Сенбі, 23 Қараша 2024
Әдебиет 2390 4 пікір 10 Мамыр, 2023 сағат 13:49

Одақ аудармашыларға оң қабақ таныта ма?

Біздің сайт: «Мамыр айының 12-сі күні Жазушылар одағының кезекті құрылтайы өтеді. Құрылтайда қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері талданып, Одақтың жаңа төрағасы сайланбақ. Осыған байланысты әлеуметтік желілерде, әдебиетші қауым арасында гу-гу әңгіме жүріп жатыр», - деп оқырман қауымды біраз жаймен таныс еткен еді

Одан кейін ағамыз танымал жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың «Жазушылар ұйымын қайтсек дәуірге сай етеміз?» атты мақаласы шықты. Онда ағамыз көкейіндегі түйткілді ойын ортаға салып, сырын ашты. Құрылтай қарсаңында тағыда қазақ аудармасы мен оқырманы және ана тіліміздегі кітаптардың нарыққа енуі назардан тыс қалды.

Біз қаламгер емеспіз, бірақ үш мүшелден бері аударма саласында жүрген біздер алдымыз – 10, артымыз – 5-6 ғылыми-көпшілік кітапты аудардық. Өзімізді аудармашымыз деп атасақ та, не ұйымымыз, не қауымдастығымыз жоқ. Кітабымызды жұртқа жетуі үшін орыс тілді сайттарға электронды түрде орналастырамыз.

Қазір қазақы кітаптың базардағы бәсі – 5000 (бес мың) теңге. Таралымы 500 мен 2000 мың аралығында. Тіпті еліміздегі мектептердің 7 мың, ал, қала мен ауылдағы 10 мың кітапханаға тарамайды. Және тендерді ұтып алғандар тарапынан ең қымбат А4 форматында басылады.

Арзан қағазға жұқа мұқабамен аударма кітаптарды шығаруды қолға алмасақ, қазақ кітап оқудан мақұрым қалады.

Қазақ кітап оқудан мақұрым қалмауы үшін Жазушылар одағы өз жанынан аудармашылар алқасын ашса, біраз дүние оңалар еді.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401