі. Ал қазақтар онда «борчало-казах», «қазахлар» деген атаулармен белгілі және Қазақ даласы мен Қазақ қаласы сонда сақталып қалды.

Ибн әл Асир ХІІІ ғасырда Шыңғысхан әскерінің қазіргі Әзербайжаннан Грузин (курдж) еліне жасаған жорығына жергілікті закавказьелік қазақтар да қатысқанын былай баяндайды: «Они (татары Чингисхана) двинулись и пошли в страну курджов. К ним присоединился тюркский мемлюк по имени Акуш, который собрал в большом числе жителей тех гор и пустыни из туркмен, курджов и других; он вступил в переписку с татарами, пригласив их присоединиться к нему, и те ответили ему согласием и склонились к нему из-за общего их происхождения (родства)...» (Ибн әл Асир – «Полный сборник летописей»).

Бұл жолдарда Шыңғысхан әскеріне Акуш деген мамлуктің жергілікті түркімен, курдж өкілдерін жинап қосылғаны, олардың Шыңғысхан әскеріне туыс екендігі көрсетілген. Орысша аудармада «түркімен, курж» деп жазылған атаулар арабша түпнұсқада «түркі қазақ» екеніне күмәнім жоқ (бұл «түркі қазақ» пен Шыңғысхан әскерінің қазақтар екенін жасыру үшін «түркімен, курж» деп орысшаланған). Ресей аудармашылары оларды түркімен мен грузин (курж) деп түсіндіреді. Шыңғысхан заманында грузиндердің әуелгі журжан-журзан атауы курж болып орныққанын көреміз. Шыңғысхан әскері курж (грузин) елін жаулауға бара жатыр, өз елін жаулап бара жатқан әскерге грузин (курж) адамдары қосылуы мүмкін емесі түсінікті. Шыңғысхан әскері мен оған қосылғандардың түбі бір туысқандар екенін атап көрсеткен. Түркімен, грузиндердің ешқайсысы Шыңғысхан халқымен туыс емес, ал Шыңғысхан әскері қазақ тайпалары екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Арабша жазылуы: كزح – казах, كرج – курдж. Олай болса, Шыңғысхан әскеріне қосылғандар – Қазақ қаласы аймағының қазақтары. Олардың елін ХІІ ғасырда Куржан (грузин) патшасы басып алып, өздерін қаңғытып жіберген. Олар туыстығын пайдаланып Шыңғысхан әскеріне (қазақтарға) қосылып, өз жұртын азат етуге тырысқан. Олардың грузиндермен соғыста шешуші рөл атқарғанын Ибн әл Асир баяндайды. Олардың Шыңғысхан әскерімен туыстығы, орысша «түркімен курдж» деп көрсетілген атау арабшада «түркі қазақ» болса, көп шындық ашылады. Ол шындық: Әзербайжандағы қазіргі Қазақ қаласы ол заманда мұсылман Қазақ елінің астанасы болған және ХІІІ ғасырда Закавказьеге барған Шыңғыс хан әскері де – қазақтар.

Ал ХІІІ ғасырда Шыңғыс хан әскері келгенде Колхида даласындағы Қазақ елі дербес патшалық болғанын және Алан патшалығымен одақтас екенін Ибн әл Асирдің төмендегі дерегі растайды.

«Получив известие о них, аланы поспешили собрать у себя много кипчаков; они сразились с ними, но ни одна сторона не преодолела другой. Тогда татары послали сказать кипчакам: “Мы с вами одного рода, а эти аланы вам не родня, чтобы вы им помогали, и их религия не похожа на вашу. Мы вам даем обещание не трогать вас, и мы вам дадим сколько хотите денег и одежды, если вы не будете вмешиваться между нами и ими”. И они действительно преподнесли им то, о чем было уговорено, после чего кипчаки покинули город аланов: и на них напали татары, многих из них перебили, ограбили и увели в плен. Потом они направились к кипчакам, которые, чувствуя себя в безопасности, в силу заключенного между ними и мира, разошлись, но не успели они опомниться, как неожиданно напали на них татары, вторглись в их страну и по очереди нанесли им поражение и отняли у них вдвое больше того, что они им дали. Кипчаки, жившие далеко, услышав об этом, бежали далеко без боя, причем одни из них искали убежища в лесах, другие в горах, а иные ушли в страну русов; татары же остались в стране кипчаков, богатой большими постбищами зимой и летом. В ней есть холодные летом и теплые зимой места, богатые пастбищами. Это страна лесов на берегу моря. Они дошли до города Судака, города кипчаков, где их главные силы; он находится на берегу Хазарского моря и к нему пристают корабли. Это Хазарское море соединяется с заливом Констатантинополя. Достигнув Судака, татары овладели им, жители же его разбежались в разные страны; одни ушли в горы со своими семьями и имуществом, другие сели на корабли и отправились в страну румов, что в руках мусульман — детей Кылыч-Арслана...)» (Ибн әл Асир – «Полный сборник летописей»).

Демек, Колхида даласындағы Қазақ елі дербес патшалық болған және Алан патшалығымен одақтас. Шыңғыс хан әскері олармен өздері бір халық екенін айтып үгіттеп және сый-сияпат жасап, қазақтарды соғысудан бас тартқызғаны, сосын әуелі аландарды талқандағанын, кейін Қазақ елін шауып, тонағанын Ибн әл Асир баяндайды. Сол кезде Қазақ елінің көп бөлігі жан-жаққа босып кеткен. Ол дерек былай өрбітіледі «После того, как татары заняли землю кипчаков, последние рассеялись: одна часть ушла в страну русов, другая рассеялась по своим горам, большинство же их, собравшись, направились к Ширван... Однако мусульмане, курджи, лакзы и другие, почувствовав смелость по отношению к ним, уничтожили их, убили, грабили и захватили в плен, так что кипчаский раб (мемлюк) продавался в Ширване по (самой) низкой цене...» (Ибн әл Асир – «Полный сборник летописей»).

Міне, осы кезде Қазақ елінің бір тобы Дон аймағына кеткен (ұрпақтары – Дон казактары). Бір тобы Урус еліне, яғни Қырымға барған, бір тобы Армения жеріне кеткен (ондағы Касах өзені мен сарқырамасы сол қазақтардан қалған белгі). Олардың көбісі қазіргі Әзербайжан аймағына барған және қазақтардың көбі тұтқынға түсіп, құлдыққа сатылған (Аландар құрамында құл тобы деп көрсетілген «касах» пен дигор-осетиндері құрамында құл тобы деп көрсетілген «касагта» сол құлдыққа түскен қазақтар екені анық). Өз жерінде қалған қазақтар XVІ ғасырда қандай күйде болғанын Анна Антоновская еңбегіндегі деректермен жеткіздік.

Дон аймағында Х ғасырда көшпенді қазақтар болғанын араб тарихшысы Әл Масуди жазды. Ал «Дон» атауын қазақшалағанда – дөң, орысшасы – холм. Дөңді, қыратты аймақ болғандықтан қазақтар солай атаған (мысалы, Ақтөбе облысындағы Дөң деген жерде «Дөң» кен байыту фабрикасы орналасқан, оны орысша «Донское горно обоготительная фабрика» деп атайды). Дон – өзен атауы емес, ол өзен Танайс деп аталған ертеден. Ежелгі жазбаларда аталған аймақта аландар мекендегені көрсетілген. Осы себептен Ресейдің Дөң атауын Дон етіп, оны Танайс өзенінің атауына айналдырғаны. Өйткені, осетин тілінде «дон» сөзі «су» деген мағына береді. «Аландар ирантілді болған, олардың ұрпақтары – осетиндер» деп бұрмалайтын ресейліктердің Танайс өзені маңындағы аландарды «осетиндер» етіп көрсету үшін «дөң» атауын «дон» етіп өзгерткені түсінікті. Анығында, қазіргі Дон өзені әуелде Танайс және бұл атау қазақтың қазіргі Тана руымен байланысты деген жөн. Өйткені, Тана руы әуелден Аландық ру екенін римдік жазбалардағы «алан танайды» деген деректер айғақтайды. Атаудың қазақ халқымен байланысты екенін жасыру үшін «Дөңді» «Дон» қылған және сондағы өзен атауына айналдырған Ресей империясының саясаты. Алайда, ол аймақты ертеден казактар мекендегені және Ресей ол елді кейінге дейін «Дикое поле» деп атағаны анық фактілер.

Араб саяхатшысы Ибн Батута XIV ғасырда сол Дон аймағын мекендегендер түркі тілді қыпшақтар екенін баяндайды (яғни, қазақтар). Ол сол түркітілді қыпшақтардың қазіргі Кубандағылары христиандар екенін, ал қазіргі Ставропол аймағындағылары мұсылмандар екенін айғақтайды. Христиан қазақтар – Шыңғыс хан шапқан ХІІІ ғасырда Колхида даласындағы Қазақ елінің Қырымға барғандары деген жөн. Олар Қырымда отырған Урус пен Сакалбан елінен христиандық қабылдаған. Дон қазақтарының XVІ ғасырда Ресей империясы ықпалына түсуіне сол христиан қазақтар себепкер болуы мүмкін. Казактардың бір тобының ұлттық киімі қазақтардікіне ұқсайды, ал негізгі бөлігінде ұлттық киім кавказдыққа жақын. Ұлттық киімдері қазақша казактар – Дон аймағында отырған көшпенді қазақтар, ал қалғаны – Кавказдан барған қазақтар екені даусыз.

Көшпенді қазақтардың көбісі мұсылман болды, сондықтан олар қазақтығын жоғалтпай сақтап қалды және әлі де Волгоград, Астрахан аймақтарында ата-бабаларының жерінде отыр. Казактарға XVІІ ғасырда черкес дегендер қосылған, олар – қазақтың шеркеш тайпасының христиандыққа өткен бөлігі. Ресей ғалымдары қазақ тарихын жоққа шығарумен болды, олар ХІХ ғасырдан бастап адыгейлерді «черкес» деп атап келеді. Алайда, адыгей халқы өзін ешқашан «черкес» деп танымаған және оны мойындамайды. Ал қазақтың шеркеш тайпасы сол Донға жақын аймақта әлі бар, осы фактіні орыстар әдейі мойындамайды.

Колхида даласындағы Қазақ елі ешкі жүнінен шәлі мата өндіргенін, сондай матаны Орынбор казактары да тоқығанын айттық. Қавказдан шыққан қазақтар Дөңге (Дон аймағына) малымен бірге көшіп барғаны және малдары негізінен ешкілер болғаны анық (Орынбор казактарында ешкі шаруашылығы сақталған).

Орыстардың ата-бабалары Алтын Орда заманында Алтын Ордаға бодан Бұлғар елі болғанын араб саяхатшысы Ибн Батута дерегімен көрсеттік. Бұлғарлар – түркі тілді халық, олар Қазақ елін қысқаша «қаз ел» деп атаған. Бұлғар елін, яғни Ресейді билеген Иван Грозныйдың әскері Дөң (Дон) қазақтарынан жасақталды. Иван Грозныйдың өз есімі – Тит («титтай» деген мағынада), оны христиан әрі славян етіп көрсету үшін «Иван Грозный» деген жалған атпен тарихқа енгізген – кейінгі Ресей империясы. Иван Грозныйдың анасы – қазақ ханы Мамайдың қызы (Мамай – Қасым ханның баласы, Қасым хан қайтыс болғанда, орнына хан болған, шындықты жасыру үшін оны қазақ шежіресіне Мамаш деп енгізген де орыс саясаткерлері). Иван Грозный қол астындағы орыс-бұлғарларды бағынышында ұстау үшін нағашы жұрты қазақтарды әскер етіп ұстаған (стрелеские полки). Ол орыс-бұлғарлардың жаппай христиандық қабылдауын тоқтату үшін шіркеулерді өртеп, священниктерді өлтірумен болды. Алтын Орда заманынан Бұлғар елі мен Алтын Орданың негізгі халқы – қазақтар арасында өзара жеккөрушілік болған, себебі – «бұлғар сеператизмі» екені түсінікті. Қазақтардың мұсылмандығы өте мықты болғанын сол Ибн Батута баяндайды.

Бұлғарлардың Қазақ елін жек көруі ақырында сол қазақтың мұсылмандығын да жек көруге алып келді. Осылайша мұсылман бұлғарлар жаппай христиандыққа өте бастаған (уахабишіл аз ғана қазақты жек көремін деп, ата діні Исламнан жери бастаған қазіргі кей қазақтар сияқты). Бұлғар елі Иван Грозныйдің әскері болған қазақтарды да ұнатпаған. Өйткені, ол қазақтар сақшы мен жазалаушы әскер қызметін қатар атқарған. Бұлғарлар Қазақ елін қысқаша «қазел» деп атады дедік, олар сол қазақтардың негізгі малы ешкіні де «қазел» деп атаған. Орыс халқының сақшыларды (полиция) ертеден «козёл» деп атап жек көруі сол Иван Грозный заманында полицей қызметін атқарған «қазел» адамдарымен байланысты сақталған дер едім. Әрине, Дон қазақтары кейін христиандыққа өткен соң, ешкіні қойып шошқа асырауға көшті. Алайда, Орынбор казактары ешкі шаруашылығын сақтап қалды.

Шыңғыс хан шапқыншылығынан Кавказ қазақтары қазіргі Түркия аумағына да жеткен (жан-жаққа бас сауғалап кеткен соң, оларға кім көрінген әлімжеттік жасап, құлдыққа салған). Оларды тарихта «қай» тайпасы деп жазады және олар да ешкіні көп асыраған әрі мата өндіріп сатумен айналысқан. Оларды билеген Сүлеймен ұлы Ертұғырыл және оның әйелі Түркі Селджук (Төргі Асылжік) династиясынан болды. Ертұғырыл ұлы Осман кейінгі Осман империясын орнатқан. Ресей оқымыстылары әдетімен «Қай тайпасы – оғыз елінен, олар қазіргі Түркіменстан аймағынан барған» деп бұрмалайды. Ал бұл дерекке қатысты Түркия ғалымдары ежелгі отандары Ресей империясы қол астында (Кеңес одағы) болғандықтан, онда дербес ғылыми зерттеулер жүргізе алмады. Амалсыз, орыстар айтқан жалған тұжырымдарды қабылдауға мәжбүр болды.

Ресейліктер Түркі Селджук тобын да оғыз елінен дейтіні, оларды оғыздардың қынық тайпасынан деп жазатыны рас. Алайда, сол оғыздардың үзілмеген жалғасы – түркімендерде қынық пен қай деген ру-тайпа атымен жоқ. Алдыңғы мақалаларымыздың бірінде Түркі Селджук тобы Түркі Ашина династиясынан екенін, яғни Түркі Селджук атауы дұрысында Төргі Асылжік екенін және олардың қазақ даласынан барып Оғыз елін билегенін айтқанбыз. Оғыз елін алғаш билеп бастаған – Түркі Селджук Мәлік әл-Ғази, арабша жазбадағы «әл ғазақ» атауын әдейі орысшада «ал-гази» деп бұрмалап жіберген (Арабша жазылулары: غاذق – Ғазақ, غاذى – Ғази). Арабша жазбадағы «Түркі Селджуктер – қазақ елінен» деген деректі «Түркі Селджуктер – қынық тайпасынан» деп бұрмалануы да Ресей саясатының салдары (Арапша жазылулары: قنق – қазақ, قذق – қынық).

Түріктің Ертұғырыл туралы телесериалынан оның елі киіз үйлерде тұратынын және ешкі ұстайтын халық екенін көрдік. Алайда, олардың түр-түстері азият емес, кавказдық болған (ол жердің халқына ұқсамайтын болса, яғни азияттар болса, тарихи деректерде айтылар еді). Аландарды ертеде билеген руды армиян жазбалары аш-дигор деп көрсеткен, олар қазіргі осетин халқында дигор атауымен сақталған және өз тілдері қарашай-балқарларға жақын. Қарашай-балқарлардың ата-бабасы – аландар Хунь халқынан екенін айтқанбыз (қытайшада – лянь, хұң тілі мен қазақшада – ұлан). Ұлан тайпасының І ғасырда Кавказға орныққандарын парсы-гректер «алан» деп атағандықтан, олар кейін солай аталып кеткен (Прибалтика аймағында XIV ғасырда отырған қазақ («татар-казак» делінген) тайпаларының найман, арғын, улан, қоңырат деп көрсетілуі «ұлан» атаулы тайпа сол ғасырда болғанын дәлелдейді). Сондықтан дигор дұрысында – тұғыр, ал аш-дигор – ас-тұғыр. Ас – Асылұя атауының кейінгі қысқарған нұсқасы, сонда ас-тұғыр – хунь халқын билеген Асылұя тайпасының бір руы болған.

Кавказдан қазіргі Түркияға барған қазақтарды билеген Ертұғырыл есімі «Ер тұғыр ел» деген мағынада дер едім (тұғыр елінің батыры), оның әулеті Ас-Тұғыр руынан болған. Түркі Селджук династиясы қызына қарапайым рудың адамы үйлене алмаған. Осы фактінің өзі Ертұғырылдың Асылұяның Тұғыр (аш-дигор) руынан екенін көрсетеді. Оның елі «қай» деп аталғанын айттық, ал «қай» атауы мен «қазақ» атауы арабшада бірдей жазылады (Арабша жазылулары: قذق – қазақ, قاى – қай).  Демек, Ертұғырыл елі – Кавказдан барған Қазақ халқы және Осман империясын орнатқан сол Ертұғырылдың ұлы Осман болатын. Тарихшылар Ертұғырылдың «Ертұғырыл ғази» деп аталғанын, оның ұлы Осман  «Осман ғази» деп аталғанын жазады, оны дұрысында «Ертұғырыл ғазақ» және «Осман ғазақ» деуге болады (жоғарыда «ғази» мен «ғазақ» арабшада өте ұқсас жазылатынын көрсеттік).

Ертұғырыл елі әуелі Алепо қаласынан аса қашық емес аймаққа орналасады, сол қай елі мекеніне айналғаны телесериалда айтылады. Шамамен, Сирияның сол аймақтағы Түркиямен шекаралас провинциясы әліде «Касак» деп аталады. Онда қынық, қыпшақ немесе қай деген атаулар жоқ, ал үлкен провинция – Касак. Бұл бекер емес, ол жер Ертұғырыл ғази елі болса, онда оның халқы қазақ болғаны және оны өзге ел билеушілері Ертұғырыл ғазақ деп атаған.

Түрік халқында ежелгі отандары қазіргі Қазақстан деген түсініктің сақталуы да бекер емес. Ол ұғым Түркі Селджук династиясы мен Осман империясын орнатқан Осман ғази елінің қазақтар екендігімен байланысты. Түркі Ашина біздің жерімізде VI ғасырда Түркі қағанатын орнатты және халқы қазақтар болды. Олардың  ұрпағы Түркі Селджук тобы Х ғасырда бізден барып Оғыз елін бағындырды. Олар ұзақ уақыт Оғыз елін билегендіктен, қол астындағы оғыз халқы диалектісіне көшті. Алайда, өздерін «оғыз» демеген, «түркі қазақ» деп таныды және басшысын араб жазбалары «Селджук Малик ал-ғазақ» деп, яғни «Селджук Әмірші қазақтан» деп көрсетті («қазақ» атауын «қынық» деп,  «ал-ғазақ» сөзін «ал-гази» деп бұрмалаған орыс ғалымдары). Оғыз халқы Түркі Селджук тобын қатты қадірлегені, сол себепті өздерін кейін «оғыз» деп емес, «түркімін» деп атауға тырысқаны және түркімен атауы осылай қалыптасқаны байқалады.

Жоғарыда Әзербайжан мемлекеттілігінің негізін қалаған Елденгиз Атабектің қыпшақ екені және әскерінде қыпшақтар көп болғаны, кейін сол қыпшақтардың Иран аймағына қоныстанғаны жайлы тарихшылар айтқанын жаздық. Олар шынында қыпшақ емес, қазақтар екені даусыз, оны сол Әзербайжан аймағындағы Қазақ атаулары да дәлелдейді (онда қыпшақ атауы мүлде жоқ). Иран мемлекетінде Кавказдан шыққан мұсылмандардан жасақталған казак әскері сарай төңкерістерінде қолданылғаны, оларды Ресейден келген Касаговский деген казак-орыс жаттықтырғаны айтылады. Әрине, Ресей оларды Кавказ қазақтары демейді, оларды ертеде Кавказдан шыққан мұсылман күрді, түркімендер деп көрсетеді. Олай болса, неге олар «казак» деп аталатынын түсіндіре алмайды. Дұрысында, олар – сонау Елденгиз Атабек заманынан бастап Кавказдан барып, Иранға орныққан қазақтар.

Осы мақалада көрсетілген әрбір дереккке қазақ тарихшылары назар аударса, Ибн әл Асир мен Әл Масуди және Ибн Батута жазбаларын тікелей арабшадан қазақшаға аударса (тек қазақ аудармашылары көмегімен) үлкен іс тындырар еді. Ал сенімсіз әрі деректері өзара қарама-қайшылыққа толы Рашид-ад-дин жазбасын тәржімалаудан түк пайда жоқ. Ол тек ресейлік идеологиямен жазылған жалған тарихтың күшейе беруіне алып келеді. Шынында, ол жазбаны дайындаған Ресей империясындағы иезуидтер ордені, оны қазақшалауды еврей алпауыты қаржыландырғаны белгілі.

Дағыстандағы Қазақ-Құмық хандығы туралы айтып өттік. Ибн Батута жайындағы мақаламызда оның Хажтұрған (Астрахан) қаласынан Укак (Прохладная) қаласына, сосын Қара теңіз жағасындағы Судак (Новороссийск) қаласына барғанын көрсеттік. Сол жолы Ибн Батута қазіргі Қабардин-Балқар, Ингушетия және Солтүстік Осетия жерін басып өткен. Ол бір күндік жердегі тауда (Солтүстік Кавказда) христиан Урус елі отырғанын айтады (Авар нуцальдігін билеген Урус династиясы жайлы жоғарыда айттық). Осы дерек оның тау етегіндегі қыратты даламен жүріп өткенін айғақтайды. Оған осы жолда тек қыпшақтар (қазақтар) кездескенін көреміз, осетин, ингуш, кабардиндер кездессе, ол сөзсіз жазар еді (Ибн Батута ондай деректерді әрдайым көрсетіп отыруды ұмытпаған). Демек қазіргі Қабардин-Балқар, Солтүстік Осетия, Ингушетия аймақтарында XIV ғасырда Алтын Орда халқы –  қазақтар (қыпшақтар) мекендеген (авар, шешен, балқар, қабардин, осетин, ингуштер тауда отырғандықтан, Ибн Батутаға кездеспеген).

Ибн Батута баяндаған Укок (Прохладная) қаласы әуелде казактарға тиесілі болғаны қала тарихында көрсетілген. Аталған аймақ ХІХ ғасырда Терская губерниясы құрамында болды, ал Солтүстік Кавказдағы казактар «терские казаки» деп аталған. Кавказ соғыстарының куәгері Лев Толстой ХІХ ғасырда «терские казаки бір-бірімен татарша сөйлесетінін» жазады. Осылайша казактардың түркітілді екенін көрсетеді, «казак» деген атаулары олардың татар емес, қазақ екеніне куә (орыстар барша түркілерді «татар» деп те таныған, қырымларды – «қырымские татары», әзербайжандарды – «закавказьские татары», құмықтарды – «дагестанские татары», хакастарды «абаканские татары» деп атаған).

Казактар арғы тегінде қазақ екені анық, ол жайында жоғарыда айттық. Терские казаки дегендер де қазақтар, олар – Алтын Орданың халқы (Ибн Батута жазбасының орысшасында «қыпшақ» деп жазылған). Олардың оңтүстігінде, қазіргі Грузиядағы Колхида ойпатында Қазақ елі болды. Сол Колхида жазығындағы Қазақ елі теріскейінде, таудың арғы жағында отырған туыстарын «теріскей қазақтары» деп атаған. Осы «теріскей қазақтары» атауын «терские казаки» қылған, әрине Ресей империясы саясатының салдары.

Теріскей қазақтары мен таудан жазыққа көшкен мұсылман тау халықтары арасында жер дауы болған, оның арты қан төгістерге ұласқан. Теріскей қазақтары жері үшін Ресей империясының қолшоқпарына айналды, олар бүкіл Кавказды Ресейге бағындырып берді. Ал өздері жерінен ғана емес, қазақылығынан да айрылып, орыс тілді казак деген тобырға айналды. Алдымен ақша төлеп әскер қылды, сосын дініне кіргізді, ал ол дінде шіркеу тілінде сөйлемеген адам «язычник» деп айыпталып, қуғынға ұшыраған (шіркеу-орыс тілінде сөйлемеген адам христиан деп саналмаған). Христиандық қабылдаған қазақ өз ана тілінен бас тартып, орыс тіліне көшуге мәжбүр болған (басқа жол жоқ). Шоқындыру арқылы ол қазақтарды «империяның казак деген зомби әскеріне» айналдырды. Шоқынған қазақтар ұрпағы арғы тегі қазақ екенін, Алтын Орда империясының басты халқы болғанын ұмытты. Олар «за Цария и за Церков» деп ұрандаған казак әскеріне айналды. Олар – Еуразияны билеген жауынгер қазақтардың ұрпақтары, оларды Ресей империясы ұтымды пайдаланды.

Шын мәнінде Ресей империясына Сібір мен Қиыр Шығысты, Қырым мен Кавказды, Қазақстан мен Орта Азияны бағындырып берген казак жауынгерлері екені ақиқат. Олардың арғы тегін ұмыттыру үшін де тарихымыз бұрмаланды. Енді сол казактардың ұрпағына ақиқатты айтып, түсіндіретін уақыт жетті. Тым болмаса Қазақстан мен Орта Азия аумағындағылары арғы тегі қазақ екеніне көздері жетуі тиіс. Ресей империясы аталарын «арзан зомби әскерге» айналдырғанын түсінсе, олар алдағы уақытта Ресейдің қолшоқпары болмайтын еді.

Қазақтың шынайы тарихын жазу – Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін нығайту жолындағы бірден-бір үлкен іс. Даңқты ежелгі тарихы барын ұққан қазақтың баласы мен қызы өз ұлтын мақтан тұтады, рухы биіктейді, алға ұмтылады. Ешкімнен кем емес екенін ұғынады. Ондай адам орыс пен қытайға немесе басқа ұлтқа сіңуге тырыспайды, керісінше орыс пен қытайды ғана емес, бүкіл Еуразияны билеп-төстеген халықтан екені оларды өз ұлтын қадірлейтін деңгейге көтереді. Нағыз Рухани жаңғыру сонда болады.

Алайда, Путинді таққа отырғызған иезуидтер қарап отырған жоқ, олар да жан ұшырып, өздері енгізген жалған тарихты Еуразия аймағында сақтап қалуға тырысуда. Ресейді билеген иезуид орденінің жұмысшы күші – «Русское географическое общества» деп аталатын ұйым. Қазір сол ұйымның басшысы Путин мен Шойгу және ресейлік милиардерлердің барлығы сол ұйымға жыл сайын қаржы құюы міндетендірілген.

Қазақстанда да «Қазақ географиялық қоғамы» пайда болуы, Қазақстан телеарналарының тарихымызды тек ресейлік ескі нұсқада насихаттауы, ғалымдарымыздың тарихи ізденістеріне ресейлік ғалымдардың жиі араласуы кездейсоқтық емес. Осы орайда, Қазақ билігі, ұлт зиялылары сауысқаннан сақ болғаны жөн. Өйткені, жаһандану заманында ұлтты жоғалтып алу – бір пәсте бола салатын шаруа. Қазақ халқының, ұрпағының аман болуы біздің мойнымыздағы аманат!

(Жалғасы бар) 

Бекжан Әденұлы

Abai.kz

11 пікір