Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3753 0 пікір 22 Сәуір, 2013 сағат 06:39

Астана: Тұрғын үй көп, тұрып жатқандар жоқ

Қазақстанда халықтың баспанаға зәрулігі түбегейлі шешімін таппай-ақ қойды. Азаматтарды тұрғын үймен қамту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама мерзімін де, мазмұнын да талай рет құбылтып, бірде бие,бірде түйе болып келе жатыр. Бірақ елдің басқа өңірін айтпағанда, Астанадағы салынып жатқан тұрғын үйдің есебінде шек жоқ. Әрине, олар байлардың ұры ақшасын салатын капитал көзіне айналып отыр. Астаналық кейбір тұрғын үй ғимараты жартысынан астамы жалға берілетіні белгілі. Ал, баспанасыздыққа ұрынып, әлеуметтік босқын болған қарапайым тұрғындарды кезекке қойғансып, ермек қылғаны әбден  ығырымызды таусып бітті.

Былық кезінде талай алаяқтар заңсыз құрылысты қолға алып, жұрттың ақшасын жымқырып тайып тұрғаны бар, түрмеге түскені бар. Сондай «науқанға» ұшыраған 30-ға тарта ғимараттың үстіне мансард түрінде салынған құрылыстар қатерлі саналып, бүгінде бірталайы сүрілді, жапа шеккен қожайындарға сәйкес тұрғын алаңы берілгенге ұқайды.

Бірақ тоқалдан туғандай төрт үйдің төбесіне шоқшиған мансард қабаттары заңдастырылатын болып, құжатталу үдерісі басталып кетті. Басталғаны демесең, оның әлі қияметі алда: алды  7 жыл, соңы  3 жыл әлгі мансартта қыстаған тұрғындар әуелі айлап жүріп қыруар сызба мен қағаз жинап, оны Астана қалалық Сәулет және құрылыс басқармасына тапсырады, ол ресми  түрде бас тартады, сосын әлгі тұрғындар оны сотқа береді, сот тұрғындарды қолдап шығады-мыс, сосын соның негізінде әлгі басқарманы мәжбүрлеп, төбедегі тұрғын үй алаңын құжаттайды-мыс. Бұл мифологияның басталғанына айлар емес жылдар өтсе де бітер емес.

Бір қызығы, басқа мансард құрылысы заңсыз болып, жапа шеккен тұрғындар қанағаттандырылады да, ал соңынан қалған мына Беляков-26,Беляков-28,Бұланты-4, Жұбанов-75 көшесіндегі 4 мансардтың заңды болуға қандай мүмкіндігі бары белгісіз. Олардың тұрғындары қандай тоқалдардан туылғаны тағы беймәлім - әлгіндей машақатқа түсіп жүр. Бұл үйлердің алды  - 40, арты - 30 жыл  болып, әбден шаршаған кеңестік үйлер мен жатақханалар. Сонда осы 100-ге тарта адам үшін пәтер қаншалықты үнемделіп жатқаны белгісіз. Ал егер Қарағандыдағы «Бесобаның» күні мына салтақ-салтақ қирауға шақ тұрған, шіріген жертөлесі бар үйлердің басына келсе, Астананың қақ ортасындағы бұл ақуал кімге пайда?

Онда да бұл тұрғындармен ешкімнің ісі болмас еді, әйтеуір,кейбір пысық тұрғындар президент аппаратына шығып, іске қозғау болыпты. Ал, шын мәнінде астанадағы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына салынған үйлерде есеп жоқ көрінеді. Оның есебі де, кімнің кіріп, кімнің шығып жатқаны да бір Аллаға аян. Жыл сайын Жаңа жыл, Наурыз, Астана күні баспанасыздарды алдаусырату күні болып алды. Осы кезеңдерде әкімдік тарапынан әне-беріледі, міне беріледі деген қауесетпен қыруар кезектің қаншалықты жылжып жатқанын білу қиынға түсіп тұр. Әкімнің анда-санда тізімді әйгілейтін сайты да өзгеріп, одан да мақұрым қалып отырмыз.

Қайырбек Күнсұлу, астаналық тұрғын

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320