Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3055 0 пікір 16 Мамыр, 2013 сағат 09:04

Дулат Аманжол. Қарағанды Амстердам емес!

Есіңізде болар, есінен ауысқан екеуі Қарағандыны Голландияның Амстердам қаласымен шатастырыпты. Нидерланд елінің астанасына ұшып кетудің орнына, қазақтың елордасынан кеншілер қаласына жетіп келген. «Елге не бетімізбен қараймыз?» деп әке-шешесі жылап-еңіреп үйлерінде қалған. Бұлар болса улап-шулап асыр салып, әуелетіп жүр. Халық сенер сенбесiн бiле алмай аң-таң. Антарылып тұрып қалды. Ал Батыс баспасөзі  аузын ашып еді, әлем назары Қарағандыға ауды.

Қарағанды төрткүл әлемге «танылды»

Бір жынысты «ғашықтардың» «үйлену тойы». Екі қыздың. Қарағандыда. Сүліктей жабысып. Сүйісіп. Лимузинмен. Жұртқа ортан саусағын көрсетіп. Каролина мен Кристина есімді екі қыздың бас қосуы біздің шаһарымызда емес, Малайзияның Куала-Лумпурында өткенде аяқ-қолын байлап, ұрып-соғып, 20 жылға абақтыға қамар еді. «Қос ғашық» Суданда бүйтіп «сайрандағанда», лимузинін отқа тастап, өртеп жіберіп, өздерін ату жазасына кесер еді. Халық алдында. Тура мағынасында.

Ең сорақысы, «ел тарихында өткен бір жыныстылардың тұңғыш тойы» Қарағандыда өткізіліп тұр. Дейміз-ау. Қазақстанда! Төрткүл дүние енді бізді «осы қырымыздан» таныды. Ал керек болса!

Есіңізде болар, есінен ауысқан екеуі Қарағандыны Голландияның Амстердам қаласымен шатастырыпты. Нидерланд елінің астанасына ұшып кетудің орнына, қазақтың елордасынан кеншілер қаласына жетіп келген. «Елге не бетімізбен қараймыз?» деп әке-шешесі жылап-еңіреп үйлерінде қалған. Бұлар болса улап-шулап асыр салып, әуелетіп жүр. Халық сенер сенбесiн бiле алмай аң-таң. Антарылып тұрып қалды. Ал Батыс баспасөзі  аузын ашып еді, әлем назары Қарағандыға ауды.

Қарағанды төрткүл әлемге «танылды»

Бір жынысты «ғашықтардың» «үйлену тойы». Екі қыздың. Қарағандыда. Сүліктей жабысып. Сүйісіп. Лимузинмен. Жұртқа ортан саусағын көрсетіп. Каролина мен Кристина есімді екі қыздың бас қосуы біздің шаһарымызда емес, Малайзияның Куала-Лумпурында өткенде аяқ-қолын байлап, ұрып-соғып, 20 жылға абақтыға қамар еді. «Қос ғашық» Суданда бүйтіп «сайрандағанда», лимузинін отқа тастап, өртеп жіберіп, өздерін ату жазасына кесер еді. Халық алдында. Тура мағынасында.

Ең сорақысы, «ел тарихында өткен бір жыныстылардың тұңғыш тойы» Қарағандыда өткізіліп тұр. Дейміз-ау. Қазақстанда! Төрткүл дүние енді бізді «осы қырымыздан» таныды. Ал керек болса!

Американдық BBC: «Бәрекелді! Қазақстанда тұңғыш рет бір жыныстылардың үйлену тойы өтті» («Hooray! Kazakhstan's first gay wedding») деп жалпақ әлемге жар салды. Дуылдата қол соғып, «қошемет» көрсеткен түрлері - бұл!

Әлем таблоидтары (газет-журналдары) ұлардай шулап, сүйінші сұрап, қазақтың «қуанышымен» бөлісуде: «Құттықтаймыз! Қарағандыда алғаш рет бір жыныстылардың тойы өтті» («Сongratulations! Karaganda saw first lesbian wedding»), «Бір жыныстылар бірінші неке түнін өткізді» («Kazakhstan: Lesbian Couple Holds First Same Sex Wedding»), «Қарағанды: Бір жыныстыларға шектеу жоқ»  («Karaganda: Mariage pour tous»), түрік бауырымыз да бұл тақырыпты айналып өтпепті («Kazakistan'ın 'ilk eşcinsel düğünü»).

Батыс басылымдары «қазақстандықтар» дегенді білмейді. «Қазақтың қыздары үйленіп жатыр» деп жар салуда. «70 пайызы мұсылман тұратын елде бұндай да болады екен ғой» деп отқа май құюда. Бір-екі сумидан алған vox populi (көшеде өтіп бара жатқан адамдардың пікірі) негізінде «бір жыныстылардың үйленуіне жұртшылықтың еш қарсылығы жоқ екенін байқадық» деп «қорытынды» шығаруда. Әкесінің құны бардай, «Олай болса бұрынғы кеңестік республикада бір жынысты некелердің заңдастырылмағаны қызық...» деп айтар ойын астарлап жеткiзуге бекiнген. Алайда өзге елдің ішкі саясатына араласып, халықты арандатуға бұлардың қандай қақысы бар еді?! Керісінше Бостонда ұсталған екі қазақ студентіне осындай жанашырлық танытып, анық-қанығын жариялап жатса тақияларына тар келе ме?!

«Бұға берсек - сұға береді»

Шаһарымызда өткізілген «шамшырақты той» қала тұрғындарының ашу-ызасын тудырды. «Үйленудің» еріксіз куәгері болған Валентина есімді тұрғын былай дейді:

«Мен саламатты қоғамда өмір сүргім келеді! Оған менің толық құқым бар! Ал жұртышылықты арандату мақсатында өткізілген бұл маскарадқа жол болсын! Жеңіс саябағына не үшін келді бұл екеуі?! Балаларыма не айтарымды білмей антарылып қалдым. Бұл ессіз екеуі - нағыз эгоист! Бір-біріне «сезімі» бар делік. Бірақ қоғам алдында бір жерін ашып, оны жарнамалаудың қажеті қанша?! Өмір сүріңдер, сүйіңдер, бірақ бүкіл Қазақстанға «айқайлап», бұдан пиар жасаудың қажеті жоқ. Осындай орынсыз нысапсыздыққа, ауытқуларға жол берілмеуі керек деп есептеймін. Жалпы адами моральдан жұрдай бұндайларды Заң жүзінде айыптау керек сияқты».

Каролина мен Кристина қалада сайран салып қана қоймай, сауда нүктелерін аралап жүріп алыпты. «Ерлі-зайыптыға» әбден ашынған Тимур есімді тұрғын өкпе-назын жасырмады:

«Бүгін Қарағандыда «тойларын» өткізді. Қазір жасқанбай сауда орталықтарын аралап жүр. Ертең ше? Бұға берсек - бұл сұмдар сұға береді! Жора-жолдастарым хабарласып, келеке етіп отыр. «Қарағандыда бір жыныстылар шеру ұйымдастыруға дайындалып жатқаны рас па?» деп. Масқара ғой! Бұл екеуі осындай «амур» арқылы қоғамның тамырын басып көрмекші. Лимузинға мініп бара жатқанда көзін алартып қараған тұрғындарға ортан саусақтарын шығарып, мазақ қылғанын көрдім. Тәртіп сақшылары шылымкеш жасөспірімдермен алысқанша, мыналарды қоғамдық тәртіпке шақырмай ма?!»

Мамандардың мазасы кетті

Қарағандыда өткен бір жыныстылардың үйлену тойына қоғамның осыншама қорқынышын түсінбей, дәрігер-сексолог Вячеслав Григориевич дал болып отыр.

«Меніңше, толлеранттылық тұрғысынан қарасақ, «есінен ауысқан», «қырып-жою керек», «Марсқа жіберілсін» деген пікірлер - орынсыз. Осындай «дәстүрлі емес жолға түскендерге» қоғамның жалған фобиялық көзқарасын түсінбей отырмын. Жабық кеңістікте өмір сүріп жатқан жоқпыз ғой. Голландия, Норвегия, Дания, Испаниядағыдай өркениетті әрі толлерантты түрде қарау керек сияқты. Ондайлар жер шарында болғанда, Қазақстан өзге әлемде, өзге ғаламшарда орналасқан жоқ қой... Кешіріңіз, мен сандырақтап тұрған жоқпын. Кәсіби маманның пікірін білгіңіз келді ме, ойымды бөлмей тыңдаңыз. Менің қабылдауыма жылап-сықтап ата-ана келеді. Бозбала мен бойжеткен келеді. «Не істеуге болады? Емін айтыңызшы!» деп. Бірақ бұндай сексуалды ауытқулардың клиникалық емі жоқ екенін түсіндіремін. Әлемде ешбір сексолог, психолог, психиатр, әлеуметтанушы бұл ұғымға нақты «анықтама» бере алған жоқ. Емделудің медициналық нұсқаулығы болған емес, болмайды да. Сондықтан жағдайды қиындатудың керегі жоқ. Ондайлар өмір сүрсін, мемлекетке, қоғамға бой көрсетпей, өз-өздерін жарнамаламай ғана»- дейді дәрігер.

Қарағандылық психолог-сарапшы Нил Цай дәл осы тұрғыда Еуропаға қараудың қажеті шамалы деп есептейді.

«Менталитет, наным-сенім, ең бастысы демографиялық жағдайымызды ескере келе, еуропалық мемлекеттерге қараудың қажеті шамалы деп есептеймін. Бүгінде бір жынысты некені ресмилендірген аталмыш мемлекеттер байтал тұмақ бас қайғы болып отыр. Рас, клиникалық емі жоқ, алайда күресудің жолдары бар емес пе? Бір жынысты некелерге «бойкот» жариялаған мемлекеттерде осы мәселемен айналысатын арнайы қауымдастықтар, институттар, зерттеу орталықтары бар. Біз болсақ, аталмыш тақырыпты тіпті талқылаудан сескенеміз. Мәселен, ірі-ірі облыс-қалаларда «өз жынысын қалайтындар» қандай ауруларға шалдығып отыр? Мемлекетімізде олардың саны өсіп отыр ма, кеміп отыр ма? Бас қосатын қанша клубтары бар? Елдің ішкі саясатына олардан қауіп бар ма, жоқ па? Өздерінің патиларын (кездесулерін) өткізгенде, қанша адам ЖИТС ауруына шалдықты? Егер бұл қалыпты нормадан ауытқу болмағанда, шет ел мемлекеттірінің депутаттары, министрлері жұдырықтасып, төбелесуге дейін бармас еді ғой. «Бір жыныстылар үйленді екен» деп, жеңіл қарап, үстірт шешім шығара салатын мәселе емес бұл. Интернетте емес, қоғамда және де қоғамда талқылануы тиіс».

Баспасөз VS Пресса

Әлеуметтанушы Асқарбек Желдібаевтың пікірінше, анау айтқандай толлеранттылық пен төзімділік танытсақ, бұлар құтырып, басымызға мініп алады. Ол елдегі «өз жынысын қалайтындардың» кейінгі жылдардағы «белсенділігіне» алаңдап отыр. Қазақ тілді басылымдарға айтар уәжі де жоқ емес.

«Кезінде «Неке және отбасы туралы» кодекс талқыланып жатқанда сенаторлар ит терісін басына қаптатып, бұларды орнына қойған еді. Бұқара да қабылдаған жоқ. Бірақ мені әлеуметтанушы ретінде кейінгі жылдардағы бұлардың «белсенділігі» алаңдатып отыр. Бақсақ, жыл басынан Обамаға екі мәрте «ашық хат» жазыпты. Тіпті «ЛГБТ-қозғалысы» деген ұйымдары арқылы елорда жағалауындағы Степногорскті - «өз жынысын қалайтындардың астанасы» деп жариялапты. Әр елден «өздері сияқты» туристер келе ме деп үміттеніп отырғанын айтсаңызшы! Өз жынысына әуестердің «құқығын қорғау үшін» ресми түрде қауымдастық пен қоғамдық қорларын тіркетіп алыпты. Орыс тілді, шет тілді басылымдар арқылы өз-өздерін жарнамалап, саламатты қоғамға қайшы тенденцияларын дәріптеп жүр. Қарасақ, отандық телеарналарға шығуға да әуестеніп алыпты. Қазақ тілді ақпарат кеңістігі болса үн-түнсіз. Айналайындар, дер кезінде тыйып тастап, түйреп-тесіп алуға қауқарларың жетпей ме?! Клубтарын аралап, репортаж жасап мәз болып жүрсіңдер. Айып болмасын,  осы орайда деңгейлерің сол болса, қазақ қоғамының, әлеуметінің ақпараттық қауіпсіздігін кім ойлайды?»

Түйін

Рас, осы оқиғаның ізін суытпай, «Неке және отбасы туралы» кодекске сәйкес Қазақстанда бір жыныстылар некесіне заң жүзінде тыйым салған қазақ депуттары дабыл қақпағаны қалай? Ал ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Майемеров «хиджаб дауын» бір сәтке жыйып тастап, мәлімдеме жасауы керек еді ғой. Баспасөз брифингілеріне әуес біздің «батырларымыз» бұл жолы бой көрсетпеген несі? Осылай бейқам болып отырғанда, Амстердам жақтан жел есіп жүрмесін...

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395