Серік Әбдіреш. «Жайдарман» – жастарымыздың жайдары ортасы
Мемлекеттік қызметке жас шенділер тобын жасақтағаннан гөрі жастардың жігері мен күшін жұмсайтын нақты жобаларды мемлекеттік тараптан қолдау мен қаржыландыру әлдеқайда тиімді, пайдалы, нәтижелі болар еді. Сондай жастық жобалардың бірі - КВН.
КВН - жастардың қылжақтасып не қоғамды әжуалап, ойларына келгенін істейтін даңғаза мен далбаса емес. Белгілі бір форматқа, жанрларға бағынатын тапқырлық пен өнерпаздықтың сахнасы. Оңай олжаға да, жұрттың езуін емін-еркін жыйдыратын есер қылыққа да орын аз - көрермен ондайға көңілжықпастық жасамайды. Қысқасы, бұл - ешбір мемлекеттік жоспарсыз, қызметсіз, диктатсыз, еркін өнер мен жастық жігерлі қабылеттің қайнар көзін ашар мүмкіндік пен тәрбиенің көзі.
КВН - кеңестік дәуірдегі еркін ойлы жастық өмірден пайда болған, қасаң коммунистік өмірді ішінара болса да қылжақтаудың бір форматы еді. Бұл үшін оның «атасы» А.Масляковтың жауапқа да тартылғаны бар. Дегенмен, орыс мәдениеті мен ділінің көрінісі болып қалыптасқан бұл өнердің қазақы ортаға бейімделуі мен оның қазақ жастарының төлтума өміріне сіңісуі қайран қаларлық жағдай.

Десек те, біздің ортаға КСРО ыдырағалы ол оңай сіңіскен әрі жұғысты болған өнер емес, соңғы 10-15 жыл көлеміндегі қазақстандық КВН түлектерінің орыстілді ұрпағы да қазақстандық мектепті қалыптастырып, отаншылдық үлгісін көрсетіп үлгерді. Мәскеуде талай жүлделі өнерін паш етті. Бүгінде олардың дені эстрадалық ортаның гүлі мен жұлдызына айналды.
Орыстілді квншілерді қарай отырып, алғашқы пайда бола бастаған қазақтілді нұсқаға тосырқай қараған жағдайлар аз болған жоқ, көрерменді былай қойғанда, оның қатысушыларының өздері де орыстілді нұсқадан именшіктеп, «ондай болу қайда?» деген сыңай байқалатын. Алайда, қазақтілді квншілердің басы қасында болған лидерлердің бірі - Есен Елеукен, мойымастан өнерпаз да жайдары,тапқыр жастарды соңынан сенімді түрде ерте білді. Сенім мен қайсарлық нәтижеге жеткізбей қоя ма, бүгінде қазақ КВН-ы жүздеген ойыншылары мен мыңдаған көрерменін қалыптастырып үлгерді.
Қуаныштысы сол - қазақ КВН-і бүгінде қалыптасу кезеңін артқа тастап, қазақы ортаға сіңісу мен икемделу кезеңінен өтті. Ол қазақы ортаға тән жайдары тапқырлар ордасына айналды. Және де астаналық жас элитаны біріктіріп, Қазылар алқасын түзді. Оның ішінде жайдармандардың әр сөзінің тілге сәйкестігі мен тазалығын қатаң талап ететін «Қазақстан» телеарнасы бас директорының орынбасары Мәди Манатбектің араласуы да өз нәтижесін беруде - тапқырлар тілді бұрмалап, көрінгенді қылжаққа айналдыруды доғарды. Ұлттық арнада «Жайдарман» көрсетілімі тапқырлық пен жайдарылық өнерді қызықтайтын миллиондардың тұшынатын бағдарламасына айналды. Ақын Қалқаман Сарин мен айтыскер Айбек Қалиевтің, әнші-актер Ерлан Малаевтың, әйгілі боксшымыз Бақтияр Артаевтың, бұрынғы мәжілісмен-депутат кәзіргі Білім вице-министрі Мұрат Әбеновтің тағы басқа тарландардың қазылығы мен жанашырлығы басқа да астаналық зиялы қауымға үлгі бола бастады.
Бүгінде КВН-шілердің алдыңғы легі эстрада жұлдыздарына айналды, телеарналардың көрігін қыздырып жүр. Жуырдағы америкалық тәуелсіз сараптаушылардың мәлімдеуіне қарағанда «Қазақстан» ұлттық телеарнасының ең жоғарғы рейтингіне ие көрсетім «Жайдарман» бағдарламасы болып шықты. Жария болған ақпарға қарағанда, жайдары тапқырлық әзірше екі жүз мыңдай жасты тартуда екен. М.Әбеновтың жуырдағы сөзіне қарағанда, мектеп оқушылары да тартылса, бір миллионға дейін жас ұрпақтың тапқырлығы «жайдарлана» түспек. Бұл нұр үстіне нұр боларлық бастама болар еді. Тілдері әрпіл-тәрпіл балаларымыз тәртіпке түсіп, ана тіліне деген құрметі артып, сол арқылы жұрт алдында жұлдыз болуға ынта білдірсе несі бар! Тілдік ортаның көрер көзге әлеуеті артып келеді, жастарымыз өзінің ұлттық ресурс екенін бірден бір сезінетін әзірге елдік жоба осы деуге болады. Алматы мен Астана секілді мегаполистерді былай қойғанда, сонау «Сағыз» ауылының жастары да бүгінде өз кейіптері қалыптасқан сахна шеберлері болып жоғарғы лекте өнер көрсетуде. Қарағандылық «Күлкі терапиясы» жайдарманшылары орыстілділерді былай қойғанда шетелдік студенттерге қазақ тілін үйретіп, оларды жайдарманшы деңгейіне көтеріп, тілдік ортаны кеңейту үлгісін көрсетіп жүр. Елдегі мұншама көп жастарды қамтыған әрі сапалық нәтижеге қол жеткізген, көрсеткіштері қомақты мұндай жобаны табу қиын. Астанадағы «Жастар» сарайы осы «Жайдарманның» арқасында ғана қазақ тілінің түндігін ашып отыр десек, артық емес.
Дегенмен, мемлекет тарапынан мұндай жобаларға әлі де тиянақты қолдау байқалмайды. Орыстілді квншілер астаналық өнерлерін «Қазақстан» концерт залына ғана қояды, сонда біздің жастарымыздың олардан өз елінде қағажу көретіндей қандай себеп бар?! Кім көрінгенге, батыстың бұлғақтарына еліктегеннен гөрі жеткіншектің көзайымы болар, өз жұлдыздарымыздың фабрикасына айналар КВН мүмкіндігін неге қаржылай да, басқалай да қолдамасқа?! Әзірге жоғарғы оқу мекемелерінің басшыларына алғыс айтып жәутеңдеген қазақ «Жайдарманы» жастарымыздың жайдары өмірін алаңсыз асқақтатса дегіміз келеді.
Abai.kz