Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1340 0 пікір 14 Наурыз, 2023 сағат 13:59

Әнұранның айбыны

Қазақстанның Мемлекеттік Рәміздері – тәуелсіз ел екенімізді жаһанға паш ететін символикалық мәні бар айырықша белгілер. Оған көк ту, елтаңба, әнұран жатады.

Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде биік мәртебеге ие. Әрбір азамат көз қарашығындай қастерлеуге міндетті. Мемлекеттік рәміздерге жоғары құрмет көрсеті әрбір қазақстан азаматының қасиетті парызы. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі конституциялық заңда белгіленген. Сол үшін аяқ асты етуге болмайды. Немқұрайдылық танытқандар заңдық жауапкершілікке тартылады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.

Бұл мақсатқа жету үшін, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімді арттыру үшін ондағы бейнеленген халқымыздың тариқымен біте қайнасқан, ұлттық құндылықтарымыздың белгісі ретінде алынған символикалық бейнелердің тарихи, ұлттық, эстетикалық мәнін жете түсіндіру, ұғындырудың маңызы өте зор.

Мемлекеттік туымыздың көк түсі тегеннен тегін таңдап алынбаған. Еліміз есте жоқ ескі замандарда көк тәңіріне табынған. Ескі қытай жылнамаларында жазылуынша Қазіргі Іле мен Жетісуда жасаған Үйсін бабаларымыз көк бөріге табынып, өздерінің туларын көк түске бояп, бөрінің бейнесін салатын болған. Бұл үрдіс Түркі қағанаты кезіндеде жалғасын тапқан. Сондықтан Қазақ ұлты ғана емес, туысқан Түркі байырлардың мемлекет туларының көк түсті болып келетіні сондықтан.

Қазақ халқында әрбір рудың мал-мүлікке салатын өз таңбасы болды. Соғыс жағдайында межелі жерге әрбір рудың жасағы өз руының таңбасы салынған байрақ ұстап, хан туының астына жиналатын болған.

Ал мемлекеттiк Елтаңбаның негізі Шаңырақ болғаны да жайдан жай емес. Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi. Аталарымыз әлі күнге жаңа отау құрған жастарға «шаңырағың биік болсын» деп бата береді. Елтаңбадағы шаңырақта тәуелсіз еліміздің еңсесін көтеріп, қуатты елге айналатынын білдіреді. Халқымызда «ер қанаты – ат» деген қанатты сөз бар. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Шаңырақ пен тұлпарда уақыт пен кеңістіктен алқыған ұғым.

Қазақ халқында әрбір рудың мал-мүлікке салатын өз таңбасы болды. Соғыс жағдайында межелі жерге әрбір рудың жасағы өз руының таңбасы салынған байрақ ұстап, хан туының астына жиналатын болған. Бүгінгі тәуелсіз қазақстанның рәміздері де сол дәстүрдің қайта көрініс табуы, тарихи жалғасы болып табылады. Қазақ халқының рухани қазынаға, ән мен күйге бай халық екені жалпақ жұртқа аян. Сол телеген теңіз әндердің ішінен өткен ғасырдың 60-жылдары жазылған Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әнінің анұранға айналуы да кездейсоқтық емес. Уақыт сынынан өтіп, ерліктің, ұлттық намыстың айбынды ұранына айналып отыр. Әнұранды тебіреніп орындау үшін оның әуезді әуеніне, бірден баурап әкететін мелодиясына ғана емес, шығу тарихын, заман талқысынан өткен тарихи шындығын жастар білгені ләзім.

1960-жылдардың басында Кеңес басшысы Хрущев тың игеруді желеу етіп, Қазақстанның жері құнарлы солтүстік облыстарын ресейге қоспақ болады. Ол шешішге сол кездегі Қазақ АССР министрлер кеңесінің төрағасы Жұмабек Тәшенов батыл қарсы шығады. Биліктің жоғарғы жағында болып жатқан тартыстар зиялы қауым өкілдерінің құлағына да жетеді. Композитор Шәмші Қалдаяқов қазақ жерін бөлшектеуге наразылығын білдіріп, елдің ұлттық намысын ояту үшін әйгілі «Менің қазақстаным» әнін шығарады, сөзін атақты ақын Жүмекен Нәжмиденов жазады. Қазақ жерінің тұтастығына саятын саяси оқиғадан туған бұл ән содан бері елімізге ұлттық жігер беріп келеді. 1986- жылы «Желтоқсан оқиғасы» кезінде Мәскеудің Қонаевты орнынан алып, Колбинды әкелуіне қарсы болған қазақ жастары осы әнді қосыла шырқап жүреді. Біздің айбында әнұранымыздың да осындай өнегелі тарихы бар. Мемлекеттік рәміздеріміздің тарихпен байланысын білу, ұлттық, эстетикалық, тарихын маңызын білу әрбір қазақстан азаматының қасиетті борышы.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485