Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3559 0 пікір 2 Маусым, 2013 сағат 20:03

Бейсен Ахметұлы. Биліктің алмасу кезеңі таяп қалды

Қазақ билігі қорғануға көшті

Саяси сахнасында бірінің қабағын бірі баққан тыныштық орнады. Қалай болмасын, биліктің алмасу кезеңі таяп қалды. Адамның күші жетпесе, Алланың құрығынан құтылмас. Әр жерде белең ала бастаған партия құру туралы сыбыстардың жүруі соның елесі. Алда бұл науқанның  қыза түсетіні даусыз. Биліктің майлы  жілігін мүжіп отырған кландардың текетіресі әзірше саябыр тартты. Тек бір-біріне түсіністікпен қарап, өзара алауздық пен күндестікті ҚОРҒАНУҒА алмастырып отыр.

Біріншіден, тарихи шындықтың ашылуын кешіктіру арқылы соттан құтылу керек. Әрине, мемлекеттің жер байлығы мен кен байлығын түрлі сылтаулармен шетелдік байлардың жеке меншіктеріне өткізіп жіберді. Ал  өздері ұстап қалған арам байлықты қаншалықты заңдастыруға тырысқанымен «бір шикіліктің бары» барлығының түсіне кіретіні даусыз. Алда-жалда үкімет аунап түссе, бәрінің басына түсетін «заманақыр» ешкімді аямақ емес. Билктің бұрынғы халыққа шабуылдау үрдісін халықтан қорғану үрдісіне алмастыруы осы себептен болса керек.

Қазақ билігі қорғануға көшті

Саяси сахнасында бірінің қабағын бірі баққан тыныштық орнады. Қалай болмасын, биліктің алмасу кезеңі таяп қалды. Адамның күші жетпесе, Алланың құрығынан құтылмас. Әр жерде белең ала бастаған партия құру туралы сыбыстардың жүруі соның елесі. Алда бұл науқанның  қыза түсетіні даусыз. Биліктің майлы  жілігін мүжіп отырған кландардың текетіресі әзірше саябыр тартты. Тек бір-біріне түсіністікпен қарап, өзара алауздық пен күндестікті ҚОРҒАНУҒА алмастырып отыр.

Біріншіден, тарихи шындықтың ашылуын кешіктіру арқылы соттан құтылу керек. Әрине, мемлекеттің жер байлығы мен кен байлығын түрлі сылтаулармен шетелдік байлардың жеке меншіктеріне өткізіп жіберді. Ал  өздері ұстап қалған арам байлықты қаншалықты заңдастыруға тырысқанымен «бір шикіліктің бары» барлығының түсіне кіретіні даусыз. Алда-жалда үкімет аунап түссе, бәрінің басына түсетін «заманақыр» ешкімді аямақ емес. Билктің бұрынғы халыққа шабуылдау үрдісін халықтан қорғану үрдісіне алмастыруы осы себептен болса керек.

Нұрсұлтан Әбішұлының: «кез келгеніңді сотқа сүйреп апарамын» - деген сөзінен- ақ олардың басына қандай түнектің төніп тұрғанын көруге болады. Елбасы орнын алмастыра қалса, әне, соларды сотқа сүйреп, түрмеге тоғытатындар жетіп артылады. Әзірше Нұрсұлтанның көлеңкесі оларды бір аз сұмдықтардан сақтап тұр.

Құдіреті күшті Алла Тағала: «не ішіп-жесең соны бетіңнен шығарамын» деген ғой. Ендеше, арамдық пен зұлымдықтан келген байлық пен билік кімді аясын. «Тіріде бірінің ақадал малын біреуге жегізбейтін» Алла-Тағаланың құрығы құтқармас. Кешегі Жаңаөзендегі қырғын, Арқанкерген оқиғасы – бәрі де сұмдығы мен сыры мол саяси бақталастық екенін жұрт аңыз етіп айтады.  Тіпті өз ішінен іріген кландардың «бірінің етін бірі жеуі» өршіп барады.

Екіншіден, халықты рухани тозғындату арқылы құлдық санаға байлау. Бұл, әрине, құрғақ уәдеден тұратын халықтың ашу-ызасын әлсіретуден, той-думан мен түрлі жиналыстар арқылы назарын аударудан көрінеді. Бұл да өзін қорғап қалу үшін жасалатын алаяқтық саясаттар.

Мемлекеттің білім саласын батыстық жүйеге бұруы – халықтың рухын өлтіріп, құлдық санаға мықтап байлаудың бір жолы тәрізді. Анау алып Қытай мен Шиаңгаңда(Ганконг) туындамаған тұрғын үй мәселесі қазақстандық жұрттың жүйкесін тоздырып, қанын қайнатты. Деседе билік құр уәдеден басқа нақты түк те істеген жоқ.  «Инвестор тартуды – шетелдің байларына ұлттық байлықты сатып жіберу» деп түсінетін  жабайы экономикалық саясат елді тығырыққа тіреді. Мемлекеттің ұлттық қордағы ақшасының түбі тесіліп, бюджеттің қоржыны қағылып бара жатқаны да жасырын емес.  Ал арам байлықтың буына семіргендердің күні таяған сайын дегібірі кеткен жанталас белең берді.

Үшіншіден, жабайы экономикалық саясат арқылы ұлттық құндылықтарды таптату. Ақша мен билікке жетуді мақсат еткен қоғам топтарын қалыптастыру. Бұл ұрпақты азғындатудың төте жолы. Рухани құндылық пен береке-бірліктің онан да зор қаржы әкелетінін қоғам түсінуден қалып барады.

Төртіншіден, дінни алауыздықтар мен секталардың әрекеттері арқылы халықтың күшін бөлшектеу.

Бесіншіден, ұлтшылдық бағыттағы азаматтардың жолын кесу арқылы ұлттық көпшіліктің топтасып, күш алып кетуінен сақтану. Бұл салада қазірдің өзінде жұрт арасында аты атала бастаған азаматтардың аяғына тұсау салынды. Мысалы, Марат Тәжиннің халыққа бетбұрысына кедергі қойылып, Берік Әбдіғалиды орнынан алды. Бұл тізім әліде жалғасатын болады.

Алтыншыдан, мемлекеттің шетелге қарызы 137 миллиард АҚШ долларынан асып кетті. Алда тағы қарыз алатыны  белгілі болды.

Бұрынғыдан гөрі көз аясы кеңейіп, құлдықтың құрығынан құтылуға талпынған халықтың қазіргі беталсы – билікті тіксіндірді. Тіпті өздерін қорғаудың келісім-шартсыз жолына ымыраластырды. Қорғануға өтуге мәжбүрледі. Міне, бұл  биліктің алмасуы барысында маңызды рөл атқарады.

 

Екінші билік – қуыршақ билік болады

Билік алмасады.  Бұл дауасыз шындық. Пендешілік те, мүдде де солай істеуге жетелейді. Қазіргі елбасы да, оның маңайындағы кландар да өз жақсылықтарын асырып, жамандықтарын жасыру үшін осылай істеуді ең тиімді санайтыны белгілі.

Алдымен қазіргі биліктің мүддесіне сай,  мұрагер билік келеді. Атап айтқанда, Нұрсұлтан мырза өз мұрагерін әкеліп қояды.

Біріншіден, бұл мұрагер – билікке мүдделі кландардан тыс адамнан болу мүмкіндігі зор. Екіншіден, шын мәнінде нақты әлсіз – қуыршақ үкімет – басқа кландар арасында әлсіздік танытатыны даусыз.

Үшіншіден, ашынған халық – бұл мұрагерді қолдамайды. Осы себептен билікке мүдделі топтарды халықты өзіне айдап салуынан барынша қашып, түсіністік табуға тырысады. Бұл өте сәтсіз топқа өкілдік етеді.

Бұл мұрагер билік – халықтың қолдауын ешқашан ала алмайды әрі билікке мүдделі топтардың өзара арандатуынан амалсыз күйге түседі. Ұзағанда 1.5-2 жыл ішінде құлайды.

Нұрсұлтаннан қалған мұрагер биліктен соң, әрине, қиян-кескі халықтық сайлау болатыны белгілі. Әлбетте, халықтың қолдауын көбірек алған топтың бағы жанатыны билікке мүдделі топтың негізгі бағыттарына айналады. Осылайша билікке келген топ халықпен санасуға мәжбүр болады. Міне, бұл Қытай, Қырғыз сынды біраз елдердің басынан өткен тарих сынағы әрі шындыққа үйлесетін мүмкіндік.

Осылайша 3 кезекті биліктің алмасуы ғана билік пен халықтың мүддесін тоғыстыра бастайды. Құлдық санадағы тәуелсіздіктің орнына тәуелсіз санадағы – қазақи санадағы тәуелсіздік оралады. Тәуелсіз қазақ елі алғашқы қадамда ілім мен білімді кіріктірген идеологиялық саясатты бастайды, тек сонда ғана тәуелсіздіктің тамырына нәр жүгіріп, жапырағы жайқала бастайды.

 Бұл тек саяси жорамал. Деседе Қазақстанның қазіргі жағдайы осыған келе жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5315