Қазақ-түрік әскери қатынасы қай деңгейде?
Қазақстан мен Түркия мемлекетінің арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жылдан асты. Сол аралықта екі ел арасында сауда-экономикалық, әлеуметтік салада, халықаралық қауіпсіздік саласында, әскери-техникалық салада тығыз байланыс орнады. Бүгінгі мақаламызда қазақ пен түрік әскери салада қандай жетістіктерге жетті? Бүгінгі күнгі жағдайы қандай? деген сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбітпекпіз.
Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының төрағасы Айбек Барысов «Еліміздің Түркиямен әскери-техникалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуды назарға алғанын» айтады.
Былтыр осы бағытта жұмыс жүргізіліп, екі елдің президенттерінің қатысуымен Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар екіжақты әскери ынтымақтастықты реттейтін бірқатар құжаттарға қол қойылған болатын.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Анкараға ресми сапары кезінде TUSAŞ және Kazakhstan Engineering компаниялары арасында Anka ұшқышсыз ұшу аппараттарын Қазақстанда өндіреуге келісім жасалды.
Түркия компаниясының айтуынша, ANKA дрондарын қазақ еліне жеткізу туралы мәміле 2021 жылы басталған.
«Сол шешім бүгінде Қазақстан президентінің елімізге келуімен толықтырыла түсіп, енді TUSAŞ Қазақстанда Kazakhstan Engineering-пен бірге ANKA дрондарын бірлесіп өндіру туралы жаңа келісімге қол қойды»,-деп жазды Türk Havacılık ve Uzay Sanayi AŞ.
Ұшқышсыз ұшу аппараттар жөндеу, техникалық өңдеу жұмыстары Түркияда да іске аса береді. Осылайша еліміз ANKA дрондарының өндірісі жолға қойылған алғашқы шет мемлекет атанды.
Түрік дрондары Сирияда, Ливиядаға қақтығыстарда, Әзірбайжанның Қарабақ аймағындағы қарулы қақтығыс кезінде өзінің тиімділін көрсеткен болатын. Содан кейін ұшқышсыз аппарат әлемнің назарына ілікті.
Сонымен бірге түріктің «Bayraktar-ы» да екінші Қарабақ соғысында тиімділігін көрсете білді.
Түрік дрондарының артықшылығы – бағасының арзандығы – бір ұшу аппаратының құны бір-екі миллион доллар тұрады. Сонымен қатар, олар нақты соғыс жағдайына кіріп, қолданылуы арқылы үнемі жетілдіріліп отырады.
TUSAŞ бас директоры Темель Котил: «Жаңа келісім бауырлас Қазақстанмен достық байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді»,- деді шетелдік серіктесінің ANKA дрондарына деген қызығушылығын мақтан тұта.
Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының төрағасы Айбек Барысов Түркия мен Қазақстанның әскери саладағы ынтымақтастығын нығайту керектігін айтады.
Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда ASELSAN түрік компаниясы әскери электроника құралдарын шығаратын кәсіпорынның жұмыс істеп жатыр, сонымен қатар басқа да бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастық жүзеге асырылып жатыр.
Барысов Қазақстанның Түркиямен қорғаныс саласында бірлікті күшейтудің бірнеше себебін атады.
«Біз бауырлас халықтармыз, бәріміз түркі тұқымымыз. Түркия өз өнімдеріне құрметпен қарайтын ел. Сондықтан түрік елі осы жағынан бізге үлгі көртесе алады»,- деді маман.
Екінші себеп: Түркия НАТО құрамындағы әскери күші жағынан екінші орынды алады әрі әскери-өнеркәсіптік өндірісте әлдеқашан алға дамып кеткен.
Біздің еліміз де қорғаныс кешенінің негізін құрайтын кеңестік кәсіпорындар мен заманауи зауыттардың өнімін және жеңіл өнеркәсіп өнімдері: әскери киім-кешек, жабдықтар, азық-түлік сияқты бірінші қажеттіліктерді шығаруда алдыңғы қатарда. Бұл түрік елімен өзара ынтмақтастықты дамытуда қажетті дүние.
«Біз жауынгерлік машиналардың дөігелегін, өртті басқару жүйелерін, әскери кемелерді, пулемет, зеңбіректер шығарамыз. Іске қосылғанына көп уақыт өтпеген, жаңа патрон зауытымыз бар. Қазір 100 пайыз жұмысын атқарып тұр»,-деп атап өтті маман.
Барысовтың сөзінше, түрік елі әскери өнімнің 85 пайызын өз елінде өндіреді.
«Біз Түркиямен тығыз қарым-қатынасты дамытқымыз келеді, әсіресе әскери-өнеркәсіптік кешен бойынша Түркиямен бірлескен тәжірибеміз бар. Енді сол бағытты одан әрі өркендете түссек дейміз. Мысалы, НАТО стандартындағы барлық оқ-дәрілерді өндіру, әсіресе гаубицаларға арналған 155 калибрлі снарядтар өндірісі қызықтырады»,-деді ол.
Барысов НАТО стандарттарына көшу мәселесі өзекті болып тұрғанын жеткізді.
«НАТО стандарттары өте заманауи. Бізде Kazakhstan Paramount Engineering зауыттарының бірі дөңгелекті техника шығарады. Оның 8х8 «Барыс» машинасы 10 кг тротил жарылыс күшіне тең жарылысқа төтеп бере алады. Бұл танкке бақытталған минадан да күшті. Егер біз BTR 82-ні алатын болсақ, ол машина жарылысқа төтеп бере алмайды, демек, экипаждың өлу қаупі жоғары. Сондықтан біз НАТО стандарттарына көшуіміз керек», - деді ол.
Барысов Қазақстанда да дрондарды жөндеу, техникалық жабдықтау кәсіпорындарын құруға болатынын атап өтті.
«Артиллерия, снарядтар, зымырандар бойынша біз ынтымақтастықты бастасақ, сапалы жұмысқа қол жеткізе аламыз»,-дейді ол.
Abai.kz